Слайд 2Әз Тәуке
Тәуке болып ханымыз,
Рахат тауып жанымыз,
Он сан алаш біріігіп,
Ойран болды жауымыз,-деп
халқымыз жырлағандай, Тәуке хан – қазақ халқының тарихи санасында өзінің кемеңгерлігімен, даналығымен, ақылдылығымен, әділдігімен, бітімгерлігімен сақталған хандарымыздың бірі.
Слайд 3 Тәуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі
екі қырымен айрықша назар аударады. Бірі – елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел аудырмағаны. Екіншісі – елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тәртіпті орнатуы.
Тәуке хан
Слайд 4
Қазақ хандығының жағдайы күрт жақсарып, сыртқа
айбарын асырды. Жұрт ерді ел қолдаса - береке, ханды ел қолдаса мереке екенін көрді. Сол себепті де Тәуке хан ел билеген кез - халық есінде « қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» тыныш берекелі заман болып қалды.
Слайд 6
Тәуке хан (1680-1715) тұсында Қазақ
хандығының күш-қуаты өсіп, бірлігі артты. Ол асқынған ішкі феодалдық алауыздық пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға қажырлы қайрат жұмсады. Хандық билікті күшейтуге бағытталған реформалар жүргізді.
Слайд 7
Тәуке хан өзінің даналығы арқасында
ел арасында «әз-Тәуке» деген атқа ие болған. Қазақ жеріне орыс елшілігін бастап келген М.Тевкелев Тәуке хан өзінің даналығы арқасында ел арасында «әз-Тәуке» деген атқа ие болған. Қазақ жеріне орыс елшілігін бастап келген М.Тевкелев 1748 жылы жазған құжатта: «Тәуке хан өте ақылгөй кісі болған, оны қырғыздар (қазақтар) үлкен құрметпен еске алады», - деп көрсетеді. Халық зердесінде Тәуке заманы Қазақ хандығының ең бір өркендеген, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман», «алтын ғасыр» Тәуке хан өзінің даналығы арқасында ел арасында «әз-Тәуке» деген атқа ие болған. Қазақ жеріне орыс елшілігін бастап келген М.Тевкелев 1748 жылы жазған құжатта: «Тәуке хан өте ақылгөй кісі болған, оны қырғыздар (қазақтар) үлкен құрметпен еске алады», - деп көрсетеді. Халық зердесінде Тәуке заманы Қазақ хандығының ең бір өркендеген, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман», «алтын ғасыр» деп еске алынады. Орыстың белгілі тарихшысы А.И.Левшин Тәукені көне Спартаның ақылгөй заңгері Ликургпен теңеген.
Слайд 9Тәуке хан
Қазыбек би
Төле би
Әйтеке би
Тәуке ханның “Жеті жарғысы”
Слайд 10Тәуке хан туралы жаңа деректер
Иран шахтарының Орталық Азия билеушілері мен Дешті Қыпшақ хандарымен алмасқан хаттарын іздеу барысында Иран билеушісі Екінші Аббас шахтың Тәуке ханға жазған жауап хатының көшірмесі табылды. Тәуке ханға Екінші Аббас шахтың жазған жауап хаты бұрын, яғни 2004 жылы табылған еді. Бұл жолы басқа көшірмесі шықты. , Иран шахтарының сарайында бір топ сарай хатшылары жұмыс істейтін болған. Олардың міндеті сарайға келген хаттар мен Иран шахы өзге билеушілерге жазған барлық хаттарды, бұйрықтар мен үкімдерді көшіріп, тіркеп, олардың хаттамасын дайындау болған. Сарай хаттамалары қолжазба күйінде, яғни біртұтас кітап ретінде сақталған.
Слайд 11Тәуке хан туралы жаңа деректер
Иран сапары барысында осындай қолжазбалардың бірнешеуінің арасынан Екінші Аббас шахтың Тәуке ханға жазған жауап хатының тағы бір көшірмесі табылған және сол қолжазбаның ішінде Екінші Аббас шахтың Ресей патшасына, қалмақтарға, Жалаңтөс баһадүрге, Абдулғази мен Абдолла ханға жазған хаттарының да көшірмелері бар.Бұл жолғы хатқа тарихи дереккөз ретінде қарауға толық негіз бар. Бұл келіссөздер мен хаттар туралы бұрыннан белгілі және осы жолы тапқан танымал тарихи шығармаларда да айтылады. Тәуке ханның Екінші Аббас шахқа жазған хатында не айтылған деген сауал туады. Ал Екінші Аббастың жауап хаты 1661-62 жылы жазылып, сол кездегі Иранның астанасы Исфаханнан Тәуекел (Тәуке) ибн Джахангир (Жәңгір) ханға жіберілген. Хатта Тәуке ханның үлкен атасы Шыңғыс ханға мадақтар айтылып, арадағы достастықтың ары қарай жалғасатынына сенім білдіреді.
Слайд 12
Ең қызық құжаттар –
Қоқан билеушісі Абдурахим ханның Тәуке ханға жазған жауап хаттары. Бұл хаттар Хайдарабад қаласындағы Саларджанг музейінің қолжазба қорында сақталған. Хаттар «Инша-йи Тахир Вахид» деп аталатын қолжазбаның ішінде сақталған. Қайта көшірілген уақыты 1779 жыл деп көрсетілген. Абдурахим – хан және би, тарихта белгілі тұлға. Оның қазақ ханы Тәуке ханмен жүргізген дипломатиялық келісімдері мен хат алмасулары туралы дерек Хайдарабад қаласынан бірінші рет табылып отыр. Хаттар шамамен Тәуке ханның өмірінің соңына қарай жазылған, яғни 1717-1718 жылдар.
Слайд 13Cаларджанг музейінің күмбезі. Хайдарабад. 24 тамыз, 2013 жыл.
Слайд 14Бірінші хатта Абдурахим хан Тәуке ханға мадақ айта отырып, оның елшісі
Мұхаммед Садықтың хат әкелгенін, елшіге тиісті құрмет көрсетілгенін жазады.
«Қалмақтарға қатысты мәселеде сіз сұраған нәрсе жіберіледі» деп барып, бірнеше семсер қылыш сыйға тартқанын ескертеді. Одан шығар нәтиже, біріншіден, Тәуке хан хат жазған, ал бұл хат – соның жауабы. Қазақ ханы хатта не жазғанын білмейміз, бірақ жауапқа қарап, шамамен әскери көмек сұрағанын аңғарамыз.
Слайд 15
Екінші хатта Абдурахим хан «дұшпаныңыздың басы кесілсін деп бірнеше семсер қылыш
жіберіп отырмыз» дейді. Үшінші хатта «кейде өз шамасын білмейтін өзбектерге қатысты мәселе сәтімен шешілді» деп жазады. Көріп тұрғанымыздай, жоңғарлар Шуға дейін жеткен қиын-қыстау кезеңде өмір сүрген Тәуке ханның хан тағына отырмаған, әлі сұлтан кезінен бастап, өмірінің соңғы күндеріне дейін мұсылман билеушілерімен тығыз қарым-қатынаста болғанын, дипломатиялық келіссөздер
жүргізіп отырғанын байқалады.
Слайд 16Тәуке хан – шебер дипломат
Екінші хатта
Абдурахим хан «дұшпаныңыздың басы кесілсін деп бірнеше семсер қылыш жіберіп отырмыз» дейді. Үшінші хатта «кейде өз шамасын білмейтін өзбектерге қатысты мәселе сәтімен шешілді» деп жазады. Көріп тұрғанымыздай, жоңғарлар Шуға дейін жеткен қиын-қыстау кезеңде өмір сүрген Тәуке ханның хан тағына отырмаған, әлі сұлтан кезінен бастап, өмірінің соңғы күндеріне дейін мұсылман билеушілерімен тығыз қарым-қатынаста болғанын, дипломатиялық келіссөздер жүргізіп отырғанын байқалады.
Слайд 19“Өз тарихын сыйламаған халық өзін де сыйламайды”
“... Қазақ хандығының құрылуы
Қазақстан
тарихы үшін белсенді кезең...
Бұл оқиғаның саяси һәм қоғамдық мән-
маңызы Қазақ хандығының Орталық
Азиядағы тұңғыш ұлттық мемлекет болғандағында жатыр.
Н.Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан республикасының
Президенті
Слайд 20Қазақ тарихы-қазақ халқының мәйегі,
Қазақ хандығы-қазақ тарихының дәйегі
«Қазақ деген тайпаның емес, Қазақ халқының мемлекеті болды. Яғни, Қазақ хандығының құрамына енген тайпалардың барлығының мемлекеті. Қазақ хандығы- бүкіл Орталық Азиядағы ең алғашқы құрылған ұлттық сипаттағы мемлекет», «Өз тарихын сыйламаған халық өзін де сыйламайды» деп деп Елбасымыз Н.Назарбаев атап көрсеткендей Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығын және ол тарихи датаны айрықша атап өтуіміз – сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрмет белгісі.