Презентация, доклад на тему Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы

Содержание

Өткен материалды еске түсіру. Тест.Қазақ жерінде ғылым білім салаларының дамуына ықпал еткен дін: А) христиан В) будда С) ислам Әл-Фараби дүниеге келген қала: А)

Слайд 1Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Монғол империясының құрылуы. Монғол

империясының қоғамдық құрылысы туралы баяндау. Империяның басшылық саясаты, жаулап алушыларға қарсы халықтар күресі, жаулап алудың зардаптары жайлы жан-жақты түсінік беру.
Тәрбиелік: Шыңғысхан құрған империяның ішкі-сыртқы саясатының ерекшіліктерін талдай отырып, оқушыларды өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушыларды елін, жерін құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: XII-XIV ғ. Қазақстанға монғол-татар шапқыншылығы картасы.
Сабақтың типі: Жаңа материалды түсіндіру.
Әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау түсіндіру.
Технологиясы: Тірек-сызба, дамыта оқыту.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ әдебтеті, математика, география.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Өткен материалды еске түсіру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Сабақты бекіту.
Ү. Үйге тапсырма.
ҮІ. Бағалау.
ҮІІ. Қорытындылау.


Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы Сабақтың мақсаты: Білімділік: Монғол империясының құрылуы. Монғол империясының қоғамдық құрылысы туралы баяндау.

Слайд 2


Өткен материалды еске түсіру. Тест.
Қазақ жерінде ғылым білім салаларының дамуына

ықпал еткен дін:
А) христиан В) будда С) ислам
Әл-Фараби дүниеге келген қала:
А) Түркістан В) Отырар С) Тараз
Йасауидің Бұқар қаласында діни білім алуына көмектескен ғұлама:
А) Жүсіп Баласұғын В) Әли ақын С) Юсуф Хамадани
Әбу Насыр Әл-Фараби Отырар қаласында қай тілде білім алды:
А) араб В) қыпшақ С) иран
Түркі тілдес халықтардың тұмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы және тілі туралы жазған орта ғасырлық энциклопедист ғалым:
А) Әл-Фараби В) Махмұд Қашқари С) Жүсіп Баласағұн
Ислам дінін уағыздаушы, орта ғасырлық белгілі ақын, ел ішінде Хәкім ата атаған:
А) Сүлеймен Бақырғаниді В) Ахмед Йасауиді С) Жүсіп Хамаданиді
Шу өзенінің бойындағы Баласағұн қаласында дүниеге келген ғұлама:
А) Ж.Баласағұн В) М.Қашғари С) Әл-Фараби
Орта ғасырлық ақын Ахмет Иүгнекидің түрік тілінде жазылған кітабы:
А) “Даналық кітабы” В) “Ақиқат сыйы” С) “Оғызнама”
Ахмет Йасауидің шәкірті:
А) С.Бақырғани В) Әли ақын С) Әл-Буруни
Арабтардың “дін үшін соғыс” деген ұранмен көрші елдерді жаулап ала бастаған уақыты:
А) 520ж. В) 620ж. С) 633ж.

Өткен материалды еске түсіру. Тест.Қазақ жерінде ғылым білім салаларының дамуына ықпал еткен дін:  А) христиан

Слайд 3Сәйкестендіру тесті. 1. Махмуд Қашғари

“Ақиқат сыйы” 2. Жүсіп Баласағұн “Даналық кітабы” 3. Ахмет Иугнеки “Түрік тілдерінің сөздігі” 4. Қожа Ахмет Йасауи “Құт негізі-білік”
Сәйкестендіру тесті.  1. Махмуд Қашғари

Слайд 4
Жаңа сабақ жоспары:
І. Монғол империясының құрылуы.
ІІ. Монғол империясының қоғамдық құрылысы.
ІІІ. Монғолдардың

Қазақстанды жаулап алуы.
ІV. Жаулап алу зардаптары.
V. Ұлыстардың құрылуы.

Жаңа сабақ жоспары:І. Монғол империясының құрылуы.ІІ. Монғол империясының қоғамдық құрылысы.ІІІ. Монғолдардың Қазақстанды жаулап алуы.ІV. Жаулап алу зардаптары.V.

Слайд 5 Монғол Империясының құрылуы. Қазіргі Могнғолияның жерінде ХІІІ ғасырдың басында

Керей, Найман, Жалайыр хандықтарының шекарасына іргелес жатқан монғол тайпалары бірде тату, бірде араз өмір сүрген. “Монғолдың құпия шежіресінде” Керей хандығы мен монғол тайпаларының арасында жақсы қарым-қатынас орнағандығы айтылады. Бұл қатынас, әсіресе Керей ханы Торының келешек Монғол қағаны Шыңғысты тәрбиелеуге көп еңбек сіңіргенінен айқын көрінеді. Сонымен Монғол империясының шаңырағын алғаш көтерген Шыңғысхан ( бала кезінде аты Темүжін) 1155 жылы (кейбір деректерде 1162 жыл) Монғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің жағасында, Болдоң деген жерде Есугей батырдың отбасында туған. Темүжін 9 жасқа толған кезінде әкесі татарлар қолынан қаза тапқан. 1206 жылы Онон мен Керулен өзенінің жағасында өткізілген Темүжінді жақтайтын көшпелі шонжарлардың құрылтайында Темүжінді хан сайлады. “Монғолдың құпия шежіресінде” бұл жағдайды керей ханы Торыға барып айтқанда, ол: “Монғолдарды жеңіске жеткізетін Жеңісхан болсын” деп бата берген. Сол “жеңісхан” деген сөз монғолша “шыңғысхан” болып аталып кетсе керек. Сонымен 1206 жылғы барлық монғол тайпаларының бас қосқан ұлы құрылтайында Монғол империясы құрылып, оның ұлы ханы болып Шыңғысхан сайланады.


Монғол Империясының құрылуы.   Қазіргі Могнғолияның жерінде ХІІІ ғасырдың басында Керей, Найман, Жалайыр

Слайд 6 Монғол империясының қоғамдық құрылысы.

Монғол мемлекетін Шыңғысхан жеке басқарды. Жанында жаза білетін және басқа елдердің тілін түсіндіретін уәзірлері болды. Ол империяны 95 түмен әкімшілік билікке бөлді. Әрбір түменде 10 мыңнан адам болды. Түмендер аймаққа бөлінді. Әрбір мыңдық он жүздіктен, жүздіктер ондықтардан тұрды. Басқару жүйесі ондықтан басталды. Аймақтар мен түмендерді және мыңдықтарды басқару Шыңғысханның ең жақын туыстары мен оны қолдаушы ақсүйек нояндарға тапсырылды. Әскери басқару жағынан Монғолия аумағы мен халқы үш әскери аймаққа бөлінді. Олар Оң қанат (Барунгар), Сол қанат (Жоңғар), Орталық қанат (Кул) деп аталды. Бұл қанаттар жоғарыда көрсетілген түмендерге бөлініп басқарылды. Шыңғысханның жеке басын қорғайтын әскері-кешіктен. Мемлекеттің басты заңы “Жасақ”(Яса) деп аталды. Бұл екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім Шыңғыс ханның өзі айтқан нақыл сөздері. Екінші бөлім әскери, азаматтық істерді орындауға жалпы заңдар және оларды орындамағандарды жазалаудың түрлі ережелерінен құралды. “Жасақ” бойынша өкімет билігінің жоғарғы органы құрылтай болды. Ол жылына бір рет, жаз йында шақырылады. Онда басты мәселе – алдағы болатын соғыстың жоспары талқыланды. Әскер қай жерге жиналу керек және әрбір он отбасынан қанша адам әскерге алыну керек, тағы басқа әскери істер қаралды. Соғыстыбастау мерзімі де осы жиында шешілетін болды. Онда империяның басқа да ішкі мәселелері қаралды.
Монғол империясының қоғамдық құрылысы.     Монғол мемлекетін Шыңғысхан жеке

Слайд 7Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін Қазақстанның Оңтүстігі мен Орта

Азияға жол ашады. Оның басты себебі “Отырар опаты” болған. Шыңғысхан жіберген 450 адамы бар 500 түйелік сауда керуені 1218 жылы Отырар қаласына келіп жетеді. Керуеннің сауда жұмысынан гөрі жансыздық іс-әрекетті мақсат еткенін білген Отырар билеушісі Ғайыр хан Хорезмшахпен келісе отырып, керуенді тұтқындап, адамдарын қырғынға ұшыратады. Осы оқиғаны сылтау еткен Шыңғысхан бұларға қарсы соғыс ашады. Сөйтіп 1219 жылы Шыңғысханның ұзын саны 150 мыңға жуық қолы Ертістен Сырдарияға қарай қаптайды. Шағатай мен Үгедей бастаған түмендер Отырарды қоршауға алады. Жошы бастаған әскерлер Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларға аттанады. Үшінші бөлік Сырдың жоғары ағысындағы қалалар мен қыстақ-кенттерді алуға, ал Шыңғысханның кіші баласы Төле Бұхара қаласына бет алады. Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласқан. Тек Хорезмшах көмекке жіберген Қараша-хажиб монғолдарға беріліп, қақпаны ашқаннан кейін, қала жеңіліске ұшараған. Сығанақ қаласы да үш ай бойы, Ашнас қаласы 15 күндей берілмеген. Бұл қарсылықтар жергілікті халықтың өз жерін жауға бермеуге үшін жан аямай күрескенін көрсетеді. Алайда жаудың қаптаған қалың қолы қарсылық көрсеткен қалалар халқын қырып-жойып, мүлкін тонап, талан-таражға салады. Сонымен қатар Үзкент, Баршынкент қалалары да басқыншылардың қолына түседі. 1219-1220 жылдары Сыр бойындағы қалалар толығымен монғолдардың иелігіне көшеді.
Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін Қазақстанның Оңтүстігі мен Орта Азияға жол ашады. Оның басты себебі

Слайд 8
Монғолдардың қазақстанды жаулап алуы.
Шыңғысхан Найман, Керей, Жалайыр сияқты Монғолия

жеріндегі түрік тілдес хандықтарды қол астына қаратқан соң, көрші жатқан елдерді жаулап ала бастайды. 1207-1208 жылдары үлкен баласы Жошы Енесей қырғыздары мен теріскей Сібір халықтарын басып алды. 1207-1209 жылдары Шыңғысхан таңғұттардыңмемлекетін, одан кейін Тұрфан кінәздіктерін өзіне қаратып, ұйғырларды бағындырды. 1211-1215 жылдар арасында Қытай жерін басып алып, олардың тас атып дуал құлататын, от лақтырып өрт шығаратын соғыс техникаларын қолға түсіреді.
Өзіне көрші жатқан мемлекеттерді жаулап болған Шыңғысхан енді Орта Азия мен Қазақстанға көз тігеді. Жазба деректерге қарағанда, бұл жорыққа Шыңғысхан өте ұқыпты дайындалған. Ол өз еліне Орта Азиядан, Қазақстаннан келген саяхатшылар мен саудагерлерден Хорезм шахының, Қарахан мемлекетінің, қарақытайлардың ішкі саяси жағдайы, олардың бір бірімен қарым-қатынастары, әскерлерінің құрамы турла сұрап, мәліметтер алып отырған. Шыңғысхан 1217 жылы Күшліктің Жетісудағы иеліктерін басып алуға Жебе ноянды аттандырды. Жебе ноян бастаған монғолдардың діни қысым жасамау ұранын басшылыққа алды. Күшліктің мұсылман дінін жақтаушыларға тізе батырып отырған кезіне сай келген бұл ұран жергілікті халықтан қолдау тауып, монғолдарды мұсылмандар құшақ жая қарсы алды. Мұсылман діні үшін қарақытайлықтармен күрес жүргізіп жатқан Арслан хан монғол әскерлерінің бір бөлігін басқарып келе жатқан Құбылайды көмекке шақырады. Монғолдар бұл жағдайды дер кезінде пайдаланып, 1218 жылы Жетісу жеріне енеді.


Монғолдардың қазақстанды жаулап алуы.  Шыңғысхан Найман, Керей, Жалайыр сияқты Монғолия жеріндегі түрік тілдес хандықтарды қол астына

Слайд 9
Жаулап алудың зардаптары.
Монғол шапқыншылығының зардаптары орасан зор болды. Жетісу аймағындағы

халықтың монғол шапқыншылығына онша қарсылық көрсетпегенінің өзінде шапқыншылыққа дейін 200-ден астам елді мекендер болса, одан кейінгі ХІІІ-ХІҮ ғасырларда аймақта бар-жоғы 20-ға жуық қала мен қонысжайлар қалған. Жуас қала атанған Баласағұнның өзі түгіл орны қайда екені белгісіз болып кеткен.
Ал Сыр бойыендағы қалалардың қандай қатыгездікпен жаулап алынғандығы Отырар қаласына жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарынан толық белгілі болып отыр. Мәселен, қаланың орталық қорғанының бір бөлмесінен 20-30 адамның бас сүйектерінің бір жерден табылуы – қала тұрғындарын қырып жоюдың дәлелі.
Монғол шапқыншылығы қалалық мәдениеттің дамуына үлкен кедергі болды. Отырықшылық мәдениет тоқырады. Егін шаруашылығының жүйесі бұзылды. Елдер арасындағы қарым-қатынас мүлде тоқтады. Ең басты мәселе халықтардың этникалық құрамы мүлде бұзылып, қазақ халқы қалыптасудың аяқталуы ұзақ жылға кешеуілдеді. Сөйтіп монғол шапқыншылығы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық дамудың барысына орасан зардаптарын тигізді.




Жаулап алудың зардаптары. Монғол шапқыншылығының зардаптары орасан зор болды. Жетісу аймағындағы халықтың монғол шапқыншылығына онша қарсылық көрсетпегенінің

Слайд 10
Ұлыстардың құрылуы.
Шыңғысхан жаулап алған жерлерін төрт баласына бөліп берді. Қазақстан

жері оның үш баласының қол астына қарады. Бөліп берілген жерлер ұлыс деп аталды.
Жошы ұлысы . Жошы – Шыңғысханның үлкен баласы. Оның ұлысына шығысы Ертіс өзенінен батысы Еуропа жерлеріне дейінгі ат тұяғы жететін жерлердің барлығы қарайтын болды. Көрсетілген жерлердің ішінен қазақ жерінен бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақ жері, Арал, Сырдарияның төменгі ағысы, жетісудің солтүстік-шығыс бөліктері қарады. Ұлыстың орталығы кейбір деректерге қарағанда, Ертіс бойында деп жазылса, ал басқа бір деректерде Сарысу мен Кеңгір өзендерінің құйылысында делінеді. Шамасы соңғы дерек шындыққа жақын. Өйткені, Жошының күмбезі осы өзендердің бойында тұр.
Шағатай ұлысы. Шағатай – Шыңғысханның екінші баласы. Оған Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан (Жетісу аймағы) мен Орта Азия жерлері берілген. Шағатайдың жазғы ордасы Іле өзенінің бойындағы Құяш деген жерде болған. Ұлысқа Шығыс Түркістанның жерлері де кірген.
Үгедей ұылысы. Үгедей – Шыңғысханның үшінші баласы. Оған Батыс Монғолия мен Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғары ағысы бойындағы жерлер қараған. Ол ұлы хан атағын алғаннан кейін Орхонда, Қарақорымда тұрған.
Кіші баласы Төле Монғолия жерін билеген. Алайда күшпен, зорлық-зомбылықтың арқасында құрылған бұл ұлыстардың арасында не саяси, не экономикалық, не бір этникалық байланыс болмаған. Олардың арасында билік үшін талас-тартыс күшейе берген. Туыстық қатынас мерзім өткен сайын суи түскен. 1259 жылы ұлы хан Мөңке қайтыс болған соң, Шыңғыс тұқымдарының арасындағы талас шиілінесе бастаған.

