Сабақтың тақырыбы:Киіз үй –көшпелілердің баспанасы.
Сыныбы:6
Презентация на тему Разработка по истории на тему, предмет презентации: История. Этот материал в формате pptx (PowerPoint) содержит 28 слайдов, для просмотра воспользуйтесь проигрывателем. Презентацию на заданную тему можно скачать внизу страницы, поделившись ссылкой в социальных сетях! Презентации взяты из открытого доступа или загружены их авторами, администрация сайта не отвечает за достоверность информации в них, все права принадлежат авторам презентаций и могут быть удалены по их требованию.
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға көшпелілер өмірінен деректер беру, киіз үйдің ерекшеліктерімен таныстыру.
2.Оқулық пен қосымша деректерді пайдалануға, өз ойларын еркін айтуға, өз пікірлерін қорғап6әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру.
3.Ұлтжандылыққа, батылдыққа, бірлікке, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Көрнекілігі: суреттер, тақырыпқа арналған слайдтар.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка
Барысы: .
1.Ұйымдастыру
-Сәлеметсіздер ме балалар. Отырыңыздар.
-Оқушылар назарын сабаққа аудару.
1. Тренинг «Жүректен шыққан жылы сөз».
Оқушылар сабақты бір - біріне жылы сөз айтып, жаңа сабақты меңгеру барысында көңіл - күйлерінің жақсы болуына тілек білдіреді.
- Балалар, қазақта мынадай сөз бар «Жылы сөз жанға қуат береді» дейді. Ендеше бүгін сабағымызды бастамас бұрын бір - бірімізге жылы сөз айтып, бүгінгі күнге жақсы тілек айтып бастайық.
2. Үй жүмысын тексеру Жұптық жұмыс
2.1 Сұрақ жауап
1. Темір дәуірі неше кезеңнен тұрады?
2. Тарихтағы дәуірлердің атауы нені білдіреді?
3.Тарихта еңбек құралдарын жасаудың адам өмірінде қандай маңызы болды?
4. Көшпелі мал шаруашылығы дегеніміз не?
5. Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуының негізгі себептері
6. Ат әбзелдерін атаңдар
.
2.5 Отырықшы шаруашылық пен көшпелі мал шаруашылығын салыстырыңдар
(Венн диаграммасы )
.
І.Қызығушылықты ояту.
Ой шақыру стратегиясы.
Мұғалім: Жұмбақ шешкізу
Төбедегі көзінен
Күн сәулесі түседі
Бұрышы жоқ төрінен
Самал еркін еседі
.
Жаңа тақырып
Жоспары: 1. Дәстүрлі мал шаруашылығындағы көші- қон
2. Көшпелілердің баспанасы
ІІ. Мағынаны тану
.
Киіз үй маңызы мен көлеміне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Орда - салтанатты, жоғары мәртебелі адамдар бас қосатын, аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй. Мүның да бірнеше түрі бар. Алтын орда - 30 қанаттан тұратын ханның мәжіліс ордасы.
.
Боз үй, қоңыр үй, қараша үй - 4 - 5 қанатты қарапайым адамдар тұратын киіз үй.
.
Отау үй - жас жұбайлар үйі. Жолым үй, абылайша үй, жаппа – уақытша ғана отыратын шағын немесе жартылай тігілетін үй. Ақ шаңқан үй - сүттей ақ, аппақ киіз үй. Ұраңқай - уық тәрізді сидам ағаштардан басын түйістіріп тігілген киіз үй.
.
V. Бекіту.
1. «Киіз үй тігу» ойыны
Ойынның шарты: төменде берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы киіз үй макетін құрастыру.
1. Киіз үй неше бөліктен тұрады?
2. Киіз үйден басқа ежелгі Қазақстанда қандай баспаналар болған?
3. Кереге мен шаңырақты жалғастыратын иілген сырық.
4. Сықырлауық дегеніміз не?
5. 30 қанат киіз үйді қалай атайды?
.
Қорытындылау:
Мына ойды жалғастыр
Егер мен киіз үйде тұрсам......................
Үйге тапсырма беру: §13 оқып келу. Диаграмма сызу, киіз үйдің ішкі бөлігі туралы қосымша мәлімет жинау
VI. Бағалау. Оқушылардың үй тапсырмасы мен жаңа сабақты игерумен белсенділіктерін бағалаймын.
«Біле бер қанша білсең, тағы тіле.
Жетерсің мақсатыңа біле-біле». Ж.Баласағұн
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть