Мектепте жас ұрпаққа тәрбие беру ісінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2015ж. 22 сәуір № 227 бұйрығымен бекітілген «Тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздері» басшылыққа алына отырып, тәрбиенің мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру процесінде, сабақтан тыс және бос уақытта іске асырылады.
Тәрбие жұмысы Тұжырымдамада көрсетілген 8 бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Тәрбиенің Тұжырымдамасында көрсетілген іске асыру механизмдері мектеп ерекшелігіне сай жүргізілді. Мәселен, ашық тәрбие сағаттары, дөңгелек үстел, дебат, әңгіме, сынып сағаттары т.б. түрінде өткізіледі. Тәрбие жұмысы барысында белгіленген сегіз бағыттың өзіндік мақсаттарын орындау басшылыққа алынды. Осыған байланысты сынып жетекшілер тәрбие жоспарын жасап, оқушылардың жас ерекшелігіне сай жұмыс түрлерін таңдады. Оқу жылы бойында әр сынып жетекші бағыттардың бірі бойынша 2 ашық тәрбие сағатын өткізді. Мерекелік шараларды ұйымдастыруда тәрбиелік мән-маңызы ескерілді және нақты мақсатқа жету көзделді.
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2016 жылғы 22 шілде № 6 хаттама) «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін түсіндіру бойынша әдістемелік құрал. Әдістемелік құралда берілген «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін түсіндіру бойынша ғылыми-әдістемелік және практикалық материалдар «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының базалық құндылықтарын меңгеру мен Жаңа Қазақстандық Патриотизмді қабылдауға бағытталды.
















