Презентация, доклад по казахскому языку Қазыбек би 7 класс

1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Орта жүз, Арғын.қаракесек руынан тарайтын болатқожа атасынан шыққанТуған жері-Сыр алабыТеректінің көркем табиғаты

Слайд 1Қазыбек би 1667- 1794
Атақты үш бидің бірі, көрнекті мемлекет, қоғам қайраткері.

Аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, әкесі Келдібек өз заманының атақты билері. Би 18-ғасырдың 40-жылдарында Сыр бойынан Арқаға қарай көшіп, Ұлытау, Қарқаралы өңірін қоныс қылып, Семізбұғы тауының беткейлерін жайлаған. Балалары: Бекболат, Қазымбет, Базаргелді, Барқы, Сырымбет есімді бес ұл, Маңқан (Қамқа) деген бір қыз туған. Қазыбек ұрпақтары ата-баба жолын қуып, сөз ұстаған парасатты әділ қазылар атанған. Баласы Бекболат, одан кейінгі Тіленші, Алшынбайлар да дүйім жұртты аузына қаратқан әділ де тура билер болған. Белгілі әнші-композитор Мәди Бәпиұлы да Қазыбек бидің ұрпағы.

Қазыбек би  1667- 1794Атақты үш бидің бірі, көрнекті мемлекет, қоғам қайраткері. Аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, әкесі

Слайд 21667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Орта жүз, Арғын.қаракесек руынан тарайтын

болатқожа атасынан шыққан

Туған жері-Сыр алабы

Теректінің көркем табиғаты

1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Орта жүз, Арғын.қаракесек руынан тарайтын болатқожа атасынан шыққанТуған жері-Сыр алабыТеректінің көркем

Слайд 3Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ.

Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған.
Бидің жастық шағы мен бүкіл саналы өмірі қазақ елінің өз ішінде рулық-тайпалық алауыздықтар мен хандық билікке таластың неғұрлым өршіген, көрші мемлекеттердің көз тігуі жиілеп, Жоңғар шапқыншылығы үдей түскен кезеңге тап келді. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда, ол Тәуке ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне ілесіп алғаш рет қалмақ қоңтайшысы Цэван Рабданға барғанында 14 жаста екен.
Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен

Слайд 4Абылай хан тұсында мемлекет басқару ісіне белсене араласқан Қазыбек би ішкі

және сыртқы саясат мәселелерінде ықпал ете алатын. Ол — жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресті ұйымдастырушылардың бірі. XVIII ғасырдың 40-жылдары Абылай хан жоңғарлар қолына түсіп қалғанда, оны тұтқыннан босатып алуға белсене атсалысты.    XVIII ғ. 60-жылдары Цинь империясы Қазыбек биді өз жағына шығару үшін елшілерімен бірге бағалы сыйлықтар жіберген. Қазыбек би Қытай жағына қарсы болған. Ол Абылайды Цинь империясымен қарым-қатынас жасамауға шақырған.
Абылай хан тұсында мемлекет басқару ісіне белсене араласқан Қазыбек би ішкі және сыртқы саясат мәселелерінде ықпал ете

Слайд 5Шоқан Қазыбек би туралы
Шоқан Уәлихановтың «XVIII ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар»

деген еңбегінде: «Абылай ханнан үш жүздің батырларының ішінен кімді ерекше құрметтейсіз деп сұрағанда, ол: «Бізге дейінгі ерлерден екі кісіге таңқалуға болады. Оның бірі 90 туысын Қалдан Сереннің тұтқынынан құтқарған қаракесек Қазыбек те, екіншісі өзінің сондай тұтқындағы туысын құтқарған уақ Дербісәлі. Мұның алғашқысы Қалданға өзі барып, сұрап алды. Соңғысы өзінің аулында отырып, жауын қорқытып алды» деп жазады. Бұл заманында ақылымен қатарынан озған дана биіне ел басшысының берген нақ та әділ бағасы еді.                             
Шоқан  Қазыбек би туралыШоқан Уәлихановтың «XVIII ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар» деген еңбегінде: «Абылай ханнан үш

Слайд 6Қазыбек би 1764 жылы Семізбұғы тауының етегінде 97 жасында дүниеден өткен.

Денесін баласы Бекболат Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне апарып жерлеп, басына құлпытас орнатқан. Қазыбек бидің қайраткерлік қызметі мен шешендік өнері туралы Алексей Левшин, Шоқан Уәлиханов, Шаһабуддин Маржани, Балтабай Адамбаев, Нысанбек Төреқұлов, т.б. зерттеулері сақталған.
Қазыбек би 1764 жылы Семізбұғы тауының етегінде 97 жасында дүниеден өткен. Денесін баласы Бекболат Түркістандағы Қожа Ахмет

Слайд 7Түркістан- қасиетті мекен

Түркістан- қасиетті мекен

Слайд 8Назарларыңызға рахмет!










Дайындаған: Кадирова Толкын Женисовна
Қарағанды қаласы, ЖББ №77 МБК
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Назарларыңызға рахмет!

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть