Слайд 1Тақырыбы:Ғылым мен білімнің дамуы
Дайындаған:Жәнібекова Жанель
Слайд 2Х- ХІІ ғасырларда қала мәдениетінің дамуы, Оңтүстік Қазақстанда ислам дінінің қанат
жаюы қазақ жерінде ғылым мен білім салаларының дамуына ықпал етіп, Сайрам, Отырар, Түркістан қалаларының біршама гүлдене түсті.
Осы ғасырларда ғылым, білім, әдебиет даму үстінде болды. Ғылым саласына тоқталатын болсақ, Қазақстанда ғылымның дамуына үлесін қосқан, екінші Аристотель атанған - Әбу- Насыр әл - Фараби.
Слайд 3.Тіл білімінің даму ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ, Х ғасырға дейін түркі тілдес
халықтарының бірнеше қоғамдық, мемлекеттік құрылыстарын бастан кешіруі тілдің дамуына кедергі болды. Ал, бұл ғасырлардағы тіл білімінің дамуына үлесін қоқан ғалымдар: М. Қашқари, Ж. Баласағұн.
Слайд 4Махмұд Қашқари ( 1029—1101) - түркі ғалымы, әйгілі «Диуану лұғат-ит-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы»)
атты еңбектің авторы. Толық аты-жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері, ежелгі үйсіндер құрған, әртүрлі аталған мемлекетінің, кәзіргі Қырғызстанжеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы.
Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулетібилеген мемлекеттің мәдени саяси орталықтарының бірі Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған
Слайд 5Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (1020) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері.
Өмірі туралы мәліметтер
аз сақталған. философиа, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулетімемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 - 955) тарту етеді.
Әбу Насыр әл Фараби.
Шығыстың дүние жүзіне әйгілі, көрнекті ғалымы. Әл Фараби әдебиет теориясымен жан - жақты шұғылданған ғалым.
Толық аты – Әбу Райхан Мұхаммед бин Ахмед әл - Беруни. 973 ж Қият қаласының маңында өмірге келіп, 1048 ж Ғазни қаласында қайтыс болған. Негізгі еңбектері тарих, математика, астрономия, география, топография, физика, медицина, геология, минералогия, т. б. ғылым салаларын қамтиды. Әбу Райхан әл - Беруни – парсы, араб, грек, үнді (санскрит) тілдерін меңгерген Әбу Райхан әл - Бируни – энциклопедист ғалым. Тарих, математика, география, астрономия, медицина т. б. ғылым салаларынан 150 – ден астам еңбектер жазып қалдырған.
Слайд 7Ахмед Иүгінеки, Югнаки Адиб Ахмед ибн Махмуд (12 ғасырдыңсоңы, Түркістан өңірі — 13 ғасырдың басы,
сонда) — ортағасырлық ақын, хакім, ойшыл. Иүгінеки (қазақша Жүйнек) қаласында туып өскен. Ахметтің туған жері Түркістанға қарасты Иугнәк деген қыстақ. Қазақтар ол жерді Жүгенек деп атаған. Ахмет жас шағында араб, парсы тілін меңгерген білімді адам болған.
Ахмед Иүгінекидің ғұмыры, өмір сүрген ортасы туралы деректер тым тапшы. Зағип болып туып, фәни жалғанның жарық сәулесін көрмей бақиға озған Ахмед жастайынан ілім-білімге құмартып, түркі тілдері мен араб тілін жетік меңгерген. Шариғат қағидаларын жан-жақты зерттеп-танып, терең іліміне сай “Әдиб Ахмед” деген құрметті атқа ие болған. Ақыл-ойы толысып, діни танымы әбден кемелденген шағында Ахмед Иүгінеки қысқаша тақырыптарға бөліп, ислам құндылықтарына негізделген өлең-жырларын өмірге келтіре бастайды. Кейін бұл жәдігерліктердің басы біріктіріліп, “һибуат-ул-хақаиқ” (“Ақиқат сыйы”) деп аталатын дидактикалық өлеңдер жинағына айналған. Мазмұны, танымдық нәрі жағынан алғанда “Ақиқат сыйы” — Әбу Насыр әл-Фараби, Махмуд Қашқари, жылы Баласағұни, Қожа Ахмет Иасауи мұраларымен іштей астасып, 9 — 13 ғ. аралығындағы түркі дүниесінің рухани қазыналарының жарқын туындысына айналды.
Слайд 8Қожа Ахмет Ясауи (1093 ж.ш., кейбір деректерде 1103, 1041, Сайрам(Исфиджаб) — 1166 ж. Түркістан (Ясы)) —түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының,
байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын, пәлсапашы.
Қожа Ахмет Ясауи–1093жылы тулыған түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Ясауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. 9 ғасырдаОтырар, Исфиджаб, Баласағұн, Ясы, Сауран, Сығанақ Шаш, Сүткент, Жент, Кудур,Отлук, Өзкент, тағыда басқа Мауераннахр қалаларында ислам діні уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, 10 ғасырдан бастап ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар – медресе-теккелер түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады.