Слайд 3Аспап түрлері:
Ішекті аспаптар
Үрмелі аспаптар
Дабылды – шулы аспаптар
Слайд 4Ішекті аспаптар
Шертер
Қобыз
Қылқобыз
Жетіген
Домбыра
Слайд 5Шертер
Шертен – үш ішекті, шертіп ойнайтын көне аспап. Жетілдірілген түрі.
Шертердің шанағы терімен қапталған. Шертерді көбіне мал бағатын бақшатылар тартатын болған. Шектері ре, ля, ми дыбыстарына келтіріліп бұралады. Диапазоны немесе дыбыс тербелісі екі жарым октава. Мұны 1972 жылы музыка аспаптарын жасайтын шебер Ә.Аухадиев дайындады.
Слайд 6Шертер
Шертер – ескі түрі. Үш ішекті, шертіп ойналатын аспап. Б.Залесскийдің 1865
жылы Париж қаласында басылып шыққан «Қырғыз далаларындағы тіршілік» атты альбомында көрсетілген суреттердің үлгісі бойынша, ағаштың тұтас бір бөлігінен ойылып жасалған. Аспапты саусақпен шертіп ойнайтын болғандықтан, «шертер» деп атаған.
Слайд 7Қобыз
ҚОБЫЗ - ысқышпен ойналатын, үш ішекті аспаптың жетілдірілген түрі. Ішектері, өзекті
сымдардан тағылады. Кіші октаваның ЛЯ – РЕ дыбыстарына келтіріп бұралады. Диапазоны екі жарым октава. Мұны музыка аспаптарын жасайтын шебер И.Романенко 1950 жылы дайындады.
Слайд 8Қобыз
Қобыз - ысқышпен ойналатын, төрт ішекті музыка аспабының жетілдірілген түрі. Дыбыс
ішекті тырнақпен басу арқылы шығады. Бұл қобызды профессионал музыканттар мен көркемөнерпаздар үйірмелеріне қатынасатын талапты жастар жиі қолданады. Ішектері МИ, ЛЯ, РЕ кіші октаваның «СОЛЬ» дыбыстарына бұралады. Диапазоны үш жарым октава. Бұл аспапты музыка аспаптарын жасаудың шебері Қ.Оңалбаев 1969 жылы жасап шығарған.
Слайд 9Үш және төрт ішекті ҚОБЫЗДАР
Слайд 10Қылқобыз
ҚЫЛҚОБЫЗ – ысқышпен ойналатын, қос ішекті ескі музыкалық аспап. Шанақтың ішінде
кішкентай қоңырау ілініп, оның ортасына шағын айна темірмен жиектеліп бекітілген. Шыны қарағайдан ойылып жасалады. Ішегі аттың қылынан тағылады. Қылқобыздың сирек кездесетін бұл түрі Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының «Қойтас» селосынан 1976 жылы табылды.
Слайд 13Басына темір теңгешелер ілінген ҚЫЛҚОБЫЗ.
Слайд 14Қылқобыз
Қылқобыз – ысқышпен ойналатын, қос ішекті ескі музыкалық аспап. Халық арасындағы
аңыздарға қарағанда, бұл қылқобыздың пайда болуы сегізінші ғасырда өмір сүрген күй атасы Қорқыттың есімімен тығыз байланысты. Қылқобыздың күйге келтіретін құлағына, шанағының іші – тысына дыбыс әсерлігін күшейте түсу үшін темірден жасалған сылдырмақ теңгешелер шығырықтар арқылы бекітіледі. Шанағының беті ашық келеді де, астыңғы жағы терімен қапталады. Мұндай қылқобызда көбінде бақсылар ойнап, күй сарынының әсерін күшейте түсу үшін әдейі темір – теңгешелер тағатын болған. Диапазоны екі жарым октава. Бұл қылқобызды О.Бейсенбаев 1973 жылы жасады.
Слайд 15Қылқобыз
Қылқобыз – ысқышпен тартылатын, қос ішекті музыкалық аспаптың жетілдірілген түрі. Ішектері
ат қылынан тағылады. Шанағының беті ашық келеді де, астыңғы жағы терімен қапталады. Мұндай қылқобызда көбінде жыршылар, әншілер және бақсылар ойнайтын болған. Кіші октаваның ЛЯ, РЕ немесе СОЛЬ – РЕ дыбыстарына келтіріп бұралады. Диапазоны екі жарым октава. Бұл аспапты 1970 жылы музыка аспаптарын жасайтын шебер О.Бейсенбаев дайындаған.
Слайд 16Жетіген
Жетіген – жеті ішекті, шертіп ойнайтын музыкалық көне аспаптардың бірі. Бұрауы
жоқ . Сондықтан оның құлақ күйі жеті асықты ілгерілі – кейінді орналастыру арқылы шығады. Шанағы тұтас ағаштан ойылып жасалады. Ішектері аттың қылынан тағылады. Бұл жетігенді 1967 жылы этнографиялық сипаттамалар бойынша О.Бейсенбаев жасады.
Слайд 17Жетіген
Жетіген – шертіп ойнайтын көне музыкалық аспаптың жетілдірілген түрі. Бұл аспаптың
құлақ күйі шанақтың екі басындағы он үш ішек бекітілген діңгекшелерді бұрау және тиектерін жылжыту арқылы келтіріледі. Дыбыс ішектерін екі қолдың саусақтарымен іліп қағу арқылы шығады. Аспаптың пайда болуы жайлы ел аузындағы «Жетігеннің жеті әуені» деп аталатын аңызда айтылады. Осындай көне аспаптың үлгісіне ұқсас түрі өткен ғасырдың орта шенінде табылды. Бұл жетігенді жасаған А.Аухадиев. дыбыс қатары хроматикалық . Диапазоны кіші октаваның СОЛЬ дыбысынан екінші октаваның РЕ дыбысына шейін ғана.
Слайд 18Домбыра
Домбыра шанағындағы ою - өрнектерді О.Бейсенбаев түсірген. Шашағына оюлап өрнек түсірілген
домбыраны жасаған, халық қолөнерінің шебері А.Ақкөзов.
Домбыра – қазақ халқының арасына өте – мөте кең тараған, қос ішекті, шертіп ойнайтын музыкалық аспап. Домбырада орындалатын шығарма байланысты ол бірде квинтаға, бірге квартаға бұралып күйге келеді. Диапазоны екі жарым октаваға кең. Бұл домбыраны халық арасынан шыққан қолөнер шеберлерінің көрнекті өкілдерінің бірі А.Ақкөзов домбырасының үлгісімен 1969 жылы В.Кривошеев жасаған.
Слайд 19Домбыра
Домбыра – қос ішекті, шертіп ойнайтын, өрнектелген музыкалық аспап. Мұны 1963
жылы қолөнер шебері О.Бейсенбаев жасаған.
Слайд 20Шанағына оюлап өрнек түсірілген ДОМБЫРАНЫ жасаған, халық қолөнерінің шебері А.Ақкөзов.
Слайд 21Қазақстан облыстарының әр жерінен табылған ДОМБЫРАЛАРДЫҢ үлгілері.
Слайд 23Домбыра – қос ішекті, шертіп ойналатын аспаптардың әшекейленіп жасалған түрі. Беткі
қақпағындағы өрнектер инкрустация әдісімен салынған. Бұл домбыраны 1968 жылы қолөнер шебері Қ.Оңалбаев дайындады.
Слайд 24Торғай облысына тараған ДОМБЫРАЛАР-ДЫҢ жетілдірілген түрі.
Слайд 25ДОМБЫРАНЫҢ ескі түрі және өрнектелген ДОМБЫРА.
Слайд 26Базарлық аспаптар (сувениры)
Ішекті аспаптар :
ҚОБЫЗ және
ДОМБЫРАНЫҢ
бірнеше түрі.
Слайд 27Үрмелі аспаптар
Сыбызғы
Шаңқобыз
Ұран
Мүйіз сырнай
Қамыс сырнай
Саз сырнай
Тастауық
Үскірік
Слайд 28 Сыбызғы
СЫБЫЗҒЫ – үрлеп ойнайтын ескі музыкалық аспап. Бармақ басатын
үш тесігі бар. Үрлеу арқылы дыбыстардың жиырмадан астам түрлері пайда болады. Диапазоны екі жарым октава. Сыбызғы аспабының үні самал желдей майда, тембрі жұмсақ , ерекше әсерлі. Сыбызғы негізінен ағаштан және қурайдан жасайды.
Слайд 29Сыбызғы
Сыбызғышы БОЛАТ САРЫБАЕВ.
Слайд 30Шаңқобыз
ШАҢҚОБЫЗ – көне музыкалық аспап. Оның ортасында сүйір тілше болады. Шаңқобыз
өңделген ағаш таспалардан жасалады шаңқобызға жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту арқылы тілше тербеліске келтіріледі де дыбыс шығады.
Слайд 31Шаңқобыздың түрлері мен оларды сақтайтын құты (футляр). Халық шеберлері бұларды темір
текшелерден жасаған. Олардың көлемі де, күйге келтірілуі де әр түрлі.
Слайд 32Ұран
Ұран – үрлеп ойналатын музыкалық аспап. Оны бұрын жауынгерлер көп пайданалатын
болған. Ұзындықтары әр түрлі екі түтіктің әрқайсысында үш–үштен тесігі бар.
Слайд 33Мүйіз сырнай
Мүйіз сырнай – мүштік арқылы үрлеп ойнайтын музыкалық аспаптардың ескі
түрі. Мүйізден жасалады. Бармаұпен басылып дыбыс шығаратын үш тесігі бар.
Слайд 34Қамыс сырнай
Қамыс сырнай – қамыстан жасалған, үрлеп ойналатын музыка аспабы. Қамыс
қуысының ішінде тілше бар. Соны үрлеу арқылы дыбыс шығады. Аспаптың әр түрлі дыбыс шығаратын алты тесігі бар. Диапазоны бір октава.
Слайд 35Қамыс сырнай – үрлеп ойналатын музыкалық аспаптардың ескі түрі. Бұл үлгілер
1974 жылы қамыстан жасалды. Бармақ басатын үш, төрт, бес тесіктер бар. Маңғышлақ облысы, Маңғыстау ауданының “Шетпе” совхозында тұратын қолөнер шебері Б.Әнесов дайындаған.
Қамыс сырнай – (ортадағы) бармақпен басып ойнайтын сегіз тесігі бар, үрлеп ойналатын музыкалық аспап.
Слайд 36Саз сырнай
САЗ СЫРНАЙ – алты тесікті үрлеп ойналатын аспап. . Саз
балшықтан күйдіріліп жасалады. Мұның бетінде өрнек ойылып, ол жыланкөзбен көмкерілген.
Слайд 37Саз сырнай
Саз сырнай – өрнек салынған, алты тесігі бар, үрлеп ойналатын
аспап. Бұл да саз балшықтан күйдіріліп жасалған.
Слайд 38САЗ – сырнайдың және тастауықтың жетілдірілген үлгілері.
Слайд 39Үскірік
ҮСКІРІК – үрлеп ойнайтын музыкалық аспаптардың ескі түрі. Саусақпен басып дыбыс
шығаратын үш тесігі бар. Саз балшықтан күйдіріліп жасалады.
Тастауық
ТАСТАУЫҚ – бұл да үрлеп ойнайтын музыкалық аспаптардың ескі түрі. Саз балшықтан күйдіріліп жасалады. Мұның дыбыс шығаратын жеті тесігі бар.
Слайд 40Үскірік
ҮСКІРІК– үрлеп ойнайтын музыкалық аспаптардың ескі түрі. Бұл үскіріктің дыбыс шығаратын
бес тесігі бар.
Слайд 41Үскірік
Бұл үскіріктің дыбыс шығаратын бес тесігі бар. Үрлеп ойналады. Бетіне өрнек
салынып, жыланкөзбен көмкерілген.
Слайд 43Дабылды – шулы аспаптар
Даңғыра
Асатаяқ
Дабыл
Слайд 44Даңғыра
ДАҢҒЫРА – ұрып ойнайтын музыкалық аспап. Даңғыраның ағаш шеңберінің бір беті
ғана терімен қапталады. Бұрын бұл аспаптың көлемі әр түрлі етіп жасалатын да, оны бақсылар жиі пайдаланатын. Бұл даңғыраны 1973 жылы О.Бейсенбаев дайындаған.
Слайд 46Асатаяқ
АСАТАЯҚ – ұрып ойнайтын музыкалық аспап. Асатаяқ шанағының ішіне темірден жасалған
сылдырмақ теңгешелер ілінген. Асатаяқтың бұрынғы үлгілерінде бұл сылдырмақ теңгешелер, шанақтың сыртына ілінетін.
Слайд 47АСАТАЯҚ – шанағының ішінде дөңгелек темір текшелері бар, ұрып ойнайтын аспап.
Слайд 48АСАТАЯҚ – сопақ темір теңгешелермен шығырықталған және өрнектелген, ұрып ойнайтын аспап.
Абайдың Семей қаласындағы республикалық әдеби – мемориальді мұражайында сақтаулы.
Слайд 49АСАТАЯҚТЫҢ жетілдірілген түрлері.
Слайд 50Бұл асатаяқтың алты қоңырауы бар. Ұрып ойнайтын музыкалық аспап. Қоңыраулары СИ,
ДО– ДИЕЗ, РЕ–ДИЕЗ, МИ, ФА–ДИЕЗ, СОЛЬ–ДИЕЗ дыбыстарына тура келеді. Бұрын асатаяқпен бақсылар өз ойынын сүйермелеп отыратын болған. Бақсы–балгерлердің жойылуына байланысты асатаяқтың да бұл түрі ешбір жерде қолданылмайды.
Слайд 51АСАТАЯҚТЫҢ үш түрі және МҮЙІЗ СЫРНАЙ.
Слайд 53Дабыл
ДАБЫЛ – ұрып ойнайтын музыкалық аспап. Оның екі жағы да терімен
қапталады. Құлақшалары бар. Бұл дабылды 1976 жылы музыка аспаптарын жасайтын шебер А.Аухадиев дайындады.
Слайд 54ДАБЫЛ, ҚАМЫС СЫРНАЙ (жоғары ретте), ШАҢҚОБЫЗ, САЗ СЫРНАЙ және ҮСКІРІК (төменгі
Слайд 58ҚОБЫЗ және ШЕРТЕР аспаптарында орындаушылар.
Слайд 59СЫБЫЗҒЫДА, АСАТАЯҚТА, ШЕРТЕР және ЖЕТІГЕНДЕ орындаушылар.
Слайд 62Домбыра және Қобыз аспаптарында орындаушылар.
Слайд 64ЖЕТІГЕН, ДОМБЫРА және ҚОБЫЗ аспаптарында орындаушылар.