Слайд 1
Қазақстан тарихы
Тарих пән мұғалімі: Балдаева Камшат Рахимжановна
Алаштың асыл
арыстары
Слайд 4
Алаш партиясы 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында
өткен Бірінші бүкілодақтық съездің шешіміне байланысты құрылған еді. Бұл съезге Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Ферғана, облыстарынан және Бөкей ордасынан делегаттар қатысқан. Съезде қаралған 14 мәселенің ішіндегі ерекше маңыздысы қазақ қоғамының сол кездегі алдында тұрған мақсаттарына сәйкес қазақтың дербес саяси партиясын құру болатын. Бұл мәселені талқылау барысында съезд іс жүзінде партияны Ұйымдастыруға арналған Құрылтай Жиналысына айналады.
Жаңадан құрылған партия қазақ атауының синонимі "Алаш" деген атқа ие болды. Оның құрамына қазақтың ғылыми және шығармашылық зиялыларының белгілі өкілдері - М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков, Ж.Досмұхамедов, М.Дулатов тағы басқалар кіреді
Слайд 5Алаш партиясы мүшелері Алаш Орда үкіметінің құрамында барынша көпшілігі болған. Тарихты
халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды, саяси-құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі, осы салада мемлекеттік тілдің де атқарар қызметі зор. Қазақ жері екі ғасырдан астам Ресей самодержавиесінің қол астында болған жылдарда қазақ халқының өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырғаны, көк түрік дәуірінен бастау алған бірегей саяси тарихы бар халық түгелдей империялық заңдардың бұғауына түскені біздерге тарихтан белгілі. Қазақ қоғамының осы бір қасіретін халықтың озық ойлы, көзі ашық өкілдері аңғара бастады. Олар халықты саяси күрес додасына бастап шықты. Бұған себеп болған 1917 жылғы Ресейдегі қос төңкеріс еді. Патша үкіметінің тақтан құлауы саяси күресті одан әрі қыздыра түсті. Қазақ зиялылары саяси қызметтің қатерлі жолына жалтақтамай, жанқиярлықпен күрескен көрнекті тұлғалар шықты. Олар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов және т.б. болатын.
Слайд 6Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси өміріне тікелей қатынасы бар аса маңызды
14 мәселе енгізілді.Олар:
1. Мемлекеттік басқару формасы
2. Автономия құру мәселесі.
3. Жер мәселесі.
4. Халық милициясын құру.
5. Сот ісі.
6. Дін мәселесі.
7. «Алаш»саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау.
8. Құрылтай жиналысын шақыру
9. Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары туралы.
10.Жетісудың ашыққан халқына көмек
11.Халық ағару ісі
12. Земство
13. Әйел мәсселесі
14. Киев шаһарында болатын бүкіл Россия федералистерінің сеьздіне һәм Петроградта болатын оқу комиссиясына қазақтан өкіл жіберу.
Слайд 7 Алаш партиясының белсенді мушелері
Слайд 8Ахмет Байтұрсынұлы қыркүйек айының 5-ші жұлдызында 1872 жылы, қазіргі Қостанай облысы,
Жангелді ауданы,Сарытүбек ауылында дүниеге келіп,1937 жылы 8-ші желтоқсанда Алматы қаласында қайтыс болады.Ол — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
Слайд 9Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866—1937) — XIX ғ. соңы мен XX ғ.
басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.
Слайд 10Міржақып Дулатұлы 1885 жылғы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысы, Торғай уезіне
қарасты Сарықопа болысының үшінші ауылында, қазіргі Қостанай облысының Жанкелдин ауданындағы Қызбел елді мекенінде дүниеге келген. Әкесі Дулат ескіше сауатты, өз дәулеті өзіне жетерлік, атақты шебер болған адам
Слайд 12Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов сияқты қазақтың либералды-демократиялық интелегенциясының көсемдері басқарған Алаш
партиясының құрамына әуел бастан-ақ қазақтың ғылыми және шығармашылық зиялыларының белгілі өкілдері – М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков, Ж.Досмұхамедов, М.Дулатов, т.б. кірді.
Слайд 15
Әлихан Бөкейханның ел арасындағы зор беделінен қорыққан большевиктер оны Қазақстаннан аластап,
Мәскеуге жер аударды. Он жыл үй қамағында отырған әйгілі тұлғаны 1937 жылдың тамыз айында қайта тұтқындайды. Әлихан Бөкейханды ату жазасына кескен үкім 1937 жылы 27 қыркүйекте шығарылған және дәл сол күні шешім орындалған.
1989 жылы мамырдың 14 ССРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан толық ақталды.
«Мен Советтік билікті жақсы көрген емеспін, бірақ, мойындадым!» Әлихантанушы С. Жүсіп мырзаның зертеуінше, бұл – Алаштың көсемі Әлихан Бөкейханның соңғы сөзі.
Слайд 16
Ахмет Байтұрсынұлы алғашында 1929 жылы НКВД жендеттерінің құрығына ілігіп, 10 жыл мерзімге
концлагерьге кесілді. Алайда ол жаза солтүстік өлкеге (Архангельск облысы) жер аударылуға өзгертілді. Айдаудан 1934 жылы аман оралғаннан кейін 3 жылдан соң, 1937 жылдың 8 қазанында қайта ұсталып, «халық жауы» деген жалған айып тағылды. Екі айдан соң, яғни 8 желтоқсанда атылды. 1988 жылы советтің соттың шешімімен айыпсыз деп танылып, ақталды.
Ұлттың рухани көсемі болған Ахмет Байтұрсынұлының әдебиет хақындағы өсиетін соңғы сөз ретінде де бағалаймыз: «Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп…»
Слайд 17Жаһанша Досмұхамедов Мәскеуге қызметке ауысқан 1930 жылдың қазан айында тұтқындалып, 1932 жылы
Воронежге 5 жыл мерзімге жер аударылады. 1938 жылы қайта тұтқындалып, үштіктің шешімімен ату жазасына кесіледі. Үкім 1938 жылдың 3 тамызында орындалған. Тек сталинизм зардаптары жойылғаннан кейін 1958 жылдың 28 ақпанында ақталды.
Өкінішке қарай, «Айтуда Жанша шебер» деп суреттелетін бұл арыстың соңғы өсиеті сақталмапты.
Слайд 18
Халел Досмұхамедов 1938 жылы 26 шілдеде жалған саяси айыппен екінші рет тұтқынға
алынып, әуелі Мәскеу, кейін Алматы түрмесінде отырды. 1939 жылы 24 сәуірде әскери трибуналдың үкімімен ату жазасына кесілді. Оның ісі тек 1958 жылы 28 ақпанда Қазақ ССР Жоғарғы сотының Қылмыстық істер коллегиясында қайта қаралып ақталды.
1938 жылы екінші рет қамалғанда шиеттей бала-шағасына: «Енді мені күтпеңдер. Елге көшіңдер», – деп тіл қатып, соңғы сөзін айтып үлгереді…
Слайд 19
1929 жылы басталған советтік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар
деген жалған жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін Жүсіпбек Аймауытовқа 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған.
«Маған тағылған кінәмен таныстым. Өзімді айыптымын деп санамаймын». Бұл Аймауытов қаламынан туған соңғы сөздер еді.
Слайд 20Сәкен Сейфуллин нақақ жаламен 1937 жылдың 24 қыркүйегі күні қамауға алынған. 1938
жылы «ұлтшыл буржуа» деген айыппен тұтқындалып, 1938 жылы 25 ақпанда Алматы НКВД-сының қабырғасында атылды. Кейін Сталин қайтыс болғаннан кейін 1957 жылы ақталған.
«Ешқандай қылмыс жасаған емеспін. Алдын ала жүргізілген тергеуде айтылғандарды растамаймын», – десе де, ажал құрығынан құтыла алмады.
Слайд 21
Ілияс Жансүгіров 1937 жылы 5 тамыз күні репрессия жендеттерінің кесірінен қамауға алынып,
1938 жылы 26 ақпан күні ату жазасына кесіледі. 1957 жылы 12 сәуірде толық ақталып, туған халқымен қауышады.
Ақынның соңғы кезде қалай және қайде жерде ұсталғанын, оны ұстап әкеткен адамдар жайлы оның ұлы Саят «Азаттық» радиосының тілшісі Өміржан Әбдіхалықұлына берген сұхбатында былай дейді: «Әкем ол уақытта Жазушылар одағын (1937) басқарған. Қазақтың салтымен жаз шыға таудың бөктерінде киіз үй тігіп, сонда дем алады екен. Сол жақтан ұстап әкеткен. Қаладағы үйін тінтіп, құжаттарын, шығармаларын алып кеткен. Кейбір шығармаларының қайда екені әлі күнге белгісіз».
Слайд 22
Бейімбет Майлин 1937 жылы жазықсыз тұтқындалып, қызыл қырғын саяси репрессияның кесірінен 1938
жылдың 26 ақпанында сұраусыз атылды.
Бейімбеттің өмірі мен шығармашылығын жан-жақты зерттеген Тоқтар Бейісқұловтың көрсетуінше, әйгілі жазушыны айыптайтын сот отырысы 26 ақпанда 12.30-да басталып, 12.45-те аяқталған. Ұлттық әдебиет классигінің өмірін жалғыз оққа байлаған үш-ақ адамның шешіміне небары 15 минут уақыт кеткен.
Слайд 23Құдайберген Жұбанов атышулы 58-баптың 2, 8, 9, және 11-тармақтары бойынша айыпталған. Ең
алдымен бірінші бап (58-2) бойынша «жапон жансызы» ретінде кінә таққан. Ондағысы ғалымның жапон тіліне қызығушылығынан бөлек, 10-нан астам тілді білетіндігі себеп. Алайда 58-8 бап (террорлық) айыпталып, өлім жазасына кесілген үкім шығарылды. 1938 жылдың 25 ақпанында атылған. 1957 жылы 3 қазанда ССРО Жоғарғы Соты Әскери алқасының шешімімен ақталды.
Слайд 24Шахзада Шонанова – сталиндік репрессия жылдарында атылған қазақтың үш қызының бірі. Белгілі
журналист Қарагөз Сімәділдің жазуынша, совет үкіметін құлатпақ болды деген айыппен Торғай Сүлейменова, Мәмила Таңатова есімді қазақ әйелдері ату жазасына кесілген.
Шахзада Шонанова төре тұқымынан және Бақытжан Қаратаевтың туысы болуы себепті, кейін көрнекті мұғалім Телжан Шонановқа тұрмысқа шығуына байланысты өмірі ауыр жағдайда өтті. 1931 жылы Алматы медициналық институтына түсіп, алайда қатаң бақылауда болып, үздіксіз аңду мен қудалаудың астында болған ол 1933 жылы ақыры оқуды тастады. 1937 жылы қисынсыз жала жабылып, «халық жауы» атанған Шонанова саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды.
Алаштың арыстай азаматтарына қарсы ұйымдастырылған ОГПУ мен НКВД репрессиясы екі кезеңнен тұрады дейді зерттеушілер.
Слайд 25Алаш қозғалысын өмірге алып келген негізгі екі себеп: отарлық тәуелділік пен
феодалдық мешеулік екені белгілі. Осыған орай алаштық интеллигенция өз қызметінде негізінен екі мақсатты, яғни, біріншіден қазақ елін отарлық езгіден азат ету, екіншіден, қазақ қоғамын ортағасырлық мешеуліктен өркенистті әлеуметтік—экономикалық және мәдени даму жолына алып шығуды көздеді. Олай болса «Алаш» бағдарламасында бұл мақсаттар қалай көрініс тапты?
«Алаш» партиясы өз бағдараламасында Ресей мемлекетінің демократиялық, федеративтік республика болғандығын қалайтындығын білдірді.
Кезінде тарихшы Н.Мартыненко «Қазақ» газетінде жариялаған Алаш программасы жобасының орыс тілінде аударылған нұсқасын өзі даярлаған жинаққа енгізген болатын(47).
Слайд 26Сьездің күн тәртібіндегі 14 мәселе бойынша қабылданған қарарлар тізбегі кейінірек, 1917
жылғы «ҚАЗАҚ» газетінде қарашаның 21-күні жарияланған Алаш партиясы бағдарламасы жобасында өз бейнесін тапты.
Слайд 27Жалпы алғанда «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы мыналарға келіп саяды.Ол 10 бөлімнен
тұрды:
I.Басқару түрі
Ресей демократиялық Федерациялық Республикасы, демократиялық Республиканы белгілі бір уақытқа парламент сайлайтын президент басқарады, министрлер кабинеті соның (парламенттің) алдында жауап береді.
Слайд 28II.Автономия.
Барлық қырғыз облыстары бір автономиялы өлшемге енгізілуге, соңғысы федерациялық өлшем құқығымен
Ресей федерациясына енуге тиіс.Бұл орайда, мүмкін болған жағдайда Қырғызстан Ресейдің көршілес облыстарымен (өлкелерімен) бірігеді, ол мүмкін болмаған жағдайда, Қырғызияның езі ғана жекелеген қырғыз губернияларында Земство енгізіліп, автономиялы бір өлшем болады.«Алаш» партиясы халық мүдделерін көздеп шын жүректен жұмыс істегісі келетін адамдар арсынан белгілі бір қызметті атқаруға әбден жарамды қызметкерлер іріктеу жолымен ауыл және болыс әкімшілігінің қызметін жақсартуды өз мақсаттарының бірі етіп органдарының қызметкерлері жөнінде де нақ осыны ұсынады.
«Алаш» партиясы бар күшімен әділдікті қолдайды, ол барлық жәбір көргендер мен жарлы- жақыбайларды жақтайды. Халықтың жалпы мәдени деңгейін көтеруге бар күшін салады.
Слайд 29III.Азаматтың негізгі құқықтары
Дініне қарамастан және жынысына қарамастан, барлық халықтар өз құқықтар
(жиналыстар бостандығы, сайлау, оларды ашуда бірігу бостандығы сөз, баспасөз, адамның жеке басына тиіспеу бостандығы) жөнінен теңестіріледі. Сот тәртібімен болмаса, қамауға алу жүргізілмейді. Сот органдары бар жерлерде қамауға алынғандарға айып 24 сағат ішінде тағылады, ал ондай органдар жоқ жерлерде 7 күн ішінде тағылады, олай болмаған ретте уақытша ұсталған адамдар дереу босатылады. Сонымен бірге жеке хат алысуға ешкімнің тиіспеуі белгіленеді.
Слайд 30IV.Дін ұстану туралы мәселе.
Шірекудің мемлекеттен бөлінуі. Заң алдында барлық дін тең,
яғни ешқандай діни ілімнің басқа діндерден артықшылығы болмайды.
Қандай діни ілімнің болса да таралу бостандығы, діни наным таңдау бостандығы. Қырғызия үшін татарлардан бөлек жеке муфтиат құру.
Неке, ажырасу, туу мен өлуді тіркеу молдалардың (діни адамдар) қарауында қалады, ал қалыңмалға байланысты істер сот органдарында қаралады.
Слайд 31V.Соттар туралы.
Заң алдында барлық азаматтар тең және заңның қорғауын бірдей пайдаланады.
Сот — тергеу органдары қырғыз халқының тұрмыс- жағдайларына сәйкес құрылады. Сот ісі, сотта сөйлеу қалықтың көпшілігі сөйлейтін тілде жүргізілсді.
Слайд 32VI.Қорғаныс.
Тұрақты әскер халық милициясымен алмастырылуға тиіс. Әскери өнерді үйрету жергілікті жерлерде
жүргізілуге тиіс. Қырғыздар әскери қызметті атты милиция қатарында атқаруға міндетті.
Слайд 33VII.Салықтар.
Салықтар саласында үдемелі табыс салығы салынады.
Слайд 34VIII. Жұмысшы мәселесі.
«Алаш» партиясы жұмысшы мәселесінде социал демократтардың (меньшевиктердің) бағдарламасын қолдайды.
Слайд 35
IX.Халық ағарту.
Ана тілінде жаппай, тегін оқыту. Қырғызияда қырғыз тілінде оқытатын орта
және жоғарғы оқу орындарын ашу, ағарту саласы автономиялы болуға тиіс; оқушылар өзі қалаған мамандығы бойынша білім алады. Кітапханалар, оқу үйлері ашылуға тиіс.
Слайд 36Х.Жер мәселесі.
Жерге алғашқы кезекте байырғы халық орналастырылуға және
алдағы уақытта қырғыздар біржола орналастырылып болғанша, қырғыз өлкесіне сырттан әкеліп қоныстандыру тоқтатылуға тиіс.
Қоныстандырылмай бос жатқан және босап қалған учаскелер байырғы халыққа берілсін. Жерді пайдалану нормасын жер алқаптарының сапасын және ауыл шаруашылығы жерінің құрамына қарай жергілікті жер комитеттері белгілейді, ал жерге орналастырылғаннан кейін алған артық жер жергілікті өзін-өзі басқару органдарының (земстволар) қорына түседі. Халықтың көбею шамасына (өсуіне) қарай аталған жер қорынан жерсіз немесе жері аз атырақтарға жер беріледі.
Слайд 37Қорытынды
Ә.Бөкейханов басқарған қазақ зиялылары 1905 жылы кадеттер үлгісіндегі қазақтың ұлттық
саяси партиясын құруға әрекет жасағанда оның ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанды буржуазиялық қатынастарға бейімдеуге жетекшілік жасайтын ұлттық-либералдық типтегі ұйым құруды ойластырды. Ал Ә.Бөкейханов пен оның серіктестерінің 1905-1917 жылдардағы көзқарас эволюциясы 1917 жылғы шілдеде ұлттық-демократиялық мақсат-мүдделерді көздейтін Алаш саяси партиясын құруға алып келеді. «Алаш» шын мәніндегі дәстүрлі саяси партия болып қалыптасып үлгермегеніне, іс жүзінде саяси ұйым ретінде қоғамдық қозғалыс дәрежесінен әдеттегі партияға өту «кезеңін» бастан кешірген өтпелі саяси ұйым болғанына қарамастан, қоғамдық-саяси өмірге араласа бастаған кезден түбірлі екі ұлттық мақсатты – қазақ халқын отарлық езгіден құтқаруды және қазақ қоғамының өркениетті елдер қатарына жеткізуді өзіне басты нысана етіп белгіледі.
Слайд 38 Осы негізгі мақсаттарды және олардан туындайтын басқа да әлеуметтік-саяси міндеттерді
шешуді Алаш басшылығы эволюциялық реформа жолымен жүзеге асыруды көздеді.
Өздерінің алдына ел тағдырына байланысты, елдегі билік жүйесіне байланысты мақсат қойды, елдікке ұмтылды. Бірақ, бұл мақсаттарына жете алмай, алаш зиялылары, интелегенциялары сол жолда құрбан болды. Алаш партиясының әр мүшесі қудаланып, атылды. Тек саусақпен санарлық бөлігі ғана қашып құтылды.
Әйтсе де, «Алаш» партиясы және оның айбарлы қайраткерлері ел тарихынан үлкен орын алып, халықтың жүрегіне елдікке деген сенім мен үміт ұялатты.
Сол аумалы-төкпелі қара түнек кезеңде сәуледей жарқырап шыққан Алаш партиясының тағдыры осылай аяқталады.
«Алаш» партиясы қазақ халқымызда тұңғыш ұлттық-демократиялық партия болып табылады. «Алаш» партиясының құрылғанына 2017 жылы 100 жыл толады. Және де бүгінгі таңда ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген қазақ халқы үлкен тарихи сынның алдында тұр. Ол – аталарымыз аңсаған осы тәуелсіздігімізді баянды ету, мемлекеттігімізді әлемнің дамыған елдерімен теңестіру, қырғын-сүргінді, қорлық-зомбылықты басынан аз кешпеген халықты бақытты ету, бүгінгі елде жүріп жатқан реформалардың нәтижесін, рахатын сезіндіру.