Презентация, доклад на тему Шоқан Уалиханов- қазақтың тұңғыш географ-саяхатшысы

Содержание

I. КіріспеШоқаны бар елдің шоқтығы биікII. Негізгі бөліма) Шоқан Уәлихановтың өмірі, саяхаттары және ғылыми еңбектеріә) Сұңғыла саяхатшыб) Европаға ашылған терезев) Шоқан Уәлиханов туралы деректерIII. ҚорытындыМәңгі өшпес жарық жұлдызЖоспары:

Слайд 1Ш.Уәлиханов – қазақтың тұңғыш географ-саяхатшысы

Ш.Уәлиханов – қазақтың тұңғыш географ-саяхатшысы

Слайд 2
I. Кіріспе
Шоқаны бар елдің шоқтығы биік
II. Негізгі бөлім
а) Шоқан Уәлихановтың өмірі,

саяхаттары және ғылыми еңбектері
ә) Сұңғыла саяхатшы
б) Европаға ашылған терезе
в) Шоқан Уәлиханов туралы деректер
III. Қорытынды
Мәңгі өшпес жарық жұлдыз

Жоспары:

I. КіріспеШоқаны бар елдің шоқтығы биікII. Негізгі бөліма) Шоқан Уәлихановтың өмірі, саяхаттары және ғылыми еңбектеріә) Сұңғыла саяхатшыб)

Слайд 3Уәлиханов Шоқан (Мұхамедханафия) Шыңғысұлы
(1835–1865) – қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, шығыстанушы,

тарихшы, этнолог, географ, саяхатшы, фольклортанушы, суретші.
Уәлиханов Шоқан (Мұхамедханафия) Шыңғысұлы (1835–1865) – қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, шығыстанушы, тарихшы, этнолог, географ, саяхатшы, фольклортанушы, суретші.

Слайд 4Қазіргі Қостанай облысы аумағында (Сарыкөл ауданы Күнтимес мекенінде) дүниеге келген.

Қазіргі Қостанай облысы аумағында (Сарыкөл ауданы Күнтимес мекенінде) дүниеге келген.

Слайд 5Бабасы – Абылай Қазақ Ордасының, атасы – Уәли Орта жүздің хандары

болған. Әкесі – Аманқарағай округінің аға сұлтаны, Шота Уәлиханов.
Бабасы – Абылай Қазақ Ордасының, атасы – Уәли Орта жүздің хандары болған. Әкесі – Аманқарағай округінің аға

Слайд 6Күнтимес қыстауында ашқан қазақ мектебінде бастауыш білім алған

Күнтимес қыстауында ашқан қазақ мектебінде бастауыш білім алған

Слайд 7Шоқан осы мектепте оқып жүріп өлең, жыр, аңыз әңгімелерді оқуға және

хатқа түсіруге машықтанды. Көне шағатай тіліндегі дүниелерді тануды, арабша, парсыша оқу дағдыларын меңгерді. Халық мұрасын жинауды қолға алған әкесіне көмектесе жүріп, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Едіге» жырларының нұсқаларын жазып алуға қатысты.
Шоқан осы мектепте оқып жүріп өлең, жыр, аңыз әңгімелерді оқуға және хатқа түсіруге машықтанды. Көне шағатай тіліндегі

Слайд 81847 жылы күзде әкесі Омбыға алып келіп, кадет корпусына оқуға орналастырады.

1847 жылы күзде әкесі Омбыға алып келіп, кадет корпусына оқуға орналастырады.

Слайд 9Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу

орнының маңызы ерекше болды. Мұнда жабық әскери оқу орны болғанымен, көптеген пәндер әскери сабақтарға қоса орыс, батыс әдебиеті, географиясы мен тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері оқытылып, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ берген. Оқытушылар құрамында білімді және прогресшіл ой-пікірлі адамдар көп болған. Кадет корпусында Шоқан өзінің зеректігімен ерекшеленген. Тілді тез меңгеріп, өзі қатарлас оқушылардан озық оқыған. "Корпуста ой-өрісі, білімі жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озып отырды. Оған талайлар-ақ, назар аударды. Ол сондай қабілетті еді, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да білім, идея жағынан басып озды" – деп жазды бірге оқыған досы, этнограф-ғалым Т.Н.Потанин. 
Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды. Мұнда жабық

Слайд 10Ф. М. Достоевский 1854 жылдың наурыз айынан бастап, 1859 жылдың 2 шілдесіне дейін Семей қаласында

тұрды. Ол әуелде 7-Сібір шебі батальонында қатардағы солдаты боп қызмет етті, кейіннен унтер-офицер дәрежесіне көтерілді.
Ф. М. Достоевский 1854 жылдың наурыз айынан бастап, 1859 жылдың 2 шілдесіне дейін Семей қаласында тұрды. Ол әуелде 7-Сібір шебі батальонында қатардағы

Слайд 11Оның рухани өсуіне орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі, қазақ, араб, парсы

тілдерін білетін шығыстанушы Н. Костылецкий, өркениет тарихы пәнінен сабақ берген айдаудағы поляк оқымыстысы Г. Гонсевский, тарихшы А. Сулоцкий, географ Е. Старков секілді білімдар тұлғалар елеулі ықпал еткен. 14–15 жасар Уәлихановқа мұғалімдері болашақ ғалым, зерттеуші ретінде қараған. Сирек кездесетін көне кітаптарды алып оқуға корпус басшылары тарапынан рұқсат берілгендіктен, ол Жайық, Еділ, Каспий алабын, Оңтүстік Сібір, Байкал, Алтайды зерттеген П. Палластың «Саяхатын», Еділ, Каспий, Орал өңірі тарихы мен этнографиясын жазған П. Рычковтың күнделік жазбалары мен кітаптарының қазақ даласына арналған беттерін қызыға оқып, өзі де жазуға талаптанды.
Оның рухани өсуіне орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі, қазақ, араб, парсы тілдерін білетін шығыстанушы Н. Костылецкий, өркениет

Слайд 12Қазан университетінің профессоры И. Березиннің тапсырмасы бойынша Уәлиханов Тоқтамыстың «Хан жарлықтарына»

және Қыдырғали Жалайыридың «Жамиғ ат-Тауарих» атты шығармаларына талдау жасады.
Қазан университетінің профессоры И. Березиннің тапсырмасы бойынша Уәлиханов Тоқтамыстың «Хан жарлықтарына» және Қыдырғали Жалайыридың «Жамиғ ат-Тауарих» атты

Слайд 13Кадет корпусын бітіргеннен кейін Дербес Сібір корпусының штабында қалдырылып, бір жылдан

кейін Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Г. Гасфорттың адъютанты қызметіне белгіленеді. Оған ерекше тапсырмаларды орындайтын офицер міндеті жүктеледі. Бұл қызметте ол бюрократтық аппараттың, Дюгамель, Фридрихс, Кройерус, Кури сияқты шенеуніктер мен патша өкіметінің отаршылдық саясаты туғызған әділетсіздіктерді көріп, оларға қарсылығын білдіріп отырған.
Кадет корпусын бітіргеннен кейін Дербес Сібір корпусының штабында қалдырылып, бір жылдан кейін Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Г. Гасфорттың

Слайд 141856 жылы Ұлы жүздің приставы М. Хоментовский басқарған әскери-ғылыми экспедиция құрамында

Ыстықкөл алабын картаға түсіру, қырғыз елін зерттеу жұмыстарына қатысады. Сол аймақтың фаунасы мен флорасын зерттейді. Қираған көне қалалардың орнына, эпиграфиялар мен тас мүсіндерге назар аударады. Қырғыздардың бұғы, сарыбағыш, солты руларының арасында болып, қырғыз халқының шежіресін, өлең, жыр, аңыз-әңгімелерін, соның ішіңде «Манас» жырын жазып алады.
1856 жылы Ұлы жүздің приставы М. Хоментовский басқарған әскери-ғылыми экспедиция құрамында Ыстықкөл алабын картаға түсіру, қырғыз елін

Слайд 151856 жылдың тамызында Қытаймен арадағы сауданы жолға қою мақсатымен Құлжаға Ресейдің

өкілі болып баруға тиісті полковник Перемышельскийдің орнына Құлжаға барып, Қытай мен Ресей арасындағы шекара дауын шешуге атсалысады. Уәлихановтың Құлжа сапарынан кейін Ресей мен Қытай арасында «Тарбағатай келісімін» жасаудың негізі қаланып, Құлжа мен Шәуешекте орыс консулдығы ашылған.
1856 жылдың тамызында Қытаймен арадағы сауданы жолға қою мақсатымен Құлжаға Ресейдің өкілі болып баруға тиісті полковник Перемышельскийдің

Слайд 16Қашқариядағы мұсылмандар көтерілісін, Құлжа, Ақсу маңындағы елдің маньчжур әулеті билеушілеріне наразылығын

бақылау үшін 1857 жылы қайтадан Ыстықкөл қырғыздарына жіберіледі. 1856–1857 жылғы алғашқы саяхаттарының ғылыми нәтижелері Уәлихановтың «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс провинциясы мен Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар» атты еңбектерінде баяндалған. Осы сапарларында Уәлиханов қырғыз тарихының мәселелеріне, әсіресе, қырғыздардың Енисей алабын, Памир, Алтай тауларын бір мезгілде қалайша мекендегеніне ой жіберген. Саян – Тянь-Шань аралығы қырғыздардың көші-қон мекені болғаны жайлы ғылыми мәселені қолға алған. 17–18 ғасырлардың жазба деректерін сүзуге кіріскен Уәлиханов 1856 жылдың қысын Батыс Сібір облыстарының мұрағатын ақтарумен, Алтынхан, Жоңғар заманының құжаттарын іздеумен өткізген. Сөйтіп, Сібір мен Тянь-Шань аралығында көшіп жүрген қырғыздар Алатаудың автохтонды тұрғыны екенін тарихта тұңғыш рет анықтаған. Сол көне заманда қырғыздар Енисей алабымен тығыз байланысты болғанын, Енисей мен Алтай, Жоңғар даласы, Тянь-Шань — бәрі біртұтас географиялық аймақ болып тұрғанын дәлелдеген. Қырғыздар жөніндегі шығыс жазба деректерін де зерттеген. Алтай мен Тянь-Шань арасында 17 ғасырда Ойрат (Жоңғар) мемлекеті пайда болғанда ғана қырғыздардың Енисеймен байланысы тоқталғанын анықтаған.
Қашқариядағы мұсылмандар көтерілісін, Құлжа, Ақсу маңындағы елдің маньчжур әулеті билеушілеріне наразылығын бақылау үшін 1857 жылы қайтадан Ыстықкөл

Слайд 17Уәлихановтың тарих, география саласындағы еңбегінің даңқы Петербург ғалымдарына жетіп, 1857 жылы

ақпанның 27-інде 20-дан жаңадан асқан Шоқан Орыс география қоғамына толық мүшелігіне сайланады. 1858–1859 жылдардағы Қашқарияға сапары Уәлихановтың ғылым, ағартушылық саласындағы шығармаларының жаңа белеске көтеріліп, дәуірлеп өсуіне жол ашты. 13 ғасырдың соңғы ширегінде Марко Поло, содан 1603 жылы саяхатшы Гоес қана болған Қашқарияның географиясы, саяси құрылысы, мәдениеті мен тұрмыс-салтының ерекшелігі туралы үш жарым ғасыр бойы Еуропа ғылымында елеулі мәлімет болмаған. Еуропалықтарға жабық болып есептелетін Қашқария билеушісі Уәлихан-төре Шоқаннан бір жыл бұрын Үндістан арқылы барған немістің белгілі географы Адольф Шлагинтвейттің басын кескен еді. Экспедицияны Қашқарияға жіберу туралы шешімге 1857 жылы тамыздың 22-інде Александр II қол қойған. Соғыс министрі Сухозанеттің тапсыруымен экспедицияны ұйымдастырған Гасфорт Айрықша Сібір корпусында Уәлихановтан басқа офицердің экспедицияны басқара алмайтындығын ескеркен.
Уәлихановтың тарих, география саласындағы еңбегінің даңқы Петербург ғалымдарына жетіп, 1857 жылы ақпанның 27-інде 20-дан жаңадан асқан Шоқан

Слайд 181860 жылы маусымның 15-інде бұйрыққа қол қойған. Петерборға келген Уәлиханов бірнеше

мекемеде (Бас штабтың әскери-ғылыми комитетінде, Азия департаментінде, Орыс география қоғамында) қатар жұмыс істеп, Петербор университетінде лекция тыңдаған. Бас штабтың әскери-ғылыми комитетінің тапсыруы бойынша Орталық Азия мен Шығыс Түркістанның карталарын жасаған.
1860 жылы маусымның 15-інде бұйрыққа қол қойған. Петерборға келген Уәлиханов бірнеше мекемеде (Бас штабтың әскери-ғылыми комитетінде, Азия

Слайд 19Аз өмірінде Уәлиханов Орталық Азия халықтарының тарихына, географиясына, фольклорына және қоғамдық-саяси

құрылысына арналған көптеген құнды еңбектер қалдырған. Қазақстан географиясында Балқаш пен Алакөлдің бұрын біртұтас су айдыны болғандығы және Жоңғар қақпасынан соғатын Ебі желі туралы ғылыми деректерді алғаш келтірген. Ортағасырлық деректер мен ауыз әдебиеті үлгілері негізінде «Қазақ шежіресі» атты еңбек жазған. 1856–1858 жылдары ол Жетісуда Алматы, Қойлық, Алмалық қалаларының ескі жұртын зерттеп, көне заманның теңге ақшаларынан коллекция жасаған; Іледегі Таңбалы тас мекенін, Шолақтау мен Жоңғар қақпасындағы жартас жазуларының көшірмесін жасаған және Аягөз бен Ыстықкөл жағасындағы тас балбалдардың суретін қағазға түсірген. Ыстықкөл, Құлжа, Қашқар сапарының күнделіктері, «Көкетай ханның асы», «Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихы туралы пікірлер» — бәрі де сол кезеңнің үздік туындылары.
Аз өмірінде Уәлиханов Орталық Азия халықтарының тарихына, географиясына, фольклорына және қоғамдық-саяси құрылысына арналған көптеген құнды еңбектер қалдырған.

Слайд 201958 жылы Шоқан Уәлихановтың Алтынемелдегі қабірі басына биік ескерткіш орнатылды. Алматыда,

Көкшетауда, Семейде, Алтынемелде Шоқанның мүсіндік ескерткіштері бар. Тарих және этнология институтына, Көкшетау мемлекеттік университетіне, Алматыдағы бір көше мен мектепке, Астанадағы үлкен көшеге, Ақмола облысының бір ауданына ғалым есімі берілген. Сүйегі жатқан Алтынемелде мемориалдық кешен орнатылған. Ғылым саласындағы жетістіктері үшін ғалымдарға Уәлиханов атындағы сыйлық белгіленген.
1958 жылы Шоқан Уәлихановтың Алтынемелдегі қабірі басына биік ескерткіш орнатылды. Алматыда, Көкшетауда, Семейде, Алтынемелде Шоқанның мүсіндік ескерткіштері

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть