Слайд 1Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына
қатысуы.
Слайд 2Жаңа сабақтың жоспары:
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Ұлы Отан Соғысының басталуы
2. Майданда ерлік
көрсеткен қазақстандықтар .
3. Қаһарман қазақ партизандары және Кеңес Одағының батырлары.
4. Соғыс жылдарындағы Қазақстан шаруашылығы мен өнеркәсібінің маңызы.
5. Қазақстан териториясына күшпен қоныс аударылған басқа ұлт өкілдері.
Слайд 3Назар аударыңыздар! Бұл сіздердің білгерліктеріңізді арттырады!
Отан соғысы – агрессорлармен болатын бүкілхалықтық,
әділетті, азаттық күрес.
Депортация (лат. қуу) – 1920-1940 ж. жаппай қуғын сүргін кезінде КСРО – ның бірқатар халықтарын тарихи мекендеген жерлерінен қуу. Депортация ауыр қылмыстардың қатарына жатады.
Патриотизм (грек. Отан) – Отанға деген терең махаббат сезімі, оған қызмет етуге, нығайтуға және оны қорғауға дайын болушулық.
Слайд 4Кеңес Қарулы Күштерінің 1935-1942 ж. қолбасшылар әскери шені мен құрамы.
Слайд 5Қазақстан Ұлы Отан Соғысы жылдарында (1941-1945 ж.)
1941 жылы 22 маусым фашистік Германия өзара шабуыл жасаспау жөніндегі кеңес – герман шартын бұзып, неміс армиясы соғыс жарияламастан КСРО аумағына баса көктеп кірді.
Слайд 6КСРО – ға қарсы Германияның одақтастары:
Слайд 71941 жылы 3 шілдеде И.В. Сталин радио арқылы үндеу жариялады.
Слайд 8 1940 жылы Барбаросса жоспарына сай Германия қысқа мерзім
ішінде КСРО аумағын жаулап алуды көздеді.
Слайд 91942 ж. 1 қаңтарына дейін Қазақстан азаматтары армия қатарында 300 мың,
ал соғыс уақытында әскери мендеткерлікке шақырылды. Жалпы ҰОС КҚК құрамында 1,8 млн; оның 1,2 млн Германия мен Жапонияға қарсы тікелей ұрыстарға қатысты.
Слайд 10Әскери қызмет барысында ерлік көрсетіп, жүздеген мың қазақ орден мен медальдармен
марапатталды. ҰОС жылдарында КОБ атағына 497 қазақстан азаматтары ие болды.(97 қазақ.)
Слайд 11
ҰОС жылдарында Даңқ орденінің толық
иегері болып 110 қазақстандық марапатталды.
Соғыстың басынан аяғына дейін он екі қазақстандық әскери құрамаға құрметті атақтар берілді. Оның бесеуі орденмен, екеуі екі орденмен, екеуі үш орденмен марапатталды. Ал КОБ атағы тек: 316, 8 гвардиялық
Слайд 12Шабуылға шыққан Кеңес жауынгерлері.
Слайд 14Қазақстан экономикасын соғыс жағдайына бейімдеп, қайта құру.
Соғыстың алғашқы бір жарым жылының
ішінде Қазақстанда 25 кеніш, шахта, түсті және қара металлургияның 11 байыту фабрикалары, 19 жаңа көмір шахталары, 4 жаңа мұнай кәсіпшілігі, Гурьевте (қазіргі Атырау ) мұнай өңдеу зауыты іске қосылды.
1941-1945 жылдары республика бұрынғы КСРО-дағы қорғасын (85%), мыс (35%) қорыту, полиметалл және мыс рудаларын өндіру жөніндегі жетекші орнын сақтап қалды. Барланған кен орындарының негізінде металл өндіру, байыту мен қорыту кәсіпорындары салынды (Шығыс Қоңырат молибден, Жезді марганец, Донской хромит кеніштері (рудниктері), Ақшатау молибден-вольфрам, Текелі полиметалл, Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты т. б.). Осының арқасында Қазақстан одақтағы молибден мен марганец рудаларының 60%-ын, висмуттың 65%-ын, полиметалл рудалары мен қорғасынның 80%-ға жуығын өндірді. Соғыс кезіндегі он оқтың тоғызы Қазақстанда өндірілген қорғасыннан құйылды. Соғыс қызып тұрған кезде республика қара металлургиясының «тұңғышы» - Ақтөбе ферроқорытпалар зауыты іске қосылды,ал 1943 жылы Қазақ (Қарағанды) металлургиялық зауыты алғашқы 200 тонна көлеміндегі жоғары сапалы болат қорытып шығарды, бұл көрсеткіш 1945 жылы 4,6 мың тоннаға жетті.
Соғыс жылдарында республиканың қара металлургиясы ойдағыдай дамыды. Донбасты фашистер басып алғанда Қарағанды көмір кеніші соғысқа қажетті отынның 65 пайызын өндірген. Қарағанды шахтерлері төрт жыл ішінде 34 млн тонна көмір қазды. Елімізде соғыс жылдарында 19 жаңа шахта, жылдық қуаты алты миллион тонналық үш көмір разрезі салынып, пайдалануға берілді. Өлкеде көмір өндіру 1940 жылғы 6,6 млн тоннадан 1944 жылы 11,2 млн тоннаға жетті. Осы жылдары 4 жаңа мұнай кәсіпшілігі ашылды. Атырауда мұнай айыратын зауыт салынды. Соғыстың 4 жылында алдыңғы жылдармен салыстырғанда 887,9 мың тонна мұнай жөнелтілген. Ал республика жеңіл өнеркәсіп өнімдері бойынша одақта РКФСР-ден кейін екінші орынға шықты. Қызыл Армия жауынгерлерін киім-кешекпен, азық-түлікпен қамтамасыз етуде республиканың жеңіл және тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары қыруар жұмыстар атқарды. Ер-азаматтары майданға алынып, бар ауыртпалық егде адамдардың, әйелдер мен балалардың мойнына түсті. Олардың еңбегінің арқасында соғыс жылдары Қазақстан колхоздары мен совхоздары елімізге 56 млн пұт астық, 733,9 мың тонна ет, 1142 мың тонна сүт, 62,4 мың тонна жүн өткізді. Тары өсірудің шебері Шығанақ Берсиев (әр гектардан 202 центнер), атақты күрішшілер Ы. Жақаев, Ким Ман Сам, дәнді дақылдардан мол өнім алғандар М. Сатыбалдина, А. Дацкова, Н. Алпысбаевалардың ерен еңбектерін атап өтуімізге болады.
Слайд 15Майдан даласында әр атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалған болатын.
Слайд 16 Қазақстан еңбекшілері өздерінің жеке қаражатынан
майдан қорына 4,7 млн сом ақша, 2 млн дана киім, 1600 вагон сыйлық жіберді.
Еңбек міндеткерлігі бойынша күніне 11 - сағат, 6 - күндік жұмыс уақыты белгіленді.
Слайд 17Халықтың ерік жігерін көтеруге бағытталған ұрандар.
Слайд 18Қазақстанның майдан даласына батыр ұлдары мен қыздарын аттандырғанымен, женіске жетуге қосқан
ең басты үлесі қажырлы еңбек.
Слайд 19 Cоғыс уақытында Қазақстанға 1 млн астам
басқа ұлт өкілдері көшіріліп әкелінді.
Қазақстанға күштеп қоныс аударудың алғашқы легін Қыйыр Шығыстан Корейлер, 1941 – 1942 жж. мың немістер, 1943 – 1944 жж. Ешбір дәлелсіз басқыншыларға дем берді деген айыппен Солт. Кавказ халықтары жер аударылды.
Слайд 20Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. « Қазақстан тарихы » баспасы -А,2009.
2. « Қазақстан
» Ұлттық энциклопедиясы.
3. Қазіргі дүние жүзі тарихы - А. Мектеп, 2009.
4. « Қазақстан Кеңес Одағының батырлары »
Энциклопедиялық жинақ. –А « Өнер», 2010 ж. Н. Маутов.
5. Қазақстан Ұлы Отан соғысында: тарихи, зерттеу әдіснамасы
және заманауи көзқарас: Ұлы Жеңістің 65 жылдығына
арналған Халықаралық ғылыми – конференция материалдары.
I – бөлім. – Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ
баспасы, 2010. – 108 б.
6. Аргументы и факты. – 2005. - №12. – С. 222.
7. Аяғанов Б. Ғ., Шәймерденов М. Ж. Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9 – сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2009. – 384 бет (166 – 182 бет.).
Слайд 21Үйге тапсырма: Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы