РЕАЛИЯ СӨЗДЕР
Орындаған:Ташмұханбетова Назерке,
№167 жалпы білім беретін мектеп,
10 – сынып
Секция: Тіл білімі
Ғылыми жетекші: жоғары санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сулейменов Бердибек Бейсенович
Орындаған:Ташмұханбетова Назерке,
№167 жалпы білім беретін мектеп,
10 – сынып
Секция: Тіл білімі
Ғылыми жетекші: жоғары санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сулейменов Бердибек Бейсенович
Реалия сөздер – бұл «классикалық грамматикадағы сыртқы лингвистика мен зерттелетін олардың берілген тілде көріну тұрғысынан көп елдің мемлекеттік құрылымы, берілген халықтың тарихы мен мәдениеті, берілген тілде сөйлейтін адамдардың тілдік қарым-қатынасы мен байланысы, т.б. сияқты түрлі факторлар»
(О. С. Ахманова)
Реалия сөздер – ол «белгілі бір ұлт пен халықтың материалды мәдениетіне, тарихи деректеріне, мемлекеттік институттарына ғана тән аттар, ұлттық және ауыз әдебиеті кейіпкерлерінің аттары және т.б.» (Г.Д. Томахин)
Ж. Жақыповтың реалия ұғымына берген анықтамасына назар аударатын болсақ, онда «реалия» - латын сөзі, зат, нәрсе деген ұғымды білдіреді.
«Реалийлар – бұл бір халықтың өміріне(тұрмысы, мәдениеті, әлеуметтік және тарихи дамуы) тән заттарды атайтын сөздер, олар ұлттық және /немесе тарихи ерекшеліктерінің көрінісі бола тұра, олардың басқа тілдерде нақты сәйкестіктері (баламалары) жоқ. Демек, жалпы ережелерге сүйеніп аударылмай, ерекше аудару әдістерін талап етеді» (С. Влахов, С.Флорин)
Г.Д. Томахин ономастикалық реалия сөздерге төмендегілерді жатқызады:
Географиялық атаулар (топонимдер), әсіресе мәдени-тарихи ассоциация туғызатын атаулар;
Антропонимдер-тарихи тұлғалардың, қоғамдық қайраткерлердің, ғалымдар, жазушылар, өнер қайраткерлері,әйгілі спортсмендер, көркем және ауыз әдебиет кейіпкерлерінің аттары;
Әдеби және өнер туындыларының аттары; тарихи деректер мен мемлекет өміріндегі оқиғалар; мемлекеттік және қоғамдық мекемелердің аттары мен т.с.с.
Тілдердің ұлттық - мәдени сөздерден
өзгешелігі мен олардың идиоэтникалық
факторлары
бір нысан түрлі ұстанымдар негізінде түсіндіріледі;
халық өмірінің географиялық,климаттық ерекшеліктерімен;
халық дамуының әлеуметтік, тұрмыстық ерекшеліктерімен;
халықтың эмоционалды, психикалық
құрылымының, ұлттық психиканың, ұлттық
мінездің, жігерлілігі мен қаржылығының,
өзіндік сана-сезімінің ерекшеліктерімен»
В. Фон Гумбольд өз еңбектерінде
мәдениет пен тілдің байланысын атап
өткен. Осы концепцияның негізгі
ұстанымдары төмендегідей:
материалды және рухани мәдениет
тілде жүзеге асады; 2) кез келген мәдениеттің ұлттық сипаты бар, оның
ұлттық сипаты ашық көрсетілген және
әр халыққа өзгеше, ерекше болатын ішкі формасы бар; 3) ішкі форма – ол «ұлттық
рухтың», оның мәдениетінің сипаты;
4) тіл адам мен оны қоршаған әлемнің
арасындағы байланыс буыны
Бір халыққа тән және екіншісіне жат өмір (тұрмыс), мәдениет, әлеуметтік және тарихи дамуы объектілерін атайтын сөздер мен сөз тіркестері
Лакуналар – семантикалық мәселелер мен қиындықтар
Этнографизмдер кез келген халықтың өзгеше, ерекше тұрмыс заттарының атауларымен байланысты.
Л. С. Бархударов лакуналар-
ға баламасыз лексиканың «басқа тілде кез келген себептермен сөздер мен тұрақты тіркестер түрінде
жоқ сәйкестіктерді»
жатқызады
Лакуна – белгілі бір тілде бар, бірақ екінші тілде сөздер мен ұғымдардың болмауы кезінде пайда болатын қуыстар, бос жерлер мен кемістіктер.
З. К. Темірғазина
Жанама лакуналары жалпы мағынасы бар сөздерді екі тілде қолдану жиілігін салыстыру кезінде ерекшеленіп, бөлінеді. Лакуналардың бұл түрі кәдімгі қарапайым сөз, қарым-қатынас деңгейінде қолданылады.
Жанама лакуналар
3. Тұрмыстық реалия сөздер: Бұл топқа баспана атаулары (сакля, шаңырақ, изба), жиһаз атаулары (сандық, кровать), ыдыс-аяқ атаулары (саба, қоржын, торсық, күбі), киім-кешек атаулары (шапан, сарафан, тымақ), еңбек құралдарының атаулары (кетпен, құрық, қамшы), тамақ атаулары (қымыз, қуырдақ, щи, борщ, палау, шницель), өлшемдік атаулар (сажень, миль, фунт, доллар, сүйем, елі т.б.) жатады
2.Фольклорлық реалия сөздер:
Бұл топқа әзірейіл, қорған, жын, сүре, жырау, айтыс, т.с.с. сөздер жатады. Бұған музыка аспаптарын да қосуға болады (домбыра, сыбызғы, сазсырнай, қобыз).
Реалия сөздер бойынша Г. Томахиннің ұсынған жіктеуі
ІІ. Географиялық атаулар:
1. Географиялық реалиялардың жіктеуі (жағалық сызық ерекшеліктері, жер бедері ерекшеліктері (Snowdon, the Thames, the Rushmore Mount, canyon) ;
2. Флора (daffodil, tulip, clover, trefoil, Californian rose);
3. Фауна (coyote, grizzly bear, bobcat, bald eagle, Canadian goose, mocking bird, red ape);
4. Мәдени өсімдіктер (rose, tulip,cyclamen,violet);
ІІІ. Қоғамдық-cаяси реалиялар:
1. Мемлекеттік және штаттар рәміздері (American pasqueflower – the symbol of South Dakota, American dogwood – the symbol of Virginia);
2. Заң шығарушы үкімет реалиялары (legislative body, legislative institution);
3. Президент және Ақ Үй, (The President, The White House, Jefferson, Congress, The House of Commons);
4. Атқарушы билік мекемелері (Executive Officer);
5. Сот жүйесі (Federal Judiciary, Supreme Court, Federal Building, The Judicial Committee of The Privy Council);
6. Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар (Progressive Labor Party, Party for Socialism and Liberation, Socialist Equality Party).
ІҮ. Білім беру жүйесі, дін және мәдениет реалиялары:
Білім беру жүйесі (Girl Guide, public schools, Scout Association, The Three Rs – reading, writing and arithmetic);
Дін (Prayer, Pope, Easter, church, Temple Church, St. Martin-in-the-Fields Church);
Әдебиет (James M. Barrie, Jane Eyre, Peter Pan, Robert Burns);
Театр және кино (Sean Connery, James Bond, Eddie Murthy);
Бұқаралық ақпарат құралдары (The BBC, comic – a magazine for children, The Independent, The National, The Times);
Бейнелеу өнері (The National Gallery, George Gower, Nikolas Hilliard, William Dobson, John Wootton);
Музыкалық мәдениет (bagpipes, tambourine, mouth organ).
Ү. Ономастикалық реалиялар:
а) антропонимдер (“Acheson Dean” – Ачесон Дин – заңгер, қоғамдық қайраткер, Charley Chaplin, Elizabeth II);
ә) топонимдер (“Acadia” – «Акадия», “Adinordack Country” – «Адинордак таулар елі»(Нью-Йорк штатының солтүстік-шығыс бөлігі, New York, Alaska, California);
б) әдеби кейіпкерлердің аттары (Macbeth, Wolf Larsen, Desdemona, Hamlet, Irene, Charley Furaseth);
2. Калькілеу – шетел реалияларын олардың құрамдас бөліктерінің, яғни
морфемаларын немесе сөздерін аударылатын тілдің тура лексикалық сәйкестіліктерімен ауыстыру арқылы аудару әдісі болып табылады (мыс: brain drain–утечка мозгов)
3. Түсіндірмелі (сипаттамалы) аударма. Бұл тәсіл бастапқы тілдің лексикалық бірлігінің мағынасын берілген лексикалық бірлік білдіретін құбылыстың маңызды белгілерін ашатын жайылған сөз тіркестері көмегімен ашуына негізделген (мыс: landslide – сайлауда зор басымдылықпен жеңіске жету).
Бұл әдістің өте қолайсыз әрі үнемсіз болып саналғандықтан, оны мәтіндерді аударуда әр кезде қолдану мүмкін емес.
4. Болжалды аударма – аударма тілінде дәл сәйкестігі жоқ, бірақ бастапқы
тілдің лексикалық бірлігі үшін мағынасы ең жақын сәйкестік іздеуге негізделген. Лексикалық бірліктердің сондай жақын баламаларын «аналогтар»(«ұқсас сөздер») деп атауға да болады. Мыс: know-how - өндіру құпиясы.
5. Трансформациялық аударма.. Кей жағдайларда аудармашыға сөйлем құрылымын өзгертуге, бастапқы сөзді толығымен өзгертетін лексикалық трансформацияларды қолдануға тура келеді. Мыс: glimpse сөзі to have, to catch a glimpse of smth.
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть