Слайд 11Езбе көжені дайындау технологиясы
Пісіру үшін балықтың әр түрлерін: нәлімді, камбаланы, жайынды,
алабұғаны, көксеркені,тісті балықты, шортанды, көмір және мұз балықты, мероуды, ноготенияны, құртпа балықты пайдаланады,
Сыбаға кесектерін пісіру үшін терілі-сүйекті, терілі-сүйексіз сүбелерді және дөңгелекше кесектерді пайдаланады. Әзірленген балықты шұңғыл суырма табаға не балық қазанына терісін жоғары қаратып бір қатарлап салып, үстіне балық батып тұратындай етіп 2-3 см жоғары етіп ыстық су құяды. 1 кг балыққа 2 л су керек. Шикі сәбіз кесегін, ақжелкек, жуа, тұз, лавр жапырағын, дәнекті бұрыш қосады. Қайнатады. Температурасы 85-90 С-та балықты алдын ала 5-10минут қайнатпай пісіреді. Балық сорпасы бетінен қатпарланган белокты алып тастайды. Дайын болғандығын сыртқы түрінен , балықтың дәмін тату арқылы анықтайды.
Балықты тұтастай пісіру. Тұтастай көксеркені, табан балықты, бағлан балықты, ақ балықты, шортанды, нельманы, стерльді пісіреді. Өңделген, ширам жіппен буылған балықты құрсағын төмен қаратып торкөзді балық қазанына салады. Деңгейі балық деңгейінен 3 см жоғары етіп мұздай су құяды. Мұздай суды балықты пісіру кезінде оның тұтастай біркелкі қыздырылуы және сыртқы, ішкі ет қабаттарының бір мезгілде дайын болуы үшін пайдаланады. Балоықтың түріне байланысты тамырсабақтарды және дәмдеуіштерді көп не аз мөлшерде қосады. Балықты алдымен қайнатады. Сосын баяу қайнатып пісіреді. Себебі судың қозғалысы әрең бөлінетіндей болуы тиіс. Үстінен көбігін қалқаып алып тастайды. Ірі балықтарды пісіру уақыты 1-1,5 сағат, ұсақтарынікі 30-45 минут.
Слайд 12Құртпа балық үзбелерін пісіру . Шоқыр балық, құртпа балық еттрін, сонымен
қатар ақ балықтың 2-3 кг болатын ірі кесектерін балық қазанының торкөзіне не үзбелердіпісіру үшін арнайы ыңғайластырылан ыдысқа салады. Олардың терісін төмен қаратып салып, мұздай су құяды да тұтас балықты пісіргендей етіп пісіреді. Құртпа балықтың дәмі мен хош иісін сақтау үшін пісіру кезшнде азғантай мөлшерде дәмдеуіштер мен тамырсабақтар қосады.
Пісіру уақыты балық түрлері мен үзбелер үлкендігіне байланысты және ол 45минуттан 1 сағатқа не 1,5-2 сағ. Аралығындағы шамада болады. Балықтың дайын болғандығын не үзбенің дайын болғандығын анықтағандай жолмен анықтайды. Пісіру кезінде шығын құртпа балықта 15% құрайды.шеміршектен тазалау кезіндегі қалдық 3-10% болады. Ыстық тағамдар үшін сыбаға кесектерін 70С сорпада жылытады