Слайд 1Сабақтың тақырыбы:
Сөз таптары. Зат есім
Слайд 2Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға сөз таптары , зат есім жайлы толық
мәлімет
бере отырып олардың ой-пікірін калыптастыру.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Слайд 3 І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Слайд 479-жаттығу.
Жаттығуды көшіріп жазып,қос сөздердің жасалу жолдарына талдау жасаңдар.
Тест №2
1-В 1 –А
2-С 2 –В
3-А 3 - В
4-В 4 – А
5-С 5 – А
6-В 6 – Д
7-А 7 - В
8- С 8 – А
Слайд 7Сөздердің білдіретін мағынасына, түрлену тұлғасына, қойылатын сұрағына, сөйлемде атқаратын қызметіне қарай
топталуын сөз таптары деп атайды. Қазақ тілінде 9 сөз табы бар. Слайд кқрсетіледі. Олар: 1 . зат есім, Кім? Кімдер? не? нелер? 2 . сын есім, Қандай? Қай? 3 . сан есім, Неше? Қанша? Нешенші? Нешеу? 4 .етістік, не істеді? не қылды? Қайтті? 5. есімдік орынбасар сөз табы., 6. үстеу, Қимылдың түрлі белгісін,мезгілін,мекенін,себебін,мақсатын білдіреді. 7. еліктеу сөздер, Әр түрлі дыбысқа, құбылысқа еліктеу және олардың бейнесін елестету мағынасындағы сөз табы. 8. шылау,Сөздер мен сөйлемдерді байланыстыратын,өзі тіркескен сөзге қосымша мағына беретін сөз табы.
9.одағай.адамның көңіл күйін білдіретін немесе жануарларға айтылатын сөз табы.
білімді. Мектеп, ара, оқушы.
сары, таза, тәтті.
бес,жүз мың,отыз жеті,
кел, кет, ойла, жүр, бара жатыр
сен, біз, неше? бар,ша, өз
кеше былтыр, бүгін,бірге, зорға
тарс –тұрс, ыржың-ыржың
ма-ме, ба-бе, -ау, да-де,кейде
алақай, шіркін, моһ-моһ,
Слайд 8Заттың атын білдіріп, кім? не? кімі? несі? кімім? нем? кімің? нең?
кімдер? нелер? деген сұрақтарға жауап беретін сөздер зат есім деп аталады. Мысалы: әке (кім?), оқушы (кім?) тау (не?), ауыл (не?), т. б.
Абай үшін бұл еңбек мезгілі, өнер іздеу дәурені болған.Ол жеті жарық жұлдыздан тұрады.
Зат есім жалпы есім және жалқы есім болып екіге бөлінеді. Біркелкі заттардың жалпы атауы жалпы есім деп аталады. Заттардың ішіндегі бір түрінің өзіне ғана қойылған аты жалқы есім деп аталады. Мысалы, кісі, адам, деген жалпы адам атаулыға тән ат болса, Сұлтан Бейбарыс, Нұрсұлтан дегендер адам атаулының бәріне емес, жеке кісілерге ғана қойылған Жалқы есім, әдетте, жеке кісінің аты-жөні, мемлекет, республика, облыс, аудан, қала, көше, ұйым, мекеме, т. б. жеке аттары, географиялық атаулар, әр түрлі шығарма аттары, мал, құс, хайуанаттарға арнайы қойылған аттар болып келеді. Жалқы есімдер бас әріптен басталып жазылады. Мысалы: Алматы, Ертіс, Абыла, «Абай жолы» романы. Мағынасына қарай деректі,дерексіз болып екіге бөлінеді. Деректі зат есім- көзбен көріп,қол мен ұстауға болатын заттармен құбылыстардың атауы. Ағаш, қалам, су, домбыра, Дерексіз зат есім- көзбен көріп қолмен ұстауға келмейтін, тек оймен, ақылмен ғана сезіп білетін ұғымдардың атауы. Арман, қайғы,қуаныш т.б.
Слайд 9Талдау -табыс кілті
Абайдың ұлағатты сөзін алып, талдау жұмыстарын жасау.
Адамның адамшылығы –
ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан басталады.
Слайд 10Оқулық пен жұмыс.
104-жаттығу.
1-топ. Зат есімдерді
көшіріп жаз.
2- топ. Мағыналық түріне ажыратыңдар
Слайд 11Біздің ауылды Ақсай дейді. Ал ел аузында Ақсайманмен қатар Көксай да
көп аталады. « Ау, мұның Ақсайы біздің ауыл болғанда, Көксайы қай жақта!»- деуші едім өіме –өзім. Көп ұзамайКөксайды да көрдік. Айша мені ерте оятты.Соғыстың үшінші жылына аяқ басып бара жатқан кез. Құдайға шүкір,бала болсамда,ерте оянуға үйренгенбіз...
Слайд 12Білімділер тапсырмасы.
Зат есімге мысл келтіріп,оладан шағын мәтін құраңдар.
топтардан оқушылар шығып мәтіндерін қорғайды.
Білімділер тапсырмасы