Слайд 1Суммативтік бағалау
Суммативтік немесе қорытынды бағалау (емтихан, қорытынды тестілеу, бақылау жұмысы,
т.б.) - оқушылардың белгілі бір уақыт ауқымында үйренуінің нәтижесі.
- Бағалаудың нысандары мен құралдарын мұғалім таңдайды.
Мұғалім сыныптың кіндігі болып табылады.
Слайд 2Формативтік бағалау
Күнделікті практикада қолданылады (әр сабақта).
Прогреске апаратын кері байланыс.
Мұғалімге де,
оқушыларға да ыңғайлы нысанда жүргізіледі.
Мұғалімге сыныптағы үлгерімді бақылауға көмектеседі.
Қызметтері: қалыптастырушы, ынталандырушы, талаптандырушы.
Слайд 3 Айырмашылықтары
Суммативтік бағалау – өлшеу үдерісі, алайда бұл өлшеулер өсу
үдерісіне ықпал жасамайды.
Формативтік бағалау жетістіктің өсуі мен дамуына тікелей ықпал жасайды.
Сол себепті формативтік бағалау оқыту мен үйренудің аса маңызды факторларының бірі болып табылады.
Слайд 4Формативтік бағалаудың шарттары
Оқушылардың оқу мақсаттарын біліп, түсінуі.
Оқушылармен тиімді кері байланыс
орнату.
Оқушылардың үйрену үдерісіне белсенді түрде қатысуы.
Оқушылардың бағалау критерийлерін біліп, түсінуі.
Оқушыларда өз жұмыстарын талдау (рефлексия) мүмкіндігі мен білігі болуы.
Бағалаудың нәтижелерін ескере отырып, оқытуға өзгерістер енгізу.
Слайд 5
1) Оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелер
Оқу мақсаты:
Металдарды қалай алуға болады?
Оқудың күтілетін нәтижелері (ОКН):
Металл алудың ең маңызды тәсілдерін атайды.
Электролиз үдерісін түсіндіріп береді.
Слайд 6
Оқушылардың мақсаттарды білуі мен түсінуі
Мұны қалай іске асыруға болады?
Бастапқы
кезеңде мұғалім сабақ мақсаттарын құрастырып, оқушыларға жариялайды және бірлесе талқылайды.
Тұрақты талқылаулар оқу мақсаттарын бірлесе құрастыру дәстүріне айналуы ықтимал.
Тұлғаға бағытталған оқу үйрену мақсаттарын жоспарлау өкілеттілігін оқушыға беруді меңзейді.
Слайд 7Мақсаттарды қоюдың SMART әдістемесі
SMART-ты қолдану барысында оқушы мақсаттарды келесідей қоюға үйренеді:
нақты (Specific)
өлшенбелі (Measurable)
қолжетімді (Achievable)
маңызды (Relevant)
уақыт бойынша айқындалған (Timed/Timed-bound)
Слайд 8Мақсаттарды құрастырудың мысалдары
Мақсат:
«Математика бойынша білімін жақсарту»
Мақсатты талдау:
Мақсат нақты
емес
Мақсатты өлшеу қиын
Мақсатқа жету мерзімі көрсетілмеген
Мақсат (SMART негізінде):
«Екі аптада екі тәсілмен теңдеулер жүйесін шешуді үйрену»
Бұл мақсатта SMART-тың барлық ерекшелік-тері қадағаланған, бұл мақсат қолжетімді
Слайд 9
Нақты, түсінікті, уақтылы және тақырып бойынша.
Үдерістің қалайша жүріп жатқандығы
туралы түсінік береді.
Жетістіктер мен олқылықтар туралы ақпарат береді.
Өзара сыйластық және мейірім атмосферасында өтеді.
Оқушылар дұрыс жауап беру, қателерін түзету немесе ойлаудың бағытын өзгерту үшін уақыт береді.
Жетістікке жетуді қамтамасыз етеді.
2) Кері байланыс
Слайд 10 Тиімді кері байланыстың мысалдары
Сабақ соңында мұғалім оқушылардан тақырыптың
негізгі үш идеясын атап, оларды өз сөзімен келтіруді сұрайды.
2. Сабақ басында мұғалім тақтаға тақырыптың негізгі терминдерін жазып, оқушылардың оларға өздерінің анықтамасын беруді сұрайды. Тақырыпты игеру барысында мұғалім оқушыларға бұл терминдерге қайтадан анықтама беріп, оларды бастапқы анықтамалармен салыстыруды тапсырады.
3. Мұғалім оқушыларға оқулықтан мәтінді оқып, түсініксіз сөздер мен тіркестерді жазып алып, талқылауды ұсынады.
Слайд 11
Кері байланыс
Позитивті мағынада болуы керек.
Мұғалім позитивті. Ол оқушыға тапсырманы
орындауда өз көмегін ұсынып, оқытудың мақсатына бар назарын салады.
Оқушылардың не білетіндігі, қалайша үйренетіндігі, ойлайтындығы туралы көп ақпарат алған сайын мұғалімнің оқытуды жетілдіріп, өз оқушыларының жетістіктерін жоғарылатуда мүмкіндіктері көбейе түседі.
Қорытындылайық
Слайд 12
3) Оқушылардың өзінің таным үдерісіне белсенді қатысуы
Білім күшке айналу үшін
оқушы онымен мынандай жұмыстар жасауы қажет:
оны қолдану,
қолданудың шарттары мен ауқымдарын іздестіру,
түрлендіру, кеңейту және толықтыру,
жаңа байланыстар мен қатынастарды табу,
түрлі моделдер мен мәнмәтіндерде қарастыру.
Слайд 134) Оқушылардың бағалау критерийлерін білуі мен түсінуі
Критерийлерді құрастыру бағалауды барлық оқушылар
үшін ашық қылып, түсінікті жасайды.
Критерийлерді бірлесе құрастыру бағалауға деген позитивті көзқарасты қалыптастырады.
Критерийлер негізінде бағалау білігі адамның өмір бойғы дағдысына айналады.
Слайд 14
5) Оқушылардың өз жұмысын талдай білуі мен мүмкінділігі
Оқушылар өз оқуының мақсатын
және табысқа қалай жету керектігін түсінуі үшін өзін-өзі бағалауға үйренуі керек.
Өзін-өзі бағалау үшін мына әдіс-тәсілдерді қолдануға болады:
сабақтан шығудың түрлі парақтары мен карталары,
өзін-өзі жіне бірін-бірі бағалау кестелері,
ойлауды тудыратын сұрақтар, т.б.
Слайд 15Қорытындылайық
Қазіргі білім беру жүйесінде өзін-өзі қадағалау, өзін-өзі және бірін-бірі
бағалау қуатталады.
Бағалаудың түрлі нысандарын қолдану жеке жауапкершілікті жоғарылатады.
Слайд 16
6) Бағалаудың нәтижелерін ескеріп, оқытуға өзгерістер енгізу
Формативтік бағалау мен оқыту ажырамас
ұғымдар.
Формативтік бағалауды қолдану тиімді оқытудың мазмұнын құрайды. Ол оқыту мен оқуды жақсартудың мықты құралына айналуы мүмкін.
Слайд 17
Бағалаудың нәтижелерін ескеріп, оқытуға өзгерістер енгізу
Формативті бағалау интербелсенді оқытудың
қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл оқытуда:
сыныпта бірлесе талқылау мәдениеті қалыптасады,
сыни және шығармашылық ойлаудың дағдылары дамиды,
оқушылардың сұрақ қоюын ынталандыратын орта қалыптасады,
оқушылардың «әрқайсымыз да өз нәтижелерімізді өзгерте аламыз» деген сенімі қуатталады,
оқушыларға ұстаздың олардан не күтіп отырғандығының нақты мысалдары ұсынылады.
Слайд 18
Формативтік бағалаудың жолындағы кедергілер
Бағалау оқушыларды білмейтін жерлерінен «ұстау» үшін қажет деген
түсінік.
Оқу бағдарламасын білмеу, оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелердің айырмашылығын білмеу.
Бағалаудың заманауи қағидалары мен әдістерін білмеу қалай бағалау туралы шешім қабылдауда қиындық туғызады. .
Слайд 19
Формативтік бағалаудың жолындағы кедергілер
Оқу жетістіктерін бағалауды оқушының мінез-құлқын бағалаумен
алмастыру.
Оқушының өзін-өзі бағалауы мен мұғалімнің бағалауының айырмашылығын шатастыру.
Оқушылар өзін-өзі бағалауды қалай қолдану керектігін өздігімен –ақ түсінеді деген ой.
Бақылау жүйесі тек қорытынды бағалау үшін өқрастырылған деген сенім.
Слайд 20Қорытындылайық
Бағалау үдерісі – заманауи оқу мен оқытудың аса маңызды элементтерінің бірі.
Оқу үдерісін басқарудың тиімділігі көп жағдайда бағалауды дұрыс ұйымдастыруға байланысты.
Оқудың нәтижелерін бағалау үдерісі формативтік және суммативтік бағалаудан тұрады.
Формативтік бағалау мен оқыту ажырамас ұғымдар.