Слайд 1
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы
Жалпақтал ауылы Ғ.Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
11б орыс сыныбының оқушысы Даракчян Артур Андроникович
Ұлты армян
Ғылыми жетекшісі: І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Баделова Лейла Адиетовна
Қара өлеңнің мекені Қарауылға келемін,
Қара өлеңнің қамы еді,қарап жүрмей жегенім.
Қарағанның ішіне көп тығылып ойнайтын,
Қара өлеңге құмартқан қара балаң мен едім.
Қалқаман Сарин
Слайд 3
“Қазақтың қара өлеңі-құдіретім”
Ғылыми
жобаның тақырыбы:
Зерттеу бағытым: “Салт дәстүр және ұлттық өнер”
Халық арасында айтылып жүрген қара өлеңнің жоғалмай,сақталуы үшін халық мұрасын ел ішінен жинап,зерттеу
Слайд 4
Зерттеудің мақсаты:
жергілікті жерлердегі,ауыл-ауылдағы ата-әжелерден айтылып жүрген қара өлең
үлгілерін жинап,орыстың частушкасы мен,татардың жырларымен салыстыра отырып,қара өлеңнің белгілі бір тақырыптық жүйемен салмақтай айтылатын мұра екендігін жас буын ұрпаққа жеткізу
Слайд 5Жобаны зерттеу барысындағы ғылыми болжамым:
Ел аузындағы қара өлеңнің тілдік тарихы көнеленіп
бара жатқандығы;
Үлкендерден үлгілерін көптеп жинау қажеттілігі;
Жастардың қара өлеңге көп қызығушылықтары жоқ екендігі;
Өнер саласындағы жанашыр аға- апалардың,мәдениет саласындағы басшылардың қара өлеңнен байқаулар өткізу- леріне көңіл аудару керектігін,солай ғана қара өлеңнің тарихилылығын сақтап қалуға болатындығы;
Әрі халық ауыз әдебиетінің бай түрі ретінде келер ұрпаққа қалар мол мұра болатындығы.
Слайд 6 Зерттеудегі қойған талаптарым:
Өзім тұратын ауылда жиын-тойларда, қонақтарда қара өлең
айтып жүрген әжелер мен апаларды табу
Қара өлеңнің айтылу мәні мен мазмұнын зерттей отырып,ғалымдарымыздың ғылы- ми зерттеулерін негізге ала отырып, туысқан халықтардың өзіндік өлең түрлерімен салыстыра байланыстыру
Жиналған үлгілерді бейнетаспаға жазып, жарияланымға беріп,жас ұрпаққа мұра етіп қалдыру
Слайд 7
Зерттеу әдістері мен зерттеудің қайнар көзі:
Халық
ауыз әдебиеті үлгілерінен,ауыл-аймақтық той -жиындарынан,жергілікті салт-дәстүр қорларынан
Тіл білімі саласындағы ғылыми -зерттеу жинақтарынан
Әдебиет теориясы бойынша ғылымилылығын, зерттелу құндылығының негізделуінен
Жергілікті өзге ұлт өкілдерінің салттары бойынша жиын тойда айтатын частушки,жыр түрлерімен салыстыра отырып талдау
Слайд 8
Қазақ өлеңі-көркем сөздің жүйелі ырғақпен түзілуі.Қара өлең-қазақтың ежелгі өлең
түрі
Қара өлең ән сазына салып айтуға ыңғайлы,ерекшелігі әннің ырғағы қара өлең жолдарындағы бунақтардың орнын ауыстырып отыруға болады.
Әр шумақта жеке ой жатады,жеңіл әзіл-оспақтан бастап,өмірдегі, тұрмыстағы әртүрлі жағдайларды ойға негіз етіп алып,ой толғайды
Слайд 9
Қара өлең көне заманнан қалған мұра
Үлгілері:
“Оғызнама”(9ғасыр), Жүсіп Баласағұн “Құтадғу білік”(11ғасыр),Махмұт Қашқари “Диван лұғат ат түрік”(11ғасыр),Ахмет Иүгінеки “Ақиқат сыйы”(12ғасыр)
Слайд 10
“Қырда қазір мынадай поэзияның түрлері бар:
1.Жыр,мен осыған дейін сөз еткен.
2.Жылау жоқтау өлең
3.Қайым өлең
4.Қара өлең әдеттегі,үйреншікті өлең,бұл өлең төрт шумақты,әр шумақта жеке жеке ой жатады.сондай ақ,бұл өлең дауысқа негізделеді.
5.Өлең.”
Шоқан Уәлиханов
Слайд 11
Халық ауыз әдебиеті үлгілерінде:
Батырлар жырында:
“Алпамыс”
Ғашықтық дастанда :“Айман- Шолпан”
Классикалық шығармаларда:
І.Жансүгіров “Күйші поэмасы”
Әндерде: “Зәуреш”, “Қайықта”
Кеңестік дәуірдегі әдебиетте:
С.Мұқанов “Майға сәлем”,М.Мақатаев “Саржайлау”әндерінде т.б.
