Географиялық орналасуы:
Еуропамен арадағы шартты шекарасы Орал тауының шығыс етегі, Ембі өзені, Каспий теңізі, Кума-Маныч ойысы, Азов теңізі, Қара теңіз, Босфор бұғазы, Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы өтеді. Ауданы 43.4 млн. км2 (бүкіл құрлықтың 30%-ы). Оңтүстік-батыста Суец мойнағы Азияны Африкамен жалғастырады; Солтүстік Америкадан Беринг бұғазымен бөлінеді. Оңтүстігінде құрлыққа Малай топаралы кіреді. Таяу аралдардың жалпы ауданы 2 млн. км2-ден асады. Жағалауы аз тілімделген. Құрлықтың орталық бөліктері мұхиттардан 2-2.5 мың км қашықтықта орналасқан.
Түбектері:
1. Таймыр түбегі
2. Чукот түбегі
3. Камчатка түбегі
4. Корей түбегі
5. Үндіқытай түбегі
6. Декан түбегі
7. Арабия
8. Кіші Азия түбегі
9. Үнді түбегі
Азия картасы
Құрлықтың шеткі нүктелері:
солтүстігінде – Челюскин мүйісі;
оңтүстігінде Пиай мүйісі;
батысында Рока мүйісі;
шығысында Дежнев мүйісі;
Ең биік таулар мен тау қыраттары:
1. Памир
2. Тянь-Шань
3. Тибет тау қыраты
4. Гималай
5. Гиндукуш
6. Қарақорым.
Гималай тауының шыңдары 7 – 8 мың метр және одан да биік болып келеді. Солтүстік шығыс белдеуі Тянь-Шань тауынан Чукот түбегіне дейін созылады. Бұған кіретін таулар ендік белдеуге қарағанда көне әрі аласа болып келеді. Солтүстік-шығыс белдеуден батыс және шығыс жаққа қарай орташа, аласа таулар мен тау үстірттері тарайды.
"'Ең ірісі: Орта Сібір таулы үстірті."' Құрлықтың шығыс жағында бұл екі белдеуден оқшау солтүстіктен оңтүстікке қарай Коряк таулы қыраты, Камчатка таулары, Сихотэ-Алин, Корей таулары, Наньмин, Аннам тау қыраты тізбектеліп орналасқан. Азияның жалпы аумағының 25%-ы жазықтар.
1961-1990 жылдар аралығындағы кеңістіктің айлық орташа температурасы. Жыл-ай бойынша өзгерісті көрсетеді.
Қытай - Бейжің
Гонконг - Виктория-Сити
Жапония - Токио
Макао
Моңғолия - Ұлан-Батыр
Солтүстік Корея - Пхеньян
Оңтүстік Корея - Сеул
Тайвань - Тайпей
Солтүстік Азия:
Ресей - Мәскеу
Оңтүстік-шығыс Азия:
Бруней - Бандар Сери Бегауан
Камбоджия - Пномпен
Шығыс Тимор - Дили
Индонезия - Джакарта
Лаос - Vientiane
Малайзия - Куала Лумпур
Мьянма (Бирма) - Naypyidaw
Филиппиндер - Манила
Сингапур - Сингапур
Таиланд - Бангкок
Вьетнам - Ханой
Оңтүстік Азия:
Ауғанстан - Кабул
Бангладеш - Дака
Бутан - Thimphu
Үндістан - Нью Дели
Иран - Тегеран
Мальдивтер - Мале
Непал - Катманду
Пәкістан - Исламабад
Шри-Ланка - Коломбо
Оңтүстік-батыс Азия:
Армения - Ереван
Әзірбайжан - Баку
Бахрейн - Манама
Кипр - Никосия
Газа - Газа
Грузия - Тбилиси
Ирак - Бағдат
Израиль - Құддыс
Иордан - Амман
Кувейт - Кувейт
Ливия - Бейрут
Оман - Мускат
Катар - Доха
Сауд Арабиясы - Рияд
Сирия - Дамаск
Түркия - Анкара
Біріккен Араб Әмірліктері - Абу Даби
Батыс жағалауы
Йемен - Сана
Чеджудо аралына көрініс
Пэктусан тау жотасы
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть