Слайд 1Ойыл қазақ орта мектебі
Секциясы: Сол күндердің ұмытылмас даңқы
Тақырыбы: «Өшпес ерлік, өлмес
мұра»
Авторы: Шурина Венера Рауильқызы , 11 «а» класс оқушысы, Ойыл қазақ орта мектебі, Ойыл ауданы, Ақтөбе облысы.
E-mail: kssh_uil@mail.ru
Жетекшісі: тарих пәні мұғалімі Сисенғалиева Люба Хамитовна
Слайд 2 Әйтеке би: « Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін. Батыр
болсаң,
жауға найзаң тисін. Батыр болып жауға найзаң тимесе, бай болып
халқыңа пайдаң тимесе, елден бетің күйсін!» дегендей биылғы
жеңістің жетпіс жылдық тойына орай мен ата-бабаларымыздың
шексіз ерлігі туралы жазғанды жөн көрдім. Кейінгі ұрпағына
тәуелсіз өмір сыйлаған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігін
қанша жазсақ та артық болмас. Балдәурен бала кезімде көзіммен
көрген майдангер ата менің көршім болатын. Ол-Ойыл өңіріне,
қала берді облысқа аты кеңінен таныс қаржыгер, банкир,
Ұлы Отан соғысының ардагері Шам Пангереев деген кісі.
Ауылымыздың аңызы болған майдангер атаның өмірі жайлы
зерттеу жүргізсем деген ой келіп, еріксіз қолыма қалам алдырды.
Слайд 3Шам Пангереев
1922 жылы 10 маусымда Ақтөбе облысы,
Ойыл ауданы,
Ақшатау
ауылдық Советінде туған.
Слайд 4Жастығын соғыс оты ұрлаған
Ұлы Отан соғысы басталған жылы ол 19 жаста
болған. Елде барлық ес білген, етегін жапқан дегендер майданға алынған. Оның үй-іші түгел соғысқа аттанады. Жас жігіт майдан даласына өзгелердей болып
аттануға ерік білдіргенде военкоматтағылар бірден келісе қоймаған. Арыз жазылады. «Мені өз еркіммен неміс-фашист басқыншыларына қарсы Отан қорғауға алуыңызды сұраймын». Сөйтіп туған ауылынан ұрыс даласына аттанып жүре береді.
Слайд 5 Әуелі оларды соғысқа дайындайды. Мылтықты қалай ұстау керегінен бастап, тактикалық
дайындықтың өзі алты ай уақытты алған. Ұрысқа қашан қатысамыз деген қызығушылық оның кейінгі зардабы болатынын ойлатпай, күн сайын соғыс хабарын тыңдап, бір қаланы босатса қуанып, жау басып алса жігерлерін қайрап соғыс тәсілдерін үйреткен. Бұл аралықта менің ойыма ой салған жауынгер атаның басынан өткізген мына бір жайттарын жазбасам болмас; 1942 жыл басталысымен бұлардың полкін Сталинград түбіне топтастырған. Алғашқы ұрыс та осы жерде басталған. Бірінші шабуылда – ақ немістің күшіне тойтарыс беріп үлгерген. Командирдің алғысын да алып масаттанған үш жауынгер қаннен қаперсіз келе жатқан. Іңір қараңғысы болса керек. Кенет мұның сол жағынан ысқырып өткен әлдебір үн естіліп, сол жақ бетін аптап ыстық жанып өткендей болады. Сол – ақ екен ортада келе жатқан еңгезердей жолдасы алдына гүрс етіп құлапты. Қасындағы екінші жауынгер айтып келе жатқан әңгімесін кілт доғарып, екеуі төменге үңілсе әлгінің басын оқ жұлып әкетіпті.
Слайд 6 Мына аяғымнан жарақат алғанын әуелі сезбей қалыппын, - деп ол
балағын түріп, оң аяғының балтырын көрсететінді. – Жүгіріп келе жатып қисаңдап құлай беремін, құлай беремін тұра жүгіремін, қайта құлаймын. Әлден соң аяғымның жаны кеткенін сезіндім. Аяқ киімім су кешкендей шылыпылдай бастады. Обмоткамды шешіп қарауым мұң екен қан шүмекше атты ғой. Сталинград майданы, Курск доғасы туралы әңгімені айтқанда ол кісінің жиі күрсінетін кездері болатын. Сталинградты қорғау ұрыстарына қатысқан көрші ата соғыс аяқталды деп эшелонға тиелген күйі Қиыр Шығыстан бір-ақ шығыпты. Жапонның квантун армиясын талқандауға қатысып, екі бірдей соғыспен елге оралады. Аяғынан жараланып, госпитальда екі ай жатып, ұрысқа қайта араласқан.
Слайд 7Соғыста «Ұлы Отан соғысының 1 дәрежелі»,
«Қызыл жұлдыз» ордендерін таққан.
«Германияны
жеңгені үшін»,
«Жапонияны жеңгені үшін»,
«Сталин үшін»,
«Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков»,
«Фронтовик» медальдарын басқа да
мерекелік медальдары төсінде жарқырап
тұратын. Соғыс деген ертегідей көрінетін
біздерге, яғни ауыл тұрғындары ол кісіні
мақтаныш тұтады.
Слайд 8 Ойыл өңіріне, облысқа, республикаға аты кеңінен танымал қаржыгер, банкир, Ұлы
Отан соғысының ардагері Шам Пангереев. Оның қызметте адал, таза жүректі, санаспай еңбек ететін адам болғанын көпшілік біледі. Заңның ала жібін аттамаған, ел үшін қажет болса тез шешім таба білетін жан болған. Ол кісінің жұмысынан кемшілік табу қиын. Аудандық қаржы бөліміне келді. Оның алдында Ырғыз аудандық қаржы бөлімін басқарған, тәжірибелі ардагер ата жиырма жылдан астам уақыт қызмет жасаған. Ол кісінің артынан мынадай сөз қалған: «Шам заң әрпінің соңын баққан адам, тыпыр еткізбейді» деген пікірді жойып, істің үнемі ұтымды, шешілетін жағынан кеңес беріп отыратын жан еді. Оның жасаған еңбегі, қызметі ел есінде мәңгіге қалды, - дейді көз көргендер
Слайд 9Ата ерлігі ұрпаққа үлгі
Шам атаның
Минск,
Молодечное,
Вильнюс,
Шауляй,
Иелгава,
Қиыр шығыстағы Рига қалаларын
босатқаны
үшін алған құрмет
грамотасы.
Слайд 10“ҮЗДІК ҚАРЖЫГЕР”
МЕДАЛЬІМЕН МАРАПАТТАЛҒАН
ОБЛЫС БОЙЫНША ЕКІ АДАМ АЛСА,
ОНЫҢ БІРЕУІ БІЗДІҢ МАЙДАНГЕР
АТАҒА
БҰЙЫРҒАН
Слайд 12Артына мәңгілікке із қалдырған…
Майдангердің өз
қолымен жазған
өмірбаяны
Слайд 13Шежірелі шаңырақ
Жұбайы Қатирамен бірге тамаша балалар
тәрбиелеген, олардың бәрі жоғары
дәрежелі
білім алған. Қара шаңырақтан алты бала
өсіп-өнген. Барлығы өскен, өрбіген отбасы
болып отыр. Жас болсақ та біздің бала
жүрегіміз Шам атаны еске алғанда, ұрпақ
жалғастығы деген ұғым өсіп, дами берсе
екен дейміз.
Слайд 14Құт дарыған шаңырақ-ердің бағы
Жапырағы жайылған, тамыры тереңдеген, өрісі кеңейген, өнегелі отбасы