Слайд 1Өткізген: мектеп психологі А.Рскалиева
Зейін
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Долинный ауылы
Чапаев
жалпы орта білім беретін мектебі
Слайд 2Жоспар
Зейін туралы жалпы ұғым
Зейін түрлері
Зейіннің негізгі қасиеттері
Зейіннің дамуы және оны
тәрбиелеу.
Слайд 3 Зейін деп –адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын
көрсететін құбылысты айтамыз. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы обьектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысал келтірейік. Оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала көзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т. б.). Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң географияны оқуға көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады. Осы көріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады.
Слайд 4 Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан жүйке процестерінің өзара
индукция заңына байланысты түсінуге болады.
И.П.Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатындығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нәрселер туралы жөнді ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алабында күшті процесі болып жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу болады
Слайд 5Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы, академик А.А.Ухтомскийдің (1875-1942) доминанта теориясы бойынша
да жақсы түсінуге болады.
Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминанта деп атаған. Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған алаптардағы әлсіз қозу процестерін өзіне тартып алып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы онан бетер күшейеді. Мәселен, қызық кітапқа беріле оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам бар зейінін қойып кітап оқыған кезде қасындағы бөгде тітіркендіргіштерден қашпауы керек. Бұл біздің басқа нәрсеге көңіл аудармай, үңіліп отырған әрекетімізге мейлінше беріле түсуге жәрдемдеседі.
Слайд 81-ші тапсырма: «Венн» диаграммасы
Венн диаграммасын орындауға студенттерге берілетін ұғымдар:
зейіннің аударылуы
мен зейіннің бөлінушілігі;
зейіннің көлемі және алаң болушылық;
ырықты және ырықсыз.
Слайд 92. Ой қозғау:
500 теңге қайда кетті?
Ағалы інілі Асан мен Үсен
кең-байтақ қазақ даласындағы мыңдаған ауылдардың бірінде тұрады. Олар қолдарындағы тауықтарын сатып, орнына қой алуды ойлады. Сонымен екеуі тауықтарын базарға алып келді. Ағасы 30 тауық, інісі 30 тауық алып келді. Ағасының тауықтары үлкендеу болғаннан кейін 500 теңгеге 2 тауық сатуды ойлады; інісінің тауықтары сәл кішілеу болғасын 500 теңгеге 3 тауықтан сатуды ойлады. Дәл сол кезде інісі Үсеннің досы жолыға қалды да, оны ертіп кетті. Інісі өз тауықтарын айтқан бағада сатып қоюды ағасына тапсырып, өзі кете барды. Ағасы өзінің тауықтары мен інісінің тауықтарын бөлек-бөлек сатуды әуре санап, менікі бес жүзге екеу, інімдікі бес жүзге үшеу, сонда мың теңгеге бес тауықтан болмай ма деп ойлады да, тауықтарын осы баға бойынша 12 мың теңгеге сатып жіберді. Сауда аяқталған соң өз бағасы бойынша есептеп еді, оның басы шатасып қалды. Өзінің отыз тауығы 500 теңгеге екі тауықтан сатқанда 7500 теңге болады екен, ал інісінің отыз тауығы 500 теңгеге үш тауықтан 5000 теңге болады екен. Жалпы он екі мың бес жүз теңге. Ендеше 500 жүз теңге қайда кетті? Бұл қалай болғаны?
Сіз Асанға көмектесіп бұл 500 теңгенің қайда кеткеніне ми жұмсап көріңіз.
Слайд 10
Осы такрыппен ұсынған зейін сынауымыздың шешімі әлі табылған жоқ болатын.
Слайд 113-ші тапсырма «Баяндама» әдісі
Студент мәтінді оқып, соңынан оның мазмұнын сурет, белгі,
сызба, жазу түріндегі «шпаргалканы» оң жағындағы көршісіне береді. Енді әр қайсысы өз көршісінің суреттерін, жазуларын немесе сызбаларын қолдана отырып, осы мәтін бойынша «Баяндама» жасайды.