Қосымша көріністі айландырып қозғалтуға болады, бірақ басты көріністегі нәрсенің орналасу жағдайы сақталуы керек, көрініс түрінің белгіленуі шартты -”бұрылған” графикалық белгісімен толықтырылады. Қажет болған жағдайда бұрылыс бұрышы көрсетіледі (4.7,б-сур)
Егер де сызбаны орындаған кезде заттың жеке, шектелген жердегі бетінің пішіні немесе құрылымын анықтау талап етілсе, онда шектелген орынның ғана кескіні орындалады.
Заттың бетінің жеке, шектелген орнын кескіндеу жергілікті көрініс деп аталады.
Жергілікті көрініс мүмкіндігінше ең аз көлемде үзік сызықпен шектелуі (4.9-сур., А көрінісі) немесе шектелмеуі (4.9-сур., Б көрінісі) мүмкін. Жергілікті көрініс сызбада қосымша көрініс тәрізді белгіленуі керек.
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть