Презентация, доклад на тему Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы (11класс)

. 1910-1913 жылдары Уфадағы "Ғалия" медресесінде оқиды. 1912 жылы Қазан қаласында ұстазы, татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың көмегімен "Шолпан" атты тұңғыш жинағы басылып шығады. Осыдан соң Мағжан Жұмабаев Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түсіп, 1916 жылы оны медальмен үздік

Слайд 11893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Сасықкөл деген жерде туған.

Бала кезінен өте зеректігімен көзге түскен Мағжан төрт жасынан хат таниды. Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 – 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.
1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Сасықкөл деген жерде туған. Бала кезінен өте зеректігімен көзге түскен

Слайд 2. 1910-1913 жылдары Уфадағы "Ғалия" медресесінде оқиды. 1912 жылы Қазан қаласында

ұстазы, татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың көмегімен "Шолпан" атты тұңғыш жинағы басылып шығады. Осыдан соң Мағжан Жұмабаев Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түсіп, 1916 жылы оны медальмен үздік аяқтайды. Семинарияны бітірген соң "Алаш" партиясын құруға қатысады. Жиырмасыншы жылдардың бірінші жартысында шығармашылық өнімді еңбекпен шұғылданады.
. 1910-1913 жылдары Уфадағы

Слайд 3Мағжан шығармашылығы Ақын тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық,

демократияшыл бағытты ұстанды. Абай поэзиясының өшпес маңызын бірден танып, оны “хакім” деп атады, ұлы ақынның “мың жыл жұтса дәмі кетпес” сөзін жаңа жағдайда ілгері дамытты, Батыс пен Шығыстың рухани қазынасын сабақтастыру негізінде қазақ поэзиясын тақырып, түр мен мазмұн жағынан байытты. Жұмабайұлы ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді көтерді (“Шын сорлы”), халқын өнер-білімге шақырды (“Ләззат қайда?”, “Жазғы таң”, “Өнер-білім қайтсе табылар”, “Балалық шақ”, “Қазағым”, “Қарағым”, “Осы күнгі күй”, “Мен сорлы”). Бірқатар өлеңдерін махаббат тақырыбына арнады (“Жас келін, “Зарлы сұлу”, “Сүйгеніме”, “Алданған сұлу”). Өз поэзиясының алғашқы қадамдарынан бастап ақтық демі біткенге дейін Жұмабайұлы ұлт азаттық тақырыбын үзбей толғанды, оны өз поэзиясының өзегі етті. Бүкіл халықты тап, топқа жіктемей, Қазақ елін әлемдік мәдени жетістіктерге қол жеткізуге қандай күш кедергі деген сауал қойып, оған басты кедергі – отаршылдық деген шешімге келді.
Мағжан шығармашылығы Ақын тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Абай поэзиясының

Слайд 41923-1927 жылдары М.Жұмабаев Мәскеуде жоғарғы әдеби- көркемөнер институтында оқиды. Бұл жылдары

орыс, Батыс Европа әдебиетін терең зерттеп оқиды. 1929 жылы ол "Алқа" атты жасырын ұлтшыл ұйым құрды деген жалған айыптаумен сотталады. Шығармашылықпен, айналысқан алғашқы он жылда ол ұлт- азаттығын поэзияда ең терең қозғаған ақын болды. Өкінішке орай, 1929 жылдан 1938 жылға дейінгі ақынның он жылдық ғұмырында шығармашылық үнсіздік орнайды. Ақын 1938 жылы халық жауы деген "үштіктің" шешімімен жазықсыз атылады.
1923-1927 жылдары М.Жұмабаев Мәскеуде жоғарғы әдеби- көркемөнер институтында оқиды. Бұл жылдары орыс, Батыс Европа әдебиетін терең зерттеп

Слайд 5Елінің тарихы мен мәдени мұраларын терең білуі "Батыр Баян", "Қорқыт", "Оқжетпестің

қиясында", "Қойлыбайдың қобызы", "Ертегі" т.б. сияқты тамаша поэмалар тудырды. Мағжан "Педагогика" оқулығында халықтық педагогика мен психологияға талдау жүргізді. Мағжан поэзиясының жоғары идеялығы, отаншылдық, ұлттық рухқа толы болуы, өлеңдерінің ерекше бейнелілік, көркемдік формасы, жаңашылдығы заманынан басы озық, ілгері кеткен ақын екендігін көрсетеді.
Елінің тарихы мен мәдени мұраларын терең білуі

Слайд 6Мен кім?
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
 Жолбарыспын, маған қарсы кім түрар?
Көкте -

бұлт, жерде - желмін гулеген,
Жер еркесі - желдің жөнін кім сүрар?
Көкте - күнмін, көпке нүрым шашамын,
Көңілге алсам, қазір ғарышқа асамын,
Шеті, түбі жоқ теңізбін қаракек,
Ерігемін - толқып, шалқып, тасамын.
Жалынмын мен, келме жақын, - жанарсың,
Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың.
Күл болсын көк, жемірілсін жер, уайым жоқ,
Көз қырымен күліп қана қарармын...

Мен кім?Арыстанмын, айбатыма кім шыдар? Жолбарыспын, маған қарсы кім түрар? Көкте - бұлт, жерде - желмін гулеген, Жер

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть