Слайд 1Сабақ кезеңдері және қолдануға тиімді тәсілдер
Слайд 2Мақсаты
Вебинар соңында тыңдаушылар сабақтың үш кезеңдік құрылымын,
олардың мақсатын ажыратып, әр кезеңде қандай тәсілдерді қолдануға болатындығын айқындайды.
Слайд 3Оқыту жобаларының басым көпшілігі сабақтарды үш кезеңге бөледі.
Кез келген нәрсенің
басы, ортасы және аяғы болады.
Г.Гегельдің таным «триадасы»: тезис – антитезис – синтез.
Ж.Пиаженің ойлау кезеңдері: субъективтілік – әлеуметтендіру – объективтендіру.
Слайд 4М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы»
Сабақтың үш кезеңдік құрылымын былай түсіндіреді:
«Оқу модулі
қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады».
Слайд 5«Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы
1. «Қызығушылықты ояту» кезеңінде
(Еvocation) үйренушілер білім процесіне ниеттеледі, айрықша көңіл аударады, жаңа материалды игеруге ынталанады.
2. «Мағынаны ажырату» кезеңі (Realization of meaning) жаңа материалды игеруде туындаған сұрақтарға үйренушілердің өз тәжірибелері тұрғысынан жауап беруімен ерекшеленеді.
3. «Ой-толғаныс» кезеңінде (Reflection)үйренушілер жаңа мәліметтерді өздерінің бұрынғы білімдерімен (ұғымдарымен) салыстыра отырып өзгертеді.
Слайд 6Қорытындыласақ...
І. Мотивациялық кезең
ІІ. Операционалдық-әрекет кезеңі
ІІІ. Рефлексиялық-бағалау кезеңі
Слайд 7Ұсыныс...
Барлық пәндер мен сабақтарды біріктіретін жәйт – проблема.
Проблема шешу – өздігімен (біреудің нұсқауымен емес!) таңдау жасап, шешім қабылдау.
Слайд 8Өйткені…
Ақылды деп біз көп білгенді айтпаймыз (онда Интер-неттен ақылды
ешкім болмас!), ақылды деп проблема шеше білетінді санаймыз.
Проблема шеше білу - адамның ең маңызды құзырлықтарының бірі.
Сондықтан да ересектер өздері проблема шешуге үйреніп, балалары мен шәкірттерін де осыған үйретуі керек, өйткені өмір проблемалардан тұрады.
Өміріміздің әр мезеті проблема шешуді талап етеді.
Слайд 9Сабақ құрылымы
Сол себепті сабақтың құрылымын проблемамен байланыстыруға болады:
1.
Проблема айқындау.
2. Проблема шешу.
3. Проблема шешімін қорытындылау.
Слайд 10«Проблема айқындау» кезеңі
Қарастырылатын мәселе (тақырып) бойынша негізгі проблемаларды
анықтап, оларды игеруге оқушыларды ынталандыру, шәкірттердің қызығушылығын ояту.
Сабақтың басында қызығушылықты ояту, уәждеу (мотивациялау), қажеттілік тудыру.
Бұл кезеңге сабақ уақытының 10-15% жұмсаған орынды (5-8 мин).
Слайд 11«Проблема айқындау» кезеңі
Мұғалім бұл кезеңде оқушыларды жаңа білім қабылдауға, түсінуге және
игеруге белсенділендіреді.
Негізгі рөлі - тапсырма құрастырушы, ол мақсат пен күтілетін нәтижелерді айқындайды, тапсырма мен материалдар ұсынады, жұмыс ретін түсіндіреді, нұсқау береді.
Слайд 12Оқушылар бұл кезеңде…
Тақырып бойынша өз мақсаттарын нақтылай-ды, өз өмірлеріне тікелей қатысы
бар нақты проблемаларды айқындайды; проблема бойынша өздерінің бұрынғы білімдерін есіне түсіреді, оларды салыстырады, байланыстырады;
«Не білемін?», «Не білгім келеді?», «Мақсатым қандай?», «Жаңа білімнің маған берер пайдасы қандай болмақ?» секілді сұрақтарға жауап іздейді.
Слайд 13«Проблема шешу» - жаңа білімді іздену мен зерттеу кезеңі
Мұнда проблеманы шешу
жолдары қарастырылады: материалмен танысу, мазмұнын ашу, оны игеру, сол бойынша жұмыс жасау.
Сабақ уақытының басым бөлігі (50-60% дейін) осы кезеңдегі әрекеттерден тұруы қажет (20-25 мин).
Слайд 14Мұғалім бұл кезеңде…
Оқушыларға білім алудың белсенді тәсілдерін ұсынады; оқушылардың өздігімен жаңа
мәліметті жан-жақты қарастырып, зерттеп, игеруіне қажетті жағдайлар жасайды.
Негізгі рөлі – көмекші немесе нұсқаушы: ол бақылайды, көмектеседі, консультация береді, бағыт-бағдар сілтейді, ынталандырады, мақтайды, топ/жұп жұмысын үйлестіреді.
Слайд 15Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жаңа ақпаратпен танысады
Мәлімет бойынша пікір
алмасады, ой жарыстырады, талқыға салады.
Жаңа ақпарат туралы өзіндік пікір қалыптастырады.
«Қалайша жаңа білімге үйренемін/ оны түсінемін/ игеремін?», «Қандай тәсілдерді қолданған тиімді?», «Бұл мәлімет туралы менің ойым/түсінігім/қатысым қандай?» деген сұрақтарға жауап беруге ізденеді.
Слайд 16«Проблема шешімін қорытындылау»
Үйренгенді айқындау және бағалау, проблема бойынша
шешім қабылдау, үйренгенді қорытындылау кезеңі.
Бұл кезеңде білгенін ортаға салу, қандай ой, пікір, әсер туындағанын талқылау, талдау, қорытындылау жұмыстарын ұйымдастыру қажет.
Бұл кезеңге сабақ уақытының 20-30% жұмсаған дұрыс (10-15 мин).
Слайд 17Мұғалім міндеттері
Мұғалім оқушылардың жаңа мағлұмат бойынша ой қорытып, ол
жөнінде өзара пікір алмасу мен талқылауды ұйымдастырады.
Мұғалім қалыптастырушы бағалау бойынша пікір құрастырушы рөлін орындайды: талдайды, бағалайды, пікір айтады, кері байланыс береді, қорытындылайды.
Слайд 18Оқушылар бұл кезеңде…
Сабақта білгендері мен үйренгенін тұжырымдай-ды; олардың қолданысы
туралы ойланады, пікірлеседі, өзінің жаңа біліміне баға береді.
Жаңа білімді нақты бір проблема шешуде қолдана-ды; «Не білдім/үйрендім?», «Мақсатыма жеттім бе?», «Мен қалай жұмыс жасадым?», «Бұл білім маған не үшін керек?», «Бұл білімнің қолданысы қандай?», «Бұл білімді ары қарай қалай дамытамын/ жалғастырамын?», «Тағы да не білгім келеді?» деген сұрақтарға жауап беруге ізденеді.
Сабақта не нәрсеге үйренгендігі және қалайша жұмыс жасағандығы туралы есеп береді.
Слайд 19Сабақтың әр кезеңінде қолдануға тиімді тапсырмалар мен әдіс-тәсілдер
«Проблема айқындау»
кезеңінде негізгі әрекетке дайындық жасап, «Қалай жасаймыз?» сұрағын талқылау.
Мұғалім мини-лекция оқып немесе видео, слайдтарды оқушылардың назарына ұсынады.
Слайд 20Оқушылар берілген тапсырмаларды мынандай тәсілдер арқылы орындайды:
Ми шабуылы, Т-кестесі,
Болжау, Кластерлер, Венн диаграммасы, Оңай және қиын сұрақтар кестесі, Ойлан, жұптас, пікірлес, Алдын-ала берілген атаулар, Үлкен шеңбер, Қос шеңбер, Атаулар туралы үш сұрақ, Еркін жазу, Білемін, білгім келеді, білдім, Дөңгелек үстел, Үш қадамды сұхбат, Топтық зерттеу.
Слайд 21«Проблеманы шешу» кезеңінде оқушылардың өздігімен үйренуін мынандай әрекеттер арқылы ұйымдастырады
- Постер
дайындау (тізім, деректерді жіктеу, алгоритм құрастыру, тірек сызбалар, схема, кесте, диаграмма, кластер, менталды карта, кроссворд, сканворд, ребус, суреттер, көрнекі құралдар, стенд баяндамасын дайындау),
- комикстер жасау,
- слайд жасау,
- сахналау (рөлдерге бөліп ойнау, жағдаят құрастыру, ойнап шығу),
Слайд 22Бұдан басқа...
- ғылыми-зерттеу жобасын дайындау (баяндама, мақала, реферат, аннотация, рецензия, гипотеза),
- эксперимент, тәжірибе жасау,
- бірін-бірі үйрету (Жигсо, т.б.),
- пікірталас, дебат, дөңгелек үстел, ток-шоу өткізу,
- видеофильм, ролик, жарнама түсіру,
Слайд 23Тағы да...
есептер/жаттығулар жинағын құрастыру,
- тест сұрақтарын құрастыру,
- шығармашылық жұмыстар: эссе, РАФТ,
сценарий жазу,
- оқу, рөлдік, іскерлік ойын дайындау және өткізу, т.б.
Слайд 24«Проблема шешімін қорытындылау» кезеңінде екі әрекетті жүзеге асырады
1)
Негізгі әрекетті талдау және бағалау.
Сынып «Қалай жасадық, орындадық?» деген сұрақты талқылап, өз әрекеттерін бағалайды.
Бұл үшін оқушылардың жұмыс нәтижелерін жариялау, таныстыру, оларды талдау/талқылау, бір-біріне кері байланыс беру әрекеттерін ұйымдастыру керек.
Слайд 252) Екінші әрекет бағалаумен байланысты
Оқушылардың не үйренгендігін айқындау,
жеке рефлексия тудыру.
Бұл мақсатта оларға жеке жазу жұмысын ұсынған орынды. Жазу арқылы әр оқушының сабақ тақырыбын түсіну деңгейі мен сабаққа қатысу дәрежесін білуге болады.
Слайд 26Оқушыларға жазу жұмыстарының мынандай үлгілерін ұсынуға болады:
Эссе, хат жазу,
өлең, есеп беру, есеп шығару, жаттығуды орындау, тестілеу.
Шығармашылықпен құрастыру: критерийлер, тест сұрақтары, кесте, есеп, ереже, анықтама, нұсқаулық, алгоритм, менталды карта, диаграмма, семантикалық карта, т.б.
Оқушылардың бұл жұмыстарын жинақтарға біріктіруге болады.
Слайд 27Сабақ «Мақсат» және «Нәтиже» аралығында өтеді
Басқаша сөзбен айтқанда,
сабақтың формуласы (немесе схемасы) мынандай болуы керек:
«Тақырып: Мақсат → Іс-әрекеттер → Нәтиже».
Слайд 28Тапсырманы оқушыларға ұсыну үшін алдымен мынаған назар аудару қажет:
Мақсаты – Деңгейі - Уақыт - Қалай орындалады? (Нұсқаулық) - Қалай бағаланады (критерийлер, бағалау шәкілі) - Тапсырманы дұрыс түсінген-дігін анықтау (қайта сұрау, қайталату, топта талқылау) - Топ/жұп құрамында орындау – Жариялау - Кері байланыс - Қорытындылау.
Слайд 29Қолданылған әдебиет тізімі
1. Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы
ретінде. /Аударған Д.А.Қайшыбекова/. - Алматы, 2002. - 180 б.
2. Мирсеитова С.С. Становление и развитие философии учителя: гуманистическая парадигма. – Алматы: Верена, 2008. - 260 с.
3. Пиаже Ж. Речь и мышление ребенка/ Пер. С фр. и англ. – М.: Педагогика-Пресс, 1999. – 528 с.
4. Стилл Дж., Мередит К, Темпл Ч., Вальтер С. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту құрылымының оқу жоспары. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарлама жобасы үшiн дайындалған әдістемелік құрал. – Алматы, 1998. – 33 бет.
5. https://ru.wikipedia.org/wiki.
Слайд 30Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
о