Слайд 12
Қара өлеңнің тақырыбы:
махаббат,ғашықтық
достық,жолдастық
батырлық,ерлік
табиғат,сұлулық
мұң,тағдыр
тұрмыс,тауқымет
Слайд 13
Қара өлеңнің тәрбиелік мәні:
адамгершілікке,парасаттылыққа;
еңбекқорлыққа,қиындықты жеңе білуге;
сүйіспеншілікке,елжандылыққа;
қарапайымдылық пен кішіпейілділікке;
жомарттылық пен имандылыққа.
Қара өлең үлгілері
Ат көркем көрінеді тұрманымен, Дүние жеткізбейді қуғанменен Қарайып көкіректі кір шалғанмен, Не пайда су кетіріп жуғанменен
Ауылым көшіп барады кеуілімен, Көңілім қобалжулы желең-желең. Апырмай,жүрегімді қалай басам , Перизатты алып қашса жігіт-желең.
Қағаздың қасын сұлу сиясындай, Тоғайдың мойны ұзын миясындай. Қолымды саған қайтсем жеткіземін, Сұңқардың жатқан жерік ұясындай.
Қорадан қой өреді жосылып-ай, Айтады екеу өлең жосылып-ай. Өлеңді көп айтуға ақын емес, Балалар риза болшы осыныма-ай.
Қара өлең 11буынды,4тармақты, а,а,б,а ұйқасымен келеді. Әлеуметтік мәселелерді кеңінен қозғайды,жеңіл,әзіл-оспаққа құрылады.
Слайд 15
Орыстың частушкасының үлгілері
Мы давно уже не пели,
Берегли мы горлышко. А сейчас начнем мы петь, Частушечки по солнышко...
Все угоры,все угоры, Все угоры да пески. Никакого нет веселья, Кроме горя да тоски.
Мы веселые частушки, Пропоем для вас сейчас. О себе,одружбе нашей, И о кое ком из нас...
Орыс частушкалары ойнақы,жеңіл әзілге құрылған, қысқа,секіртпелі ұйқас түрімен айтылатын фольклорлық жанрдың жаңарған түріне айналған.
Татардың жыр үлгісі
Туган якка юл тотамын, Туган як,туган як. Ин гузел газиз якка. Туган як,туган як, Жир жилекләре пеикэн чак. Туган як,туган як, Ашыгам кояилыкка. Туган як, туган як
Ей,кизлярым,кизлярым, Буримына так гулиң. Жигитлярым караса, Колиңди устат кашпагин
Татар жырлары жеңіл,ойнақы әнге салынып айтылатын әзіл-оспаққа құрылған,орыстың частушкиіне ұқсастау келеді.Көбіне бимен бірге орындалады.
Слайд 17
Қара өлең көнелілігімен, тарихилығымен құнды
Ұқсастығы халық- тың тағдыры, мұңы,тіршілігі туралы
жырланады
Айырмашылығы орыстың частушкиі фольклордың жас жанр деп саналады
Татардың жыры да фольклордың көне түріне жатады
Түркі тектес халықтардың бәрінде де өзіндік көне өлең үлгілері сақталған
Слайд 18
Зерттеудің қорытындысы:
Зерттеудің нәтижесінде қара өлеңнің мәнін тереңірек түсіне бастадым.
Халық қара өлеңмен әлеуметтік мәселелерін қозғап, өзінің мұң-мұқтажын,қайғысы мен қуанышын,сүйіспен- шілігі мен ғашықтығын жеткізетіндігін білдім.
Қара өлеңнің сөз өнері,тілі өте бай,тілдік байланысы өте шебер екенін байқадым.
Ата- бабаларымыздан қалған мұраның құндылығын,өмірлік тәлім-тәрбие беретін мол мұра екенін,жастарға үйреніп,бүгінгі үлгіде жалғастыру керектігін білдім.
Слайд 19
Пайдаланған әдебиеттер:
Ә.Қоңыратбаев “Қазақ фольклорының”тарихы
Алматы,1991 “Ана тілі”
Ш.Уәлиханов Таңдамалы Алматы,1985
“Жазушы”
Қазақ әдебиеті “Көне түркі әдебиеті”үлгілері
Қазақ әдебиеті энциклопедиясы
Туысқан халықтар әдебиеті
WWW.bestreferat.ru
WWW.KK.wikipedia.ova
WWW. Adebiet.kz
Слайд 20
Назарларыңызға рахмет!
...Жат жерді жастанғанда жазатайым, Қанымен жазды,мүмкін,ағатайым, Қасиетіңнен қара өлең,
айналайын, Қазақтың дәл өзіндей қарапайым. Ақынмын деп мен қалай айта аламын, Халқымның өзі айтқанын қайталадым. Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып өзіне қайтарамын.
Мұқағали Мақатаев