Исламның қәсиетті кітабы -ҚҰРАН.
Мекке –мұсылмандардың Арабиядағы қәсиетті бас қаласы, астанасы.
Мұхаммед пайғамбар осында туған. Қағба осы қалада. Қажылыққа баратын
адамдар осы Меккеге барады.
Мәдина- Мұхаммед пайғамьар 622 жылы 16 шілдеде Меккеден осында қоныс
аударған. Содан бастап 622 жыл хижра жылы, яғни қоныс аудару жылы немесе
ислам жыл санауының басы деп аталады. Мұсылмандардың жыл санауы осы
жылдан басталады.
Қағба – исламның қәсиетті киелі орны.-Мекке қаласындағы Әл-Масжит аль
Харам ауласының ортасына орналасқан. Дүние жүзінің мұсылмандары
ғибадат еткенде бетін осы Қағбаға қаратады. Қкғбаны Ибрахим пайғамбар
салдырған.Қажылыққа келгендер 7 рет айналып шығуы керек.
Айт –діни мереке. Оның 2 түрі бар. Біріншісі – Ораза айт. Екіншісі – Құрбан айт.
Айт мерекелері үш күнге созылады. Ораза айтында пітір садақа беріледі.
Ораза айтынан 70 күннен кейін келетін Құрбан айтында малдан Құрбан шалынады.
Құрбанға шалынатын мал қой, ешкі, сиыр, түйе. Малдың басқа түрі немесе хайуандар
Құрбанға шалуға жарамайды. Айт күндері ораза ұстауға болмайды.
Қажылық – мұсылманның бес парызын орындаған, Меккеге барған адамға
берілетін діни атақ. Алғашқы қажылық сапар Мұхаммед пайғамбар тұсында 631
жылы басталған. Қажылық сапарға алғашқы басшылық жасаған-бірінші халифа
Әбубәкір (568-634ж шамасы.
Зекет – Иламның төртінші шарты. Бұл малынан, алған өнімінен құдай дін жолына,
жетім –жесірлерге берілетін үлес, салық. Зекет алтын, күміс қорынан, ақшалай та-
бысынанда беріледі. Жыл сайын зекет беру , әр адамның адамгершілік әрі
Мұсылмандық борышы.
Ораза – исламның бес шартының бірі. Жасы 9-ға толған қыз, 12-ге толған ұл
әр мұсылман рамазан айында 30 күн ораза ұстауға міндетті. Оған мүмкіндігі
келмеген кейбір адамдарға оразаның басында және аяғында 3 күннен ауыз бе-
кітіуне болады.
Намаз оқу - мұсылмандықтың және адамшылық пен әдептіліктің де белгісі.
Пітір- жыл сайын ораза кезінде мешітке арнайы апарып, әр адам ата-аналарына
т.б. Аруақтарға бағыштап құран оқытып берілетін садақаның бір түрі.
Садақа – жетім-жесірге, қәріп-қәсерлерге немесе дін жолына бағышталып бері-
летін құдайы.
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть