Презентация, доклад Дүнижүзілік миграциялық қозғалыстар

Содержание

“БББ” немесе “ЗХУ” стратегиясыБілемін – Знаю Білгім келеді – Хочу узнатьБілдім – Узнал

Слайд 1Баймағамбетов Ерлан Русланұлы
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МИГРАЦИЯЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫС
ҚР Білім және ғылым министрлігі
Халел Досмұхамедов атындағы

Атырау мемлекеттік университеті
Баймағамбетов Ерлан Русланұлы  ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МИГРАЦИЯЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСҚР Білім және ғылым министрлігіХалел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

Слайд 2“БББ” немесе “ЗХУ” стратегиясы
Білемін – Знаю
Білгім келеді – Хочу узнать
Білдім

– Узнал
“БББ” немесе “ЗХУ” стратегиясыБілемін – Знаю Білгім келеді – Хочу узнатьБілдім – Узнал

Слайд 3Миграция ұғымы туралы толық ақпарат
Халықаралық мигранттардың негізгі ірі топтарының классификациясы
Жалпы дүниежүзілік

миграциялық қозғалыстар шолу
Е.Равенштейн Ұлыбританиядағы, Солтүстік Америкадағы көші-қон процестерін зерттей келе 11 миграциялық заңдарды
Еуропадағы миграциялық қозғалыстар (“Джигсо” әдісі бойынша топқа бөлу және тақырыпты талқылай отырып түсіндіру)
“Ыстық орындық” әдісі бойынша кері байланыс
Қорытынды



ЖОСПАР

Миграция ұғымы туралы толық ақпаратХалықаралық мигранттардың негізгі ірі топтарының классификациясыЖалпы дүниежүзілік миграциялық қозғалыстар шолуЕ.Равенштейн Ұлыбританиядағы, Солтүстік Америкадағы

Слайд 4Қоғамды дұрыс басқару үшін және тиімді әлеуметтік-экономикалық саясат жүргізу үшін миграциялық

ағымдардың көлемі мен мигранттардың құрамын бағдарлай білу, миграцияны тудыратын факторларды және миграцияның салдарын анықтай білу қажет. Демографиялық процестердің ішінде халықтың миграциясы маңызды орын алады. Өйткені миграцияға қоғамдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге шұғыл көңіл бөлетін жауапты сипат тән. Халықтың миграциясы демографиялық жағдайларға, елдің тұрғындары санының бірден көбеюіне немесе азаюына, оның жастық және жыныстық құрылымына тез және белсенді ықпал етеді.

Қоғамды дұрыс басқару үшін және тиімді әлеуметтік-экономикалық саясат жүргізу үшін миграциялық ағымдардың көлемі мен мигранттардың құрамын бағдарлай

Слайд 5“МИГРАЦИЯ” ұғымы толық ақпарат
Ертеде “миграция” ұғымы екі мағынада: “тар” мағынада -

жаңа мекен-жайға қоныстану, және “кең” мағынада - “бүкіл аймақтық территориялық, халықаралық қозғалыс”болып пайдаланылды. Қазір “миграция” әмбебап мағынада пайдаланылады, әр түрлі категорияларды қамтиды: металдар, жануарлар, клеткалар қозғалыстары болады. Қазіргі уақытта тұрғындар миграциясы деп “халықтың миграциялық қозғалысын” атайды.
“Демографиялық ғылымда ең көп түсініктемелері бар ұғым - миграция ұғымы”. Миграцияның түрлері науқандық маятник түрде, қысқа мерзімдік, ұзақ мерзімдік, қайта оралмайтын миграция, жүйелі түрде жүзеге асатын көші-қон, үздіксіз жүретін көші-қон, өз еркімен жүзеге асатын көші-қон, күштеушілік арқылы жүзеге асатын, қалаға, ауылға, сыртқы, ішкі, халықаралық, сауда саттық, экономикалық, еңбек мақсаттарымен жүзеге асатын көші-қон түрлері болып бөлінеді.
Миграцияның басқа демографиялық процестерден айырмашылығы көші-қон территориялық және уақыт көлемінде бірыңғай өтеді. “Ұзақтығына, мақсаттарына, жиілігіне қарамай, кез-келген территориялық қозғалысты, әр түрлі мекен-жай, аймақтар арасында жүзеге асатын көші-қон процесін кең мағынада миграция деп атайды.”

ЖАЛҒАСЫ

“МИГРАЦИЯ” ұғымы толық ақпаратЕртеде “миграция” ұғымы екі мағынада: “тар” мағынада - жаңа мекен-жайға қоныстану, және “кең” мағынада

Слайд 6Миграция - географиялық қозғалыс, басқа мемлекетке, аймақтық территорияға демалыс, басқа кез-келген

мақсатпен 7 күннен көп уақытқа қоныс аудару. Тұрғындар миграциялық қозғалыстар нәтижесінде материалдық жағдайын жөндейді, сол себептен миграция әлеуметтік-экономикалық жағдайымен сипатталады. Миграцияның қоғамдық маңызы бар экономикалық, демографиялық, жағымды және жағымсыз, ашық және жасырын, ағымды және ұзақ мерзімді себеп-салдары болады. Демографиялық процестердің арасында тұрғындардың миграциясы ерекше орын алады. “Миграциология” деген еңбекте миграция дегеніміз - бұл әлеуметтік-экономикалық қатынастарға байланысты болатын миграциялық қозғалыс деп жазылған. “Миграцияның мынадай категорияларға негізделген интегралды классификациясы бар, олар:

1) типі;
2) түрі;
3) формасы;
4) себебі;
5) деңгейі.

ЖАЛҒАСЫ

Миграция - географиялық қозғалыс, басқа мемлекетке, аймақтық территорияға демалыс, басқа кез-келген мақсатпен 7 күннен көп уақытқа қоныс

Слайд 7Миграциялық қозғалыстар бір елдің ішінде де, осымен бірге мемлекеттердің арасында да

болады. Сол себептерден де тұрғын халықтың миграциясының екі типін бөліп алады: халықаралық (мемлекетаралық, сыртқы) және ішкі (мемлекет ішілік).
Халықаралық миграция және сыртқы миграция деген ұғымдардың айырмашылығы бар. “Сыртқы миграция” - халықаралық көші-қон және ішкі қон арасындағы типі (этникалық миграцияны айтамыз). Сыртқы миграцияның халықаралықтан айырмашылығы - мигранттар мемлекеттік бақылаудан өтпейді, ұлттық шекарадан аспайды.
Қазір еуропа мемлекеттердің арасында “мөлдір” шекара тәртібі орналасқан, бір мемлекеттің азаматы келесі мемлекетке белгілі мақсатпен көшсе, ол халықаралық мигрантқа жатпайды. Европа мемлекеттерінің Кеңесі бойынша Шенген келісімі арқылы алған виза барлық Шенген Одағына қатысты мемлекеттерінде жүзеге асады. Тұрғындардың халықаралық миграция түсініктерінің классификациясы:
Эмигрант-иммигрант, шетел тұрғындары, шет елде туылған тұлғалар, еңбекші-мигранттар, иждивенцы-мигранттар, өз еркімен көшкендер, амалсыз көшкендер, қашқындар, саяси пана іздегендер, саяси сенімсіздік нәтижесінде жер аударғандар, экологиялық қуғындар, “интелектуалды қуғындар”- зиялы қауымның жер аударуы, науқандық мигранттар, фронтальер жұмысшылар, көшпенділер, қасиетті жерлерді аралаушылар т. б. Миграция сальдосы – миграциялық өсім, таза миграция.

