Слайд 2Сабақтың құрылымы:
Ұйымдастыру:
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.
Слайд 3II. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Шаңжапырақтәрізділердің құрылысы мен тіршілік ортасы қандай?
2.
Шаңжапырақтәрізділердің табиғаттағы маңызы қандай?
3. Қырықбуын қандай жерлерде кездеседі?
4. Плаун қандай жерлерде өседі? Оның маңызы қандай?
5. Шаңжапырақтәрізділер қалай көбейеді?
Слайд 5III. Өткен тақырыпты қорытындылау:
1. Шаңжапырақтәрізділер өкілдерін атаңдар?
2. «Қызыл Кітап» дегеніміз не?
Слайд 10IV. Жаңа тақырыпты хабарлау:
«Ашық тұқымды өсімдіктер»
Слайд 11Сабақтың мақсаты: Жоғары сатыдағы тұқымды өсімдіктермен таныстыру. Ашық тұқымды өсімдіктердің ерекшеліктерін,
түрлерін түсіндіру.
Міндеттері:
Білімділік: Ашық тұқымды өсімдіктермен таныстырып, олардың маңызын, ерекшеліктерін түсіндіру, көбею жолдарымен таныстырып, сүрек, ашық тұқымды өсімдіктерге анықтама беру;
Дамытушылық: Тұрақты түрдегі ерікті зейін қоюды дамыту. Білім алушылардың анализ, салыстыру, қорытындылау, нақтылау, жіктеу қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелілік: Оқушылардың диалектикалық-материалистік көзқарастарын қалыптастыру. Өз бетінше ойлануға тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру.
Слайд 12Сабақ типі: Жаңа сабақ.
Күтілетін нәтиже: Өздігінен ой қорытып, ойын жүйелі, еркін
жеткізеді, пікірін қорғай алады, түсіндіре алады.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Ұжымдық, модульдық оқыту технологиялар.
Керекті құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, слайд шоу, оқулық, жұмыс дәптері, бағалауға арналған «күлегіш» жапсырмалары, сұрақ-жауап, сұхбат, әңгіме-сұхбат, кестелер, суреттер, шыршы бұтағы мен бүршігі, жай әуен.
Пән аралық байланыс: география, экология.
Слайд 18Ашық тұқымдылар
(немесе жалаңаш тұқымдылар, тұқыммен көбейеді бірақ жеміс түзбейді)
Жабық тұқымдылар
(тұқымдары
жеміс ішінде орналасады).
Тұқымды өсімдіктер
Слайд 22Тозаңды бүрлер
Тұқымбастамалы жас бүрлер
Тұқым
Тұқымның төгілуі
Жетілген тұқымды бүрлер
Слайд 25Аталық бүрлер мен аналық бүрлер бір өсімдікте орналасқандықтан, қарағай бірүйлі өсімдік
деп аталады. Қарағайдың тұқымы ұрықтанғаннан кейін 1-1,5 жылда жетіледі. Бүрден 2 жылдан соң тұқым төгіледі.
Слайд 30Шыршаның биіктігі 30-40 метрге жетеді, 120-300 жыл жасайды. Қарағаймен салыстырғанда, оның
қылқандары қысқа, 4 қырлы, бір-бірден орналасады,
6-7 жылға дейін түспейді.
Слайд 31Елімізде
Тянь-Шань шыршасы Қызыл кітапқа тіркеліп, қорғауға алынған.
Слайд 34Заравшан аршасы Қызыл кітапқа еңгізілген. 1000 жылға дейін өмір сүреді, 50
жылдан кейін ғана тұқым түзеді.
Слайд 35Аршаның емдік қасиеттері бар. Тұмау тигенде аршаның бұтағын жағып, түтінін иіскейді,
бүрінен дәрілер жасайды.
Слайд 36Ашық тұқымдылардың тығы да
самырсын, эфедра, балқарағай
дейтін өкілдері бар.
Слайд 37«Эрозия» - латын сөзінен аударғанда, «іріп-шіру, бүлдіру» деген мағана береді.
Слайд 38Бұтақтарында маңызды дәрілік өнімдер болғандықтан, медицинада дәрілік емге пайдаланылады. Әсіресе орталық
жүйкені қоздыруға, өкпе демікпесі мен аллергияны, буын ауруларын емдеуге қолданылады. Жапырақтарынан дәрумендер мен ароматты эфир майлары алынады. Оны медицина мен порфюмерияда пайдаланады. Қабықтарынан ауыз қуысындағы бактериялар мен вирустарды жоятын сағыздар алынады.
Слайд 39Қарағай сүрегінен химиялық жолмен өңдеп, жібек жіп тәрізді жасанды талшық алынады.
Шырша сүрегі – қағаз жасауға қажетті негізгі шикізат.
Ашық тұқымды өсімдіктер сүрегінен әр түрлі бұйымдар жасалады. Құрылыс материалы, отын ретінде пайдаланылады.
Слайд 41Ашық тұқымды өсімдіктер жыл сайын азаюда. Құрылыс материалдарын алу мақсатында мыңдаған
гектар ормандар кесілуде, салақтық салдарынан өртенуде.
Олай болса бұл өсімдіктерді қорғау біздің парызымыз деп түсінуіміз керек.
Слайд 42VII. Бекіту:
8 - зертханалық жұмыс:
Қылқан жапырақты өсімдіктердің (шырша) қылқаны және
бүрінің құрылысымен танысу.
Слайд 431. Қылқан
2. Жас бүрлер
3. Жетілген бүрі
4. Тұқым
5. Өркен
Слайд 44VIII. Қорытындылау:
1. Ашық тұқымдылар мен споралы өсімдіктерінің айырмашылығы неде?
2. Ашық
тұқымдыларға жататын өсімдіктерді атаңдар.
3. Қарағай туралы не білдік?
4. Шырша туралы не білдік?
Слайд 455. Аршаны қазақ халқы неге «Киелі өсімдік» дейді?
6. Ашық тұқымды өсімдіктердің
табиғаттағы маңызын атаңдар?
7. Ашық тұқымды өсімдіктердің халық шаруашылығындағы маңызын атаңдар.
8. Ашық тұқымды өсімдіктерді қалай қорғауымыз керек?
Слайд 47Х. Үйге тапсырма беру:
§53 (114-117 беттер),оқу, мазмұндау, соңындығы сұрақтарға жауап
беру.
«Арша – емдік өсімдік» тақырыбына ой-толғау жазу.