Слайд 2
EXPO-2017 КӨРМЕСІ ЖӘНЕ Оған қосар біздің үлесіміз:
Автокөліктердің бұрылыс
тетіктерін автоматтандыру
«Бүгінде
әр қазақстандық өзді-өзінен елімізге жақсы болып, біздің Отанымыздың дәулеті артуы үшін мен не істедім деп сұрауы керек.
Егер әр азамат осылай пайымдайтын болса, бүкіл еліміз өзінің дамуына қарқын қосарына менің сенімім мол».
Н.Ә. Назарбаев
Слайд 3Жобаны құрастырушылар
Жобаның авторлары: Бердмурат Авдулрахман,
Бурамбаева Карина
Жетекшісі: Бердмурат Авдулрахман
Жобаны таныстырушы: Бурамбаева Карина
Слайд 4Құрастырушылар туралы мағлұматтар
№17 ЖОББ мектебінің математика пәні мұғалімі,
5 “Ә” сыныбының жетекшісі
№17
ЖОББ мектебінің 5 “Ә” сынып оқушысы
Бердмурат Авдулрахман
Бурамбаева Карина
Слайд 5МАЗМҰНЫ
Кіріспе
ЕХРО – 2017 жайлы
ЕХРО – ның әкелер пайдасы
EXPO – ның
ғарыш әлемінде маңыздылығы
ЕХРО – 2017 көрмесіне біздің қосар үлесіміз
Қорытынды
Слайд 6МАҚСАТЫ
Әрбір қазахстандықтың мақсаты елінің қалаулы азаматы болу. Сол тұрғыдан
біздің де еліміжге, отанымызға өзіміздің пайдамызды тигізіп, еліміздің көркейуіне өз үлесімізді қосқымыз келеді.
Осы жобаны құрастырудағы негізігі мақсатымыз, ол мына елімізде ең көп кездесетін жол апаттарын болдырмау және жол жүру ережелерінің сақталу жолдарын дамыту, жақсарту болып табылады.
ЕХРО - 2017 көрмесі әр қазахстандықтың өз елінің көркейуіне үлес қосуға үлкен мүмкіндік береді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып біз де еліміздің көркейуіне өз үлесімізді қосқымыз келеді.
Слайд 7Осы мақсатқа жету үшін
алға қойылатын міндеттер
Жобаның тиімділігі туралы
түсінік беру.
Жол апаттарын болдырмаудың жолдарын қарастыру.
Жол жүру ережелерінің сақталуын нығайту жолдарын қарастыру.
Жаңа технологияларды игі істерге қолдану.
Жалпы автоматтандыру мәселесін озектендіру.
Слайд 8КІРІСПЕ
Әлем — уақыт пен кеңістік бойынша шексіз және өзінің даму процесінде
материя қабылдаған нысандары бойынша ақыры жоқ сан алуан бүкіл бар материалдық дүние. Қазіргі түсінік бойынша, Әлемнің жасы 15 млрд жыл шамасында.
Мыңдаған жылдар, ғасырлар бойы адамзат Күнді, Айды, планеталарды және белгілі бір жұлдыздарды ғана бақылап келді. Көптеген аспан шырақтары, барлық қоршаған орта тәрізді, оларға өзгермейтін сияқты болып көрінді. Бірақ, сол ерте заманның өзінде дүниеде бәрі де дамиды деген философтар да болды. Бірінші ғарышнамалық болжамдарды ұсынған ғалымдар (XVIII ғасыр) ғарыштық материяның даму барысында қалайша Күн жүйесінің пайда бола алғанын түсіндіруге тырысты. XX ғасырда эволюция идеясы барлық әлемге таратылды.
Әлем — бұл нақты өмір суретін, уақыт пен кеңістік бойынша шексіз және өзінің дамуы барысында барлық мүмкін болатын пішін қабылдайтын материялық әлем.
Слайд 9Ғылыми жұмыстың өзектілігі.Талай ғасырлар бойы аспан әлеміне көңілі жетіп, қолы жетпеген
адам баласы қал-қадірінше оны зерттеуге, тануға, қазір тіпті өзге ғаламшарларды игеруге, сонда барып қоныс тебуге де тырысып келеді. Ғарыш әлеміне қатысты әңгімелер, аспан денелерін, Жұлдыздар, Күн мен Айды, Юпитер мен Сатурнды, Марс пен Шолпанды қолмен ұстап көрмеген бұл бізге ертегідей көрінеді. Бірақ әр ертегіде бір шындық болатыны секілді, қазір әлем ғалымдары бас қатырып жатқан адам баласының болашақта Марс пен Айға көшіп баруы секілді қиял-ғажайып әңгімелердің шындыққа айналуы ғажап емес.