Миграциялық қозғалыстар бір елдің ішінде де, осымен бірге мемлекеттердің арасында да болады. Сол себептерден де тұрғын халықтың

Слайд 8Халықаралық мигранттардың негізгі ірі топтарының классификациясы

Халықаралық мигранттардың негізгі ірі топтарының классификациясы

Слайд 9Қайта оралмайтын көші-қон – халықаралық миграция есебінде тек территориялық, мемлекетаралық қозғалыс

емес (тұрақты мекен-жайын өзгерту), бұған қосымша болып, азаматтығын өзгерту жатады. (эмиграция – көшіп кету, иммиграция – көшіп келу).
Науқандық көші-қон –міндетті түрде қайта оралу деген сөз, ол бірнеше айға созылады, алайда бір жылдан аспайды. Маусымдық миграция негізінен еңбек күшіне сұраныс тудыратын белгілі бір маусымдық жұмыстарда көрінеді.
Маятник түріндегі көші-қон (тұрақты мекен-жайынан жақын шекаралық, басқа территорияға бір күн ішінде немесе бір аптаға жұмысқа барып қайту.)
Эпизодикалық қозғалыс - іскерлік, туристік, рекреациондық т. б. жүйелі түрде орын алатын қозғалыстар. “2000 жылы дүние жүзінде туризм - 474 млрд. АҚШ доллар пайдасын әкелді, ал туристердің саны 697 млн. адамды құрады
Циркуляция түріндегі қозғалыс:
Жұмыс орнына, оқу қаласына, демалыс орнына бару, дін мәселесі бойынша сапар шегу, т. б. мақсаттары мен тұрақты мекен-жайды ауыстыру.
Қысқа мерзімге, әр түрлі мақсаттарымен (жоғары білім алу, кезекті демалысын өткізу, әскери қызметті атқару, келісім-шарт негізінде, науқандық жұмысқа бару т. б.) уақытша тұрақты мекен-жайын ауыстыру.



МИГРАЦИЯЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ 4 НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ

Қайта оралмайтын көші-қон – халықаралық миграция есебінде тек территориялық, мемлекетаралық қозғалыс емес (тұрақты мекен-жайын өзгерту), бұған қосымша

Слайд 10Миграциялық қоныс аударудың жоғарғы легі екінші дүниежүзілік кезінде болды. Батыс Еуропа

елдерінен халықты бейбіт елдерге эвакуациялау жүрді. АҚШ, Австралия, Канада және Еуропа елдерінен Ұлыбритания, Францияға, Бельгияға қоныс аударды. КСРО-ның соғыс болған аймақтарынан Орталық Азия мемлекеттеріне эвакуацияланды. КСРО- ның шығыс аудандарындағы халық саны 25 млн. адамға көбейді.
КСРО және Польша, Чехословакия, Болгария, Румыния, Венгрия және Югославия, Югославия және Италия арасында этникалық топтарының көші-қон саясаты жүрді. 1950-1961 жж. Болгарияның түркі тілдес халықтары Түркияға қоныс аударды, ал Түркиядағы болгар этникалық тобы өз отанына қайтты. Сондай-ақ, соғыс жылдарынан кейін Оңтүстік Батыс Азиядан, Солтүстік Африкадан, Оңтүстік Еуропадан ондаған мың армян Армения республикасына қайтып оралды.
Германия мемлекетінің екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңілісінен кейін 10 млн. неміс Польшадан, Чехословакиядан өз Отанына қайтарылды. Ал Польшаға 5 млн. поляк, Чехословакияға 2 млн. 300 мың чех келіп қоныстанды. 1945-1947 жылдардан 1956 жылға дейін Қытай және Кореядан Жапонияға жапондардың жаппай қайтып оралуы жүрді. Британ империясының бұрынғы отарлары Үндістан мен Пәкістан егемендік алғаннан кейін, Бангладеш Пәкістаннан бөлініп шықты. Сол себепті Пәкістан мен Үндістан арасында 18 млн. мұсылмандар мен индустар арасында қоныс аудару жүрді.
Таяу Шығыста да миграциялық қозғалыс елеулі болды.
Миграциялық қоныс аударудың жоғарғы легі екінші дүниежүзілік кезінде болды. Батыс Еуропа елдерінен халықты бейбіт елдерге эвакуациялау жүрді.

