Презентация, доклад на тему Тұлға және саясат Презентация

Тұлға – қоғамдық өмірдің нақтылы тарихы жағдайлары қалыптастырған, еңбек етіп қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып білуші жеке адам. Субьект – белсенді іс-әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топ. Обьект – субьектінің танымдық және басқа іс-әрекетті

Слайд 1

Тұлға және Саясат

Тұлға және Саясат

Слайд 2 Тұлға – қоғамдық өмірдің нақтылы тарихы жағдайлары қалыптастырған, еңбек етіп қарым-қатынас

жасаушы, айналадағыны танып білуші жеке адам.
Субьект – белсенді іс-әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топ.
Обьект – субьектінің танымдық және басқа іс-әрекетті неге бағыттаса, соны айтады.
Тұлға – қоғамдық өмірдің нақтылы тарихы жағдайлары қалыптастырған, еңбек етіп қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып білуші жеке адам.	Субьект

Слайд 3Қарапайым демократиялық жолмен дамыған елде саясат адам үшін және адам арқылы

жасалады. Себебі, әлеуметтік топтар, қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар қаншалықты маңызды орын алғанымен солардың бәрі адамдардан, олардың іс-әрекетінен тұрады.Сондықтан, саясаттың бас сүбъектісі адам деп аламыз.Адамдарды саяси жұмысқа итермелейтін негізгі себеп – мұқтаждық пен мүдде. Мұқтаждыққа өмірде керек, бірақ қолда жоқ зәрулік жатады.Ол табмғм және әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи зәрулікке тамақ ішу, киім кию, баспана және т.с.с мұқтаждықтар жатады. Әлеуметтік мұқтаждық қоғамда пайда болады. Оған еңбек ету, басқа адамдармен қатынаста болу, қоғамдық өмірге араласу және т.б. қажеттіліктер кіреді.Мұқтаждықты адам сезініп, оны өтеуге тырысса, ол – мүддеге айналады.
Қарапайым демократиялық жолмен дамыған елде саясат адам үшін және адам арқылы жасалады. Себебі, әлеуметтік топтар, қоғамдық ұйымдар,

Слайд 4Адамның қоғамдағы орны көптеген әлеуметтік белгілерімен сипатталады. Оған ұлты, тұратын жері,

қоғамдық өндіріске қатысуы, қоғамдық еңбек бөлінісіндегі орны, кәсібі, білімі, табыс мөлшері, саяси билікті іске асыруға қатынасы және т.б. жатады.
Осындай бір немесе бернеше әлеуметтік белгілерімен бірлескен адамдар жиынтығын әлеуметтік топ дейді. Мысалы, жұмысшы, шаруа, зиялылар, орыстар, немістер, студенттер, зейнеткерлер, ауыл адамдары, қала адамдары, ой еңбегімен шұғылданатындар және т.б.
Адам саяси процесте белгілі бір әлеуметтік топтың өкілі немесе мүшесі ретінде қатысады. Олар жалпы қоғамдық өмірдің, оның ішінде саяси процестің басты субъектісі болып табылады. Сондықтан қандай да болмасын саяси іс-қимылдың сыртында біреулердің топтық мүддесі тұрады.
Адамның қоғамдағы орны көптеген әлеуметтік белгілерімен сипатталады. Оған ұлты, тұратын жері, қоғамдық өндіріске қатысуы, қоғамдық еңбек бөлінісіндегі

Слайд 5Қоғам үнемі даму үстінде, соған байланысты кейбір әлеуметтік топтар құрып, жаңа

топтар пайда болады.
Олардың барлығы саяси үрдіске не белсенді не енжар араласуы мүмкін. Әрине, мұның бәрі сол топтардың, қауымның мүдделеріне, талаптарына және мұқтаждықтарына байланысты.
Әлеуметтік топ ұғымы мүдделерінің, құндылықтары мен жүріс-тұрыс нормаларының ортақтығы мен айырмашылықтарына орай ел халқының жіктелуін бейнелейді. Әлеуметтік топ - бірігу дәрежесі әрқилы бірлестіктердің құрамын белгілейтін өте кең ұғым. Қазіргі қоғамдық ғылымдарда әлеуметтік топтар ретінде таптар, сословиелер, таптар және сословиелер ішіндегі бөлімшелер, этникалық, кәсіптік, жыныстық, жас ерекшеліктік, қоныстық, тұтынушылық, діни, біліми және басқа да топтар қарастырылады. Бұл жағдайда топтау, біріктіру белгілері қатаң емес, олар жеткілікті түрде дербес.
Қоғам үнемі даму үстінде, соған байланысты кейбір әлеуметтік топтар құрып, жаңа топтар пайда болады.Олардың барлығы саяси үрдіске

Слайд 6Әлеуметтік топтар теориясында топтардың үлкен, орташа және кіші болып бөлінуі методологиялық

мәнге ие.

Үлкен әлеуметтік топтарға ел халқын қамтитын бірлестіктер кіреді, яғни олар: сословиелер, таптар, әлеуметтік жіктер, жыныстық, жас ерекшеліктік, этникалық, діни және т.б. топтар. Үлкен топтар елеулі саяси ықпалға ие болғандықтан әртүрлі әлеуметтік қозғалыстардың базалық негізі болуы мүмкін.

Орташа топтар өндірістік, территориялық бірлестіктер арқылы жасалынады, олардың арасында әртүрлі мүдделер мен саяси бәсекелестіктің болуы мүмкін.

Кіші топтарға ең бірінші мүдделерінің ортақтығы негізінде пайда болатын тұрақты немесе уақытша ассоциациялар жатады. Отбасы, кіші өндірістік бірлестіктер, қоғамдық өмірдің әртүрлі ұйымдары кіші топтардың түрлері. Кіші топтар үшін адамдардың тікелей байланыстары тән, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарды тұлғааралық, моральдық-психологиялық байланыс формалары реттейді.
Әлеуметтік топтар теориясында топтардың үлкен, орташа және кіші болып бөлінуі методологиялық мәнге ие.Үлкен әлеуметтік топтарға ел халқын

Слайд 7Назарларыңызға рахмет!

Назарларыңызға рахмет!

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть