Презентация, доклад на тему Ә. Кекілбайұлының Құс қанаты шығармасы бойынша презентация

Оқу мақсаты: 7.3.3.3 Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу;Сабақ мақсаты:«Құс қанаты» шығармасындағы ұлттық құндылықтар көрінісіБарлық оқушылар: шығармадан ұлттық құндылықтарды табады, әдеби эссе жазады.Көпшілік оқушылар: шығармаға ұлттық

Слайд 1





Аудандық « Кемел ойлы, көркем сөзді шежіре» атты
Әбіш Кекілбайұлы шығармалары

бойынша
панорамалық сабақтар байқауы



Тақырыбы:
Ә. Кекілбайұлы
«Құс қанаты» шығармасындағы
ұлттық құндылықтар көрінісі











Дайындаған: С. Жаңғабылов орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Серикова Нұргүл Түйебайқызы


2019 жыл
Аудандық « Кемел ойлы, көркем сөзді шежіре» атты Әбіш Кекілбайұлы шығармалары бойынша панорамалық сабақтар байқауыТақырыбы:Ә. Кекілбайұлы«Құс қанаты»

Слайд 2









Оқу мақсаты:



7.3.3.3

Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу;



















Сабақ мақсаты:



















«Құс қанаты» шығармасындағы ұлттық құндылықтар көрінісі

Барлық оқушылар: шығармадан ұлттық құндылықтарды табады, әдеби эссе жазады.
Көпшілік оқушылар: шығармаға ұлттық құндылық тұрғысынан талдау жасайды, әдеби эссе жазады.
Кейбір оқушылар: ұлттық құндылықтарды өмірмен байланыстырып,
салыстырады, дәлелдер ұсынады, әдеби эссе жазады.










Бағалау критерийі:


Шығармадан ұлттық құндылықтарды тауып, әдеби эссе жазады;
Ұлттық құндылықтарға талдау жасай отырып, өз көзқарасын білдіріп, эссе жазады;
Ұлттық құндылықтарды өмірмен байланыстырып, салыстырады, эссе жұмысында дәлелдер келтіреді.













:

Оқу мақсаты: 7.3.3.3 Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби

Слайд 3








Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)
Психологиялық ахуал қалыптастыру
Үй тапсырмасын сұрау
«Сәлемдеме» әдісі















































«Сәлемдеме» сұрақтары:
1.Ананың қалаға

көшу себебі қандай?
2.Ана неге қара шаңырағын қимады?
3.Шығармада ана бейнесі қалай берілген?
4.Ана қала тірлігіне үйреністі ме?
5.Шығарманың «Құс қанаты» аталуының мәні неде?
















































Дескриптор:
* кейіпкер бейнесін ашады
* шығармадан үзінді келтіреді
* өз көзқарасын білдіреді

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)Психологиялық ахуал қалыптастыруҮй тапсырмасын сұрау«Сәлемдеме» әдісі«Сәлемдеме» сұрақтары:1.Ананың қалаға көшу себебі қандай?2.Ана неге қара шаңырағын

Слайд 5








Жұптық жұмыс
(5 – 7 мин )
«Түртіп алу» стратегиясы бойынша шығармада

кездесетін көнерген сөздерді анықтайды. Жұптасып көнерген сөздердің мағынасын ашады.















































Дескриптор:
* жұптық талқылау жүргізеді.
* көнерген сөздерді табады.
* көнерген сөздердің мағынасын ашады.

ҚБ: Жұптар бірін – бірі бағалайды

Жұптық жұмыс (5 – 7 мин )«Түртіп алу» стратегиясы бойынша шығармада кездесетін көнерген сөздерді анықтайды. Жұптасып көнерген

Слайд 6

























Көнерген сөздер:
Шошала – қазақ халқының көне баспаналарының бірі. Құрылымы аңшы қосына

ұқсас.
Жүкаяқ – жиған жүктің астына қоюға арналған ағаш тұғыр. Жүкаяқ кепкен, мықты әрі жеңіл ағаштан, тегіс тақтайдан жасалады.
Әбдіре – үй бұйымдары мен ұсақ бағалы заттарды сақтайтын, көлемі үлкендеу, үстіңгі қақпағы, бүйірлерінде бірнеше суырмалары бар үй жиһазы.
Бәйбіше – отбасылық дәстүрде қалыптасқан жұбай мәртебесі. Ел анасы болған ақылшы, беделді әйелдерді құрметпен бәйбіше деп атаған.

Көнерген сөздер:Шошала – қазақ халқының көне баспаналарының бірі. Құрылымы аңшы қосына ұқсас.Жүкаяқ – жиған жүктің астына қоюға

Слайд 7






Топтық жұмыс (10 – 13 мин)
Берілген пазлдар бойынша үш топқа бөлінеді.
Үш

топқа шығармадан алынған үзінділер беріледі.
«Пазл» әдісі арқылы тапсырмаларды орындап, пазл бөліктерін құрастырады.














































«Пазл» тапсырмалары:
1.Шығармадан ұлттық құндылық элементерін табу
2. Құндылықтардың қолданылу аясын анықтау
3. Құндылықтардың жаңашылдығын салыстыру

Топтық жұмыс (10 – 13 мин)Берілген пазлдар бойынша үш топқа бөлінеді.Үш топқа шығармадан алынған үзінділер беріледі.«Пазл» әдісі

Слайд 8Салпы етек, шұбалаң жаулық қара кемпір екі бөлме, бір кухня, ащы

шектей шұбалған тар коридорда ыбырсып жатқан қиқым-сиқымның шетіне шыға алмады. Сыпырғыш ұстап үйренбеген ебедейсіз қол бірін жинаса, бірін шашып алады. - Қараң қалғыр қала тіршілігінің қуыс-қуысы, бөлек-салағы неткен көп! «Үйін тазаламай, тал түске дейін ұйқы соққаны несі?»- дегендей төр жақтағы есікке ауық-ауық қарап қояды. Өзінің төрт қанат шатпасы болғанда ғой, әлдеқашан айнадай боп шыға келер еді. Екі қара ала, екі терулі алаша, күн жеп тастаған көне төсек қап пен күйе-күйе аяқ қап. Ық жаққа апарып төрт-бес сіліксең жетіп жатыр. Аузы қисайып кеткен атамзаманғы жүк аяқ, ұста қайнысы қалай болса солай лекерлей салған абажадай әбдіре тек көшкен-қонғанда ғана қозғалады. Қара орманының сиқы сол. Оның өзі де ұзатылған қыздың отын жинайтын шошаласында иесіз қалды. Әліге дейін көз алдында: үш бума уық, керосин құйған темір күбінің ар жағына, босаға жақ бұрышқа тығылды; көгі үзіліп сылдырап тұрған төрт кереге - бұл үйдің үзік-туырлығы, қызының үйінің тоқымдары мен жабулары, ыбырсып жатқан көп киіздің астына түсті; талайғы тал шаңырақ аядай қуыстан орын тимей, сыртқа, шошаланың төбесіне төңкерілді. Соның бәрін жайғастырып жүріп, адыра қалғыр, көзінің жасын тыя алсайшы. Жыламай да қайтсін! Баяғыда атасы жарықтық өз қолымен шаңырағын көтеріп, енесі байғұс уығын шаншып қалқитып берген қашанғы төрт сағанақ қой! Одан бері талай заманақыр өтсе де шайқалмай келіп-келіп, енді міне, айдың-күннің аманында біреудің күбір сасыған қорасында жайрап қала берді. Аяққап пен төсекқапты көзімдей көр деп екі абысынына ұстатты. Әбдіре мен жүк аяқты екі келініне қолдатып жіберді. Бұларды аттандырып салуға келген қатын-қалашқа ожауы мен табақтарына дейін таратып берді. Төрт қанат шатпаның сүйегіне, қара қазанына ғана тимеді.
Салпы етек, шұбалаң жаулық қара кемпір екі бөлме, бір кухня, ащы шектей шұбалған тар коридорда ыбырсып жатқан

Слайд 9Жұрт келінді жағалай құшақтап, жағалай сүйіп шықты. Елдің ең соңында келіннің

маңдайынан бұл да сүйді. Содан бұл жататын кең бөлменің еденіне жеткенінше шүберек пен клеенка, жетпеген жеріне газет төселіп көлдей дастарқан жайылды. Қақ төрге қақырайып бұл отырды. Жігіттерге еріп елген екі-үш келіншек бұны бүгін өз қазанының маңына жуытар емес. Ал, әлгі кетік қара білекті сыбанып тастап, аузы жалпылдап көк кастрюльге ас салып жүр. Біреуі ыдыс-аяқ жуып жатыр, біреуі шұжық турап жатыр, біреуі рюмка сүртіп жатыр. Әйтеуір, шүрменнің баласындай жабылған да кеткен. Бұл да түс көргендей айран-асыр. Келін түсетін ауыл айлап-апталап күбінбейтін бе еді? Ағайындар жағалай үй тігіп, соғым әкеп, саба пісіп, ыдыс-аяқ жиып қапылып жатпайтын ба еді? Бүкіл бір әулеттегі дүние-жиһаздың ең ажарлысы жарқырап тойлы ауылда тізіліп тұрмайтын ба еді? Ертең келін келетін күні бүкіл ауыл жүректері лүпілдеп көрер таңды көзімен атқызбайтын ба еді? Төбе-төбенің басында шаң шықпас па екен деп қарап жүрген балалар әуелі: «шүйіншілеп» ауылға, артынан «алақайлап» шаң шыққан жаққа қарай сандарын шапалақтап жүгірмейтін бе еді? Әуелі шапқылап күйеулер келер-ді. Алдынан ақ бауырсақ шашып әжелер шығар-ды. Сосын қызылды-жасылды қыз келіншек кейіндеп қалған келін тобына барып қосылар-ды. Олар келгенде күллі ауыл тайлы-таяғы қалмай шашу тереміз деп алдарынан жүгірер-ді. Сосын пәлен күн той дуылдап, той біткен күні жас келін отауына кірер-ді. Табалдырықтың алдына жаңа сойылған жас тері төселер-ді. Оң аяғымен аттаған келін сүрінбесе, таймаса - қадамының құтты болғаны. Сосын ащы даусы аспанды шатынатып заржақ ақын бет ашар-ды. Бет ашардан соң жұрт таласып-тармасып келіннің қолынан шай ішер-ді. Шай ішуге келген жұрт екі босағаға қаздай тізіліп жалаңдап отырған ауызды қатындардың алдына топытып көрімдік лақтырар-ды. Ол қырдағы ауылдың алты ай жаз аузынан түспейтін қырғын әңгімесі еді ғой. Ал екі жасқа бұдан былайғы өмірлерінде қуанғанда даг тарыққанда да көлеңдеп көз алдарында тұра қалар медет еді ғой. Ана байғұс тал бесікті таянып отырып талай қиялдаған осы бір сәтті дәл бұлайша құйрық-жалы күзеліп апақ-сапақта өте шығады деп ойлап па еді.
Жұрт келінді жағалай құшақтап, жағалай сүйіп шықты. Елдің ең соңында келіннің маңдайынан бұл да сүйді. Содан бұл

Слайд 10Қара кемпір көзін сүртіп ас үйге барды. Қапшықтан ұн алып, қамыр

иледі. Өлілерге иіс қылмақ. Кенет малдың майы жоқ екені есіне түсті. Қолына тор дорба ұстап дүкенге беттеді. Шыны жаймаларға үстінен сығалап көп жүрді. Ақыры шарбы май тапты. Келгесін әуелі өлілерге иіс болсын деп жеті шелпек пісірді. Көптен бері қазан-аяқтың маңына жуымай кетіп еді. Содан ба, илеген қамыры артылып қалды. Аңтарылып тұрды-тұрды... Сөйтсе, жарықтық, жаңа дүкеннен әкелген бір бөтекесі бітеу малдың шарбысы екен. Туырылып тұр. Ауылда жүргенде қой сойғанда баласы: «Апа, кісе нан пісірші!»- деп жабысатын еді. Мына қалған қамырдан неге кісе нан пісірмейді... Көлдей қып шелпек жазды. Үстіне жұқалап шарбы төседі. Сарымсақ, дәм жапырақ, зәнзәбіл салды. Аздап бұрыш септі. Сосын қаусыратып газ пештің булығына тастады. Жұмыстан әуелі келіні қайтты. Есікті аша бере, жұқа танауы дір ете қалды. «Қап бәлем, солай ма екен... Ауылдан келген көл етек кемпір бір-екі жілікті суға салып, тасырлатып қайнатқаннан басқа не біледі дейсіңдер ғой сендер!» Келіні бөлмесіне барып шешініп қайта шықты. Кухняға кіріп, таңсық иістің қайдан шығып жатқанын біле алмай біраз тұрды. Сол екі ортада, қоңырау ызыңдап, баласы кірді. - Мынау бір тәтті иіс қой!- деді аяғын шешпей жатып. Бұл орнынан сонда барып көтерілді. Жайқалып барып дастарқан әкеп төседі. Жайқалып барып мана пісіріп қойған жеті шелпегін әкеп ортаға қойды. - Біссіміллә,- деп өзі үстіңгі шелпектің шекесінен үзіп алды. Келіні мен баласы да табақтағы шелпектерге қолдарын апарды. Ауыл болса ел ақтап үй-үйге таратар еді. Қалада есігін қағып, бір шелпек апарып тұрсаң мынаның есі дұрыс па деп бетіңе қарайтын шығар. Жеті шелпектен ауыз тиген соң бұл алақанын жайып құран оқыды. Сосын орынан тұрып, жайқала басып, кухняға беттеді. Соңынан келіні де ерді. Ақ шәйнек пеш үстінде шырт-шырт түкіріп тұр. Тас құманнан бір хош иісті бу бұрқырайды. Әлгі бір таңсық исі тағы бар. Әншейіндегі құбақай кухняға бүгін бір бөлекше берекет дарығандай. Салпы етек қара кемпір булықты ашып жіберіп, ішінен қызыл күрең кісе нанды суырып алды. Сол күні үшеуінің де қабағы ашылды. Сол күні үшеуінің де маңдайы жіпсіді. Үндемес келін қайта-қайта: - Қандай тәтті!- дей береді. Бұның көзін ала беріп, күйеуіне жылмиып қарап қояды. Бетінің екі ұшына қызарып қан жүгіріпті.
Қара кемпір көзін сүртіп ас үйге барды. Қапшықтан ұн алып, қамыр иледі. Өлілерге иіс қылмақ. Кенет малдың

Слайд 11











Дескриптор:
* ұлттық құндылық элементтерін табады
* қолданылу аясын анықтайды
* құндылықтардың жаңашылдығын

салыстырады

ҚБ: «Қуат көзі» әдісі.
Топтар бірін – бірі бағалайды
Дескриптор: * ұлттық құндылық элементтерін табады* қолданылу аясын анықтайды* құндылықтардың жаңашылдығын салыстырадыҚБ: «Қуат көзі» әдісі. Топтар бірін

Слайд 12Сергіту сәті (2 мин)
«Кереге, уық, шаңырақ»

Сергіту сәті (2 мин)«Кереге, уық, шаңырақ»

Слайд 13Жеке жұмыс (10 мин)
«Эссе» әдісі арқылы шығармадағы ұлттық құндылық сипатын

бүгінгі күнмен салыстырып, дәлелдер келтіріп, «Ұлттық құндылықтар – ұлы қазына» тақырыбына әдеби эссе жазу.
(90 – 100 сөз)















































Дескриптор:
* берілген тақырып бойынша әдеби эссе жазады.
* шынайы өмірмен салыстырады .
* өз ойын дәлелдермен келтіреді .
ҚБ: Мұғалімнің бағалауы

Жеке жұмыс (10 мин) «Эссе» әдісі арқылы шығармадағы ұлттық құндылық сипатын бүгінгі күнмен салыстырып, дәлелдер келтіріп, «Ұлттық

Слайд 14«Т – П – Д» (тұжырымдама, пікір, дәлел)

стратегиясы
Мұғалім бүгінгі алынған білім бойынша ортаға тұжырым тастайды.Оқушы пікір мен дәлел келтіреді.
Тұжырымдар:
Ата дәстүр – тәрбиенің тұнығы
Ана – адамзаттың ұлысы
Ұлттық құндылық – ұрпаққа аманат
«Т – П – Д» (тұжырымдама, пікір, дәлел)

Слайд 15












«Синквейн» тәсілі бойынша ұлттық құндылықарға бес жолды өлең жазып келу.

1 Зат есім
2 Сын есім
3 Етістік
4 Түйін
5 Синоним немесе метафора
«Тазалық» рефлексиясы (3 мин)
«Синквейн» тәсілі бойынша ұлттық құндылықарға бес жолды өлең жазып келу.    1 Зат есім

Слайд 16Тыңдағандарыңызға
рақмет!

Тыңдағандарыңызға рақмет!

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть