Слайд 1Тақырыбы: «Асқақ еді айбыны Абылайдың»
Орындаған :тарих пәнінің мұғалімі
Шаймергенов Бекайдар Бексұлтанұлы
Тауағаш
орта мектебі КММ
2014-2015 оқу жылы
Слайд 4Ат үстіндегі Абылай ескерткіші
Слайд 6МАЛШЫ САБАЛАҚ
Абылай хан - казақ халқынын ұлы ханы, дарынды колбасшысы және
шебер дипломаты. Ол 1711 жылы Оңтүстік Қазакстан облысында, Ташкен маңында дүниеге келсе керек.
Абылайдың балалык шағы анық емес. Бізге жеткен ауыз әдебиетіндегі жырларға қарағанда, оның туған тегі туралы біршама дүдәмал, екіұшты жағдайлар бар. «Жаныс Қарабайдың қолында түнде туған үл едің» дейді. Ол қазақ халқының басына түскен ең ауыр қасірет - «Актабан шүбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарында жетім қалып, Төле бидін колында тәрбиеленеді. Ол кезде шамамен он үш жаста болса керек. Шашы алынбаған, киімі алба-жұлба, түрі жүдеу балаға Төле би Сабалақ деген ат қойыпты. Бұкар жырау мен Тәтіқара ақыннын жырларында осы окиға баса айтылады.
«Атаңды білмес қүл едің...
Қай жеріңде төре едің?..
Бөз тоқьіған сарт едің...
Шешеңді және сұраса...
Қашып жүрген күнелткен күң еді» - деп, Бұкар жырау Абылайдың ата-тегінің белгісіз екендігін білдіреді.
Бірақ калай болғанда да, Абылай жастайынан алғыр, ақылды, іскер, батыр бала болып өскенін ешкім жокка шығара алмайды. Өйткені, бізге жеткен аңыздарда Сабалак басқа малшылардай емес, әрбір ісі мен сөзінде текті адамның кылығын көрсетеді. 20 жасында қалмактың атакты батырынан каймықпай, жекпе-жекке шығып, жеңіске жеткеніне карағанда, жауынгерлік өнердің мектебін жетік меңгерген. Сосын, басқа емес, қазактың Төле би сынды ұлы биінің колынан тәрбие көруі тегін болмаса керек. Ол хат таныған сауатты, сөз таныған білімді, ел қорғаған батыр жігіт болып өскен. Бір аңыздарға карағанда, жас Абылайды соғыс өнеріне баулыған қазактың хас батырынын бірі - Қанжығалы Бөгенбай. Ол Сабалақты Төле бидің үйіне келгенде кездестіріп:
- Көзің отты бала екенсің. - деп астындағы атын беріп кетеді де, артынан жорыктарға қосады.
Ал ата-тегі туралы мәселеге кайта оралсак, Сабалаққа Төле би Қаз дауысты Қазыбек би-мен келісіп алып үйретсе де немесе расында солай болса да, аласапыран заманда жетім калып, атын жасырып өскен төре тұқымы, яғни, Салкам Жәңгірдің бесінші ұрпағы. Өз әкесі - Көркем Уәли, атасы - Қанішер Абылай, бабасы - Уәли бакы, бесінші атасы -атакты Салкам Жәңгір хан.
Абылайдың азан шакырып койған аты Әбілмансұр көрінеді. Сосын, Сабалак, артынан Абылай атанды.
СҰЛТАН АБЫЛАЙ_
Шарышты жеңіп атағы шыккан соң Абылайды Әбілмәмбет сұлтан Көкшетауға алып кетеді. Абылай сұлтан атанып, ел билеу ісіне араласады. Сәмеке хан кайтыс болғаннан кейін 1734 жылы Әбілмәмбет Орта жүздің ханы болып сайланады да, Абылай сұлтан Әбілмәмбетке көмекші болады. Бір аңыздар бойынша, Сәмеке дүние саларының алдында «хан билігін екеуің бірге жүргізіндер» деген өсиет айтыпты. Өйткені, Абылай Әбілмәмбеттен батырлык жағынан ғана емес, шешендік пен көсемдік жағынан да алда түрған. Сол себептен де Әбілмәмбет хан бірнеше рет билік тізгінін Абылайға ұсынған. Абылай 1743 жылы калмакгың тұгкынынан кайтып келген соң Әбілмәмбет хан Орта жүз билігін Абылайға тапсырып, өзі Түркістан шаһарына коныс аударған. Абылайдың азаматтығы сол, Әбілмәмбет өлген соң ғана 1771 жылы оның орнына хан сайланған.
ҚОЛБАСШЫ АБЫЛАЙ_
Абылайдың әскери колбасшы ретіндегі кабілеті 1730-1740 жылдардағы шайкастардан көріне бастады. Ол Орта жүз колын баскарып, 1739 жылы Ұлы жүз ханы Жолбарыспен бірге Тәшкен мен Сайрам калаларын жоңғарлардан азат ету жорығына катысады. Жолбарыс хан шейіт болған соң
Абылайдың колдауымен Тәшкен Төле бидің баскаруына көшеді.
Кіші жүз ханы Әбілкайыр Абылай сұлтанға бір кызын ұзаткан. 1740 жылы көктемде Абылай Әбілкайырдың ұлы Ералы сұлтанмен бірге Еділ бойындағы торғауыт-калмактармен шайкаска түсіп, жауды Нарын кұмына куып тығады.
Осы жерде бір айта кететін нәрсе, калмақтар казак жерін екі жактан коршап отырған: шығыста - Жоңғар хандығы аркылы. батыста - Еділ калмактары аркылы. Жоңғар хандығының негізін калаган - шорос, хошауыт, дурвэд, торғауыт (хойтгар) деген төрт тайпа. Соның торғауыты шығыстан батыска кесіп өтіп, 1652 жылы Еділ бойында Қалмак хандығын құрған. Қалған үшеуі казақ жерінің шығысын басып алған. Осы оқиғаға байланысты Кіші жүз көбіне Еділ калмақтарымен арпалысса, ал ¥лы жүз бен Орта жүз елі бірігіп, өз жерін Жоңғар басқыншылығынан азат ету соғысынан көз ашпаған.
1740 жылы Қалдан Серен он бес мың колмен Әбілмәмбет ханды шабады. Орта жүз халкы Орынборға дейін босып кетеді. 1741 жылы Абылай тұтқынға түседі. Осы оқиғадан кейін Әбілмәмбет хан Қалдан Серен билігін мойындап, өз ұлын аманатқа калдыруды ұсынады. 1742 жылы қазак пен калмак «жаңа туған сәби ат жалын тартып мінетін жасқа жеткенше» бітімге келеді. Төле би бастаған 90 адам Қалдан Серенге барып, келіссөз жүргізіп, 1743 жылы Абылай сұлтанды тұтқыннан босатып алады.
Слайд 13Тұтқындағы Абылайдың өмірі қыл үстінде болған. Ол тапқырлығының арқасында ғана үш
ауыз сөзбен аман қалған. Қалдан Серен Шарыштың құны үшін өлтірмек болғанда «дат» сұрап, былай депті:
- Мен Шарышты қан майданда жекпе-жекте өлтірдім. Ал, сіз мені ұйқыдан үстап алып өлтіргелі отырсыз. Екіншіден, елімді жаудан азат етіп, отырықшы, егінші елге айналдырып өлсем, армансызбын деуші едім. Үшінші, төрт атадан бері еркек кіндіктіден жалгыз едім. Қазір өліп кетсем не бауыр, не бала жоқ, дүниеге келмегендей болам гой.
Хан төмен қарап отырып, қасындагы уәзіріне:
- Мына баланың айтып отырганының барлығы шын. Әсіресе соңғы сөзіне зер салшы. Мен де төрт атадан жалғыз едім. Әмірсана да жалгыз. Ол өліп қалса, тұяқсыз кеткенім ғой, - дейді қалмақша. Сол кезде Абылай: «Алдияр», — деп қол қусырып атып түрегеледі.
- Сен неге алдияр дедің? Әлде мен сені өлімнен құтқардым ба? - дейді хан.
- Тақсыр, балаңызга ұқсатқаныңыз құтқарғаныңыз емес пе?! Мен қалмақша білемін, - дейді Абылай сұлтан. Бүған Қалдан Серен разы болып, жанары от болып жанған қазақ сұлтанын өлімге қимапты.
1746 жылы Әбілкайыр хан Еділ калмақтарына тойтарыс беруге аттанса, Абылай мен Ералы сұлтан қазак жеріне еніп кеткен каракалпактарға карсы жорыкка шығады. Екі жак та жеңіске жете алмай, бірнеше күн соғысып, кері шегінеді. Бірак сол уақыттан бері қаракалпактар казак шекарасын кесіп өткен емес.
1745 жылы Қалдан Серен кайтыс болған сон Жоңғар хандығының берекесі кашты. Оның балалары хан тағына таласып, өзара кыркыска түсті. Осы сәтті пайдаланған Қазакелі 1751-1753 жылдары Оңтүстік Қазакстан, Жетісу, Тарбағатай және Алтай аймактарын жаудан азат етті.
Бұл сәтті Цин мемлекеті де өз пайдасына шешпек болып, 1755 жылы Жоңғар елін аяусыз кырып, босаған жерді өзіне каратып алады. Өйткені сәл кешіксе, ол жерге Қазак хандығы билік орната ма деп кауіптенді.
Слайд 14 Қалдан Сереннің ұлы Әмірсана Абылай сұлтаннан баспана сұрайды. Абылай тұгкында жүргенде
Әмірсанамен достаскан еді. Әрі Қалдан Сереннен кезінде сыйлыкка кыз алған соң, Әмірсанаға жезде болатын. Қытайлар оны қайтарып беруді талап етеді. Абылай кайтарудан бас тартады. Осыны желеу етіп, Қытай әскері 1756 жылы казак жеріне басып кірсді. Абылай Цин әскерімен бірнеше рет карулы кактығыска барадьт. Ашық соғыспай, жауды титыктатып қаша үрыс салады. Ауыр жарақат ала-ды. Егер, дэл осы мезетте Монғолияда көтеріліс бүрк ете қалып, Цин әскері соны басуға кері кайтпағанда, казақтын жағдайы қандай болары екіталай еді. Әбілмәмбеттің үлы Әбілфайыз сұлтанды аманатка беріп, Қытаймен бітімге келеді.
1765 жылы Абылай казак-кырғыз арасындағы даулы жерлерді айқындау үшін қырғыз манаптарына карсы жорықка шыкты. Қырғыздар бейбіт түрде беріліп, даулы аймақгар ¥лы жүздің карауына өтгі. Бұл жерлерде Абылайдың ұлы Әділ өз үстемдігін орнатты. Алайда, төрт жылдан кейін дау кайта жалғасты. Абылай әскері Шу өзені аңғарындағы кырғыздарды Тоқмакка дейін ысырды. Қолға түскен тұткындарды Көкшетау маңына коныстан дырды.
1765-1767 жылдары Қазак хандығының Қоқан билеушісі Ерденбекпен кактығысы өрістей түсті. Абылай сұлтанның бастауымен соғысқа кірген жауынгерлер Түркістан, Сайрам, Шымкент, Тәшкен қалаларын басып алды.
1771 жылы 5 каңтарда орыс кыспағын сезінген 31 мың түтін Еділ бойы қалмақтары енді атажұрты Жоңғарияға қоныс аудару максатымен жолға шығады. 170-180 мыңдай калмактың 40 мыңы қарулы әскер еді. Олар жол бойында кездескен казақ ауылдарын шауып, Сағыз өзеніне жеткенде Нұралы хан шайкаска шығады. Көп шығынға ұшырағанына қарамастан, калмактар Орта жүз жеріне бұзып-жарып өтеді. Жазға салым Абылай сұлтан оларды Апакөл маңында күтіп алады. 80 мың қазак әскері мен 50 мың кырғыз жауынгері Абылай туының астына келіп топтасады. Қоршауға түскен калмактар бітім сүрайды Абылай бүл үсынысты үш күн талкыға салды. Абылай қазақ пен қытай шекарасында калмактарды калқан етіп үстауды жөн көреді. Алайда, жеті атасынан бері калмактан көрген қорлығын еске алған казактың баска бас көтерерлері ата жауын аман жіберуге келіспейді. Осыны білген калмактар екінші күні түнде коршауды бүзып, Жоңғарға кашады. Қазактар олардың ізіне түсіп, жол-жөнекей шабады. Әйтсе де, 10-15 мындай қалмақ Қытай шекарасына аман ілігеді. Қытайлар баспана сүрап келген қалмактарды бодандыққа алып, әртүрлі провинцияға шашыратып орналастырады. Бұл окиға тарихта «Шанды жорық» деген атпен есте калды. Ал қалмақтың мұз еріп кеткен соң Еділ өзенінен өтіп үлгере алмай калған 11 мың отбасы Ресейде калуға мәжбүр болады. Бүгінде 140 мың халқы бар Калмак Автономиялык Рсспубликасын құрып отыр.
1771 жылы Әбілмәмбет хан дүние салды. Оның орнына үш жүздің жақсысы мен жайсаңы Түркістанда Абылайды хан көтерді.
1779 жылы Абылай Ресей патшалығының өзіне арналған Орта жүз ханы деген лауазымының атакбелгілерін кабылдау үшін Орынборға келіп кайтуға жіберілген шакыртуынан бас тартты. Себебі, ол өзін Орта жүздің ғана емес, бүкіл қазактың ханымын деп есептейтін.
1781 жылы Тәшкен жорығынан кайтып келе жаткан жолда Абылай хан өзін жайсыз сезінді. Әскер токтап аялдады. Хан осы жерде бекініс тұрғызуға бұйрык етті. Арыс өзенінің Сырдарияға кұяр жеріндегі бұл бекіністі халык «Хан корғаны» деп атап кетті. Осы жылдың мамыр айында ұлы хан дүние салды. Абылайдың сүйегін үш жүздің жаксылары Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне арулап койды.
Слайд 17Тарихи ескерткіштерді
қорғау менің міндетім
Слайд 43АБЫЛАИ ХАННЫҢ ӨМІР ТАРИХЫНЫҢ ТІЗБЕСІ:(хронологиялық тәртіп бойынша)
1711 - Тәшкен мен Түркістан
маңында дүниеге келген.
1723 - ата-анасынан жастаи жетім қалған; Әбілмансұр «Сабалақ» деген атпен Төле бидің малын бағып өсті.
1729-1730 - қалмақ батыры Шарышт жекпе-жекте өлтіріп, Абылай атанды.
Әбілмәмбет сұлтанмен Көкшетауға барып ел билеу ісіне араласты.
1740 - Қалдан Серен Әбілмәмбет ханды шабады.
1741 - Абылай саятшылықта жүрген жерінен қалмақтарға тұтқынға түседі.
1743 - тұтқыннан босатылады. Осы кезден бастап Абылай Орта жүз қазақтарын басқарады. Ал Әбілмәмбет хан Түркістан шаһарына қоныс аударады.
1751 - жоңғарларды Сырдария өңірінен, Оңтүстік өлкеден азат етеді.
1752-1753 - қазақ әскері Жетісу мен Алтайды жаудан қайтарып алады.
1754 - Қытай әскері қалмақтарды аяусыз қырып, Жоңғар мемлекетін біржола жойып жібереді. Жоңғар жерін жаулап алған соң қазақ жеріне кез алартады.
1756 - Қазақ даласына Цин империясы әскер кіргізеді. Қазақ әскері ашық шайқасқа шықпай, қашып-тиіп соғысады. Ауыр ұрыста Абылай қатты жарақаттанады.
1757 - Абылай Әбілмәмбеттің баласы Әбілфайызды қытайларға елшіліккі жібереді. Нәтижесінде екі ел арасындағы ұрыстар тоқтатылады.
1760-1765 -Абылай дау болып жүрген аумақтар үшін қырғыз манаптарына қарсы жорыққа шығады.
1765-1767 - Тәшкенде отырған Қоқан билеушісі Ерденбекпен қақтығыс өрістей түседі. Абылайдың атты әскер жасағы қалаға басып кіреді.
1771 - Жоңғарға өтпек болған Еділ қалмақтарының әскерімен шайқасты.
1771 - Орта жүз ханы Әбілмәмбет қайтыс болады. Оның орнына Абылайды хан етіп, ақ киізге көтереді.
1771-1774-қырғыздармен арадағы қақтығысты жағдайларды бейбіт жолмен шешуге ықпал етті.
1781 - Тәшкен жорығынан қайтып келе жатқан жолда қайтыс болды.