Слайд 1
Қазақтың текті иттерінің тегін жоғалтып алмайық
Автордың аты-жөні: Кабашеев Әділқан, 1-АК тобының
студенті
Жетекші: тарих пәнінің оқытушысы Ракишев А.Б.
Слайд 2Қазақтың текті иттерінің тегін жоғалтып алмайық
Қазақта «ит – опа, қатын
– жапа» деген сөз бар. Осы сөздерден-ақ қазақтың дүниетанымында иттің алар орны ерекше екенін аңғару қиын емес. Яғни ит иесіне қайырымды болғандықтан, опасыздық жасамайтындықтан, қазақ итті опа санаған. Сондықтан да оны жеті қазынаның қатарына қосып, ерекше әспеттеген. Алайда бүгінде жеті қазынамыздың қадірін жете түсіне алмай жатқанымыз өкінішті. Соның ішінде қазақы төбет пен құмай тазымыздың сиреп кеткені жанға батады. Жетістіктерін паш етіп жатқанымыз шамалы. Мәселен, қазақтың «Қонақ» есімді төбеті жуырда ғана ит төбелестіруден әлем чемпионы атанып келгенін естідіңіз бе? Жарыса жазып, көрсетіп жатқан бұқаралық ақпарат құралдарын көрмедік
Слайд 3 Тазы мен Төбет иттерді зерттеудің маңыздылығы мен өзектілігі.
Жүрдек аты –
жігіт қаны, қанаты
Қыран бүркіт – қарым күші, қуаты.
Құмай тазы – бастан берік сезімі
Ақ мылтығы – сөнбес оты, серігі.
Халық ауыз әдебиетінен
Слайд 4 «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық»-
деп Елбасының халыққа арнаған жолдауында атап көрсетілгендей, ұрпағы білімсіз елдің келешегі де бұлыңғыр екені баршаға аян. Әрбір мемлекет, әрбір ұлт өз өкілінің білімі мен бойындағы ерекше қасиеттері, таланты мен дарындылығы, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрініп, басқаларға қарағанда оқ бойы озық тұратынымен бағаланады. Өз ұлтының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін бойына ана сүтімен, әке қанымен сіңірген әрбір ұрпақ осы заман талабына сай біліммен қаруланса, ел келешегі еңселі, мәртебесі биік, арманы асқақ, елдің мерейі үстем болмақ.
Бұл ғылыми жобамызға аталған тақырыптың арқау болуы тегіннен тегін емес, бірде мен жаңалықтардан: «Таза қанды, Қазақы құмай тазы мен Төбет иттер жойылып бара жатыр дегенді» естідім де, ойланып мұғалімге бірнеше сұрақтарды қойдым, шынымен де ата-бабаларымыздың бізге, жас ұрпаққа, тастап кеткен асыл тұқымды аттарынан, қыран бүркіттерінен, тазы иттерінен айрылып бара жатқанымызға қамыға бастадым. Мұғалім шынымен ол иттердің жеті қазынаның бірі екенін жан-жақты түсіндіріп, ғаламтордан суреттерін көрсетті, міне осы сәттен қызығушылығым ояна бастады. Сол себептен, бұл тақырыпты ғылыми жобамызға зерттеу нысаны етіп алдық.
Тазы мен Төбет иттерді зерттеуде шетелдік және отандық оқымыстылары еңбек етті. Олардың ішінде шетелдік ғалым Л.П.Сабанеевті атасақ. Отандық зерттеуші мен ит өсірушілерге: Асылбек Әбдіқанұлы, Данияр Дәукей, т.б.
Слайд 5Ғылыми жобаның негізгі мақсаты:
1) Өлкеміздегі қазақтың кең таралған асыл тұқымды иттің
бірі – Құмай тазы мен Төбет туралы зерттеу. Олар жайында мағлұматтарды көпшілік қауымға жеткізу.
2) Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрі мен қазына-сын сақтап қалу.
3) Тазы ит пен Төбеттің «Қызыл кітапқа» енудің алдында тұрғанына дабыл қағып, еліміздің ұлтжанды азаматы ретінде өз үлесімді қосу.
Слайд 6Мақсатқа жету жолында алға қойылған міндеттер
- тазы ит жайында зерттеген еңбектерді
оқып, талдау;
- зерттеуші ғалымдарды анықтау, салыстыру жұмыстарын жүргізу;
- жиналған материалдарды бір жүйеге келтіру;
- маңыздылығын анықтау;
Слайд 7Өзектілігі
Заман өзгергенмен халықтың сенімі, құпиялылыққа құштарлық сезімі өршімесе өшпейді.
Ендеше халық ойын түсініп, ата-бабадан келе жатқан қасиетті асыл мұрамызды сақтап қалып, тазыны қазақтың аңшы иті ретінде әлемге таныту, өзінің иесіне адал екенін, өмір бойы адаммен бірге соғысты, шапқыншылықты, Ұлы ашаршылықты бірге өткізген осындай құнды текті тазы иттің мүлдем жоғалып, «Қызыл кітапқа» енудің алдында тұрғаны бүгінгі күннің өзекті мәселенің бірі болып қалмақ.
Слайд 8Зерттеу жұмысының кезеңдері
І – теориялық. Көтерілген мәселе төңірегіндегі әдебиеттермен танысу. Сайттар
мен ғаламтордан мағлұматтар іздеп табу.
ІІ – практикалық. Зерттеу. Сұхбат алу, ол дерек көздерін бейне таспаға түсіру. Салыстыру. Сауалнама жүргізу.
ІІІ – бекіту. Алынған мәліметтерді жүйелеп, түзетулер енгізу, нәтижеге байланысты баяндама, слайд дайындау.
Слайд 9Зерттеу әдістері
1. Тарихи - салыстырмалық талдау.
2. Сұхбат әдісі
3. Тірек
сызбалар мен кестелерді құру әдісі.
4. Сауалнама әдісі.
Слайд 112. 1 Жеті қазынаның бірі – иттің сыры мен ерекшелігі.
Жеті қазынаның
бірі саналатын ит он екі мүшел жылдың бірі, жеті қазынаның бастысы екені баршаға мәлім. «Ит» сөзінің түрік тілдеріне ежелден төл атау екендігін ертедегі түркі жазба ескерткіштеріндегі деректері дәлелдейді. Түрік тілдерінің кез келгенінде болса да «ит», түрікменше, қырғызша да «ит». Тазы біздің халқымыздың маңдайына біткен сый. Адам баласы қай кезде асыранды еткені белгісіз болса да, үй хайуандары ішінде адамға иттен жақыны жоқ. Иттің естілігі мен адамға қолқанат болуына байланысты жақын тартқан шығар. Ит иесіне адалдық танытқаннан болар, қазақ итті жеті қазынаның біріне қосқан, сондықтан да ит қазақша саналатын жыл атауына енген. Сондай-ақ, ғаламтор мәліметтерінде: Ит – Адам мен Хауа Ананың пейіштен қуылып, жерге түскендегі алғашқы серігі, досы әрі қорғаушысы. Сол себепті Жеті қазынаның бірі болып саналады делінген [2].
Слайд 12Қазақы тазының өзіндік бірнеше ерекшелігі бар. Олар:
Біріншіден - алдымен тазалығымен
ерекшеленеді.
Себебі, «тазы» сөзінің шығу этималогиясына қарап отырсақ, беретін мағынасы «таза» сөзінен шыққан екен. Тазының қазақ даласында пайда болуының мыңдаған жылдық тарихы бар. Өкінішке орай, жазба деректерде қалмаған. Есесіне, біз білетін ауыз әдбиетінің жыр-эпостарында халық өмірінің бір бөлігіндей болып тазы жырланады.
Екіншіден - оның үстінен ешқандай иіс сезілмейді.
Үшіншіден - қанша аш болса да, өлген мал мен сасыған тамақ жемейді.
Төртіншіден - лас жерге жатпайды.
Бесіншіден - басты өзгеше қасиеті - батыр.
Слайд 13Төбеттер осыдан 4 мың жыл бұрын көшпенділердің сенімді серігіне айналып, содан
бері қазақпен бірге жасасып келе жатыр.
Нағыз қазақ төбетінің ең басты ерекшелігі – біріншіден, ешқашанда адамға шабуыл жасамайды.
Екіншіден, әдетте еріншек қалып танытып, баяу қимылдайтын төбеттер жыртқыш аң көрсе бірден өзгеріп сала береді. Үйдегі төбеттердің үруінен жатуы көп.
Үшіншіден, маңайындағыға бір маңқ етіп дыбыс шығарғаны болмаса, бұл ит өте сирек үреді екен.
Төртіншіден, төбет ешқашан иттер төбелесіне қатыспайды. Егер иттер төбелесінен қазақ төбетін көрсеңіз, бұл - таза қанды төбет емес.
Слайд 14Қазақы тазы мен Төбет иттердің зерттелуі.