Ұлыстардың құрылуы. Шыңғысхан жаулап алған жерлерін төрт баласына бөліп берді. Қазақстан жері оның үш баласының қол астына

Слайд 14Жаңа сабақты бекіту

Жаңа сабақты бекіту

Слайд 15Сұрақтар

1. Жасақ дегеніміз не?
2. Қандай қалалар қарсылық көрсетті?
3. Қазақстан жері қандай

монғол ұлыстарына кірді?
4. Монғол шапқыншылығының зардаптары қандай?
Сұрақтар1. Жасақ дегеніміз не?2. Қандай қалалар қарсылық көрсетті?3. Қазақстан жері қандай монғол ұлыстарына кірді?4. Монғол шапқыншылығының зардаптары

Слайд 16




1.Шыңғысханның шын есімі
2. Шыңғысхан әскерінің сол қанаты
3. Монғолиядағы өзен.
4. Шыңғысханның екінші

баласы.
5. 6-ай берілмеген қала.
6. Шыңғысханның кенже баласы.
1.Шыңғысханның шын есімі2. Шыңғысхан әскерінің сол қанаты3. Монғолиядағы өзен.4. Шыңғысханның екінші баласы.5. 6-ай берілмеген қала.6. Шыңғысханның кенже

Слайд 17Математикалық ойын Темүжін қай жылы туылып, қай жылы қайтыс болды? (((22+142):2)+131)*5=? (((102+102)*2)+9)*3=?

Математикалық ойын Темүжін қай жылы туылып, қай жылы қайтыс болды?  (((22+142):2)+131)*5=?   (((102+102)*2)+9)*3=?

Слайд 18Алты ай бойы ерлік салтқа төрін берген Отырар,
Алты ай бойы алапатта

жеңілмеген отырар
Алты-ақ күнде жермен-жексен қирады.
Ақыл ойын жалындатқан,
Өнер, ғылым шамын жаққан
Ұлы қала Азияның маңдайына сыймады.
Безбүйрек жау сәбилерді,
Шал-шауқанды,
Кемпірді,
Тіпті жүкті әйелдің де ішін жарып өлтірді.
Құзғын, қарға ғана тынбай шарлап мұңлы аспанды,
Отырардың аянышты зарлы өмірі басталды,
Айдай әлем мойындаған даңқы бар,
Жүз елу мың халқы бар,
Нән қаланың асқақ әні осыменен шектелді...
(Жеңілген жеңімпаз хақындағы Отырар дастаны немесе Шыңғысханның қателігі. үзінді М.Шаханов)
Осы мәтін бойынша Шыңғысханға мінездеме бер:
Алты ай бойы ерлік салтқа төрін берген Отырар,Алты ай бойы алапатта жеңілмеген отырарАлты-ақ күнде жермен-жексен қирады.Ақыл ойын

Слайд 19Қорытынды

Үйге тапсырма:
§21. оқу, мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларға көңіл аудару.
Қосымша

материалдарды игеру.
ҚорытындыҮйге тапсырма: §21. оқу, мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларға көңіл аудару.Қосымша материалдарды игеру.

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть