Ұмытшақ па әлде еріншек пе? М.Әлімбаев
Үйдегі қоқыс шелегі
Төгілмей үш күн тұр күтіп
Ұмытып Ұмсын келеді
«Ертең!»-деп, күнде сырғытып.
Самауыр қояр су таппай ,
Анасы жүрсе абдырап,
Қысылмай ,соған міз бақпай
Жүр,әне,Ұмсын ол бірақ.
Алынбай қалып шайға нан,
Дүкенге тартты тәтесі.
Ұмысын қыз қайда ойлаған,
Мойындап өз қатесін?!
Менің оған нем кетті? М.Әлімбаев
Отын жардым балталап
Құлаштадым,шалқалап,
Маңдайымды терлеттім...
Менің оған нем кетті?!
Су тасыдым шелектеп,
Маңдайымды терлеттім.....
Менің оған нем кетті?!
Көргенім жоқ мен кейіп,
Еден жудым еңкейіп,
Қолтығымды терлеттім....
Менің оған нем кетті?!
Дәмін таттым еңбектің
Менің оған нем кетті?!
Берілген 2 өлеңді салыстырып оқыңдар. Өз қорытындыларыңды шығарыңдар.
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть