беріледі. Бұл саралау түрінде “ Дәм татыру” мәтінінің негігі атауын, мазмұнын қамтитын 3 түрлі тапсырмалар ойластырамын.Сұрақ жазылған кеспе қағаздар бойынша жауап береді, сұрақтар құрастырады, өздерінің графикалық органайзерлерін құрады.Топтық жұмыс барысында өздері үшін жұмыс түрін де таңдай алады. Сондықтан бұл тапсырма саралаудың 4-түрі «Тапсырма бойынша саралау »түріне, 11-түрі «Таңдау бойынша саралау» түріне жатады.
Бұл әдіс арқылы оқушылар бір-біріне тақырыпқа бағытталған сұрақтар қояды, жауап береді, қабілетті оқушылар өз ойын айту арқылы топтың жұмысына үлес қосады, тілдік мақсаттағы сөздік қорды пайдаланады. Бұл тапсырма саралаудың 12- түрі «Қарым-қатынас формаларын саралау »
( топтық жұмыс) арқылы орын алады. Ынтымақтастық оқыту- саралаудың тиімді тәсілі.
“Дәмдес құрбыға”құттықтау жазу тапсырмасын орындауда саралаудың алтыншы түрі «Оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы саралау» қолданылады. Жазылым дағдысында оқушыларға өз ойларын жазу тапсырмасы сараланып беріледі, көмек ауқымы мен деңгейі оқушы қажеттілігіне сай сараланады..Кейбірі үлгіге қарап, мұғалім қолдауымен, кейбірі орташа қолдаумен, тірек сөздерге сүйеніп, ал кейбіреулері мүлдем қолдау қажет етпейді, өз еріктерімен жазады .Бұл тапсырмада саралаудың тоғызыншы түрі “Оқушының дербестігі мен жауапкершілігі “ бойынша саралау да қолданылады.
Бұл әдіс бойынша тақтаға жаңа сөздер,яғни бірнеше атаулар жазып ,олардың мағынасы, өзара қатынасы , байланысы туралы жауап берілуі күтіледі. Бұл тапсырманы орындауда саралаудың екінші түрі “ Нәтиже немесе жауап бойынша “саралау қолданылады.Оқушыларға бірдей тапсырма ұсынылады, бірақ түрлі жауап күтіледі., қабылданады. Нәтижесінде әр оқушы өз деңгейінде жауап береді, жұмыстың өнімі мен нәтижесі әр түрлі болады.
САРАЛАУ ӘДІСТЕРІ