Слайд 1Тарихи логика
Тарихи-танымдық сайыс
Слайд 3Жазбалар
Жапон мәтіндері жоғарыдан төмен қарай оқылады, европалық- солдан оңға қарай,
араб және еврей мәтіндері- оңнан солға қарай оқылады. Ал протоүнді өркениеті мәтіндері бустрофедон (өгіздің жүрісі) әдісі бойынша оқылады. Осындай мәтіндерді қалай оқуға болады?
Жауабы: өгіздің егіс даласында жүретініндей: шетіне жеткеннен кейін өгіз кері бағытпен жүреді.
Слайд 4Жедел жиналу
Галл абыздары соғыс жағдайында жауынгерлерді жылдам жинау әдісін ойлап тапты.
Бұл үшін олар құрбандыққа бір ғана адамды шалатын. Кімді?
Жауабы: ең соңынан келген адамды.
Слайд 5Даналық
Қытайлық күрес өнерінің шеберлерінің ойынша: төбелес-бұл ақымақтар үлесі, ақылдылар үшін-жеңіс.
Олардың ойынша данышпандарға не тән болған?
Жауабы : Бейбітшілік. Данышпан төбелеске ұрынбау тәсілін біледі.
Слайд 6Рождество
Скандинавиялықтардың өз бақыт формуласы болған. Сондықтан да олар жаңажылдық түні
бөтен адамдардың есіктеріне ыдыс шаққан. Таң атысымен үйдің иелері ыдыс сынықтарына қарап, қандай қорытынды шығарған?
Жауабы: неғұрлым сынықтар көп болса, соншама адамдар бақыт тілеуге келді деп саналған.
Слайд 7Қар
Малайзияның астанасы Куала-Лумпур қаласының саябақтарының біріне қар әкеледі. Қар еріп
кетпес үшін, үкімет оны қолмен ұстауға тыйым салды. Кімдер үшін жеңілдік жасалды?
Жауабы: көзі көрмейтін адамдарға
Слайд 8Рождество
Католиктерде Рождество кезінде күтпеген қонақ үшін дастарханға қосымша ыдыс қою
салты бар. Бұл дәстүрді барлық жерлерде сақтауға тырысады. Тек бір мекемеде ғана қосымша ыдыс қоймайды. Мекемені атаңыз.
Жауабы: Түрме.
Слайд 9Монета
1987 жылы Кубада мерейтойлық монета шығарылды. Монетада қандай кеме бейнеленді?
Жауабы: Крейсер "Аврора". Қазан төңкерісінің мерейтойы болатын.
Слайд 10Сағат
Неліктен сағаттың тілі солдан оңға қарай айналады?
Жауабы: себебі таңнан бастап
көлеңке солдан оңға қарай жылжиды.Кейіннен осы принципті механикалық сағаттарда қолдана бастады. Айтпақшы, Оңтүстік жарты арда күн сағаттары сағат тіліне керісінше бағытта жүреді.
Слайд 11Сирек кездесетін ауру
«Данышпандық сырқат екендігі рас па?»-деп сұрапты Гиппократтан. «Әрине, бірақ
ол өте сирек кездесетін сырқат» -деп жауап беріпті Гиппократ. Осы сырқаттың тағы қандай қасиетін Гиппократ өкінішпен атап көрсеткен ?
Жауабы: Бұл сырқат жұқпалы емес.
Слайд 12Эйфель мұнарасы
Парижде Эйфель мұнарасн салу кезінде көптеген адамдар оның құрылысына қарсы
болған. Петицияға қол қойған Ги де Мопассан мұнараны Париж үстіндегі ұсқынсыз фабрика мұржасына теңеген. Осыған қарамастан, Ги де Мопассан жүйелі түрде мұнараның бірінші қабатындағы асханадан тамақтанған. Неліктен осында тамақтанасыз деген сұраққа Ги де Мопасссан қалайша жауап берген?
Жауабы: Бұл Париждегі Эйфель мұнарасы көрінбейтін жалғыз жер деп жауап берген.
Слайд 13Зұлымдық символы
Қазіргі уақытта ол зұлымдық сиволы болып есептеледі. Ал осыдан
100 жыл бұрын ол көптеген зергерлік бұйымдарда, түймелерде, почта маркаларында бейнеленген болатын. Осы бұйымдарды сатып алушылар олар өмір, махаббат, жарық және сәттілік деген төрт элементтен тұрады деп сенген. Бұл не?
Жауабы: Свастика. Оның сәулелері төрт L әрпінен басталатын - light, life, love, luck сөздерін білдірген.
Слайд 142-тур
Әлемге әйгілі ескерткіштер
Слайд 20Бұл адамның бейнесін шетелге саяхатқа шыққандар жиі көрсе, Жаңа жердегі контитенттегі
алып держава тұрғындары күнделікті көреді?
Слайд 21Өзінің музыкалық карьерасын отбасылық музыкалық топта бастаған поп музыканың королі
Слайд 22Бұл адамның өнертабысы бүгінгі таңда әлемдегі өте көптеген адамдардың күнделікті қажетіне
айналды.
Слайд 23Бұл сәби өзінің түрмеде жазылған кітабында бүкіл мемлекеттің болашақ саясатын белгілеп
берді.
Слайд 244-тур
Атақты мәтелдер
Еліміздің ескерткіштерінде
Слайд 25Бұл ескерткіш Тараз қаласында атақты “Джентельмены удачи” кинофильміндегі айтылған фразаның құрметіне
салынған.
Фразаны атаңыз.
Слайд 26Бұл ескерткіш Қарағанды қаласындағы атақты орыс мәтелінің құрметіне салынған.
Бұл қандай мәтел?