Слайд 111948 ж. Израиль мемлекеті құрылғаннан кейінгі 4 жыл ішінде бұл мемлекетке 700

мыңнан астам еврей Еуропадан, Азия және Африканың араб мемлекеттерінен келіп қоныстанды. 1948 ж. Араб-Израиль соғысы әсерінен 730 мыңға жуық араб Израильдан және арабтар шапқыншылық жасаған жерлерден қашып шығып, көрші мемлекеттерде қоныс-танды. АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Американың кейбір мемлекеттеріне эми-гранттар легінің ағылуына байланысты қоныстанушыларды шектеуге заң қабылданды. Заң түріндегі шектеулерге қарамастан бұл мемлекеттерге эмигранттардың келуі басым болды. Елде жұмыссыздық көбейді. Еуропа елдерінен 1921-1930 жж. 5 млн. 900 мың адам эмиграцияланса, 1931-1939 жж. 1 млн. 200 мың адам ғана, соғыс жылдарынан кейін 11 мың адам қоныс аударды. Еуропа эмигранттарының негізгі тобы Америкаға қоныстанды. 1946-1982 жж. Германия, Үлыбритания, Италиядан АҚШ- қа 3 млн. 300 мың адам қоныстанса, Канадаға Үлыбритания, Италия, Германия, Нидерландиядан - 2 млн.-н астам адам, Аргентинаға Италия мен Испаниядан 1 млн. адам, Бразилияға Португалия, Испания, Италиядан 800 мың адам, Венесуэллаға Италия, Испаниядан 500 мың адам қоныстанды.
1946-1982 жылдары Австралияға Еуропадан 1 млн. 700 мың адам, Жаңа Зеландияға Еуропадан 260 мың адам қоныс аударған.
Вест-Индиядан мулаттар мен негрлер, Батыс Африка елдеріндегі негрлер, Үлыбританияның бұрынғы отар жерлеріндегі үнділер мен т.б. топтар Батыс Африкадан арабтар Францияға қарай эмиграцияланса, Үлыбритания, Нидерланды және ФРГ-дан иммигранттар Оңтүстік Африка республикасына экономикалық саясатпен келді. Азия елдерінен жапондар, қытайлар, индоазиялықтар, филлипиндер АҚШ-қа қарай қоныстанды.
Соғыс жылдарынан кейінгі саяси өзгерістерге байланысты Еуропа елдерінен кеткен иммигранттар орны, сол елге келген қандастары есебінен толыға түсті. Мысалы, Үлы-британияға Үндістан, Пакистан және басқа отар мемлекеттердегі ағылшындар өз отанына қайтып оралды. Индонезиядан голландықтар Голландияға, Алжир мен Мароккадан француздар Францияға, Эфиопиядан, Ливиядан, Африканың басқа да мемлекеттерінен итальяндықтар Италияға, Ангола, Мозамбиктен, Гвиней-Бисаудан португалдықтар Португалияға оралды.
1948	ж. Израиль мемлекеті құрылғаннан кейінгі 4 жыл ішінде бұл мемлекетке 700 мыңнан астам еврей Еуропадан, Азия және

Слайд 12Ғылыми-техникалық революция да халық қозғалысын қарқындатты. АҚШ-та қоныстандыру саясатының жаңа түрі

пайда болды. Жоғарғы дәрежелі мамандарды (ғалымдар, білікті техниктер) жоспарлы түрде қоныстандырды. Тіпті бұл саясаттың негізі 1930 жылдардан басталды. 1960 жылдан бастап 1980 жылға дейін дамушы елдерден АҚШ, Канада, Үлыбританияға 300 мыңнан астам жоғарғы квалификациялы мамандар саясатпен қоныс аударылды. Бұл саясат Азия, Африка интеллигенция күштеріне кері әсерін тигізді.
1960-80 жылдары бұрынғы ФРГ, Франция, Бельгия, Швецария сияқты Батыс және Солтүстік Еуропаның мемлекеттері миграция мемлекеттері ретінде танылды. Бұл мемлекеттерге келген мамандығы жоқ жұмысшылар санының өзі 10-14 млн. адамға жеткен. Бұл мемлекеттерге Италия, Греция, Югославия, Испания, Португалия, тіпті Түркиядан да иммигранттар келіп жатты. Олардың көбі атал- ған мемлекеттерде жұмыс істеу мақсатымен келгендер. 1980 ж. басында бұрынғы ФРГ мемлекетінде 4,5 млн. иммигрант тұрған (олардың көбі Түркия, Италия, Югославия, Греция), Францияда - 4 млн. (Италия, Испания, Португалиядан), Швецарияда 1 млн. астам (олардың негізгі басым бөлігі итальяндықтар).
Континентаралық миграция негізінен Африка мемлекеттеріне тән, себебі Африканың көптеген мемлекеттерінде рассалық басыну, саяси қудалау нәтижесінде қашқындар мен босқындар көп.
АҚШ-та мерзімдік мексикандық иммигранттар саны жылына 1 млн. адамға жетіп отырады. Мерзімді иммигранттар ауылшаруашылық науқаны кезінде келеді.
Мерзімдік иммигранттардың бір бөлігі түпкілікті тұрғын болып қалады. АҚШ-тың арзанқол жұмысшылар санын пуэрторикандықтар толықтырған. Олардың көбі Нью-Иорк және т.б. басқа қалаларға жұмыс іздеп келгендер. 1975 жылдан 1980 жылға дейін АҚШ-тағы испандық иммигранттар саны 11,5 млн.-нан 14,6 млн.-ға дейін жеткен.
1970 жылдарда АҚШ-тағы иммигранттардың 85-95%-ы еуропалық иммигранттар болған. Ал 1950-1970 жылдар арасында АҚШ-та еуропалық иммигранттар саны 34,2%-ды, Американың басқа мемлекеттерінен келген иммигранттар 42,1%-ды, азиялық иммигранттар 21,0%-ды құраған еді.
Экономикасы төмен дамыған елдерде иммиграция көрсеткіші де төмен болады. Мысалы, Оңтүстік Африка Республикасы, Зимбабве, Гана, Піл сүйегі жағалауы мемлекеті және Суданға көрші Африка мемлекеттерінен уақытша қоныстануға 2 млн. иммигранттар келеді. Жалпы Африка мемлекетінде иммигранттар саны 6 млн.-дай ғана.
Оңтүстік Батыс Азиядағы Араб мемлекеттеріне Ливаннан, Сириядан, Оңтүстік Азиядан мұнай өндіру жұмыстарына келеді.
Ғылыми-техникалық революция да халық қозғалысын қарқындатты. АҚШ-та қоныстандыру саясатының жаңа түрі пайда болды. Жоғарғы дәрежелі мамандарды (ғалымдар,

Слайд 13Е.Равенштейн Ұлыбританиядағы, Солтүстік Америкадағы көші-қон процестерін зерттей келе 11 миграциялық

заңдарды қалыптастырды:
Басым жағдайларда миграция жақын аймақтарға жүзеге асады.
Көші-қон процесі рет-ретімен, кезең-кезеңімен жүзеге асады.
Ірі сауда-саттық немесе өнеркәсіптік орталықтарына бағытталған миграция ұзақ аймақтық болып келеді.
Әр миграциялық ағымға қарсы миграциялық ағым сәйкес келеді.
Миграция процесіне, қала тұрғындарына қарағанда ауыл тұрғындары көбірек ұшырайды, ауылдан қалаға көшеді.
Ішкі миграцияларда әйелдер, халықаралық миграцияда - ерлер белсенді.
Мигранттардың басым бөлігі ересек тұрғындар, отбасылы адамдар сирек көшеді.
Ірі қалалардың санының өсуі –табиғи өсім немесе мигранттар есебінен болады.
Миграция көлемі өнеркәсіп, сауда- саттық, көлік дамуына сәйкес өседі.
Мигранттардың басымдылығы ауыл тұрғындары, олар ірі өнеркәсіптік және сауда-саттық орталықтарына қоныстанады.
Миграцияның негізгі себептері - экономикалық себептер болып табылады. [1]
Е.Равенштейн Ұлыбританиядағы, Солтүстік Америкадағы көші-қон процестерін  зерттей келе 11 миграциялық заңдарды қалыптастырды:Басым жағдайларда миграция жақын аймақтарға

Слайд 14«Джигсо» әдісі
Элиот Аронсон бойынша

«Джигсо» әдісіЭлиот Аронсон бойынша

Слайд 15Тапсырма Еуропадағы миграциялық қозғалыстар
Еуропа – иммигранттар үшін тартымды орталықтардың бірі.

Тапсырма Еуропадағы миграциялық қозғалыстарЕуропа – иммигранттар үшін тартымды орталықтардың бірі.

Слайд 16Еуропалық одақ елдерінде барлығы 23 млн мұсылман диаспорасы бар жəне олардың

саны жылдан-жылға ұлғаюда. Миграция  əсерінен   Еуропаның  қазіргі   кезде күрделі жағдайды бастан кешіріп жатқаны анық байқалады.Мұсылмандар миграциясы мəселесіне тап болған Еуропада елеулі өзгерістер орын алды. Бұл Еуропа тарихындағы ең ауқымды өзгерістердің бірі деп айтса болады. Қазіргі замандағы миграциялық үдерістердің тарихи тамыры түп тереңнен бастау алады. Ислам діні Оңтүстік Еуропа елдеріне ерте келген. Еуропаның ислам дінімен жақын танысуы сонау ІХ ғасырда басталды. Мың жылдан астам уақыт бұрын исламдық Испаниядан басқа Сицилия аралында араб-ислам өркениеті орнады. Ерте кезде Италия территориясында Барий, Сицилия əмірліктері, Испания жерінде Кордоба халифаты өмір сүрген. Əрине, ол аймақтың мəдениетінде, ғылымында өзіндік  ізін  қалдырып,  дамуына өз үлесін қосты. Бұған Палермо жəне басқа да қалалардағы əсем архитектуралық ескерткіштер, Сицилия мұражайындағы монументтер, ірі кітпаханаларындағы кітаптар мен қолжазбалар дəлел бола алады. Сицилия əмірлігі Еуропадағы ең көркем экономикалық, мəдени дамыған аймақтардың бірі болды. Еуропада оның əсемдігі бойынша теңдесі ретінде тек Испанияны айтуға болады. Сицилия, Испания арабтардың басқару кезінде Англия жəне басқа да Солтүстік Еуропа елдерімен салыстырғанда əлдеқайда алда болды. Арабтар билігі қысқа мерзімді болғанымен, Оңтүстік Еуропа елдерінің  мəдениетіне едəуір əсер еткені, тіпті, бүгінгі күнде де анық байқалады. Араб-ислам өркениеті аймақтың дамуына қомақты үлес қосқаны сөзсіз. Экономика, ауылшаруашылығы,  медицина  саласына, архитектурада ислам мəдениетінің ықпалы болды.
Еуропалық одақ елдерінде барлығы 23 млн мұсылман диаспорасы бар жəне олардың саны жылдан-жылға ұлғаюда. Миграция  əсерінен   Еуропаның

Слайд 17“Ыстық орындық” әдісі бойынша кері байланыс

Сұрақтар
Демография сөзі қандай мағына береді?
“Тарихи демография

“ пәнін оқыту мақсаты?
Мигрант деген кім?
Миграция деген не?
“Миграциология” деген еңбекте миграция дегеніміз не?
Миграциялық қозғалыстың 4 түрін атаңыз?




“Ыстық орындық” әдісі бойынша кері байланысСұрақтарДемография сөзі қандай мағына береді?“Тарихи демография “ пәнін оқыту мақсаты?Мигрант деген кім?Миграция

Слайд 18Демография гректің «demos» -халық, «grafo»- жазу, сипаттау деген сөздерінен шыққан.
Мақсаты –

Тарихи демографияның негізгі даму кезеңдерін, ғылыми терминологиясын, халық өсімінің динамикасын, халықтың құрамын, миграция жағдайын көрсету; табиғи өсім, туу, өлім, жыныстық және жастық құрылымы, отбасы және некелесу көрсеткіші сияқты мәселелерді зерделеп, саралау.
Мигрант - басқа жерге түпкілікті немесе уақытша қоныс аударған адам
Миграция - бір жерден екінші бір жерге көшіп-қону
“Миграциология” деген еңбекте миграция дегеніміз - бұл әлеуметтік-экономикалық қатынастарға байланысты болатын миграциялық қозғалыс
Қайта оралмайтын көші – қон, науқандық, маятник түріндегі көші – қон, эпизодикалық қозғалыс , циркуляция түріндегі қозғалыс

ЖАУАПТАРЫ

.
.

Демография гректің «demos» -халық, «grafo»- жазу, сипаттау деген сөздерінен шыққан.Мақсаты – Тарихи демографияның негізгі даму кезеңдерін, ғылыми

Слайд 19Еуропа мемлекеттеріндегі миграция деңгейінің өсуінің негізгі себептері:
Демографиялық жағдайдың өзгеруі, яғни

халық санының күрт азаюы
ЕО мемлекеттерінде әлеуметтік жүйені сақтап қалуда халықтың қартаюы факторларының қауіптілігі
Еуропа мемлекеттерді халық санының өсуін, туу деңгейін көтеру үшін жан – жақты әлеуметтік қолдауларды күшейтіп, жас жанұялар мен жалғызбасты аналарға әлеуметтік төлемдерді ұдайы арттырса да бұл шаралардан әзірге үлкен нәтиже болып отырған жоқ.
Демографиялық жағдайдың өзгеруі, яғни халық санының күрт азаюы, қартаю ЕО мемл. экономикасы үшін үлкен зиян әкелуі мүмкін. Сондықтан Еур. Мемлекеттері жергілікті халықтың демогр. Дағдарысын көптеп ағылып жатқан миграция толқындарының көмегімен жоюды көздеп отыр.

ҚОРЫТЫНДЫ
Миграциялық саясат ұғымы ішінде ұлттық мүдделер аясында миграциялық қозғалыстарды реттеуге бағытталған заңнамалық, ұйымдастырушылық, және басқа да іс – шараларды түсінуімізге болады. Мұндай реттеулер аясында қандай да болмасын мемлекеттен шығу немесе кіру, азаматтық беру және басқа да статустар беру процедуралары, шетелдік жұмыс күшін қолдану, мигранттарға әлеуметтік қолдау көрсету және саяси баспана беру мәселелері қарастырылады.
ЕО мемлекеттерінің миграциялық саясаты әртүрлі деңгейлерде жүзеге асырылады: мемлекетаралық ықпалдастық, ішкі миграциялық саясат, ұлт үсті органдардың қарауымен.

Еуропа мемлекеттеріндегі миграция деңгейінің өсуінің негізгі себептері: Демографиялық жағдайдың өзгеруі, яғни халық санының күрт азаюыЕО мемлекеттерінде әлеуметтік

Слайд 20НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть