Презентация, доклад Тас ғасыры (10 сынып)

Тас ғасыры – археологиялық дәуірге бөлуде алғашқы тас құралдарының пайда болуынан бастап, қола құралдарының шығуына дейінгі кезеңді қамтитын көне дәуір. Тас дәуірі көне тас ғасыры – палеолит, өтпелі кезең – мезолит, жаңа тас ғасыры – неолит

Слайд 1ТАС ҒАСЫРЫ
Орындаған: Танирбергенова А.А

ТАС ҒАСЫРЫ Орындаған: Танирбергенова А.А

Слайд 3Тас ғасыры – археологиялық дәуірге бөлуде алғашқы тас құралдарының пайда болуынан

бастап, қола құралдарының шығуына дейінгі кезеңді қамтитын көне дәуір. Тас дәуірі көне тас ғасыры – палеолит, өтпелі кезең – мезолит, жаңа тас ғасыры – неолит болып бөлінеді. Палеолиттің ерекшелігі Еуразия мен Африка аймақтарының сол дәуірдегі мәдениеттерінің бір-біріне едәуір ұқсастығы болып табылады. Тас ғасырында тас құралдарымен қатар сүйектен, ағаштан жасалғандары да қолданылды. Ежелгі палеолит адамдары бірігіп аң аулады, бірігіп терімшілік етті. Ежелгі палеолит кезеңінде дінге сенушілік болған жоқ. Шелль және ашель дәуірінде питекантроптар, синантроптар, гейдельберг адамы өмір сүрді. Ортаңғы палеолиттің мүстье дәуірінде жаңа адамдар типі – неандертальдықтар қалыптасты.
Тас ғасыры – археологиялық дәуірге бөлуде алғашқы тас құралдарының пайда болуынан бастап, қола құралдарының шығуына дейінгі кезеңді

Слайд 4Палеолит (гр. Palaios – ежелгі және lithos – тас) – ежелгі

тас ғасыры. Б. з. б. 2,6 млн. жылдан – б. з. б. 10 мың жыл аралығын қамтиды. Палеолит ғылымда төменгі, ортаңғы және жоғарғы деп 3-ке бөлінеді. Төменгі немесе ежелгі палеолит шамамен б. з. б. 2 млн-нан 140 мың жылға, ор­таңғы палеолит 140 мыңнан 40 мыңыншы, ал жоғарғы немесе кейінгі палеолит 40 мыңнан 10 мың жылдыққа дейін созылды. Палеолит екі кезеңге – ежелгі және соңғы палеолит деп бөлінеді. Ежелгі палеолит ірі-ірі үш кезеңге (мәдениетке): олдувэй (б. з. б. 2,6 млн. жыл – 700 мың жыл), ашель (б. з. б. 700 мың жыл – 150–120 мың жыл) және мустье (б. з. б. 150 – 120 мың жыл – 35 – 30 мың жыл) кезеңдеріне бөлінеді. Соңғы палеолит б. з. б. 40 – 35 мыңжылдықтан басталып, 10 мыңжылмен аяқталады.
Палеолит (гр. Palaios – ежелгі және lithos – тас) – ежелгі тас ғасыры. Б. з. б. 2,6

Слайд 5Мезолит (мезо – аралық және грекше lithos – тас) – орта

тас ғасыры, палеолит пен неолиттің аралығындағы тас дәуіріне жататын археологиялық өтпелі кезең. Бұл терминді 19ғ-дың 70-жылдарының аяқ кезінде швед ғалымы О. М. Торелль енгізді. Еуропада шамамен б. з. б. 9 – 5 мыңжылдықтарды, Таяу Шығыста ол б. з. б. 10 – 7 мыңжылдықтарды қамтиды. Палеолиттен Мезолитке көшу климаттағы өзгерістер мұздықтардың еруімен байланысты. Қазақстан тұрғындарының өмірінде жеке аң аулау әдісі жетекші маңыз алды. Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы – садақ пен жебе.
Мезолит (мезо – аралық және грекше lithos – тас) – орта тас ғасыры, палеолит пен неолиттің аралығындағы

Слайд 6Неолит (б. з. б. 5 – 3 мыңжылдық) Неолит – жаңа

тас дәуірі. Б. з. б. 7-мыңжылдықтың екінші жартысы мен 6-мыңжылдықтың басын қамтиды. Бұл тас өңдеу техникасының гүлден­ген кезі болды. Тас өңдеудің тегістеу, бұрғылау, кесу сияқты жаңа технологиялық әдістері шықты. Тас балталар, кетпендер, дән үккіштер, келілер, келсаптар жасала бастады. Әдемі тастардан әшекейлер – білезіктер, алқалар жасалды. Неолит дәуірінің маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену орнына – өндіруші шаруашылық туындауы. Яғни, терімшілік, аң аулау орнына егін және мал шаруашылығы келе бастады.
Неолит (б. з. б. 5 – 3 мыңжылдық)  Неолит – жаңа тас дәуірі. Б. з. б.

Слайд 7Энеолит (лат. Aeneus – мыс және грекше lithos – тас) –

тас және қола ғасырының аралығындағы археологиялық өтпелі кезең (б. з. б. 4–3 -мыңжылдық) тас – мыс кезеңі. Энеолит адамдар өміріне мыс құралдар енген дәуір. Осы кезеңде таспен қоса мыс құралдар да пайда бола бас­тайды. Бірақ мыстан жасалған құралдар тас құралдарды адам өмірінен біржолата ығыстырып шығара алмады. Себебі, мыс өте иілгіш, майысқыш болғандықтан мықты құралдар жасауға мүмкіндік болмады. Энеолитте тас индустриясы құлдырап, тас құралдар жиынтығының ке­муіне әкеліп соқтырған. Бірақ Қазақстан даласында энеолит басқаша көрініс берді. Мұнда тастарды пайдалану кері кеткен жоқ, керісінше жоғары деңгейіне көтеріле түсті.
Энеолит (лат. Aeneus – мыс және грекше lithos – тас) – тас және қола ғасырының аралығындағы археологиялық

Слайд 10Көне палеолит қырғыштары

Көне палеолит қырғыштары

Слайд 11 1.Батпақ тұрағының жас мөлшері қай ылдарды қамтиды? А) Б.з.б. 30-25 мың жыл в)

б.з.б 20-35 мың жыл с) б.з.б 30-35 мың жыл D) б.з.б 35-40 мың жыл 2.Қазақстан жерінде қолайлы климат қай кезеңде орнады? А) Б.з.б. 5 мыңжылдықта В) Б.з.б. 3 мыңжылдықта С) Б.з.б. 8 мыңжылдықта D) Б.з.б. 2 мыңжылдықта 3. Егіншілік қашан пайда болады? А) Б.з.б. 8 мың жыл бұрын В) Б.з.б. 10 мың жыл бұрын С) Б.з.б. 9 мың жыл бұрын D) Б.з.б. 4 мың жыл бұрын 4.Ботай тұрағының мерзіміне қай мыңжылдықтар жатады? А) Б.з.б. 3-2 мыңжылдықта В) Б.з.б. 5-2 мыңжылдықтар С) Б.з.б. 3-4 мыңжылдықтар D) Б.з.б. 7-3мыңжылдықтар 5. Питекантроп Ява аралынан қай жылы табылды? А) 1894 жылы В)1890 жылы С)1892 жылы D) 1891 жылы 6. Палеолит(ежелгі тас ғасыры) қай жылдарды қамтиды? А) Б.з.б. 2 млн 500 мың – 12 мың жыл В) Б.з.б. 3 млн 500 мың – 12 мың жыл С) Б.з.б. 4 млн 500 мың – 12 мың жыл D) Б.з.б. 5 млн 500 мың – 12 мың жыл
1.Батпақ тұрағының жас мөлшері қай ылдарды қамтиды? А) Б.з.б. 30-25 мың жыл в) б.з.б

Слайд 127. ”Епті адам “ қай жылдары өмір сүрді? А) Б.з.б.

2 млн 500 мың жыл бұрын В) Б.з.б. 3 млн 500 мың жыл бұрын С) Б.з.б. 1 млн 750 мың жыл бұрын D) Б.з.б. 5 млн 500 мың бұрын 8. ” саналы адам’’ қай жылдары өмір сүреді? А) Б.з.б. 40-35 мың жыл бұрын В) Б.з.б. 30-35 мың жыл бұрын С) Б.з.б. 20-25 мың жыл бұрын D) Б.з.б. 40-45 мың жыл бұрын 9. Неандерталь баланың бас сүйегі қай жылы табылды? A) 1939 жылы B) 1938 жылы C)1934 жылы D)1935 жылы 10. Тас пен мыстан жасалған еңбек құралы қатар қолданылған кезең: A) микролит B) мезолит C) палеолит D) энеолит
7. ”Епті адам “ қай жылдары өмір сүрді?   А) Б.з.б. 2 млн 500 мың жыл

Слайд 131) А 2) С 3) В 4) А 5) D 6) A 7) C 8) A 9) B 10)D

1) А 2) С 3) В 4) А 5) D 6) A 7) C 8) A 9)

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть