Слайд 1
Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің,
Келісімнің және жасампаздықтың
20 жылы
Слайд 2 Біздің туымыз – тәуелсіздік, тілегіміз –
бейбітшілік пен тыныштық. Күш қолдану
мен
жанжал атаулыны болдырмауға бар
ерік-жігерімізді аямаймыз. Осы мақсат
жолында Қазақстандағы барлық ұлттар
өкілдерінің бір кісінің баласындай, бір
қолдың саласындай күш біріктіруіне
мүдделіміз.
Н.Ә.Назарбаев
Слайд 3
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Жұртым менің не қиындық көрмеді!?
Жылап тұрып Аналарым бұл
жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!!..
Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,
Әр Қазақтың жүрегі боп соғып тұр!..
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Слайд 4
Жоңғар шапқыншылығы
Ашаршылық (1928-1932 жж.)
Репрессия (1937-1939 жж.)
Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жж.)
Желтоқсан оқиғасы
(1986 ж.)
Слайд 5Қазақ дейтін бастау үшін бар көшті,
Елі үшін жорық жасап жан кешті.
Бөгенбай
да, Қабанбай да, Абылай,
Тәуелсіздік жолын іздеп жан кешті.
Слайд 6Ақтабан шұбырынды,
алқакөл сұлама
Слайд 7Мұндай да, мұндай іс көрдім,
Көріп тұрғай көзіңіз.
Зарлатқан мынау сұм заман,
Елеусіз болды
сөзіміз.
Қарғыс атсын сендерді,
Осындай халге жеткізген ,
Голащекиншілдер!
Слайд 8Отыз жеті! Есік бұзар кез кірді,
“Халық жауы!”-естімедік өзге үнді.
Бірінен соң бірі
атылған боздақтар,
Тәуелсіздік күнді аңсаумен көз жұмды.
Слайд 9Ұлы Отан соғысы
1941-1945 жж.
Слайд 10Бастады орыс, тұрды қатар
Сапқа батыр бауырлары.
Ер грузин, кекшіл татар,
Қайсар қазақ ауылдағы.
Даңқты
елдің батырлары,
Қағысқанның құртпақ бәрін.
Біз жеңеміз, біз жоямыз,
Өңшең сұмның ұрпақтарын.
Слайд 11“Нашақор” деп, “Ұлтшыл” деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп бір түнде,
Қайғыға халық
батқан күн.
Озбырлық күштен тұншығып,
Үміттің оты өшкен күн.
Жанына таппай бір шындық,
Ер-Қайрат қыршын кеткен күн.
Слайд 12
Тура жиырма жыл-сері күн шалқығалы,
Ніл көгімде қыран құс қалқығалы.
Көк байрағын алашым
желбіретіп,
Содан бері алмастай жарқылдады.
Слайд 141991 жыл
16 желтоқсан
1991 жыл 29 тамыз
“Семей полигонын жабу”
Слайд 161992 жыл 2 наурыз
БҰҰ
1992 жыл
маусым
Слайд 17ІШКІ ӘСКЕРЛЕР ҚОЛБАСШЫСЫ - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІІМ ІШКІ ӘСКЕРЛЕР КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
ГЕНЕРАЛ-МАЙОР
ЖАҚСЫЛЫҚОВ РУСЛАН ФАТИХҰЛЫ
Слайд 181992 жыл Алматы
Дүниежүзі қазақтарының
І құрылтайы
Слайд 20ҚР-сының Конституциясы ең жоғарғы
заңдық күші бар, мемлекеттің негізгі
заңы.
1993жылы 28 қаңтарда қабылданған ҚР
конституциясы 9 бөлімнен,
98 баптан тұрады.
Слайд 211993 жыл 5 қарашада “ақша жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы”
Президент жарлығы шықты
15 қараша
Слайд 24Астана күні. 1994 жылы ҚР Жоғарғы Кеңесі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел
астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру жөніндегі ұсынысын мақұлдау жөнінде қаулы қабылдады. Осы құжаттың қабылданған күні негізінде Астана күні – шілденің 6-сы, мемлекеттік мереке болып белгіленді
Слайд 261995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-кеңесші орган —
Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Оның мақсаты — қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайту болды.
Слайд 27Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда
қабылданды. Қазақстандағы референдум (30 тамыз 1995 жыл). Бұл күн мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні.
Слайд 291997 жылы министрліктер мен ведомстволар 50-ден 25-ке азайды. Әкімшілік ауданның 220-ның
30-ға жуығы таратылды. Әкімшілік облыстар 19-дан 14-ке кеміді. 1997 жылы 22 сәуірде Торғай, Талдықорған облыстары таратылды. 1997 жылы 3 мамырда Көкшетау, Жезқазған, Семей облыстары таратылды. Қазіргі кезеңде Қазақстанда 14 облыс бар.
Слайд 301997 жылы қазан айында Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауы жарияланды.
Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың ерешеліктері айтылды.
Слайд 321998 жылы 6 мамырда Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға Жарлық
шығарды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа Астананың ресми тұсаукесері болып өтті.
Слайд 351999 жылы Боливияның астанасы Ла-Пас қаласында ЮНЕСКО-ның сол кездегі бас хатшысы
Федерико Майор Астана қаласына «Әлем қаласы үшін» халықаралық конкурсы жеңімпазының медалі мен сертификатын табыс етті. Осы күннен бастап Астана «Әлем қаласы» атағына ие.
Слайд 372001 жылы 8 қыркүйекте Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің туындамасы бойынша «Қазақстан картасы
«Атамекен» ҚККП этно-мемориалды кешені ашылды. Мұнда ауданы 1,7 га жерде елімізді қол алақанындай көруге және оның сәулетті-ландшафті тарихымен танысуға болады. Картада 14 облыс және республикалық мәнді 2 қала: Астана мен Алматы.
Слайд 392002 жылы Евразияның кіндігі — Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен
Елорданың символына айналған «Астана – Бәйтерек» монументі салынды. Оның биіктігі 97 метр.
Слайд 412003 жылы Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Бірінші съезі
болды.
Слайд 422003 жылы демографиялық жағдайды көтеру және әлеуметтік қолдау мақсатында аналарға бала
тууына байланысты бір реттік жәрдемақылар беріле бастады. Ал 2006 жылы бала бір жасқа толғанға дейін төленетін жәрдемақы тағайындалды.
Слайд 442004 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды. Онда 100
мыңнан астам экспонаттар бар. Президент Н.Назарбаевтың жеке мұрағаты мен кітапханасы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларының тартулары, Елбасының біргей марапаттар коллекциясы, жеке заттары, құжаттары көрермен назарына ұсынылып отыр.
Слайд 452004 жылы 13 қаңтарда ҚР Президенті «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы
Қаулыға қол қойды.
Слайд 472006 жылдың 1 қыркүйегінде ашылған пирамида үлгісіндегі Бейбітшілік және келісім Сарайы
— Астананың ең үлкен мақтаныштары қатарындағы ғимарат.
Слайд 482006 жылы қыркүйек айында дәл осы жерде Әлем діндерінің екінші съезі
өтті.
Слайд 502008 жылы Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қазақ
елі» монументі толықтырды. Идеяның негізгі авторы — Елбасы Н.Назарбаев. Монументтің биіктігі 91метр.
Слайд 52Үкімет индустриялдық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыруға кірісті. Үдемелі индустриялдық-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы
қабылданды. Осы бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде үстіміздегі жылы ғана 140-тан астам жаңа бәсекеге қабілетті өнеркәсіп кәсіпорындары іске қосылады.
Слайд 56Тәуелсіздік шежіресі
«Суреттер сөйлейді…»
ойыны
Слайд 61Орыс, қазақ, неміс, татар-бар ұлтым,
Кең аймақты, қазыналы туған жер.
Ақ көңілді ашық
жарқын ел жұртым,
Құшағыңа қиыншылық алған жер.
Қаймықпаған қиындықтың жүгінен,
Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен.
Бүгінгі ұрпақ-бақытты ұрпақ атынан,
Құттықтаймыз! Тәуелсіздік күнімен.
Слайд 62Тәуелсіз елім менің, Қазақстан,
Өткен жолын жалғанда ұлы дастан.
Болашағыңа қарасам көз жіберіп,
Аумайсың
атылмақшы жас барыстан.
Болашақ біздің көзімізбен...
(ой толғау, сурет, өлең, шығарма т.б.)