Слайд 3Үй тапсырмасының сұрақтары
Зейнолла Қабдоловтың өмірі мен шығармашылығына шолу.
1. Зейнолла Қабдолов
қай жылдары өмір сүрген?
2. Қабдолов қай жердің тумасы?
3. Зейнолла Қабдолов кім?
4. Қандай жоғарғы оқу орнында және қандай мамандықта оқыған?
5. З.Қабдоловтың тұңғыш көлемді туындысы қандай?
6. Қандай романдары бар?
Слайд 4Үй тапсырмасының сұрақтары
Зейнолла Қабдоловтың өмірі мен шығармашылығына шолу.
1. Зейнолла Қабдолов
қай жылдары өмір сүрген? (1927-2006)
2. Қабдолов қай жердің тумасы? (Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кенті)
3. Зейнолла Қабдолов кім? (жазушы, әдебиет зерттеушісі, ұстаз, филология ғылымының докторы, профессор)
4. Қандай жоғарғы оқу орнында және қандай мамандықта оқыған? (әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультеті)
5. З.Қабдоловтың тұңғыш көлемді туындысы қандай? (Өмір ұшқыны)
6. Қандай романдары бар? («Ұшқын» және «Жалын»)
Слайд 5«Менің Әуезовім» роман-эссесінен «Әдебиет лотосы» әдісі арқылы үзінді айту
Слайд 7Тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Қайран Қарасазым-ай» лирикасы, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Жоспары:
1.Ақынның өмірі мен
шығармашылығы
2.Қазақ поэзиясына қосқан үлесі
3.Лирикасы мен поэмалары
4. «Қайран Қарасазым-ай» лирикасы
5. «Аққуулар ұйықтағанда» поэмасы
Слайд 8
1.Ақынның өмірі мен шығармашылығы
Ол 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек
(бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның туған күні жөнінде екі түрлі ақпарат бар. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-ында тойланады. Екінші ақпарат: ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші туған күніне байланысты мынадай сөз айтады: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпанда дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен». Азан шақырып қойылған аты - Мұхаммедқали. Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады("Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?"). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады.
Слайд 13Жылдар сөйлейді (Хронологиялық кесте)
Слайд 142.Қазақ поэзиясына қосқан үлесі
Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған
ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді.
Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған.
Слайд 163.Лирикасы мен поэмалары
Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала — Әкітай”
ауданындағы “Советтік шекара” газетінде жарияланды (1949). “Інімнің ойы”, “Шебер” өлеңдері “Жастық жыры” атты жинаққа енді. Мұқағалидің “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек” (1972 ж.), “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің” (1975 ж.), “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен”, ”Өмір-дастан” және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, “Қош, махаббат!” (1988 ж.) атты прозалық кітабы да бар. Біршама өлеңдеріне ән жазылды.
Мұқағалидің “Ақ қайың әні”, “Ару-ана”, “Мавр”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Қырандастар, қош болыңдар”, “Чили-шуағым менің”, “Шекарада”, “Большевиктер”, “Өмірдастан”, “Арман”, “Шолпан”, “Досыма хат”, “Алтай-Атырау”, “Отаным, саған айтам”, “Райымбек! Райымбек!”, “Қашқын”, “Жер үстінен репортаж”, «Моцарт» атты поэма-толғаулары бар.
Слайд 20Жаңа сабақты бекіту
1-тапсырма: «Сингвейн» әдісі. «Аққу» және «Туған жер» тақырыбына
бес жолды өлең.
1. Зат есім /Тақырып/
2. Екі сын есім
3. Үш етістік
4. Төрт сөзден тұратын сөйлем
5. Бір затты немесе зат есімнен тұратын сөз тіркесі
Үлгі:
Мұқағали
Сыршыл, дарынды
Еңбектенді, сүйді, шабыттанды
Мұқағали – қазақтың ақиық ақыны
Мұхамедқали
Слайд 212-тапсырма: «Кубизм» стратегиясы.
1- суреттеңіз. Мұқағали кім, қай жылы дүниеге келген?
2-
сипаттаңыз. Мұқағали шығармалары қандай тақырыптарға арналған?
3 - қолданыңыз. Мұқағали сөзіне жазылған қандай әндерді білесіңдер?
4- зерттеңіз. Мұқағали кімнің шығармаларын аударған?
5- ой-толғаңыз. Мұқағалидың қандай поэмаларын білесіңдер?
6- салыстырыңыз. Мұқағали қай ақынға еліктеп өскен?
Слайд 22«Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Композициялық құрылымы:
Шығарманың басталуы –
Шығарманың байланысы –
Шығарманың дамуы
–
Шығарманың шиеленісуі –
Шығарманың шарықтау шегі –
Шығарманың аяқталуы –
3-тапсырма: Сатылай талдау технологиясы бойынша
Слайд 24Үй тапсырмасы
Теориялық: Бердібай Р., Нұрғали Р., Ыбырайым Б. «Қазақ әдеибеті»
оқулығы 11-сынып, 278-287 беттер; Әбдезұлы Қ., «Қазақ әдебиеті» 11-сынып 258-267 беттер;
Практикалық:
Ақынның «Үш бақытым» өлеңін негізге ала отырып, «Бақыт деген не?» тақырыбында ой толғау жазу.