Презентация, доклад на тему 1986 ж.желтоқсан оқиғасы ашық сабақ

Сабақтың барысы: І. Сабақ мына үш саты бойынша ұйымдастырылады:Қызығушылықты ояту («1986жылғы желтоқсан

Слайд 1Сабақтың тақырыбы: 1986 жылғы Қазақстандағы желтоқсан
оқиғасы, себептері мен сипаты
Сабақтың мақсаты:

Білімділік:
1986 жылғы Алматы оқиғасының себептерін, сипатын, қозғаушы күштерін, маңызын білдіру, ұлттық қатынастағы жылдар бойы қордаланған шиеленіс пен жүйенің ұлт саясатын өзгертуге қабілетсіздігін таныту,
80- жылдардағы пленумдар мен конференциялардың мазмұн-мағынасы, мәніне талдау жасау, қоғамдық саяси өмірдің іріп-шіріп бара жатқан принціптерімен таныстыру;
Тәрбиелік:
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20жыл, 1986 желтоқсан оқиғасына – 25 жыл толуын оқушыларға айта отырып, Отанын сүюге, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу; Желтоқсан оқиғасына қатысқан жерлес ағаларымыздың батылдығын дәріптеу.
Дамытушылық:
Тақырыптың себеп-салдары байланыстарын табу, басты мәселені ажырата білуге және өз пікірін дәлелдей алу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы бойынша құрылды.
Сабақтың көрнекілігі: тірек – сызбалар, кесте, интерактивті тақта,
бейне таспа.
Сабақтың тақырыбы: 1986 жылғы Қазақстандағы желтоқсаноқиғасы, себептері мен сипаты Сабақтың мақсаты:  Білімділік:1986 жылғы Алматы оқиғасының себептерін,

Слайд 2Сабақтың барысы:

І. Сабақ мына үш саты бойынша ұйымдастырылады:
Қызығушылықты ояту («1986жылғы желтоқсан оқиғасын» интерактивті
тақта бойынша көрсету, сұрақтар қою)
Мағынаны тану ( жауаптар іздеу, мәселені зерттеу)
Ой – толғаныс немесе рефлексия ( ойлау үрдісінің ең жоғарғы сатысында мәселені
талқылау)
Кіріспе: Жаңа дерек


Сабақтың барысы:

Слайд 3
Қызығушылықты ояту . (1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан үзінді интерактивті тақта арқылы

көрсетіледі) слайд №2
«Білемін. Білгім келеді. Білдім.»
- Балалар, желтоқсан оқиғасы туралы бұрыннан қандай хабарыңыз бар, толығырақ нені білгіңіз келеді? Ортаға ойымызды сала отырып, кестені толтырайық.
Қызығушылықты ояту . (1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан үзінді интерактивті тақта арқылы көрсетіледі) слайд №2

Слайд 4ІІ Мағынаны тану. Оқушылар тақырып бойынша белгілі бір ой қалыптастырғаннан

кейін топтарға бөлініп болжам кестесін толтырады.
1 топ. ( тақырып бойынша себеп – салдарын анықтау)
ІІ Мағынаны тану.  Оқушылар тақырып бойынша белгілі бір ой қалыптастырғаннан кейін топтарға бөлініп болжам кестесін толтырады.1

Слайд 5ІІ топ. Берілген қосымша құжат деректері бойынша талқылап, төмендегідей қорытындыға келеді.
105

адам жауапқа тартылды, 99 – ы сотталды. 99-дың ішінде екі адам өлім жазасына кесілді, (Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов) кейін олардың ісі қайта қаралып 20 жыл бас бостандығынан айырумен алмастырды. Алматы қаласы бойынша 8500 адам ұсталып, 1720 адам жарақат алған. ІІМ жүйесінен 1200 адам жұмыстан қуылған. 12 ЖОО – ның ректорлары орындарынан алынған. 246 студент оқудан шығарылды.

Алматыға арнайы жіберілген КОКП ОК саяси бюросының мүшесі М.С. Соломенцевтің нұсқауы байынша, КСРО-ның ақпарат құралдары бұл оқиғаларды «маскүнемдер мен нашақорлардың бұзақылық, ұлтшылдық арандату әрекеттері» деп түсіндірді. Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхамеджанова, Е.Сыпатаев сынды боздақтар, есіл ерлер мәңгілікке көз жұмды.

1986 жыл
16-17 желтоқсан


М.Шахановтың 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің 23 жылдығына орай «Жұлдыздар отбасы» журналының бас редакторы Жарылқап Қалыбайдың сұрақтарына жауабынан үзінді келтіреді))


1996 жылы 16 желтоқсан күні Республика алаңына Тәуелсіздік монументі ашылды. Оның биіктігі 28 метр. Авторы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген суретшісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Шот – Аман Ыдырысұлы Уәлихан.
М.Шаханов бастаған комиссия желтоқсанның 17- сі Демократиялық жаңару күні деп жариялады. 1986 ж. Желтоқсан оқиғасын есте сақтау үшін Республика алаңына ескерткіш тақта орнатылды.

ІІ топ. Берілген қосымша құжат деректері бойынша талқылап, төмендегідей қорытындыға келеді.105 адам жауапқа тартылды, 99 – ы

Слайд 6ІІІ. Ой – толғаныс.
1. Алған білімдерін қорытындылау, жинақтау, жүйелеу мақсатында

«Блум жүйесі» бойынша талқылаймыз.
ІІІ. Ой – толғаныс. 1. Алған білімдерін қорытындылау, жинақтау, жүйелеу мақсатында «Блум жүйесі» бойынша талқылаймыз.

Слайд 82. Жерлес апалармен сұхбат. (Желтоқсан оқиғасына қатысушы жерлес апалармен

сұхбат көрсетіледі)

3. Оқушылар “Қасіретім, қасиетім, ар-намысым Желтоқсан! » тақырыбында «Эссе» әдісі бойынша тапсырманы орындайды. «Автор орындығынан оқу» әдісі арқылы мазмұнды шыққан эссені оқытамын.

3. Желтоқсан оқиғасы – халқымыздың бастан кешкен тарихының бір кезеңі. Ол тарихта мәңгі қалады, ұмытылмайды. Сондықтан желтоқсан құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алайық. Интерактивті тақтадан «Желтоқсан желі» әні желісімен бейне клип орындалып тұрады.

4. Оқушылардың білімі бағаланады.

5.Үйге тапсырма: Параграфты оқу, «Білемін. Білгім келеді. Білдім.» кестесінің соңғы бөлімін толтырып келу.

2. Жерлес апалармен сұхбат. (Желтоқсан оқиғасына қатысушы жерлес апалармен

Слайд 9Желтоқсан – 86, ызғарлы күн,
Қар мен мұз жылжығандай құздан бүгін,
Өттің де

астан – кестен ойда жоқта
Артыңа ұмытылмас із қалдырдың,-деп ақын Ақұштап Бақтыгереева жырлағандай кешегі тарих қойнауына кеткен ХХ ғасырдың 1986 жылдың желтоқсанында болған оқиға ұлт тарихындағы азаттық үшін өткен күрестердің ең соңғысы еді.
Желтоқсан деген бір ой бар,
Шабынтып мінген үлекті.
Шаңылтыр күнде шырай бар
Жылытар ма екен жүректі?
Ия, сол кездегі желтоқсанның 17-18 күнгі бет қаратпас таулы өңірдің ылғалды аязы да, жалдамалы жендеттердің (насоспен) сүсорғышпен атқылағанда тиген жерін қанжардай тіліп түсер мұздай сулары да азаттық аңсаған жастардың жалындаған жүректерін суыта алған жоқ. Олар ұлтын сүйді. Жетпіс жыл кеңестік тотолиторизмнің қыспағында булыққан сезімдер бір сәтте бұрқ етті. Тіпті қажет десеңіз, олар күллі адамзат баласының жанын, тәнін жеңгенімен рухын ешбір озбыр күш жеңе алмайтынын дәлелдеп шықты.
Тағдырлары қыстың алғашқы үсігіне тап болған сол кездегі жастар, түрлі оқу орындарының көкөрім студенттері, Исатай мен Махамбеттің, Қабанбай мен Бөгенбайдың, Кейкі мен Кенесарының ұрпақтары екенін көрсетті. Қалай десек те, бүгінгі тәуелсіздікке бастаған сара жол сол бір жылғы Алматыда өткен жастар көтерілісінен бастау алғаны белгілі. Ия, бізге еркіндік оңай келген жоқ.
Қайраттай қайсар ұлдарың
Қанымен келген еркіндік
Сәбира менен Лаззаттың
Арымен келген еркіндік
Желтоқсанның алғашқы
Қарымен келген еркіндік
Алтынайдай ананың
Зарымен келген еркіндік
Алаңда салған Шәмшінің
Әнімен келген еркіндік
Қиындықтың осындай
Бәрімен келген еркіндік!
Желтоқсан – 86, ызғарлы күн,Қар мен мұз жылжығандай құздан бүгін,Өттің де астан – кестен ойда жоқтаАртыңа ұмытылмас

Слайд 10Желтоқсан оқиғасына - 25 жыл

Желтоқсан оқиғасына - 25 жыл

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть