Слайд 1Денешынықтыру-сауықтыру бағытындағы №41 ЖОББ бейіндік мектебі
Слайд 2 «Біздің батырлар мен ойшылдар - әлем еліктеуге лайық тұлғалар»
Н.Назарбаев
Слайд 3Малайсары батыр
(шамамен 1700 — 1756 ж)
Орта жүздің
батыры әрі биі. Арғын ішіндегі бәсентиін руынан шыққан. Әкесі Тоқтауыл — батыр, балуан, анасы Мөлдір — қалмақ қызы, қарындасы Гауһар (Қабанбай батырдың әйелі) — ерлігі аңызға айналған қаһарман қыз. Малайсары Абылай ханның сұлтан кезінен сенімді серігі болған. Шоқан Уәлихановтың] жазуына қарағанда, Абылай хан Малайсарының батырлығын, ақылы мен қайратын жоғары бағалаған.
Батыр, судья, искусный дипломат Среднего жуза из рода басентиын племени аргын, один из ярких борцов казахского народа против джунгарской агрессии. Именно в это время и прославил себя первыми подвигами на поле брани батыр Малайсары. Родился на территории Павлодарской области. Соратник Богенбая, Кабанбая, Райымбека, Баян батыра и Наурызбая. Абылай хан высоко ценил его за мужество, ум и отвагу.
Слайд 4
Мәшһүр Жүсіп өз жазбаларында Малайсарыны «Осы Малайсары өз заманында епетейсіз ірі,
дөкей батырдың бірі есепті болған», – десе, Жеңіс Марданов: «Малайсарының түр келбеті ақсақалдардың айтуынша, батыр ұрпақтарының ата-бабаларынан естіген деректері бойынша кең иықты, ұзын бойлы, алқымды, шекелі, мұрынды болыпты», – деп сипаттайды.
Слайд 5Шоқан жинағының бірінші томында “Исторические предания о батырах ХVІІІ века” аталатын
мақала бар. Мұнда ғалым ХVІІІ ғасырдың бетке ұстар ұлдарының көпшілігін қазақ аңыздарына сүйене отырып атап кетеді. Шоқан берген баға бойынша Малайсары батырдың тарихтағы орны Қаз дауысты Қазыбек, уақ Деріпсал, Баян батыр деңгейінде.
О батыре Малайсары в свое время очень много писал Ш. Уалиханов. «Когда спросили у Абылая, кого он из батыров более уважает из всех трех орд, он отвечал: из моих батыров басентиновец Малайсары по богатству, храбрости и по характеру, и уаковец Баян по уму и храбрости стоят выше всех».
Слайд 6Шоқан зерттеуіне қарағанда Малайсарының аты шыға бастаған уақыт XVІІІ ғасырдың бірінші
жартысы, қазаққа төрт құбыланың бәрі жау болып, жан қысылған уақыт: “Когда джунгары, буруты (қырғыз – авт.), каракалпаки, башкиры, русские казаки, волжские калмыки со всех сторон теснили и грабили беззащитный народ, в это-то время неурядиц, смут, голодных годов и начинает возвышаться Малай — Сары, один из первых сподвижников султана Абылая…” (Ч.Ч.Валиханов.Собр. соч. 302).
Слайд 7«Тархан» атағы
Қалдан-Серен Малайсарыға 1743 жылы тархан атағын берді. «Тархан» атағы
көнеден келе жатқан лауазым, дәреже, бұл атақтың иелері алым — салықтан босатылады, анау-мынау ұсақ қылмыс бойынша тек хан алдында ғана жауап береді. Көне түркілік «тархан» дәрежесі XVIII ғасырда Жоңғария мемлекетінде барынша көрініс табады.
Слайд 8Тарихшылардың мәліметтеріне сүйенсек, Малайсары Абылай ханның сұлтан кезінен сенімді серігі болған.
Ресейдің қол астына кіруге қарсы болған ержүрек азамат Қазақ-қалмақ соғысын тоқтатып, екі хандық арасында бейбіт бітім жасау саясатын ұстанғаны тарихтан мәлім. Қазіргі Павлодар облысы Май ауданындағы Малайсарының туған жеріне, Жоңғар Алатауының батыс сілеміндегі тауға Малайсары есімі берілген.
Слайд 9Батырдың зәулім ескерткіші Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Ұлы Дала елі» фестивалінің
шеңберінде ашылды. Ескерткіштің авторы - белгілі мүсінші Болат Құсайынов. Ескерткіш бірнеше сәулет элементінен құралған біртұтас композициядан тұрады. Композицияның бірінші бөлігін - биіктігі 60 см 4 баспалдақ, екінші бөлігін - биіктігі 4,4 метр үш баспалдақты тұғыр, үшінші бөлігін - биіктігі 5 метр мыстан жасалған тұлпардың үстіндегі батырдың тұлғасы құрайды. Ескерткіштің құрылысына тегістелген табиғи гранит пайдаланылған. Гранит тастары Құрт кен орнынан алынды.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз