Слайд 1Қазақ халқының қалыптасуы, «қазақ» этнонимінің шығуы,
қазақ жүздері
Слайд 2 Сабақ жоспары:
1. Халық болып қалыптасу үдерісі.
2. «Қазақ» атауы.
3. Қазақ
жүздерінің шығуы.
Слайд 3
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:
- қазақ халқы этногенезі, глотогенезі;
- қазақ жүздерінің шығуы туралы;
- этносаяси аумақтық тұтастығы, бұлардың қандай тарихи оқиғалармен байланыстылығы туралы білім алушыларға толық түсінік беру;
Дамытушылық:
- білім алушыларға жалпы қазақ халқының қалыптасу тарихы туралы базалық түсініктерін дамыту;
- өз ойын еркін айтуға, қорытынды жасауға дағдыландыру;
Тәрбиелік:
- өз елін, дәстүрін құрметтеу, адамгершілікке тәрбиелеу.
- ұлтжандылыққа баулу;
Слайд 4
II. Өткен тақырыптар бойынша білімдерін бақылау.
Жалпылама сұрау.
1. Ақ Орда мемлекетінің негізін қалаушы?
2. Моғолстан мемлекетінің этникалық құрлымы қандай?
3. Әмір Темірдің билік еткен жылдары?
4. Ноғай Ордасының негізгі территориялық аумағы?
5. Әбілхайыр хандығының құлдырау себептері?
6. Ақ Орда, Моғолыстан, Ноғай Ордасы, Әбілқайыр хандығының әлеуметтік құрылымдары қандай?
7. 1456 – 1457 жж.Әбілқайырдың ойраттардан жеңілген қаласы?
8. Ноғай Ордасының орталығы Сарайшық қаласының іргесі қаланған уақыт?
9. Ақ Орда мемлекетінің негізгі шаруашылық түрі?
10. Ақ Орда, Әбілқайыр хандығында, Моғолстанда түрік тайпаларының басшылары «Әмір» деп аталады. Ноғай Ордасында оларды қалай атады?
Слайд 5
Глоссарий
Этногенез (грек. ethnos – тайпа, халық, genozіs – шығу
тегі) – әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың қалыптасуы. Этногенез – қандай болса да халықтар тарихының бастамасы. Ол үнемі даму үстінде болады. Бірде оған жаңа этникалық топтар қосылып, онымен біте қайнасып, араласып кетсе, енді бірде одан кейбір топтар ерекшеленіп, бөлініп те жатады.
Мыс., Қазақстан аумағындағы көптеген түркі тектес көшпелі тайпалар бірігіп, біте қайнасып, араласу нәтижесінде қазақ халқы қалыптасқан.
Глоттогенез (грек.γλῶττα - тіл , γένεσις - пайда болу). Тілдін пайда болуы және дамуы.
Слайд 6 III. Жаңа материалды түсіндіру
1. Халық болып қалыптасу үдерісі
Халықтың қалыптасуы өте күрделі, сан қырлы мәселе. Өткен сабақтарда біз Қазақстан жерін сонау қола дәуірінен бастап мекендеген тайпаларды, олардың түр - әлпеті, тілі, мәдениеті қандай екендігін қарастырдық. Әрине, қола дәуірінде, яғни бұдан 3 - 4 мың жыл бұрын өмір сүрген андрондық тайпаларды біз қазақ халқының тікелей ата тегі деп атай алмаймыз. Одан бергі сақ, ғұн, үйсін, сармат тайпаларын да тек қазақтың ата тегі деп түсіну тарихқа қиянат болар еді. Тіпті түркі тайпаларының өзі Орталық Азия, Еділ бойы халықтарына, қала берді сонау солтүстік - шығыстағы Колымадан оңтүстік - батыстағы Балқан түбегіне дейін шашырап жатқан түркі жұрттарының шығу тегіне қатысы болғандығын есте сақтау керек.
Еуразияның кең-байтақ төсінде өзінің тарихи аумағын, мәдениеті мен тілін, дінін қалыптастырған қазақ деген халықтың күні кеше ғана пайда болмағандығы белгілі.
Қазақ халқының нәсілдік - генетикалық, мәдени тегінде сонау андрондықтардан бастап үзілмей келе жатқан бір желі бар екендігін анық байқаймыз.
Слайд 7
Халықтың халық болып қалыптасуы үшін
қажетті бірнеше шарт бар.
1. халықтың өзіне төн мәдениетінің қалыптасуы;
2. халық мекендеген аумағының қалыптасуы;
3. өзін бір халықтың өкілі санайтын елдік, халықтық сананың орнығуы;
4. халықтың тілінің қалыптасуы;
5. халықтың ортақ атауының қалыптасуы;
6. халықтың өзіне тән антропологиялық бет пішінінің қалыптасуы.
Осы аталған халықтық белгілер, әсіресе этностық, нәсілдік -генетикалық, мәдени, тілдік қасиеттер ұзақ тарихи дамудың нәтижесі. Ал этностық аумақ, этностық сана, халықтық этноним этногенездің соңғы кезеңіне қарай қалыптасты.
Слайд 8
Антрополог О.Смагуловтың пікірі бойынша сақ, сармат, үйсін тайпаларының келбеттері андроновдықтарға ұқсас
болған.
Қазақстанға шығыстан келген ғұн тайпаларының жергілікті тайпаларымен (сақ, сармат, үйсін т.б.) араласуының нәтижесінде монғолоидтық белгілері дами бастады.
Ғұндардың антропологиялық келбеті.
ХІІІ ғасырдың басындағы монғол шапқыншылығы осы кездегі халық болып қалыптасу барысын бұзады.
Слайд 9
Монғолдардың жаулап алуына байланысты Қазақстанда антропологиялық процестер де жаңа өзгерістерге ұшырады.
Сөйтіп қазақ жеріндегі халық болып қалыптасу үрдісі – 150-200 жылға кешеуілдеді.
Этносаяси қауымдастық деп белгілі бір тарихи аймақта құрылған хандықтың тұрғындарын айтады. Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуында Ақ Орда тайпалары (қыпшақтар) басты рөл атқарды. Жетісу жері – үйсіндер
Үйсін жауынгерлері.
өрбіген ежелгі қазақ халқының этносаяси қауымдастық аймағының бірі.
ХІV ғасырдың аяғы мен XV ғасырдың бірінші жартысында қазақ деген этносаяси қауымдастықтың болғанын жазған: тарихшы Фазлаллах ибн Рузбихан Исфахани.
Слайд 10 Орталық, Солтүстік, Оңтүстік Қазақстан қыпшақ тайпалар одағы мен Оңтүстік-шығыс Қазақстан үйсіндер
одағының бірігу нәтижесінде құрылған халық: Қазақ.
XV ғасырда қыпшақ, қаңлы, арғын, қоңырат, дулат т.б. қазақ рулары мен тайпаларының өкілдері өмір сүрген жер: Түркістан аймағы болатын.
Қазақстандағы этносаяси қауымдастық Жәнібек пен Керей сұлтандар төңірегіне шоғырланды.
Қазақ хандығының құрылуына, қазақ халқының этникалық құрамының күшеюіне мүмкіндік туғызды.
Жәнібек, Керей хандармен бірігіп көшкен ру-тайпалар алғашқы кезде «өзбек-қазақтар» деп аталды. «Өзбек-өз ағам» деген мәтел бұл екі халықтың түбі бір болғандығын көрсетеді.
2. «Қазақ» атауы.
"Қазақ" атауының (этнонимі) шығуы жөнінде түрлі пікірлер бар. Бұл мәселенің төңірегіндегі түрлі пікірлер XVIII ғасырдан бері жалғасып келеді, бірақ зерттеушілер әлі бір тоқтамға келген жоқ.
Бүгінгі таңда "қазақ" этимологиясының жиырмадан астам түсіндірмелері бар. Мысалы, "қазақ" деген сөз "қаз" және "ақ" деген сөздерден шыққан. "Бұл — қаздай тізілген көш керуеніне қарап қойылған ат", — дейді немесе: "қазақ" атауы "қас" (хас) — нағыз және "сақ" — көне замандағы сақтар атауынан құралған және "хас-сақ" — нағыз сақ деген ұғымды береді", — дейді.
"Қазақ" атауы жазба деректерде қай заманнан бастап кездеседі? деген мәселе де әлі талас тудыруда. Енисейден табылған VIII ғасырдың түркі жазба ескерткішінде "қазғақ ұғлым — "қазақ ұлым” деген сөз тіркесі кездеседі. Бұл ежелгі түркілерде "бір атаның баласы" дегенді білдірсе керек. IX—X ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерін мекендеген үш қарлұқ тайпасының "хасақтар" деген ортақ атауы болған. Ал қарлұқтардың қазақтар этногенезіне тікелей қатысы барлығы белгілі. X ғасырдың орта шенінде Қазақстан жерінің батысынан шығысына қарай көктей өтіп Қытайға барған араб саяхатшысы Әбу Дулафтың түркі тайпаларына арналған "Рисала" деген еңбегінде "Хазлақ" деген ел аталады. Бірақ бұл атаудың арабшадан дұрыс оқылуына кей ғалымдар шүбә келтіріп жүр.
Слайд 12 X ғасырда өмір сүрген Әбілқасым Фирдоусидің "Шаһнама" атты дастанында Афрасиаб патша
Иран шахын: "Көк теңіздің терістігінде отырған қазақ жұртымды жіберіп шапқызамын", — деп қорқытады.
X—XI ғасырларға жататын араб деректері және орыс жылнамаларында Кубань жерінде әлкасакия этностық қауымы, Қара теңіздің солтүстік-шығыс жағалауында Касаг қаласы, касогтар елі туралы деректер бар. Біздіңше, бұл деректерде XI ғасырларда, одан да бұрын Дон, Днепр, Қырым түбегіне дейінгі жерлерді жаулап алған қыпшақтар бірлестігінің бір ірі жұрты — қазақтар туралы айтылады, немесе бұл заманда "қыпшақ-қазақ? деген атаулардың бір ұғымды беруі де мүмкін.
X ғасырдың орта шенінде өмір сүрген Византия императоры Константин Багрянородный: "Кавказдың солтүстік-батысында "Казахия елі" бар", — деп хабарлайды. Әзірбайжанның батысында бүгінге дейін касақ (қазақ) деп аталатын үлкен аудан бар.
Слайд 13 1245 жылы мәмлүктік Мысыр мемлекетін басқарған қыпшақтар араб - қыпшақ сөздігін
жасатқан. Онда "қазақ" деген сөзді "еркін, кезбе" деп аударады. Бұл терминге әлеуметтік мағына беріліп, өз руынан, тайпасынан бөлініп шығып, өзінше еркін өмір сүріп, күн көрген топты атайды.
"Қазақтар" термині XV ғасырдың 50-жылдарында Шу мен Талас өзендерінің аралығына өзбек ханы Әбілхайырдан бөлініп көшіп барған тайпа топтарына бекітілген. Біртіндеп "қазақ" термині этностық мәнге ие болған.
Сонымен, біздің көз алдымызға халықтың қалыптасу кезеңдерін жетерліктей айғақтайтын екі кезеңнің сұлбасы келеді:
1. ХҮ ғасырдың алғашқы жартысы — Өзбекия, яғни Әбілхайыр ұлысы құрамындағы үш сан жұрттан тұратын Алаш мыңы Одағы;
2. XVI ғасырдың екінші онжылдығы — көрші мемлекеттер дербес ел ретінде тани бастаған Қасым хан билігіндегі үш жүзден тұратын қазақ ұлты. Яғни, бұл арада қазақ ұлтының қалыптасу үдерісінің аяқталуы қазақ мемлекеттігінің құрылуына тұтас келеді. Бұл екі кезең үйлесімділік тауып, бірін-бірі толықтыра түседі.
Слайд 143. Қазақ жүздерінің шығуы.
XX ғасырдағы қазақ жүздерінің орналасу аумақтары (жуықтап).
Жүз
— орда, қазақ халқының үш рулық-тайпалық бірлестіктерінің ортақ атауы.
Кіші жүз – (ж),территориясы – Батыс Қазақстан.
Орта жүз – (қ/к), территориясы – Орталық, Шығыс, Солтүстік Қазақстан.
Ұлы жүз - (қ), территориясы – Жетісу, Оңтүстік Қазақстан.
Слайд 15
Халқымыздың тарихында жүздердің пайда болуы туралы да әр түрлі пікірлер бар.
Жүздердің құрылуы туралы нақты деректер жоқтың қасы. Бұл жөніндегі тарихшылар пікірі де алуан түрлі.
«Жүз» - сөзінің сандық ұғымына көңіл бөлетіндер(А.Левшин, А.Чулошников);
«Жүз» - «әскери-тайпалық ұйымдастырудың триальды жүйесі деп түсіндіретіндер (Зуев, В.В.Востров, С.Мұқанов);
«Жүз» - қазақ жерлерінің Шыңғыс хан балаларының ұлысына бөлінуімен түсіндіретіндер (М.Тынышбаев);
«Жүз» - ежелгі юз тайпаларының екіге бөлінуімен байланыстыратын зерттеушілер (Қытайдағы қазақ тарихшылары);
«Жүз» - шаруашылық, экономикалық және климаттық – географиялық жағынан бөлінген территориялар деп қарайтындар (В.В.Бартольд, Юдин).
Қазақ хандығының аймақтық-әкімшілік құрлымының негізі жүздер болып табылады. Жүздер тайпалық - рулық бірлестіктерден тұрады. Қазақ халқы, негізінен, XV - XVI ғасырларда қалыптасқан Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүзден құрылады. Ұлы, Орта және Кіші жүздерге Қазақстанда ертеден мекендеген туыстас бірнеше тайпалар кіреді. Бұл тайпалардың әрқайсысының тарихы әріден басталады. Әрбір тайпаның, әр рудың өз ұраны, таңбасы болды.
Слайд 16
Жүзге тек төре (Шыңғыс хан ұрпақтары), қожа (тегі арабтық), төлеңгіт (хан-сұлтандардың
қызметшілері, нөкерлері) және кейбір топтар (мысалы, сунақ) кірген жоқ. Жүздік құрылым Қазақ хандығы кезінде сыртқы жаулардан қорғануға оңтайлы болды. Хан жарлығы, түрлі шешімдер жүзге, одан тайпаларға, одан руларға тез арада жеткізілді. Әсіресе, жоңғарлардың шапқыншылығы кезінде жүздік бөлініс халықтың топтасуына, бірігуіне көп мүмкіндік берді. Әрбір жүз өздеріне тиесілі әскер шығарып, бүкіл ел басқыншыларға қарсы жұмыла көтерілді.
XVIII ғасырдың басында әрбір жүзді жекелеген хандар басқарды. Қазіргі таңда тайпалық одақтардың алғашқы кездегі мәні жойылған. Елдің бірлігі бұзылады деп қазақ халқы жүзге, руға еш уақытта бөлінбеген.
Өзара араздасуы, ру, тайпа арасындағы қырқысуларды данагөй ақсақалдар шешті.
Халық арасында үш жүзге байланысты мынадай мақал тараған:
« Ұлы жүзге қауға беріп, бауға қой,
Орта жүзге қалам беріп, дауға қой,
Кіші жүзге найза беріп жауға қой.»
Бүгінгі таңда Ұлы жүз, Орта жүзбен Кіші жүз өкілдері әлемге тек біртұтас қазақ ұлты ретінде ғана танымал.
Слайд 17
Қазақтар
Ұлы жұз
Орта жұз
Кіші жұз
Жалайыр
Ошақты
Дулат
Шапырашты
Ысты
Шанышқылы
Сергелі
Албан
Суан
Сары үйсін
Қаңлы
Арғын
Найман
Керей
Уақ
Қоңырат
Қыпшақ
Қаракесек
Шекті
Қарасақал
Шөмекей
Төртқара
Қаракете
Адай
Жаппас
Алаша
Байбақты
Беріш
Масқар
Таз
Есентемір
Алтын
Ысық
Шеркеш
Тана
Табын
Кердері
Тама
Кердері
Жағалбайлы
Телеу
Рамадан
Керейіт
Әлімұлы
Байұлы
Жетіру
Қазақ қауымының құрамына қосылған рулар мен тайпалар
Слайд 18
IV. Білім алушылардың өзіндік жұмысы.
Қазақ халқының, «қазақ» атауы және қазақ жүздерінің
шығуы туралы пікірлер
Ғалымдар:
В.В.Радлов
В.В.Бартольд
Т.Жаңұзақов
Н.Мыңжанов
Зерттеушілер:
Ш.Уалиханов
Абай
М-Ж.Көпеев
А.И.Тевкелев
Тарихи деректер:
Қ.Халид
Ш.Құдайбердіұлы
Слайд 19
«Мен – байтақ Қазақстанның азаматы екенімді мақтан тұтам. Қазақ – кең
халық. Жомарт, қонақжай халық. Кекшіл емес. Кешірімшіл. Бөтен ұлтты жатырқауды білмейді. Түгел жайсаң.»
Мұхтар Мағауин