Слайд 11867 – 1868 жылдардағы
Қазақстандағы реформалар
Слайд 2ХІХ ғасырдың 60 жылдары қазақтарды басқару жүйесін өзгерту үшін статс-хатшы И.И.Бутков
басқарған комиссия құрылды. Қазақ даласын 2 облысқа бөлу жоспарланды:
Батыс облысы, орталығы – Торғай
Шығыс облысы, орталығы – Сергиополь немесе Қарқаралы.
Комиссия ұсынысы Орынбор генерал-губернаторы А.П.Безакқа тапсырылды.
1864 жылдың 29 қыркүйегінде А.П.Безак Орынбор қазақтарының облыстық басқармасына қажетті мәліметтер жинастыруды тапсырды.
1865 жылы А.П.Безактың отставкаға шығуына байланысты оның орнына жаңа губернатор Н.А.Крыжановский тағайындалды. И.И.Бутков комиссиясының пікірлері мен ұсыныстары қабылданбады.
Слайд 31865 жылы Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған “Дала комиссиясы
құрылды. Оның құрамына Бас штабтан – полковник Ф.К.Гейнс, Орынбор өлкесінен полковник К.К.Гутковский, Батыс Сібір генерал-губернаторлығынан капитан А.П.Проценко енді.
Слайд 41865 жылы
5 маусымда
ІІ Александр бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары
дайындалды: өзіндік ауыртпалықтар, жерді иелену түрлері, сот ісі, ағарту ісі, салық, діни мәселе т.б.
Слайд 5Әкімшілік басқару жүйесін құру ісіне ғалым Шоқан Уәлиханов өз пікірлерін ұсынды:
Халықтың өзін-өзі басқаруы негізінде қайта құру.
Әлеуметтік-экономикалық жаңалықтар енгізу.
Алайда Ш.Уәлиханов ұсыныстары қабылданбай, комиссия мүшелері феодалдармен (ірі бай Мұса Шорманұлы, билеуші сұлтан Шыңғыс Уәлиханұлы, Орынбор өлкесінде билеуші аға сұлтан Сейдәліұлынан, тағы басқа ауқатты ақсүйектерден) ақылдасып, мәліметтерді солардан жинады.
Слайд 61867 жылғы 11 шілдеде “Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша
Ереже бекітілді.
1868 жылғы 21 қазанда “Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ереже” бекітілді.
1867-1868 ж.ж. реформа Ресейде басыбайлық құқығының жойылуымен тұстас келді.
Слайд 7Әкімшілік басқару құрылымы
1867-1868 жылдардағы реформа
3 генерал-губернаторлық
Батыс Сібір генерал- Орынбор генерал- Түркістан генерал-
губернаторлығы губернаторлығы губернаторлығы (Омбы)
(Орынбор) (Ташкент)
Ақмола Семей Орынбор Торғай Жетісу Сырдария
1868 жыл 1867 жыл
21 қазан 11 шілде
Омбы Баянауыл Орал Елек Сергиополь Түркістан
Көкшетау Зайсан Атырау Қостанай Қапал Шымкент
Петропавл Көкпекті Калмыков Ырғыз Верный Әулиеата
Сарысу Қарқаралы Жем Торғай Ыстықкөл Ташкент Павлодар (Темір) Тоқмақ Қазалы
Өскемен Перовск
Ходжент Жизак
Слайд 8Реформа бойынша 5 сатылы басқару енгізілді:
Ауыл – ауыл старшыны
(100–200 шаңырақ);
2.
Болыс – болыс сұлтаны
(1000–2000 шаңырақ);
3. Уезд – аға сұлтан;
4. Облыс – әскери-губернатор;
5. Генерал-губернаторлық –
генерал-губернатор басқарды
Слайд 9Уездік басқару
Полиция, әскери бөлімдер, уездегі мекемелер, бекіністер уезд бастығына бағынды.
Уезд
бастықтарының қолына әкімшілік және полицейлік билік шоғырландырылды.
Уезд бастықтарын әскери губернаторлардың ұсынуы бойынша генерал-губернаторлар тағайындады.
Генерал-губернаторлар тағайындап отырған уезд бастықтарына көмекші екі кісінің біреуі жергілікті халық өкілдерінен алынды.
Слайд 10Аймақтық басқару
Генерал-губернатор барлық әскери және азаматтық билікті өз қолына алды
Реформа бойынша
1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, кейін Закаспий облысына енгізілді.
1872 жылы Бөкей хандығы Астрахань губерниясына бағындырылды.
Түркістан генерал-губернаторлығына Қытай, Иранмен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат берілді.
Слайд 11Әкімшілік міндеттер
Әскери-губернатор жанында іс жүргізумен айналысатын облыстық басқармалар ұйымдастырылып, оны
вице-губернатор қадағалады.
Басқарма 3 бөлімнен тұрды: шаруашылық, сот, жарлықты іске асыру.
Шыңғыстың тұқымдары сұлтандар өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етіліп, салықтардан босатылды.
Сырдарияда басқару билігі ақсақалдарға берілді.
Обылстық әскери губернатор бекіткен ақсақалдар үш жылға сайланды.
Ақсақалдарға қоладан құйылған арнайы белгі және мөр тапсырылды.
Слайд 12Ірі ақсүйектерден іріктеп алынатын болыс және ауылнайлар патша үкіметінің тірегі болды.
Реформаның түйінді жері - әскери және азаматтық биліктің генерал-губернатор қолында шоғырлануы.
Слайд 13Сот ісін басқару құрылымы
Әскери-сот комиссиялары (жоғарғы соты)
уездік соттар (облыстық соты)
билер мен
қазылар соты (аудандық соты)
Сот мекемелері патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүргізу құралы болды.
Сырдария облысында қазылар соты сақталғанымен, әскери-уездік соттардың рөлі басым болды.
Әскери-губернаторлар бекіткен билер мен қазылар соты отаршылдық сот жүйесінің төменгі буыны.
Сот ісіндегі басты өзгеріс – ескі шариғаттық салттардың шектелуі. Әрбір болыста төрттен сегізге дейін билер сайланды.
Слайд 14Салық реформасы
Шаңырақ салығы 1 сомнан 3 сомға дейін өсірілді.
Земство салығын (жер
салығы) қосқанда 3 сом 50 тиынға көтерілді.
Салықтан босатылды, өмірлік зейнетақы берілді: Шыңғыс хан ұрпақтарына.
Слайд 15Реформа нәтижесі, салдары
Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты
Феодалдық-патриархалдық
қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады.
Таптық жіктелу салдарынан жатақтар қалыптаса бастады (кедейленген қазақтардың өндіріске жұмысқа жалдануы).
Отарлық басқару, билік күшейді.
Қазақ жері Ресей үкіметінің меншігі болды.
Орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру басталды.
1867-1868 жылдардағы реформалар 2 жылға уақытша енгізілгенімен, бұл “тәжірибе” 20 жылға созылды.
Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарыұлы ұлы реформаның теріс жақтарын мысқылдап, сынады.
Слайд 16Күлембайға
(1889 жыл)
Болыс болдым, мінеки,
Бар малымды шығындап,
Түйеде қом, атта жал
Қалмады елге тығындап.
Сөйтсе-дағы
елімді
Ұстай алмадым мығымдап.
Күштілерім сөз айтса,
Бас изеймін шыбындап...
Абай.
Слайд 171867-1868 жылдардағы реформалар
1. ХІХ ғасырдың 60 жылдарында Қазақ жерін басқару жүйесін
өзгерту үшін құрылған “Дала комиссиясын” басқарған:
2. 1865 жылы 5 маусымда ІІ Александрдың бұйрығымен жүзеге асырылған:
3. Әкімшілік басқару жүйесіне өз пікірлерін ұсынған ағартушы-ғалым:
4. 1867 ж. 11 шілдеде ІІ Александр бекіткен ереже:
5. 1868 ж. 21 қазанда ІІАлександр бекіткен ереже:
6. Сырдарияның отырықшы елді мекендерінде басқару билігі берілді:
7. 1867-1868 ж. “Ережелер” бойынша сот жүйесінің төменгі буыны:
8. 1867-68 ж. реформа бойынша қазақ жері кірген генерал-губернаторлықтар саны:
9. “Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару” туралы Ереже бекітілген жыл:
10. “Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ереже” бекітілген жыл:
Слайд 181867-1868 жылдардағы реформалар. Жауаптар
1. Ф.Гирс
2. Қазақ жерін зерттеу сұрақтарын дайындау
3. Шоқан
Уәлиханов
4. “Сырдария мен Жетісу обылстарын басқару туралы уақытша ереже”
5. “Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша ереже”
6. Ақсақалдарға
7. Билер мен қазылар соты
8. 3 (Батыс Сібір-орт.Омбы; Орынбор-орт.Орынбор; Түркістан-орт.Ташкент)
9. 1867 ж. 11 шілде
10. 1868 жылы 21 қазан
Слайд 1911. Орынбор генерал-губернаторлығының құрамына кірген облыстар:
12. 1867-1868 ж. реформаларға сәйкес, әскери-губернаторлар
басқарды:
13. 1867-68 ж. “Ережелерге” сәйкес әр болыс құрамындағы ауылдың шаңырақ саны:
14. 1867-1868 ж. “Ережелер” бойынша билер мен қазылар сотын бекіткен:
15. Қазақ даласында капиталистік қатынастардың дами бастаған мерзімі:
16. 1867-1868 ж. құрылған генерал-губернаторлықтар:
17. 1867-1868 жылғы “Ережелердің” ең басты ауыртпалықтары:
18. 1867-1868 жылғы “Ереженің” басты қағидасы:
19. 1867-1868 жылдары бойынша облыстық басқармалары мынадай үш бөлімнен тұрды:
20. 1867-1868 жылғы “Ереже” бойынша Қазақстанда отырықшы елді мекендерде басқару билігі ақсақалдар қолына берілген облыс:
Слайд 2011. Торғай мен Орал (Торғай мен Орынбор деп те беріледі)
12. Облысты
13.
100-200
14. Әскери губернатор
15. ХІХ ғасырдың ортасы
16. Орынбор, Батыс Сібір, Түркістан
17. Қазақ жері Ресей үкіметінің меншігі болып жариялануы
18. Әскери және азаматтық биліктің ажыратылмауы
19. Шаруашылық, сот істері, жарлықты жүзеге асыру
20. Сырдария
Слайд 2121. 1867-1868 жылғы “Ережеден” кейін Қазақстанның Закаспий облысына өткен жері:
22. 1872
ж. бұрынғы Бөкей хандығының жері қараған губерния:
23. 1867-1868 жылғы “Ережелерге” сәйкес Иранмен, Қытаймен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат берген әкімшілік:
24. ХІХ ғ. 60 жылдары И.Бутков құрған комиссия қазақ жерін бөлуді ұсынды:
25. 1867-1868 ж. “Ережелерге” сәйкес қазылар соты сақталған аймақ:
26. 1867-1868 жылғы “Ереже” бойынша облыстар бөлінген әкімшілік буыны:
27. ХІХ ғасырдың 60 жылдары қазақ өлкесін реформалауға байланысты Ш.Уәлиханов айтқан пікір:
28. 1872 ж. бастап Бөкей Ордасының жері қараған әкімшілік аймақ:
29. 1867-1868 жылғы “Ереже” бойынша Ақмола, Семей облыстары кіретін генерал-губернаторлық:
30. Қазақ даласын басқару жөніндегі “Ереженің” жобасын дайындайтын далалық комиссия құрылды:
Слайд 2221. Маңғыстау приставтығы (1870 жылдан кейін)
22. Астрахан
23. Түркістан генерал-губернаторлығы
24. 2 облысқа
(орталығы Торғай болатын-батыс және орталығы Сергиопольда немесе Қарқаралыда ұйымдастыру, сондай-ақ, Шығыс обылстарға бөлу)
25. Сырдария облысы
26. Уезд
27. Халықтың өзін-өзі басқару негізінде қайта құруды талап етті
28. Астрахань губерниясы
29. Батыс-Сібір
30. ХІХ ғасырдың 60 жылдары
Слайд 2331. 1867-1868 ж. Ережеге сәйкес уезд бастығын тағайындайтын басшы:
32. ХІХ ғасырдың
60 жылдарында И.И.Бутков ұсынған жоба бойынша қазақ өлкесі мынадай облыстарға бөлінуі тиіс болатын:
33. 1867-1868 ж. Ереже – 5 буынды:
34. 1882 жылы ұйымдастырылған генерал-губернаторлық:
35. 1867-1868 ж. Ережеге сәйкес уезд бастығын тағайындайтын басшы:
36. ХІХ ғасырдың 60 жылдарында қабылданған “Ережелерді” заңдастыру созылды:
37. Қазақтарға 1867-1868 жылғы уақытша Ережеге сай ағарту ісін дамытуға берілген құқық:
38. Орынбор губернаторы Крыжановскийдің “Ресейдің шығыс бөлігіндегі мұсылмандықпен күресу” жөніндегі шаралары жарияланған жыл:
39. 1867 ж. дербес құрылған облыс:
40. Орынбор генерал-губернаторы А.П.Безактың отставкаға кетуіне байланысты оның орнына Крыжановский тағайындалды:
Слайд 2431. Генерал-губернатор
32. Батыс, Шығыс
33. Ауыл, болыс, уезд, облыс, генерал-губернаторлық
34. Түркістан генерал-губернаторлығы
35.
Генерал-губернатор
36. 20 жылдан астам (2 жылдың орнына)
37. Өз еріктерімен қаржы жинауға
38. 1867 жылы
39. Жетісу облысы
40. 1865 жылы
Слайд 2541. Сібір және Сырдария әскери шептерін ұштастыру туралы ұсыныс жасаған Батыс
Сібір генерал-губернаторы:
42. 1867-68 ж. реформа бойынша әр болыста сайланатын билер саны:
43. 1867-1868 ж. реформа бойынша Ақмола облысына енген уездер:
44. 1867-1868 ж. реформа бойынша Сырдария облысына енген уездер:
45. 1867-1868 ж. реформа бойынша Батыс Қазақстан облысына енген уездер:
46. 1867-1868 ж. реформа бойынша Торғай облысына енген уездер:
47. 1867-1868 ж. реформа бойынша Семей облысына енген уездер:
48. 1867-1868 ж. реформа бойынша Жетісу облысына енген уездер:
49. 1867-1868 жылғы реформа бойынша сұлтандар қамтамасыз етілді:
50. 1897 ж. Ережеге сай Жетісу, Орал облысына үкімет тағайындаған:
Слайд 2641. Гасфорт
42. Төрттен сегізге дейін
43. Көкшетау, Омбы
44. Қазалы, Перовск, Түркістан, Шымкент,
Әулиеата, Ташкент, Ходжент, Жизақ
45. Орал, Атырау, Калмыков, Жем (Темір)
46. Елек, Қостанай, Ырғыз, Торғай
47. Баянауыл, Зайсан, Көкпекті, Қарқаралы (кейіннен Павлодар,Өскемен)
48. Сергиополь, Қапал, Верный, Ыстықкөл, Тоқмақ
49. Өмірлік зейнетақымен
50. Әскери-губернатор
Слайд 2751. 1867-1868 жж. Реформаға сәйкес басқарудың ең төменгі екі сатысындағы болыстар
мен ауылнайлар іріктеліп сайланды:
52. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Қазақстандағы облыстар саны:
53. 1867-68 ж. “Ереже” бойынша өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етіліп, салықтан босатылғандар:
54. Мұсылман мектептерінің алдағы дамуы туралы 1870 жылы қабылданған заңы:
55. Туыстас жақын адамдардың бірнеше отбасынан құралған ұйым:
56. Ата-аймақты басқарған адам:
57. Он немесе он бес аймақтан құралған басқару жүйесі:
58. Бірнеше рудан құралған билік:
59. Ұлыстың билеушісі:
60. Бірнеше ұлыстардан құралған билік:
Слайд 2851. Жергілікті ақсүйектерден
52. Алты:
53. Шыңғыс тұқымдары:
54. “Бөгде христиан мен татар магометан”
55.
Ауыл. Оны ауылнай не ауылбасы басқарған
56. “Ақсақал”
57. Ру. Руды басқаратын басшыны ру биі немесе рубасы деп атады
58. Арыс. Басшысы – Би
59. Сұлтан.
60. Жүз. Жүз билеушісі – хан