Жол қауіпсіздігін жаксарту маселелеріне ат салысып , осы маселе лердің шешілу жолдарын іздеп, қарастыру. Өз елімізде шығарылатын автомобильдердің ерекшелігін арттыру. Заманауи автокөліктердің өауіпсіздік шараларын жаксарту. Осындай тұрғыда құрастырылған автокөліктерді әлемдік нарыққа шығару.
Слайд 10ЕХРО - 2017
ЭКСПО дегеніміз не? Оның бізге берер пайдасы қандай? Ол не туралы
болмақ? ЭКСПО — индустрилиазацияның символы. Техникалық жетістіктер мен техниканың өзін назарға салатын халықаралық көрме.
«ЭКСПО» көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырады. Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік. Жаһандық мәселелер талқыға түскен кешегі ЕҚЫҰ-ның саммиті, Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы жас мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатты. Ең бастысы, даму бағытын айқындап берді. Осындай көшелі істердің жалғасы ретінде Қазақстан былтырдан бері 166 жылдық тарихы бар EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығы үшін күресіп келеді. EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуге ниетті Қазақстан әлемдік қауымдастыққа «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынғаны белгілі. Қалай дегенде де, EXPO сияқты халықаралық көрмелерге қатысу қай елдің болса да әлеуетін дүниежүзіне паш етуге берілген тамаша мүмкіндік деуге болады. Оның үстіне, әлем алдында өзіңнің даму деңгейіңді іс жүзінде дәлелдей отырып, шараны жоғары жауапкершілікпен өткізу – өте зор құрмет. Өйткені елдерді достастыру, ауызбірлікке шақыру, инфрақұрылымдарды лайықты деңгейде дамыту – жоғары дәрежеде өтетін кез келген іс-шараның мақтанышы. Әрине, бұл оңай шаруа емес.
Слайд 11Мұндай іс-шараға барлық құрлықтың ондаған елінен миллиондаған адам қатысады. Бәсі биік бәсекеде Астананың жеңіп шығуы бекерден бекер
емес. Оған бірнеше факторлар ықпал еткендігі аян:
Біріншіден, елордамыздың әлемдік-деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқаны баршаға белгілі болды.
Екіншіден, таңдаудың Қазақстан пайдасына шешілуі мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын білдіреді және Еуразия өңірінде-де оның даму келешегі кемел екенін айғақтай түседі.
Үшіншіден, біздің «Болашақтың энергиясы» атты өзекті тақырыпты ұсынуымыз жеңіске жетуімізге көмектесті. Сенсеңіздер, дәл сол көрмеден кейін халықаралық аренада дизайн мектептері, туризм саласы және өндіріс өнері пайда болды. Осы көрме халықаралық сауданың жандануына септігін тигізді. Одан кейін 1855, 1878 жылдары Парижде, 1939 жылы Нью-Йоркте, 1985 жылы Цукуба — Жапонияда, 1992 жылы Севилья — Италияда, 1998 жылы Лиссабон — Португалияда, 2000 жылы Шанхай — Қытайда ЭКСПО халықаралық көрмелері болып өткен.
Астанадағы өтетін ЭКСПО-ның тақырыбы: «Болашақ энергиясы» болмақ. Көрмеге қатысушы мемлекеттер өздерінің энергия саласындағы техникалық жетістіктерімен барша жұртты тәнті етеді. Әсіресе, қазіргі таңда сұранысқа ие балама энергия көздерін алу мақсатындағы құрылғылармен таныстырады. Сарқылмайтын энергия көздеріне жататын: күн сәулесі, жел, жер асты сулары арқылы энергия алу болашақта адамзатқа қажетті ресурс түрі. Осыдан, көрменің тақырыбы көпшіліктің қызығушылықтарын тудырары анық екені білінеді.
EXPO-2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. Халықаралық көрмеде әрбір мемлекет өздерінің павильондарын 25 га жер көлеміне салатын болады. Бұл көрмеге 5 млн.-нан астам адам келеді деп жоспарлануда. Әрбір келген адам 130 $ ақша әкелетінін ескерсек, бізге түсетін пайда 520–910 млн.-ға дейін жоспарлануда.
Слайд 12Ал, енді бұл көрменің бізге қандай әлеуметтік тұрғыда, экономикалық тұрғыдан пайдасы бар екен?
Біртіндеп, жауабын қарастырайық.
Біріншіден, еліміздегі техника саласының дамуы. Қазақстанда балама энергия көздерін пайдаланатын аймақтар бар. Мысалы, Алматы қаласының маңында жер асты ыстық сулары бар, Жоңғар қақпасынан жел энергиясын алуға болады және Байқоңырдың орналасу траекториясы күн энергиясын алуға қолайлы жер. Ендеше, болашақта энергиядан тапшылық көрмеу үшін «Болашақ энергиясы» атты көрменің бізге берері мол.
Екіншіден, бұл шараны өткізгенде бізге ақшалай көмек түседі. Оны қуаттау үшін, өзге елдердің көрмеден алған пайдасын санап көрелік. 2000 жылы Шанхайда өткен көрмеден түскен пайда 12 млрд $ болса, Ганноверде өткен көрменің пайдасы 350 млн еуроға жеткен. Біздің мемлекетке-де айтарлықтай пайданың болары айдан анық.
Үшіншіден, өзге елдермен достық қатынастарымыз нығаяды. Оның көрсеткіші ретінде, қазіргі уақытта Қазақстан Германия мемлекетімен көрмеге дайындықты бастады. Германия бізге құрылыс саласында тәжірибелерімен бөлісуде
Төртіншіден, көрме кезінде біздің студент аға-апаларымыздың көңілдері көтеріңкі болары анық. Неге десеңіз? ЭКСПО уақытында тегін тәжірибеден өтуге мүмкіндік туады.
Бесіншіден, ЭКСПО халықаралық көрмесі Қазақстанның мәртебесін күллі әлемге паш етеді. Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде Қазақстанның жеңісі бізге деген қызығушылықтың барын көрсетеді. Бельгияға 44 дауыс, Қазақстанға 104 дауыстың берілгені халықаралық аренада үлкен қызығушылыққа ие екеніміз және өзіміздің мүмкіндіктерімізді көрсетудің алғашқы қадамы болды.
ЕХРО – ның әкелер пайдасы
Слайд 13EXPO – ның ғарыш әлемінде
маңыздылығы
Еліміздің қазіргі қызу талқысы да, әңгімесі
де, жеңісі де – EXPO-2017. Бұл – үлкен жауапкершілік. Қазақстанның әлемдік деңгейдегі шараларды өткізуде тәжірибесі мол екені рас. Бірақ EXPO-2017 көрмесінің жөні бөлек. Қай жағынан алғанда да, аса ауқымды әрі өміршең. Ең алғаш Дүниежүзілік EXPO көрмесі Лондондағы Гайд-паркте өткізілген еді.
Содан бері 163 жыл өтіпті. Көрменің беделі өсіп, абыройы артпаса, кеміген емес. Иә, EXPO көрмесі – жалпы саяси және экономикалық мәнділігі бойынша теңдессіз оқиға. Ол индустрияландырудың нышаны және техникалық, технологиялық табыстарды көрсететін ашық алаң болып келеді. 2010 жылдың 1 мамыры мен 31 қазаны аралығында Қытайдың Шанхай қаласында өткен дүниежүзілік көрмеге 190-нан астам ел және шамамен 73 млн адам қатысты. Ұйымдастырушыларға шара 12 млрд доллар пайда әкелді. Орта бизнес табысы кем дегенде 20 пайызға артты [4, 21 б].
Сондықтан да Қазақстан EXPO-ға бар күшті жұмылдырып жатыр. Астанадағы EXPO-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрме болмақ.
Қазақстан халықаралық көрме тақырыбын «Болашақ энергиясы» деп таңдаған болатын. Бұндай тақырыптың таңдалуының да өзіндік ерекшеліктері ғана емес, жаһандық өзектілігі де баршылық. Мәселен, орнықты дамуға көшу, баламалы энергия көздеріне ізденістер проблемасы әлемдік қоғамдастық тарапынан біршама жылдар бойы көтеріліп келеді. Жаңартылатын энергия көздерін дамытудың маңыздылығы да жылдан-жылға артып келетіні айтпаса да түсінікті. Техногендік апаттардың салдары жылдан-жылға ауырлап және болжамдау шеңберінен де шығып жатыр.
Слайд 14Мәселен, Мексика бұғазындағы мұнай платформасында орын алған алапат апат, «Фукусима» атом
электр стансасының қасіреті экологиялық таза әрі барынша қауіпсіз, сондай-ақ жеңіл қалпына келтірілетін энергия көздерін пайдалану жөніндегі мәселені жаһан жұртшылығының алдына кесе көлденең тартады. Сондықтан да әлемдік ғылым үшін де, әлемдік экономика үшін де ең басты міндет – болашақ энергиясы болып табылады. Бұл ретте Астананың «Болашақ энергиясы» тақырыбын таңдау арқылы жаһандық мәселені көтеріп отырғанын айтуымыз керек.
Сонымен қатар, осы тақырып арқылы Қазақстан энергетиканы дамытуға өз үлесін қосуға және Астанада баламалы қуат көздері саласында таңдаулы ойшылдар мен жобаларды, инноваторлар, ғалымдарды жинауға ұмтылады. Бұл тақырып энергия сақтау бойынша таңдаулы әлемдік технологиялармен, әлемде бар баламалы әрі жаңартылатын күн, жел, теңіз, мұхит және термалдық су энергияларын пайдалану бойынша жаңа жобалар мен технологиялармен кеңінен таныстыруға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, «Болашақ энергиясы» тақырыбымен өтетін EXPO көрмесі аумағының ерекшелігі мен артықшылығы, оның жаңғырмалы энергия көздері арқылы жұмыс істеуінде болмақ. Әзірге белгілісі көрменің аумағында – Өмір, Бейбітшілік, Сана, Ғарыш атты 4 тақырыптық павильон орналастырылады.
Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының EXPO-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу туралы шешімі – бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың мақсатты жұмыстарының нәтижесі, оның халықаралық беделінің көрсеткіші. Екінші жағынан, бұл – біздің жас мемлекетімізге деген үлкен сенім және үлкен жауапкершілік.
Көрмеге бес миллионнан астам шетелдік келеді деп күтілуде. Қонақтарға біздің өңірді таныстырып, «Байқоңыр» ғарыш айлағын, Қорқыт ата мемориалын, ежелгі қала орындарын және т.б. жерлерді көрсету жоспарлануда.
Елдің болашағын жарқын етуде ұлттық маңызға ие «Байқоңыр» ғарыш айлағы арқылы адамзат баласы әлі талай тарихи оқиғаларға куә болатынына біз де сенеміз. Лайым да солай болғай!
Слайд 15Еліміздің бейнесін бүтіндей өзгертетін индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру-экономиканы жаңғыртудың өзегі екенін
халыққа арнаған Жолдауында Елбасы ерекше атап өткен болатын. Осы бағыттағы тың міндеттер қатарында Тәуелсіз еліміздің абыройын әлемге асқақтатып, мерейін тасытқан «Байқоңыр» ғарыш айлағын одан әрі дамыту тұрғанын ерекше мақтаныш білдіре және екпін қоса атап өтуге болады [5, 15 б].
Бүгінде Қазақстанның ұлттық бренді ғана емес, әлемдегі 20-дан аса ғарыш айлағының атасындай көрінетін Байқоңырда атқарылып жатқан игі істерде, ізденістерде, жоспарларда есеп жоқ. Оның үстіне жоғарыда сөз еткен Елбасы Жолдауы ол жұмыстардың нәтижелі атқарылуына тағы бір тың леп қосты.
Ұлттық энциклопедиямыздан «Байқоңыр-қазақ тілінде бай, алтын жер деген мағынаны білдіреді. Шынында да ғарыштық айлақ төңірегінде сарғыш қоңыр топырақ, алтын түсті күлгін шөп өседі. Сонау ҮІІ ғасырда атақты түрік философы, ақын, жырау және сазгер Қорқыт ата қазіргі ғарыштық айлақ орналасқан тұсты «жер кіндігі» деп атаған»,-деген жолдарға кез болдым.
Ал Байқоңырдағы «Бәйтерек» ғарыштық-зымыран кешенінің құрылысы – қазақ космонавтикасының толағай табысы.
Тұтастай алғанда, болашақта Байқоңырдай ғарыш айлағы бар Қазақстан әлемдегі ғарыштық ірі державалардың ортасынан ойып тұрып өз орнын алатынына сенім мол.
Сонымен, қорытыныдылай келе, ЕХРО-2017 көрмесінің басты мақсаты – ғарыш кеңістігі мен энергетика саласындағы нанотехнологияны біріге отырып зерттеп, қолданысқа енгізу. Қатысушылар әркім өз жетістігін ортаға салып, келешектегі қуат көзін үнемдеуге байланысты жобаларын іске асыра алатындығын алға тарты. Сонымен қатар Қазақстан, Ресей және АҚШ ғалымдары бірігіп, бүкіләлемдік ЕХРО-2017 көрмесіне космостық технологияға байланысты халықаралық көрме ұсынатындарын жеткізді. Ал Қазақстанда бұл жұмыс тәуелсіздік алғаннан кейін ғана қарқынды дами бастады. Сондықтан біздің болашаққа деген үмітіміз өте зор. Республикадағы ғарыш саласында істейтін барлық ғалымдардың басын қосып, атқарылатын жұмысты өзара бөлу керек. Кім немен айналысатынын, қайсысы нақты, қайсысы қолданбалы зерттеулерге жататынын, қайсысы жүзеге асырылуы тиістігін анықтау қажет. Ғарышты зерттеу саласында бәрі бірден жасалмайды. Оған уақыт керек. Ұйымдастыру мәселесін дұрыс шешу арқылы ғана нақты нәтижеге қол жеткізуге болады. Өзге елдердің бұл салада 50, 100 жылдық тәжірибесі бар.
Слайд 16ЕХРО – 2017 көрмесіне
біздің қосар үлесіміз
«Сендер, тәуелсіз қазақ елінің білімді
жастары, өз соқпақтарыңды салып, оны елді дамуға бастайтын даңғылға айналдыруға тиіссіңдер»!
Н.Ә. Назарбаев
Осындай Ел басымыздың қанатты сөздерінен кейін біздің де
Қазахстанның дамуына өз үлесімізді қосуымыздың парыз екенін түсіндік.
Сол мақсатта бізідң жобамыздың халық игілігіне септігін тигізер деген
кәміл сенімдеміз. Олай болса жобамыздың теориялық тұрғыдан
қарастырылған нұсқасын алдарыңызға ұсынамыз.
Біз жол үстіндегі жағымсыз оқиғаларды азайту мақсатында автокөлік-
тердің бұрылыс тетіктерін автоматтандыруды ұсынып отырмыз. Яғни
Нақтырақ айтатын болсақ Қазахстанда шығарылатын көліктердің қауіп-
сіздікті сақтау ерекшеліктерін арттырмақпыз. Ол қалай жасалады; өз
елімізде жасалатын көліктердің бұрылыс тетіктеріне аздаған өзгерістер
енгіземіз.
Слайд 17 Ең бірінші ойымызға ол не үшін керек?- деген ой
келеді.
Баршамызға белгілі жол апаттары, жол жүру ережелерінің бұзылуы күннен күнге өршіп барады.
Осы жол апаттарының болуына жол жүру ережелерінің бұзылуына бірден-бір себепші ол,
бұрылыс тетіктерін ұмытып кетуіміз немесе оны басуға ерінуіміз. Осындай болмашы нәрселер
үшін елімізде қаншама келеңсіз жағдайлар орын алып жатыр.Осы оқиғалардың орын алмауына
біздің алға қойған ойымыздың көмегі тиеді деген ниеттеміз.
Слайд 20 Осындай жағдайлардың орын алмауына біздің ойға алған жұмысымыздың көмегі
тиеріне кәміл сенеміз.
Автоматты бұрылыс тетігін құрастыру үшін біз ;
Бірінші – рульдің бұрылу аумағын, яғни қандай градуста руль бұрылғанда автоматты тетік қосылуы
керек екендігін анықтауымыз керек .
Слайд 21Екінші – бұрылыс тетігін екі функционалды түрде қалыптастыруымыз керек, яғни біріншісі
ол күнделікті күндегідей қолмен басқару және автоматты басқару түрінде басқарудың тиімділігін арттыруымыз керек.
Слайд 22 Үшінші – қолмен басқару тетігінен автоматты басқару тетігіне
көшу үшін
рульге арнайы құрылғыларды орнату керек және оны ауыспалы түрде орындалатын жағдайда қолдану үшін қосымша арнайы тетік орнату керек.
Слайд 23Төртінші – ол соңғы этап, мұнда біз алда көрсетілген және айтылғандардың
барлыгын ой елегінен өткізіп, мамандар көмегіне жүгіне отырып, ол
кісілердің ақылдарын ескере отырып, құрылғымызды жинастырып іске қосып
тәжірибеден өткіземіз.
Слайд 26қорытынды
Бүгінгі күні ғарыш технологиялары ғылымның, техниканың дамуына игі ықпалын тигізіп отыр.
Осы уақытта орбитада мыңдаған жер серіктері ұшып жүр. Олар адамзат үшін қажетті аса маңызды стратегиялық міндеттерді орындауда. Ғарыш аппараттары Айға және Венераға ұшып, ол жақтың топырақ құрамын жерге жеткізді. Сондай-ақ бірнеше аппарат күн жүйесінің аймағынан шығып, әлемдік өркениет үшін қызмет етіп жатыр. Содан бері көп уақыт өте қойған жоқ. Бүгінде әлемдегі көптеген мемлекеттер осы жолдың біріншісін таңдаса, Қазақстан ғарыштық державаға айналуды мақсат тұтып отыр. Біз осы таңдауымыздың қиындығы мен тиімділігін жақсы түсініп отырмыз. Өйткені космонавтика біз үшін ұлттық мақтанышқа айналатын нысан ғана емес, ол біздің азаматтарымыздың өмір сапасын арттыру үшін пайдаланатын басты құрал болмақ
Ал қазақтың Байқоңырын әрбір қазақ мақтаныш тұтады. Осы жерден қаншама жер серіктері, ғылыми зерттеу станциялары және ғарыш кемелері ұшырылды көкке. Соның нәтижесінде талай жаңалық ашылып, адамзат көп нәрсеге қол жеткізді. Демек, қазақтың ғарыш айлағы күллі әлем үшін де, еліміз үшін де алар орны ерекше.
Қорытындылай келе, ғарыштық сала — экономиканың және бүкіл қоғам мен мемлекеттің «ілгеріленуінің» белгісі. Ол әлемдік шаруашылықтың басқа да салаларына жаңа мүмкіншілік, тың технологиялар және ғылыми-жасалымдардың үздіксіз тасқынын беріп отыр. Елдің өркениетті дамуының, барлық маңызы өмірлік салалары бүгінде ғарыштық технологиялармен және жасалымдармен тікелей байланысты десек, кателеспейміз. Ғарыштық зерттеулер нәтижелері мен ғылымның осы саласының жетістіктерін енгізудің экономикалық маңызы үлкен. Сол сяқты жаңа технологияларды заманауи тұрғыда еліміздің игілігіне пайдалануымыз керек . Біздер, Жастар оз елімізге еңбегімізді сіңіруіміз керек. Себебі еліміз, ата – бабамыз бізге бостандық, яғни тәуелсіздік силады. Осыны біздер әрдайым есте сақтауымыз керек. Еліміз аман, Жіртымыз тыныш болсын!!!
Слайд 27Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі
1. Е.П.Левитан «Астрономия» — Алматы, «Мектеп», 2002.
2. Қазақстанұлттық энциклопедиясы, ІІІ-том
– Алматы, 2001.
3. Тоғысбаев Б, Сужикова А. «Тарихи тұлғалар» — Алматыкітап, 2006.
4.«Алаш айнасы»газеті — №4,2011.
5.«Егемен Қазақстан» газеті — №1,3,5,7,9, 2010.
6.«Дала мен қала» газеті — №5, 2010.
7.А.Қ. Құдайбергенова«Кіші қалалардың дамуы: Байқоңыр» — Физика және астрономия журналы, №3,2009.
8.«Зерде» журналы — №4, 2008.
9. Космос, время, энергия. Сборник статей, посвященных 100-летию Д.Д.Иваненко. Ред. Совет: Э.И.Андрианкин, Р.В.Галиулин, И.С.Головнин, Я.П.Докучаев, В.Ю.Колосков, Н.С.Лидоренко, В.Ф.Панов. М., Белка, 2004.
10. Фаворский В.В., Мещеряков. Космонавтика и ракетно-космическая промышленность. м., Машиностроение, т.1 — Зарождение и становление (1946-1976) — 343с., т.2 — Развитие отрасли. Сотрудничество в Космосе, 2003.
11. Всемирная энциклопедия космонавтики. М., Военный парад, т.1, 2002.
Слайд 28Осындай ойыьызды
халық игісіне жаратқымыз келеді
Бізге сәттілік тілеңіздер!!!