Слайд 1Дәріс тақырыбы:
Жасушаның
химиялық құрамы
Слайд 2Жоспар
Клетканың негізгі химиялық компоненттері
Клетканың бейорганикалық заттары
Клетканың негізгі органикалық компоненттері
Слайд 3Негізгі ұғымдар
гидролиз, транспирация, протеид, фермент, гормон, гемоглобин, антидене, липоид, фосфолипид,
моносахарид, полисахарид
Слайд 4Жасушаның негізгі химиялық компоненттері
Клеткадағы макроэлементтер
> 0,01 % - C, N,
O, H, Na, P, Mg
Клеткадағы микроэлементтер
0,01-0,000001 % - Fe, I, Zn, Сu
Клеткадағы ультрамикроэлементтер
< 0,000001 % - Se, Ag, Hg, Au
Слайд 5Бейорг. заттар:
Су 65-80%
Минер. Заттар 1%
Орг. заттар:
Белоктар 10%
Липидтер 1-5%
Көмірсулар 1-5%
Нуклеин қышқылдары
1-2%
АТФ, АДФ, АМФ 0,1-0,5%
Витаминдер, гормондар < 0,1%
Слайд 6 КӨМІРСУЛАР.
Формуласы Сх(Н2О)у аталуы осыдан. Үш тобы бар:
І. Моносахаридтер – дара
молекулалы көмірсулар. Екіге бөлінеді:
пентозалар - рибоза, дезоксирибоза
гексозалар – глюкоза, фруктоза, галактоза
Слайд 7ІІ. Дисахаридтер – екі молекулалы к., екі мол. арасындағы байл –
гликозидті байланыс д.а.
мальтоза - екі глюкоза молекуласынан тұрады
лактоза - галактоза мен глюкоза молекуласынан тұрады (сүт қанты)
сахароза – фруктоза мен глюкоза молекуласынан тұрады (қамыс қанты)
Слайд 8 ІІІ. Полисахаридтер – көп молекулалы көмірсулар.
Крахмал, гликоген, инулин, каллоза
Слайд 9БЕЛОКТАР (НӘРУЫЗДАР)
Амин қышқылдарының тізбегінен тұратын күрделі орган. қосылыстар.
Табиғатта а.қ. 170
түрі белгілі, оның 20-сы ғана белоктардың құрамына кіреді. Белоктардың молек.массасы өте үлкен болады: бірнеше мыңнан бірнеше млн дейін.
Слайд 10А.қ, арасындағы байланысты пептидті байл. д.а.
Екі а.қ. комплексі – дипептид,
көп (ондаған, жүздеген) болса – полипептид.
Слайд 11Хим құрамы бойынша белоктар екі топқа бөлінеді:
1. Жай белоктар немесе протеиндер
– тек а.қ. тұрады (альбуминдер, глобулиндер, гистондар, склеропротеидтер – кератин, коллаген, эластин)
Слайд 12 2. Күрделі белоктар немесе протеидтер – а.қ.-мен бірге простетикалық тобы болады
(фосфопротеидтер – казеин, гликопротеидтер – муцин, нуклеопротеидтер – хромосома, рибосома,
хромопротеидтер – гемоглобин, липопротеидтер – мембрана бетінде орн.)
Слайд 13 Атқаратын функциясына қарай белоктарды келесі топтарға жіктейді:
Құрылымдық б. - кератин,
коллаген, эластин, вирус белогы, синовиальді б.)
Ферменттер – трипсин, фосфотаза
Гормондар – инсулин, глюкагон, АКТГ – адренокортикотропты гормон
Слайд 14Транспорттық б. – гемоглобин, миоглобин, сарысу альбумині
Қорғаныс б. – иммуноглобулиндер, фибриноген,
тромбин
Жиырылушы б. – миозин, актин
Қор б. – казеин, жұмыртқа альбумині, алейрон дәндері
Слайд 15Липидтер
Липидтер – май қышқылдары мен спирттердің эфирлері. Суда ерімейді.
Л.-р екі
топқа бөлінеді:
Майлар – кл.-да май тамшысы күйінде болады, қор ретінде сақт.
Май тәрізді заттар немесе липоидтар – балауыз, фосфолипидтер, стероидтар
Слайд 16 Липидтер бірқатар маңызды қызметтер атқарады:
қорек көзі
энергия көзі
жылу алмауына қатысады
құрылыс материалы
су көзі
(түйенің өркешіндегі 100 гр май гидролизденсе, 107 гр су түзіл.)
Слайд 17зат алмасуға қатысады
витаминдердің еріткіші
механикалық соққыдан қорғайды (жан., адамдағы май ұлпалары)
Слайд 18Су. Судың биологиялық маңызы
Су – кез-келген торшаның басты компоненті.
Кл-дағы
су мөлшері ағзаның қандай ортада т.е. байл. Мыс, медуза 95%, адамның эритроциттерінде 90%, сүйек кл. 20%, дененің кл. 65% , құрғақ тұқым кл. 5-10%, жапырақта 50-95%, картоп түйнегіде 75%, шырынды жемісте 95%-ке дейін.
Слайд 19Судың физиол.функциялары:
Су – әмбебап еріткіш (су тірі клетканың көп бөлігін құрайды,
сонд,хим. реакциялар сулы ортады өтеді)
Су – тасымал құралы (қан плазма-сының 91% су; ксилема, флоэма арқ. минер. з-р ерітінді күйінде тас.)
Слайд 20Су – реагент (фотосинтез, гидролиз,т.б.)
Су – температуралық реттеліс құралы (транспирация, тер
бөліну)
Слайд 21Минералды заттар
Негізгі қосылыстары – тұздар. Суда еріп, иондар түзеді.
Функциялары:
Кл.осмостық қысымын
анықтайды
Тургорды қамт. етеді (өсімдік кл)
Мембраналық потенциалды анықтайды (жан.кл)
Слайд 22Су алмасуына қатысады
Ферменттердің құрамына кіреді (Fe, Сu)
Биол.белсенді молек-рды құрайды (хлорофилл
Mg, тироксин І, циан-кобаламин Со, гемоглобин Fe)
Физиол. процестерге қатысады (б.е. жиырылуы, қан ұюы, нерв импульсінің таралуы, т.б.)
Слайд 23Нуклеин қышқылдары
Нуклеин қышқылы - қайталанатын бірліктерден тұратын макромолекула.
Мономері нуклеотид
д.а. Әр нуклеотид үш кішірек молекуладан тұрады: бес атомды көмірсу (пентоза), фосфор қышқылы және азотты негіз.
Азотты негіз бен бес атомды көмірсу комплексін нуклеозид д.а.
Слайд 24Тірі клеткада н.қ. екі түрі кездеседі І. дезоксирибонуклеин қышқ. (ДНК)
ІІ. рибонуклеин қышқ. (РНК).
Н.қ. хим. құрамы:
ДНК-ң пентозасы – дезоксирибоза, ал РНК-ныкі рибоза д.а.
Азотты негіздерден ДНК-да аденин, гуанин, цитозин және тимин;
ал РНК-да аденин, гуанин, цитозин және урацил кездеседі.
Слайд 251953
Ф. Крик
1916-2004
Дж. Уотсон
род. в 1928 г.
Слайд 26 ДНК-ның құрылымы
1953ж. амер.ғал. Джеймс Уотсон, ағ.ғал. Френсис Крик анықтаған:
ДНК молек.
спиральдана орн-н екі полинуклеотидті тізбектен тұрады.
Әр тізбектің көмірсулы-фосфатты қаңқасы болады.
Азотты негіздер дезоксирибоза молекуласымен байланысып, спиральдің ішкі бөлігін түзеді.
Слайд 27Көршілес дезоксирибоза молек-ры фосфор қышқылының қалдығы арқылы байланысады.
Қарсы орн-н азотты
негіздер сутекті байланыстар арқ. жалғасады. Мұндай жұптасу белгілі бір сәйкес-тікпен жүреді: А әрдайым Т-мен, ал Ц әрқашан Г-мен жұптасады, мұны комплементарлық принципі д.а.
Слайд 28ДНҚ-ның құрылымы
ДНК молекуласы спиральдана орналасқан екі полинуклеотидті тізбектен тұрады. Әр тізбектің
көмірсулы-фосфатты қаңқасы болады, ал азотты негіздер дезоксирибоза молекуласымен байланысып, спиральдің ішкі бөлігін түзеді. Көршілес дезоксирибоза молекулалары фосфор қышқылының қалдығы арқылы байланысады. Қарама-қарсы орналасқан азотты негіздер сутекті байланыстар арқылы жалғасады. Мұндай жұптасу белгілі бір сәйкестікпен жүреді: аденин әрдайым тиминмен, ал цитозин әрқашан гуанинмен жұптасады.
Слайд 29Көп кл. ағзаның барлық кл-дағы генет. ақпараттың бірдей болуы ДНК репликациясымен
түсіндіріледі: бөліну алдында интерфаза кезінде ДНК-ның қосарлы тізбегінің сутекті байланыстары үзіліп, екі дербес нуклеотидті тізбек п.б. Кейін әрқ-ң жанында комплементарлық принципі бойынша жаңа тізбек жинақталады. Осылайша, бірдей екі полинуклеотидті тізбек түзіледі.
Слайд 31РНК-ның құрылымы
РНК ядрода, әсіресе ядрошықта шоғырланады.
Құрылымы ДНК секілді, бірқатар
айырмашылықтары бар:
1) нуклеотидтердің бір ғана тізбегінен тұрады;
2) Тимин орнына Урацил болады;
Слайд 323) пентозасы /бес атомды көмірсуы – рибоза;
4) жасушадағы мөлшері тұрақсыз.
Слайд 33РНК-ның үш түрі бар:
тасымалдаушы немесе транспорттық (т-РНК), клеткадағы мөлшері 15%;
Ф: амин қышқылдарын белок синтезделетін аймаққа тасымалдайды
Ақпараттық (и-РНК), 5 %; Ф: ақпараттық ДНК-дан көшіреді, мұны транскрипция д.а.
Слайд 34рибосомалық РНК (р-РНК), 80%; Ф: рибосомалардың құрамына кіреді.
Слайд 35АТФ - аденозинтрифосфат
АТФ – аденозин (аденин+рибоза) мен фосфор қышқылының үш молекуласынан
тұратын органикалық қосылыс.
АТФ молекуласындағы фосфатты қалдықтар мен аденозин арасындағы байланысты макроэргиялық байланыс д.а.
Слайд 36 Мұндай байл. үзілгенде көп мөлшерде энергия босатылады.
АТФ барлық жасушалы организмдерде
кездесетін, жасуша метаболизміндегі басты энергетикалық қосылыс.
Тыныс алу кезінде органикалық заттардың тотығуынан пайда болатын энергия АТФ түзуге жұмсалады.
Слайд 37 АТФ екі қосылыстан - АМФ-тан және АДФ-тан түзіле алады және гидролиз
кезінде осы заттарға айналады. АТФ-тың түзілуі энергия сіңірілуімен байланысты болса, ыдырауы кезінде энергия босатылады.
Слайд 38 Фосфор қышқылының шеткі екі молекуласының әрқайсысы үзілгенде 30,6 кДж эн. босайды.
Ал үшінші молекуласы үзілгенде 13,8 кДж ғана босайды, яғни энергетикалық жағынан тиімсіз:
АТФ=АДФ+Ф+30,6 кдЖ
АДФ=АМФ+Ф+30,6 кдЖ
АМФ=А+Ф+13,8 кдЖ
Слайд 39 АТФ – универсалды энергия тасымалдаушы қосылыс. Сондықтан зат алмасудың барлық дерлік
сатыларына қатысады:
Нәруыз синтезі
Бұлшықет жиырылуы
Мембрана арқылы заттар тасымалы
Фотосинтездің қараңғы фазасы
Нәруыздың алмасу өнімдерінің түз.