Слайд 1«Д.Қонаев атындағы орта мектеп» КММ
Панорамалық сабақ
Тақырыбы:«Отбасы құндылықтары»
(Нәтиже сабақ)
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Жиенбаева Молдир Серикбаевна
Слайд 2Тақырыбы:«Отбасындағы құндылықтар» 7-бөлім.Қазақстан ұлттар досығы.
Оқу мақсаты: О/2- Сөздер мен терминдердің
мағынасын түсіну;
А/4- Сенімді және еркін жауап беру /сөйлеу/
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы:Сөздер мен терминдердің мағынасын түсіне алады;
Көбі: Сенімді және еркін жауап бере алады және еркін сөйлей алады;
Кейбірі:Көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, әңгіме құрастырып жаза алады.
Оқу әдістері: Түсіндіру, сұрақ-жауап,талдау, «Шаттық шеңбері» тренигі, Болжау стратегиясы, Екі жұлдыз - біл тілек әдістері.
Сабақтың түрі: нәтиже сабағы
Сабақтың әдісі: шығармашылық жұмыс, тілдік талдау, сыни тұрғысынан ойдауды дамыту, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: шығармашылық жұмыс тапсырмалары, талдау үлгісі
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, өзін- өзі тану.
Слайд 3*
Күтілетен нәтижелер:
- Мәтіннің негізгі мағынасын түсінеді, өз көзққарасын жұпта,
топта дәлелдейді.
-Берілген тақырып бойынша өз ойын жүйелі мазмұндап айтуға және сауатты жазуға дағдыланады.
- Күнделікті өмірде ұлттық құндылықтарды бағалай білуге машықтанады.
- Топтық жұмыста еркін қарым-қатынасқа түсіп үйренеді.
.
Слайд 4Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушыларды 4 топқа бөлу. Әр
оқушыға жабық жатқан қиық қағаздар таратылып, сондағы құндылықтар бойынша топқа бөлінеді.
1. І топ – «Мейірімді» сөзді алған;
2. ІІ топ – «Жомарт» сөзді алған;
3. ІІІ топ – «Қонақжай» сөзді алған;
4. IV топ – «Шыдамды» сөзін алған оқушылар 4- топқа бөлінеді.
Слайд 5 Постермен жұмыс
Мақсаты: отбасы туралы деректерді өз
өмір тәжірбиесімен байланыстыра өз ойын тиянақтайды.
Суреттер бойынша әңгімелеу. Оқушылар өз отбасының суреттерін әкеліп, топ жұмыстарына қолданады.
Слайд 6Қорытындылаушы сұрақ:
Осы әңгімелеуден отбасыңның саған ұнаған қандай қасиеттерін атай аласыздар?
(адамгершілік,татулық,бірлік, қайырымдылық,мейірімділік…
)
Слайд 7Жаңа тақырып
Отбасындағы құндылықтар
Әке, ана, ата, әже,аға, жеңге, нағашы, бауыр, сіңлі, қарындас,
жезде, немере, жиен.
Слайд 8Мәтінмен жұмыс:
Жангелді кішкентай баласын іздейді.Үйдің артына барса, баласы ағаштан
бір нәрсе жасап жатыр екен.
-Нұрлан сен не істеп жатырсың?
-Ағаш тостақ жасап жатырмын.
-Ағаш тостақты не істейсің? Үйде одан да әдемі тостақдар көп қой.
Слайд 9-Бірақ сол тостақтармен сізге тамақ құйып бере алмаймын ғой.
-Неге құя алмайсың?
-
Өйткені сіз қартайғанда ағаш тостақтан басқасымен тамақ іше алмайсыз ғой.
Слайд 10Мұны естіген Жангелдінің денесі мұздай болып кетті. Ол өзінің қатесін түсінді.
Өткені оның әйелі қартайған әкесіне шыны ыдыстарды сындырады деп ағаш тостақпен тамақ беретін.
Кешкі тамақта Нұрлан дастарханнан ешқандай ағаш ыдысты көре алмады.Таңданған Нұрлан ата – анасына қарады.Олар әдемі шыны ыдыстармен атасына тамақ беріп жатқан еді.
Слайд 11Құндылық
“Оқылым” мәтінінен өзіңізге қажетті қандай құндылықтарды алар едіңіз?
Неге?
Қадірлеу
Ынтымақ
Қуаныш
Аса зор салтанат
Кешіру
Татуласу
Слайд 12Әр топқа тапсырмасы бар түрлі-түсті қиықша конверт беріледі.
Слайд 13I топ қызыл қиықша
Мақсаты:
1.Мәтінді оқу, ат қою.
2. Мәтінге қажетті сөздер топтамасын
жасау.
3. 5 сұрақ құрастыру, мазмұндау.
Слайд 14Дискрипторлар
Мәтінді оқып түсінеді, мәтінге ат қояды.
Мәтіндегі қиын сөздерді түсінеді.
Мәтіннен 5 сұрақ
құрастыра алады.
Қысқаша мазмұндай алады.
Өз көзқарастарын білдіреді. Тақырып бойынша сенімді еркін сөйлейді.
Слайд 15II топ жасыл қиықша
Мақсаты:
1.Мәтінді оқу, түсіну, ат қою.
2. Сурет салу.
Мәтіндегі 5
сөзге антонимдік қатар құру, 3 омоним сөз табу.
Слайд 16 Дискрипторлар
Мәтінді оқып түсінеді,
мәтінге ат қояды.
Мәтіндегі қиын сөздерді түсінеді.
Мәтінге байланысты сурет салады, сурет бойынша әңгімелей алады.
Мәтіндегі сөздерге антоним, омоним атай алады.
Өз көзқарастарын білдіреді. Тақырып бойынша сеніді және еркін сөйлейді.
Слайд 17III топ көк қиықша
Мақсаты:
1.Мәтінді оқу, түсіну, ат қою.
2. Мәтінді бөліктерге бөлу,
атау.
3. Мәтіндегі 5 сөзге синонимдік қатар құру, 3 омоним сөз табу.
Слайд 18 Дискрипторлар
Мәтінді оқып түсінеді, мәтінге
ат қояды.
Мәтіндегі қиын сөздерді түсінеді .
Мөтінге 5 сұрақ құрастыра алады.
Қысқаша мазмұндай алады.
Өз көзқарастарын білдіреді. Тақырып бойынша сенімді және еркін сөйлейді.
Слайд 19 IV топ сары қиықша
Мақсаты:
1. Мәтінді оқу, түсіну, ат қою.
2. Қойылым
қою.
Слайд 20
Сабақты қорытындылау:
1.Құндылық дегеніз не?
2.Отбасы құндылық дегеніміз не?
3.Ұлттық құндылық дегеніміз не?
4.Адами құндылық
дегеніміз не?
5.Жеке бастық құндылық дегеніміз не?
6.Сіздің отбасыңыз тату ма? Неге?
7.Тату отбасын құру үшін сен не істей аласың?
Слайд 218.Сіздің отбасыңыздағы дәстүр ұнай ма, ұнамай ма?
9.Отбасы туралы мақал –мәтелдер айтыңдар.
-Үйдің
жылы суығын қыс түскенде білесің,
.....................................................................
-Жылы-жылы сөйлесең,
........................................
-Сабыр түбі-..............................................
Ұяда не көрсең,
...................................................................
-Әдепті бала-арлы бала,
......................................................................
-Әкеге қарап ұл өсер,
.........................................................................
Слайд 22Мұғалім сабақты бағалау критерийлерін оқушыларға таратып береді. (1 минут оқып, бос
орынға алып, қосарларыңыз болса жазуға болады)
Критерийлермен келісемін…
келіспеймін…(ойларын білдіреді)
Топтарды өзге топтар бағалау
(түсіну, қолдану, жинақтау)
Слайд 23Кері байланыс
Маған ұнады... Мен
менгердім...
Ескеруім керек... Келесі жолы мен...
Слайд 24
Рефлексия жасау.
Сабақ соңында:
Бүгінгі сабақта сізге не ұнады,не ұнамады?
Смайликтер арқылы біреуін таңдап,
өз пікірлерін жазады.
Үйге тапсырма:
“Отбасында ұлттық құндылықтарды сақтау”
Оқушылар сұхбат немесе пайымдау –эссе
жазады.
Слайд 25НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
Болашағымызжарқын,
мақсатымыз айқын болсын!