Слайд 1Үй тапсырмасы:
Қ. Аманжолов 1911 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында
дүниеге келген.
2. “Абдолла” дастаны, “Орамал”, “Дариға”, “Туған жер” әндері, “Өзім туралы” , т.б. жырлары бар.
3. Туған жер, Отан туралы.
4. Өлең 3 бунақты, 8 буынды, кезекті шалыс ұйқасқа құрылған.
Слайд 2
Ж.Молдағалиев.
“Ар-ұят туралы”
Слайд 3
Сабыр сақтық, ой-талап болмаған жан
Анық төмен болмай ма хайуаннан?
Ынсап, рахым, ар-ұят
табылмаса,
Өлген артық дүниені былғағаннан.
Ш.Құдайбердіұлы.
Ынсап-ұят, ар-намыс, сабыр-талап,
Бұларды керек қылмас ешкім қалап,
Терең ой, терең ғылым іздемейді,
Өтірік пен өсекті жүндей сабап.
А.Құнанбаев.
Жігерлі бол, талапты бол, ел намысын қорғаған,
Ақылды бол, айлалы бол, өз жеріңде орнаған.
Б.Момышұлы.
Слайд 4
1-топ “Талап”тобы
Ж.Молдағалиев кім?
2-топ “Намыс”тобы
Айтыстың қандай түрлерін білесің?
3-топ “Жігер”тобы
Шығармада қандай қасиеттер туралы айтылады?
Слайд 5 Молдағалиев Жұбан – (05.10.1920, Тайпақ ауданы, Жыландыда дүниеге келген.
Қазақстан Халық жазушысы (1985), КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978), 1940 жылы Орал ауылшаруашылық техникумын бітіріп, 1940 – 47 жылдары әскер қатарында болды.Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1948 – 52 жылдары «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті»газеттерінде жауапты қызметкер атқарған. 1958 – 63 ж «Жұлдыз» журналының бас редакторы болған. Бірнеше жыл Қазақстан Жазушылар Одағын басқарды.
Ж. Молдағалиев орыс әдебиетінен көптеген аудармалар жасап, сын мақалалар жазған.Ақынның шығармалары орыс, ағылшын,неміс, француз , испан,поляк т.б тілдерге аударылған.Ақын КСРО Мемлекеттік сыйлыңының иегері,Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері.
Слайд 61-топ. «Қайрат» Рольге бөліп оқу, сурет салу
2-топ. «Намыс» Мәтін бойынша сұрақтарға
жауап беру
3-топ. «Жігер » Өлеңді құрылысына қарай талдау
Шығармашылық жұмыс
Күресте жықпасақ, арландық
Арландық атымыз озбаса.
.............................................
............................................
Өлең шумағын жалғастыру
Слайд 9Сабақ не туралы болды?
Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?
Бұл сабақта қаншалықты қиын
болды?
Бүгінгі сабақтың соңында қандай сезімде
болдың?