Слайд 1
«Өткенді сақтай отырып,
болашақты жасаймыз»
Слайд 2
Мұражай туралы мәлімет
Мектептің атауы: Жалпы білім беретін М.Қаналиев
атындағы Алғабас орта мектеп-балабақша кешені
Мұражайдың ашылған жылы: 2014жыл
Мұражайдың бағыты: тарихи-өлкетанулық
Мұражайдың жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі
А.Қ.Губайдуллина
Мұражайдың экскурсия жетекшісінің аты-жөні: 9 сынып
оқушысы Жәңгір Айя
Слайд 3
«Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әралуандылығымен және ұлылығымен қосып
қорғауымыз керек,мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек»
«Қазақстан - 2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауы
Н.Ә.Назарбаев
Слайд 4.
М.Қаналиев атындағы Алғабас орта мектебінде 2014
жылы Ұлы Отан соғысының ардагері,Сырым ауданының «Құрметті азаматы» есімі мектепке берілген Молдаш Қаналыұлының 90 жылдығына орай мұражай ашылды.
Мұражай зерттеу жұмыстарын жүргізу, есепке алу, сақтау, ұлттық жәдігерлер тарихын насихаттау, оқушылардың патриоттық рухын ояту жолында жұмыс атқаратын ғылыми-зерттеу, оқу-тәрбие және мәдени орталық болып табылады.
Өз қызметінде мұражай ҚР Конституциясы негіздерін, «Білім туралы», «ҚР Мұражай туралы», Президент жарлықтары, Білім және мәдениет саласындағы ҚР Үкімет қаулылары және аталған ережені басшылыққа алады.
Слайд 5.
Мұражайдың ашылу салтанатынан көрініс
Слайд 6 Мұражай қызметінің бағыттары:
- Ғылыми-зерттеу жұмыстары құжат және мәліметтер,
заттық деректер жинау, оларды ғылыми түрде жүйелеу, халық арасында сақталып қалған жәдігерлерді жинастыру, оларды есепке алу, арнайы тақырыптық іс- шаралар жүргізу негізінде жұмыс жасайды.
Мұражайды рухани, мәдени орталыққа айналдыра отырып, оқушылардың патриоттық рухын ояту, тарихи жәдігерлерді сақтау, құрметтеуін қалыптастыру бағытында қызмет етеді.
Мектеп мұражайларын құрудағы ең басты мақсат оқушылардың туған өлкенің тарихы мен мәдениетіне қызығушылығын арттыру, шығармашылық бейімділіктеріне қолдау көрсету, аға ұрпақ бойындағы адамгершілік құндылықтарына құрметпен қарау, елін, жерін сүюге бағытталған ұлтжандылық пен отаншылдық сезімдерін қалыптастыру, рухани-мәдени құндылықтарды бойына сіңіру.
Слайд 7
Мұражай кеңесінің қызметі:
Мұражай кеңесі мұражайдың жылдық жоспарын бекітіп, негізгі
бағыттарын айқындайды.
Экспозициялардың тақырыбын, құрылымын белгілейді.
Мұражай кеңесінің төрағасы мектеп директоры болып табылады.
Мұражай кеңесінің мүшелері мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі, толықтырылады.
Мұражай жұмысының қорытынды есебі Мұражай кеңесі отырысында бекітіледі.
Мұражай қызметкерінің міндеттері:
Тақырыптық жоспар жасау, заттық айғақтық дүниелер жинау, жәдігерлердің аталуын ғылыми түрде анықтап жазу, мұражай құжатын жүйелі жүргізу, тарихи-мәдени орындарға саяхаттар, экспедициялар ұйымдастыру және оны құжат түрінде жинақтап отыру.
Слайд 8Мұражай бөлмесінің іс-жоспары
Слайд 9
Мұражай экспозициясының негізгі бөлімдері
«Ер есімі ел есінде»
Слайд 10
Мұражай экспозициясының негізгі бөлімдері
«Мектеп тарихынан»
Слайд 11
Мұражай экспозициясының негізгі бөлімдері
«Еңбек майдангерлері»
Слайд 12
Мұражай экспозициясының негізгі бөлімдері
«Қазағымның Қадыры»
Слайд 13
Мұражай экспозициясының негізгі бөлімдері
«Мектептің жетістіктері»
Слайд 14
Оқу-тәрбие жұмысындағы мұражайдың ролі
Оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі мұражайға саяхаты
Слайд 16— мұражай бұл – барлық адам көріп қызықтай алатын, бәріне де
қолжетімді, адамзат баласының өз қолымен жасаған құнды дүниелерін жинап, қастерлеп сақтайтын табиғат және өнер туындыларын сақтаушы орын.
— мұражай бұл — адамды табиғатпен және өткен тарихпен, шығармашылық өнермен байланыстыратын бірден-бір мәдени орын.
— мұражай бұл-адамның рухани және шығармашылық қасиеттерін шыңдайды.
мұражайлар – келешек жас ұрпаққа оқу-білім, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беретін, сонымен қатар қазақ халқының тарихын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, тұрмысын, тағы да басқа ұлтымыздың мұраларынан айырылып қалмауға септігін тигізетін рухани-мәдени орынға айналып отыр.
Ендеше ұлттық бай мұраларымызға деген жанашырлық әрдайым біздің есімізде болсын.Мұражайда сақталған құндылықтарымыз - қоғамдағы баға жетпес байлығымыз.