Слайд 1 Тақырыбы: Жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге дайындаудың педагогикалық-психалогиялық негіздері
Слайд 2
Мақсаты
Жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге дайындау , отбасылық жауапкершіліктерін қалыптастыру,
ойланбай жыныстық қарым-қатынысқа түсудің алдын алу, жақсы әке мен ана болуға дайындау.Жалпы оқушыларға отбасы туралы ақпарат беру.
Міндеті
1. Тұлғаның педагогикалық , психологиялық , физиологиялық және адамгершілік даму туралы көзқарастарын қалыптастыру;
2. Оқушыларға жыныстық тәрбие беру, жыныстық қатынас мәселелері туралы жеке тұлға ретінде көзқарасын қалыптастыру;
3.Ұлттық мәдениетіміздің құндылықтарын сақтап қалуға, адамгершілік пен отбасылық психологиялық білім негіздерін бойларына жасөспірім жастан сіңіруге уйрету.
Слайд 3Мәселе
1 - ші мәселе: Қазіргі кезде отбасы үлкен қиыншылықтарды басынан өткізіп
жатыр. Мысалы: моральдық тұрғыдағы құндылықтардың материалдық тұрғыдағы құндылықтарынан кемшілігі, жастардың отбасылық-некелік өмір туралы педагогикалық, психологиялық және физиологиялық даярлығының төмен болуы , ата-ананың бала тәрбиесіне психологиялық білімінің жетіспеуі.
2 - ші мәселе: Сәбидің дүниеге келуінің төмендеуімен немесе тастанды сәбилердің көбеюімен, ажырасу санының артуы және осыған байланысты баланың панасыздығының, қараусыздығының өсуімен қатар, жалпы айтқанда, отбасына әлеуметтік құлдырау қаупі барынша төнуде.
Маңыздылығы
Отбасылық рөлдер туралы көзқарастарын қалыптастыру;
Ақпараттар ағымынан керектіні ала білуге;
Ұлттық мәдениетіміздің құндылықтарын сақтап қалуға, адамгершілік пен отбасылық психологиялық білім негіздеріне ие ету.
Слайд 4Зерттеу объектісі: 9-11 сынып оқушылары
Бағдарламаның тиімділігі : оның қоршаған ортаның, соның ішінде
әлеуметтік ақпараттың жағымсыз әсеріне қарсы тұрар адамгершілік тәрбие құралы бола алуында. Психологиялық білім, дағды мен ептіліктердің жетіспеушілігін толықтыру мүмкіндігінің болуы; Ата-ана мен балаларының қарым-қатынасын оңтайландыруға мүмкіндіктер.
Бағдарламаның жүзеге асу жолдары
— жас отбасылармен, үлгілі отбасылармен кездесу, оқушылармен семинар; кеңейтілген лекция, тренингтер,жаттығулар, жағдаяттар шешу,т.б.
— кеңестер мен зерттеулер;
— Жоғары сынып оқушыларына сабақтар жүйесін жүргізу
Слайд 5Аннотация
Жастардың отбасылық өмірге жауапкершілік қарым-қатынасын қалыптастыру. Отбасының әлеуметтік мәнін, әрекетін ұғындыру.
Некелік – отбасылық адекваттық ойлардың қалыптасуы.
Слайд 6Кіріспе
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп,қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім
– жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Н.Ә.Назарбаев
Слайд 7«Отбасы – Қазақстан қоғамының негізі»
Болашақ бүгіннен басталатынын тереңірек зерделесек, бала тағдыры,
жан-жақты жетілген ұрпақ тәрбиелеу мәселесі қашан да халқымыздың басты арман-мұраты болып келгені даусыз. «Ел болам десең бесігіңді түзе» деген М.Әуезовтың аталы сөзі отбасы тәрбиесінің маңы зор екендігін көрсетеді. ҚР Президенті Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі күні Отбасы күні мерекесі тойланатын болды. Оның мақсаты – жанұялық құндылықтарды нығайту. Бұл мереке қазақстандық отбасылардың берекесін арттыру үшін қазақтың отбасылық дәстүрлерін жаңғырту күні ғана емес, ажырасқандарды қайта табыстырар жарасым мерекесі болса дейміз.
Слайд 8 Негізгі бөлім
Жастарды отбасылық өмірге даярлаудың психологиялық
және педагогикалық негіздері.
Жастарды отбасы өмірге психологиялық тұрғыда дайындауға келмес бұрын «Отбасы дегеніміз не?» деген сұраққа жауап берейік. Аристотельдің айтуы бойынша, «Отбасы – адамдар қарым-қатынасының алғашқы түрі, ол мемлекеттің алғашқы ұяшығы». Сондықтан да, мемлекетте отбасының орны ерекше және оны елге терең түсіндіру қажет. Қазіргі кезде отбасын құру да, өмірлік жарды таңдау да қиын. Өйткені қазіргі жастарда, отбасы, неке туралы түсінік өте аз. Сол үшін, қазіргі таңда, осының салдарынан отбасылардың ыдырауы көбейіп келеді.
Слайд 9
Жастарды отбасы-некелік өмірге дайындаудың психологиялық аспектісіне келетін болсақ, біз келесі ұсыныстарды
ұсынар едік:
1.Отбасы туралы, отбасындағы құндылықтар туралы, отбасы тәрбиесі туралы балаға ата-ана, кішкентай күнінен бастап дұрыс түсінік беру керек.
2.Мектепте, жоғарғы сынып оқушыларына отбасына қатысты түрлі тренинг жаттығуларын, элементтерін қолдана отырып, ойын, дөңгелек үстел, жаттығулар ұйымдастырылуы тиіс.
3.Жастарға отбасы-неке туралы көптеген ақпараттар, жадынамалар, сабақтар берілуі керек.
4.Отбасында болатын түрлі жанжалдар мен мәселелерді шешу немесе шығу жолдарын үйрету керек.
5. Жоғары сынып оқушыларына және олардың ата-аналарына отбасы ынтымақтастығына байланысты психологиялық кеңес беру қажет.
6.Отбасын құрудағы басты мәселе, жастар бір-бірін жақсы түсіне білуі керек.
Слайд 10Қазақ отбасында ер мен әйел – шаңырақтың негізгі іргетасы. Бұл іргетас
үйленумен қаланып, нығаяды. Адам баласы жан дүниесі аңсаған рахат пен татулық, бейбіт өмірді, ең шынайы сүйіспеншілік пен мейірімділік ыстық сезімдерді ана құшағы мен әке шаңырағынан табады, өзінің адамгершілік қасиетін, абыройын, намысын, үйленіп, үй болу арқылы айрықша жарқырата көрсетіп, айрықша қамқорлықпен қорғай алады. Отбасындағы жұптық жарасым – бақытты болудың басты тірегі. Ол үшін ерлі – зайыптылардың үнемі есте сақтайтын қағидалары, бұлжытпай орындайтын міндеттері, басшылыққа алатын ақыл-кеңестерін мектеп табалдырығынан оқып білуіміз керек.
Слайд 11Зерттеу бөлімі
Жоғары сынып оқушыларын болашақ некелік немесе отбасылық өмірге дайындаудың маңыздылығы.
Отбасы – дегеніміз не деген сұрақ қойылғанда, бәрімізге ата-анамен бала-шаға туралы ойлар елестейді. Яғни , отбасы тек осы үш мүшемен шектеледі. Осы орайда оқушыларды болашақ некелік немесе отбасылық өмірге дайындауда төмендегі ұстанымдарды мақсат ету маңызды деп санадым, олар:
— өзін өзі бақылау мен бағалау;
— отбасы тәрбиесінің жүйесін түсіну;
— оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас жүйесін жақсарту;
— өзіндегі және отбасындағы болып жатқан өзгерістерді анықтауға мүмкіндік жасау,
— отбасы мүшелерінің әрқайсысына ерекше көңіл бөлу,
— оқушылар бір-бірінің пікірімен санасу және түсіну туралы ақпараттандыру.
Сонымен жастардың оның ішінде мектеп оқушыларының жоғары буындарын үйлесімді отбасы құруына психологиялық-педагогикалық тұрғыда даярлығын арттыру, олардың болашақта берік отбасы болуының кепілі болып табылады.
Слайд 12Сауалнама
Осы жобаны қорғай отырып, мектебіміздің 9- сынып оқушылары арасында
отбасындағы қарым-қатынас анықтау мақсатында сауалнама алдым.
Мақсаты: Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынасын анықтау.
1)Отбасы дегенді қалай түсінесін?
2)Ата-анаңмен қарым-қатынасын қандай?
3)Бауырларыңмен қарым-қатынасын қандай?
4)Бауырларыңмен сөзге келіп қалу жиі болып тұрады ма?
5) Отбасында неше бала болғанын қалар едің?
6) Бала тәрбиесіне отбасында кім көңіл бөледі?
7)Демалыс күндері отбасынмен бірге серуенге шығасын ба?
8) Отбасы мүшелерінен сабағыңа кім көп көңіл бөледі?
9) Жеке басынның мәселелерін кімге айтасын? Кімге айтқанды жөн санайсын?
Слайд 13Сауалнама
Келесі әдісті мен 10-11 сынып оқушылары
арасында жүргізіп көрдім. 10 сынып оқушылырына ұсынған тапсырма: «Отбасылық социограмма» әдістемесі.
Тесттің авторлары Э.Г.Эйдемиллер және О.В.Черемисин. Ол субъектінің тұлғааралық қатынастағы орнын анықтауға, отбасындағы коммуникация сипатын - тікелей немесе аралық , анықтауға мүмкіндік береді.
Тест арқылы отбасы мүшелеріне деген бір-біріне сезімін, қатынаста өзін қалай қабылдауын сандық және сапалық жағынан бағалауға мүмкіндік алады. Нәтижелерді талдау. Авторлар ұсынған критерийлер бойынша тестілеудің бағалауы жүргізіледі:
11 сынып оқушыларына ұсынған тапсырма: Болашақ жарыңызға тән қасиеттер тізімін жасаңыз. Шамамен былайша:
- түсіністік
- шыдамдық
-сенімділік
- қамқорлық
- кешіре білу
- сексуалдық
- еңбекқорлық
- шынайылық
- сену
- сыйластық…
Психолог В. Зацепин, қыздар пысық,алғыр, көңілді, билей алатын, бойы ұзын, әдемі, жігітерді ұнатып, ал жарының еңбекқор, ақылды, шыншыл, адал, салмақты, қамқор етіп елестетеді дейді.
Ал жігіттер әдемі, сұлу, көңілді, биші, әзілді түсінетін қыздармен жүріп, ал жарының адал,әділ, көңілді, еңбекқор болса екен дейді.
Сөйтіп, жастар некеге белгілі бір сапалардың қажет екенін түсінеді.Бірақ, күнделікті қарым-қатынаста сыртқы түр-тұлға, қызықты көңіл көтеру маңыздырақ болып кетуі көрініс беруде.
Слайд 14Қорытынды
Қорытынды: Жоғарыда айтылған сөздерге, зерттеу әдістемелеріне қорытынды жасасақ өз еліміздің келешегін
ойлау − өзге елдердің мәселелерін шешпей, өзге елдің киімін кимей, санамызды сандырақтатпай, ұлтымыздың адамға деген (әйел еркек демей) «универсализмін» орнына келтіруіміз қажет. Отанның отбасынан басталатынын ескерген дана халқымыз отбасы тәрбиесіне көп көңіл бөліп, ұлы өссе – ұяттымен, қызы өссе – қылықтымен көрші болған. Әсіресе, қызды тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу екенін ұғынып, оны «қырық үйден» тыя білген. Содан келіп, қазақ қызы ибалы, инабатты, иманды болған. Қазақтардың гендерлік санасы қазіргі заманға сай келетін «адами уневерсализмінде». Универсализм дегеніміз ерлердің қабілет, істерін, мүмкіндіктерін, мінез ерекшеліктердің әйелдердің қабілет, істерінің, мүмкіндіктерін, мінезін жекелеп айырып қарастырмай, «адами ортақтыққа» жету. Әйел істейтін істі ерлер істей алмайды, не болмаса ер адамдар істегенді әйел орындай алмайды демейік. Ер адам болсын әйел адам болсын қабілетіне қарай, жеке қасиетіне қарай даралануы керек. Оның табиғи орнынан гөрі әлеуметтік орны айқындалу тек қоғамға байланысты емес, адамның өзіне де байланысты. Қоғам өзінінің әр мүшесін әйел деп, ер деп бөлмей адам болып даралануына барлық жағдай жасау керек. Ал ұлдарымыз бен қыздарымыз өз мүмкіндіктерін дамытуға, қоғамның дамуына үлесін қосуға тырысуы арқылы адами уневерсалдылыққа жетуге ұмтылуы тиіс.
Слайд 15Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының Конституциясы.
Қ.Р. Неке және отбасы туралы заңы.
Қазақстан Республикасының Білім
туралы заңы.
Амонашвили, Ш. А. Размышления о гуманной педагогике М. :ЛОГОС-ПРЕСС, 2001.
М.Боуэн М. Теория семейных систем. М., 2005
Выготский Л.С. «баланың психологиялық тұрғыда дамуы» Москва Эксмо. 2006 г
Қожахметова К.Ж. Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі: теория және практика.-А.,1997.
Қоңырбаева С. С. Отбасы: бала мен ата-ана.-Алматы-2006.
Карольцева Н.Ф. .Подготовка молодежи к семейной жизни". Центр социальной помощи семье и детям. 2008г.
Намазбаева, Ж. И. ,Сангилбаев О. С. Орысша-қазақша психологиялық сөздік - Алматы : Print S, 2005.
СарузеноваА.Ә. / жетекшісі АяғановаА.Ж./Нарық жағдайында этностық құндылықтар арқылы студенттерді отбасылық өмірге психологиялық дайындау
12 .Эйдемиллер Э.Г, В.В. Юстицкис Психология и психотерапия семьи. СПб., 2000.
Слайд 16
НАЗАР САЛЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА КӨП РАХМЕТ!