Слайд 1 Тақырыбы : алашорда – ұлттық
Азаттыққа деген сенімді
нығайту кезеңі
Слайд 2Мақсаты : Алаш қозғалысының барысын , сол кезде орналған жағдаяттарды
баяндау. Ұлт зиялыларына қысқаша мәлімет бере отырып , олардың жасаған игі жұмыстарын түсіндіру. Өз өлкеміздегі тарихи жәдігерлермен жұмыс жасау
Слайд 3Қолданылған Әдебиеттер тізімі:
1.«Қазақ энциклопедиясы» 1 том , 2.«Алаш қозғалысы» Смагулова,
3.
« Алашординцы» Рымгали Нургали
4. « Қазақстан тарихы 9 сынып » оқулық т.б.
Слайд 4Тарихи өлке – Семей!
Оның Алашпен байланысы
мұражайлар болып табылады
Слайд 5Газеттер :
1. “Айқап” журналының алғашқы саны Троицк
қаласында 1911 жылдың қаңтарында жарық көрді.
2. Қазақ газеті - 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. №1 номері 1913 жылы 2 ақпанда шыққан.
3.“Сарыарқа” газет - 1917 — 1918 ж. Семей қаласында шыққан. Газетте негізінен алаш қайраткерлерінің (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Х.Ғаббасов, т.б.) мақалалары жарияланды. “Алаш” партиясының органы ретінде сол кездегі саяси-қоғамдық мәселелерді көтерді.
Слайд 7Семей қаласындағы құжаттар орталығы
Слайд 11Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов - қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық қозғалыс жетекшісі
әрі публицист ғалым, аудармашы. Ол 1866 жылы бұрынғы Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7 – ауылында дүниеге келген. Әкесі оны бала күнінде Қарқаралыға алып барып, медресеге оқуға берген. Ол онда оқуды қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепті оқып шығады. 1879-1886 жылдары Қарқаралыдағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886-1890 жылдары Омбыдағы техникалық училищеде оқып, «техник» мамандығын алып шығады. 1890-1894 жылдары Санкт-Петербургтегі Орман институтының экономика факультетінде оқиды. Студент болып жүрген кезінде–ақ саяси талас-тартысқа белсене араласып, ұлт-азаттық қозғалыстарға қатысты.Сол кездің өзінде «саяси белсенділігі үшін» патша жандармериясының қара тізіміне іліккен. Патша үкіметі билігі жылдарында қазақ елінің тәуелсіздік үшін күресін басқарды, сол үшін Павлодарда, Семейде бірнеше рет қамауда отырды. Кеңес үкіметін мойындамады. Қазақтың егеменді ел болуы үшін күресті, сол себептен 1937 жылы ату жазасына кесілген.
Слайд 12 Халел Досмұхамедов (1883-1939) — Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым.
Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы. 1917 жылы ІІ жалпықазақ съезінде жарияланған Алашорда үкіметі — Ұлт кеңесі құрамына сайланды. Алаш қайраткерлерімен бірге бірінші кезекте халықты бүліншіліктен қорғайтын ұлттық әскер — халық милициясын жасақтауға, Алаш қорын құруға, елден алым-салық қаражат жинау ісіне күш салды. Уақытша үкіметтен билікті күшпен тартып алған большевиктердің үстемдігі нығайған тұста, Кеңес үкіметінің басшысы В.И.Ленинмен, Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен бетпе-бет келіссөздер жүргізеді. Большевиктер Кеңес өкіметін толық мойындап, сөзсіз бағынуды талап етсе, олар Алашордаға ішінара билік беру , қазақтар шоғырланған жерлерді түгел қазақтарға қайтару, әр жерде кеңес органдары тұтқындаған алаш қайраткерлерін түрмеден босату, оларды қудалауды тоқтату, қаржылай көмек беру сияқты маңызды мәселелерді өткір қоя білді.
Слайд 13 Жақып Ақбаев - Алаш зиялысы, күрескер, қайраткер, Алашорда үкіметінің мүшесі,
заңгер. 1876 жылы 25 қазанда Семей облысы, Қарқаралы уезі, Берікқара болысы, №3 ауылының Төңіректас деген жерінде дәулетті отбасында туған. 1886 жылы Қарқаралы қаласындағы қазақ интернатында оқып, 1889 жылы Омбы гимназиясына түсіп, онда 7 жыл, онан кейін Томск гимназиясына ауысып онда бір жыл оқып, 1898 жылы бітіріп шығады да, Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне түседі. 1903 жылы 1-дәрежелі дипломмен бітіріп шығады. Кеңес өкіметі орнаған соң ол Семей губревкомының заң бөлімінде жұмыс істеп, оның «етене араласуымен губерния бойынша сот-тергеу учаскелері құрылады». Біраз уақыт Семей кеңестік халық сотының мүшесі болады, Қарқаралы уездік халыққа білім беру бөлімінде және Семейде әр түрлі қызметтер атқарады. Ақбаев басқа да Алаш қайраткерлері сияқты сталиндік зобалаңға түсіп, Воронежге жер аударылып, ол жақтан ауруына байланысты елге қайтарылып, 1934 жылы 4 шілдеде Алматыда қайтыс болады.
Слайд 14Ахмет Байтұрсынұлы - 1873 жылы қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Сарытүбек
ауылында туған.Ұлт-азаттық қозғалыс жетекшісі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы. Ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы. Атасы Шошақ - мінезі салмақты, шындықты бетке айта білетін ақылды да беделді адам болған. Мырзалығы сондай, немересі Ахмет дүниеге келгенде, құтты болсын айтқан адамдарға бір ат, бір түйеден сүйінші беріпті. Торғайда, Орынборда білім алғаннан кейін Ақтөбеде, Қостанайда, Қарқаралыда орыс-қазақ мектептерінде сабақ берген. 1909 жылы саяси белсенділігі үшін Семей түрмесіне жабылады. 1910 жылы Орынборға жер аударылады және сонда 1917 жылға дейін болады. Өзінің сенімді достары Ә.Бөкейханов, М.Дулатовпен бірге 1913 жылдан бастап ұлттық «Қазақ» газетін шығарып, оның жұмысына жетекшілік етті. Ресейде патша билігі құлағаннан кейін қазақ жерінде Алашорда үкіметін құру үшін бар күшін салды. Большевиктерді мойындамады, оларға қарсы шықты. 1921-1928 жылдары Қазақ халық ағарту институтында сабақ береді. 1929 жылы 2 маусымда Алаш қайраткерлерімен бірге Алматыда тұтқынға алынып, Ресейдің солтүстік облыстарына жер аударылады.Кейіннен босап шығып, бірақ 1937 жылы қайтадан қамауға алынып, атылған.
Слайд 16А. Байтұрсынов қазақ зиялыларымен бірге.
Слайд 18Қорытынды :
Алаш қозғалысының бірінші кезеңі – туған халқының бодан күндерін қайтсем
жеңілдетем деген ізденіс кезеңі болды. «Қарқаралы құзырхаты», Орал съезі, «Серке» газеті, қазақ қайраткерлерінің бірінші, екінші Думаға сайлануы – қазақ зиялыларының саясат жүзінде ұлттық мүддеге тартылғандығын айғақтады. Сондықтан Алаш қозғалысының бастапқы кезеңі -ұлт зиялыларының қалыптасу кезеңі деп атаймыз.
Қозғалыстың келесі кезеңінде зиялылардың халық өмірін танып, оны жігерлендіру, ояту әрекеттері байқалады. Айталық, «Оян, қазақ!», «Қырық мысал», «Бала тұлпар», «Айқап» журналы, «Бақытсыз Жамал». Бұл кезеңге сыншылдық, ағартушылық тән, яғни сынау мен үйрету, мінеу мен бейімдеу етене болатын. Сондықтан оны сыншылдық кезеңі дейміз.
Слайд 20
Осы жобам бойынша мынадай қорытындыға келдім. Төлен
Әбдік айтпақшы :
«Ұлтты сүюді нағыз ұлтжандылардан үйрену керек»