Слайд 1Мұғалімдерге арналған психопрофилактикалық сабақтар
Слайд 2Ы.Алтынсарин атындағы гимназия
Мұғалім іс-әрекетінің тиімділігін арттырудың психологиялық шарттары
Педагог-психолог:
Нурманова Г.К.
Слайд 3 Мақсаты: Мұғалімдермен іс-әрекетінің тиімділігін арттыруда олармен психологиялық зерттеулер жүргізіп, түзету-дамыту жұмыстарын
ұйымдастыру, психологиялық кеңестер беру.
Слайд 4Қазіргі нарықтық экономика заманында қоғам, сонымен бірге мектепте де жұмыс ауқымы
кең және қиын екендігіне ешқайсысымыз да шүбә келтіре алмаймыз. Сондықтан әрбір жеке тұлға іскер, шаруашыл, ізденімпаз, шығармашыл, талғампаз болуы тиіс. Қазіргі міндет әр азаматты білімге емес ғылымға жетелеу болып отырғандықтан, жаңа заман, жаңа талап, ғылым заманы артқа қарап ойлануға мұрша бермеуде. Осындай зымырандай жүйткіген уақытта мұғалімнің, әсіресе ауыл мұғалімінің жағдайы қандай деген ой көп толғандырды. Балалық өмірдің ең бір қызықты кезеңдері мектепте өтеді. Сол мектептің тұлғасы – ұстаз. Ұстаз шәкіртінің жан сұлулығын, тән сұлулығын зерделей отырып, оның адамдық асыл қасиеттерінің жақсара түсуін қадағалап, қамқорлық жасап отыруы тиіс.
Ал осы ұстаздар қауымы әр баланың психологиялық жай-күйіне жете көңіл бөліп, зерделер ме екен? Жалпы ұжым мен ата- аналар психологиялық қызметке қаншалық деңгейде көңіл бөліп, жүгінуде? Әрине, психологиялық қызметті әр мұғалім немесе ата-ана өзінше әртүрлі түсініп, қабылдайды: біреуі бірлікте еңбек етуде, енді біреуі – қызыға, үшіншісі – немқұрайлы, кейбірі – сенімсіздікпен, кей кезде дұшпан көзбен де. Сондықтан педагогикалық ұжымның сенімін психолог тек қана өзінің жоғары мәдениеттілігімен, біліктілігімен, еңбегінің дұрыс нәтижелілігімен арта алады.
Мұғалімді жұмыста, қарым-қатынаста, әңгімелесуде анықтау үшін оқу-тәрбие барысына талдау жасап отыру қажет. Себебі, мұғалімдер мен психолог арасында жақсы түсінушілік орнатып, бірлесе еңбек етуіне ықпал жасау қажетті, сонда ғана балалармен қарым-қатынасты жақсартуға болады. Осыған орай, беріліп отырған әдістемелік нұсқаулықта педагогикалық ұжымды зерттеу, оның баламен, ата-аналармен қарым-қатынасындағы проблемаларды шешу және сәйкесінше түзету-дамыту жұмыстары ұсынылып отыр. Бірінші кезеңде мектептің психологиялық ахуалы зерттеледі. Мектептегі психологиялық ахуал дегеніміз – ұжымның әлеуметтік- психикалық көңіл-күйі, оның мүшелері арасындағы моральдық талаптары мен қызығушылықтарының деңгейі, іскерлігі және жеке бір- біріне деген қарым-қатынасы. Зерттеу барысында ұжымда ең маңызды мәселелер мен жасырын жатқан жағдайлар анықталады. Атап айтқанда, ашық сайыс немесе жасырын көреалмаушылық, ағайындық бірлік немесе ыдыраушылық, дөрекі басшылық немесе өзіндік дербес тәртіптілік.
Слайд 5 МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ТҮЗЕТУ-ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Слайд 8
«Айна» жаттығуы
Мақсаты: мұғалімнің коммуникативтік мүмкіндіктерін дамыту.
Қатысушылар екі-екіден топқа бөлінеді.
Әр топта біреуі жүргізуші, ал екіншісі оның айнасы болады. Жүргізуші қолдарымен спонтанды әрекеттер жасайды. Ал екінші адам айнадағы бейнесі сияқты синхронды қайталауға тырысуы керек. Мұндай вербальды емес коммуникацияда пайда болатын ойыншылар арасында психологиялық байланыстар мен қиындықтардың туу сәттерін талқылайды. Психолог өзімен қарым-қатынасындағы партнерді дұрыс түсіну және сезінудің маңыздылығын, адамдар арасындағы даралықты-динамикалық айырмашылықтар қандай болатындығын «осы жерде және қазір» тәжірибеде сезінуі қажет екендігін топтың әрбір мүшесіне айтуы қажет.
Слайд 9 «Қалаймын – Істей аламын - Қажет» жаттығуы
Мақсаты: Мұғалімнің
қажеттіліктеріне және өз армандарына сенімін бекіту және белсендіру, дүниетанымын кеңейту және дамыту, педагогикалық іс-әркеті стилінің жеке дара түрін табу.
Мұғалімдер тобын жарты шеңбер тәрізді етіп отырғызамыз, жарты шеңбер алдына екі орындық қоямыз. Ортаға қалаулары бойынша екі мұғалімді шығарып орындыққа отырғызамыз. Олардың біреуі – тыңдаушы, екіншісі – сөйлеуші болады. Соңғысы психолог ұсынған басы берілген үш сөйлемді аяқтайды. Мысалы, «Мен өзімді сенімді сезінуге міндеттімін», «Мен өзімді сенімді сезіне аламын», «Мен өзімді сенімді сезінгім келеді». Берілген сөйлемнің аяғы спонтанды және тікелей болуы маңызды. Адам не ойлағанын, есіне не түсіргені жайлы айтады. Одан кейін үш сөйлемнің қайсысы сенімдірек айтылғандығын, сөйлемнің қайсысында сөйлеушінің жеке- даралығы сезілгендігі жайлы талқылау жасаймыз.Алдымен бұл сұрақтарды тыңдаушыға қоямыз, осдан соң бүкіл топтан сұраймыз. Сөйлеушінің интонациясы, ооның бет әлпетінің қимылы, жестіне және т.с.с. назар аударылады.
Слайд 10 «Эмоция» жаттығуы
Мақсаты: мұғалім бойында әртістік қабілет, эмоционалдылық, иілгіштік, оқушылармен
қарым- қатынаста бейнелік пен жандану техникаларын дамыту.
Топ жарты шеңбер болып отырады. Әрбір қатысушы психологиялық жұмбақ жасырады. Жұмбақты бет- әлпет қимылы, тұрысы, іс-әрекеті, ым-ишара және кейбір нейтралды сөз тіркестерін қолдануды, өзі ойланған эмоционалыд күйлердің біреуін топқа жасыруға болады, топ мүшелері оны табуы қажет. Соңынан психолог мұғалім жұмбақты қаншалық шеше алмағандығы жайында ойлануға, ол өз күйін демонстрациялауда қандай сыртқы амалдарды қолдану барысында қайсысы (бет, қол, интонация, т.б.) мәнерлі болып келетіндігі жайлы ойлауды ұсынады. Мысалы, директивті дауыс немесе «мұғалімдік» қатты мүсін.
Слайд 11
«Менің балалық шағым» жаттығуы
Мақсаты: мұғалімнің балалық естеліктерін активизациялау.
Топ мүшелері шеңбер құрып отырады. Психолог қатысушылардан балалық шағындағы ең қызықты және қайғылы оқиғаларын естеріне түсірулерін ұсынады. Мұғалім балалық шағында эмоционалдық травма алып, эмоциясын сыртқа шығара алмаған болса, онда ол жағдай оның балаларымен қарым-қатынаына әсер етеді. Мұғалім балалық шағындағы күйзелістерін сыртқа шығарып, топ мүшелерінен қолдау көрсе, онда ол балалық шағының жан қиналтатын естеліктерінен айырылады.
Слайд 12 «Менің алғашқы ұстазым» жаттығуы
Мақсаты: мұғалімнің педагогикалық рефлексиялық қабілетін
дамыту, жеке тәрбиелік әсер етулерін бағалу және талдау.
Психолог топ мүшелеріне өздерінің алғашқы ұстаздарын естеріне алуды ұсынады. Оның балаларға қарым-қатынасы, сабақ түсіндіру мәнері, оқушылар жұмысын қалай бағалауы, сыныптағы ахуал қандай болғанын естеріне алу қажет. Жаттығудың тиімділігін жоғарылату үшін оларға өз тәжірибесінде кездестірген алғашқы ұстаздарына ұқсас іс-әрекеттерін немесе одан жақсырақ, әділдірек болғысы келетіндігі жайлы пікірлерін сұрауға болады. Тағы бір маңызды жайт, олар өздерінің балалық елестерінің негізінде өз оқушыларын терең сезіне алуына үйрету.
Слайд 13
«Менің әріптесім» жаттығуы
Мақсаты: мұғалімдердің өзара бір-бірімен қарым-қатынасының тиімді
амалдарын дамыту. Психолог топтағыларға келесі ситуацияны ойнауды ұсынады: мұғалім өз әріптесіне отбасы жағдайына немесе денсаулығына байланысты бір-екі күн жұмыста алмастыра тұруын өтінеді. Ары қарай топта мына мәселелер бойынша талқалу жүргізіледі: өз өтінішін білдіргенде мұғалім қандай коммуникативті амалдар таңдады, неге кейбір мұғалімдер көмек көрсетуге келісті, басқа біреулері келіспеді (егер ойында ондай жағдай болса).
Слайд 14МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕСТЕР
Слайд 15Педагогтар үшін стендке арналған ақпараттар Қатты стресс кезіндегі алғашқы көмек Егер
де біздер кенеттен стресс жағдайында болсақ (біреу ашуландырды, бастық ұрысты немесе үйдегілер жынымызға тиді), онда бізде қатты стресс күйі басталады. Алдымен жұдырықты түйіп адам өзіне қатты стрестің дамуын тез тоқтату үшін «Тоқта!» деген бұйрық беруі керек. Осы қатты стресс күйінен шығуға көмектесетін кейбір кеңестерді қарастырайық. Стреске қарсы дем алу. Мұрын арқылы терең тыныс алдуы баяу орындаңыз. Тыныс алудың ең шыңында демді ұстап, кейін демді мейлінше жәйлап шығарыңыз. Бұл тынышталдыратын тыныс алу. Әрбір терең дем алу және жағымды дем шығару арқылы Сіз стресс күйзелісінен біртіндеп арыласыз.
Слайд 16 Минуттық релаксация Босаңсу жағдайлары Стреске қарсы демалу Ауыз бұрышын босатыңыз, еріндерді
сулаңыз. Иықты босатыңыз, өз бетіңіз бен дене күйіне мән беріңіз. Олар эмоциялар, ойдар, ішкі күйді бейнелейтінін ұмытпаңыз. Мұрын арқылы терең тыныс алуды баяу орындаңыз. Тыныс алудың ең шыңында демді ұстап, кейін демді мейлінше жәйлап шығарыңыз. Бұл тыныштал- дыратын тыныс алу.
Слайд 17Стреске қарсы әдіс-тәсілдер Барлығы үшін сауықтыру ережелері Қазіргі біздің өміріміз қарқын
алғандығы соншалықты, бұл жүйкемізге әсер етіп қоймай, денсаулыққа да ықпалын тигізуде. Ғалымдар қазірге адамға «стресс торына» түсіп қалмауға көмектесетін әдістер мен тәсілдерді ойлап табуға еш шаршамайды. Австралиялық мамандар келесі жайттарды ұсынады:
* Аптасына жарты күн Сізге не ұнайды соны істеңіз: билеңіз, жүзіңіз, қыдырыңыз немесе саябақ орындығында отырыңыз.
* Жалпы өзіңізді тек жұмысқа беруді тоқтатыңыз;
* Бір күнде кем дегенде бір рет немесе одан көп ең қымбат деген адамға жылы сөздер айтыңыз. Еш күмәнданбаңыз: ол да Сізге солай жауап береді. Біздің қатал өмірде біреу өзіңді жақсы көреді деге ойдың өзі санамыздағы ауыр стрестен қорғауға қабілетті;
* Аптасына екі немесе үш рет дене жаттығуларын жасаңыз. Жаттығулар шаршататындай болмау керек, егер де жаттығудан соң душ қажет болса;
* Сіз бір нәрсені дұрыс жасамадыңыз не жеткіліксіз жаттықтыңыз; Көп су ішіңіз (ішімдік суы емес). Денені жақсы формада ұстау үшін бір күнде кемінде 1-1,5 литр су ішу қажет;
Слайд 18 Қорытынды Бүгінгі таңда қарым-қатынастың мазмұнды дамуы әлеуметтік-психологиялық тренинг аясында ойдағыдай
шешілуде. Соңғы 30-40 жыл ішінде қарым-қатынас механизмін дамытуда белсенді, жедел әдіс-тренингтер ұйымдастырылып, қолданылуда. Психологиялық тренинг (әлеуметтік психологиялық тренинг) отбасылық қарым-қатынастардағы түзету тәжірибесінде, жасөспірімдерді бейсмідеуде, мінез-құлықты түзетуде, адамның өзіне сынмен қарап тәрбиеленуінде, т.б. жағдайларда өзін жақсы жағынан көрсетті. Нақты және зертханалық эксперименттердің бқліктерін өзіне біріктіре отырып, қарым-қатынас біліктілігінің саласында кең көлемдегі міндеттерді шешетін тренингтер психологиялық ықпалдың тиімді құралы болып табылады.
Тренингтердің мақсаты: өзін-өзі тану, түсіну, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу; ойдың икемділігін, тапқырлығын талап ету, өзгешелігін дамыту; ойлаудың дәлдігі мен жылдамдығын жаттықтыру; қиялды, шығармашылық қабілетті дамыту; өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін-өзі құрметтеу; коммуникативтік дағдыны дамыту, қарым- қатынастың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеру; өзі, өзінің құқығы мен міндеттері туралы ойларын дамыту; көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу.
Слайд 19Назар аударғандарыңызға рахмет!!!