Слайд 1Құжаттарды құру және сақтау. мәтінді пішімдеудің негізгі әдіс-тәсілдері
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Слайд 2Құжаттарды құру
Word іске қосылған соң, экранда 1- құжат (Документі) деген бос
Терезе пайда болады. Жаңа құжат ашарда Word оны құру үшін белгілі бір шаблонды (нұсқаны) пайдаланады.
Алдын ала келесім бойынша, жаңадан ашылған құжат «Кәдімгі» нұсқа (шаблон «Обычный») бойынша жасалады.
Word редакторын алғаш рет компьютерге орналастырғанда оның құрамына мынадай стандартты нұсқалар кіруі тиіс, олар: іс қағаздары, қызмет жазбалары; газет беттері; т.б. типтегі құжат түрлері. Бұл нұсқалар ішінде бірден толтырылуға тиіс стандарты өріс жолдары (Кімге, Кімнен, Дата) мен дайын сөз тіркестері болғандықтан, олар әркімнің уақыттарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Арнаулы нұсқаларды пайдалану дайындалған құжаттарға біркелкі стиль береді.
Слайд 3«Құжат ашу» сұхбат терезесiнiң мүмкіндіктері
файл іздеуді жүзеге асыр;
мәтіндік құжат ашу;
файлды басқа
орынға орналастыру;
файлды қиып алу ( алмасу буфері арқылы );
файлдың көшірмесін алу;
жарлықты дйындау;
файылды жою;
файл атын өзгерту;
файл қасиеттерін қарап шығу;
файлды ашпай-ақ, оны жылдам қарап шығу;
файылдағы мәліметті тек оқу үшін ашу;
файлды қағазға басып шығару;
бумадағы файлдарды реттеу.
Слайд 4Бос құжатты даярлау
Бірінші құжатты даярлау үшін «Кәдімгі» нұсқасын пайдаланайық. «Кәдімгі» нұсқасымен
бос құжатты даярлау үшін:
Файл → Даярлау (Файл → Создать) командаларын таңдап алу қажет. Мұның нәтижесінде «Құжат дайындау» сұхбат терезесі пайда болады.
Сол терезеден «Кәдімгі» нұсқасын таңдап алып, ОК батырмасын басу керек.
Осы әрекетті басқа жолмен де – Ctrl + N пернелерін немесе стандартты аспаптар тақтасында «Жасау» (Создать) батырмасын басу арқылы да іске асыруға болады. Осылардың нәтижесінде де «Кәдімгі» нұсқасына сәйкес жаңа құжат ашылады, бірақ мұнда экранға сұхбат терезесі шығарылмайды.
Слайд 5Құжатты сақтау
Файл → … деп сақтау командасын таңдау немесе F12 пернесін
басу.
Өріс жолына құжаттқа қойылатын атты енгізу
Буманың ашылатын тізімінің көмегімен дискіні таңдау. Бұл жұмысты орындағанда, А:, В: таңбалары мен иілгіш диск, яғни дискет белгіленетіні есіңізде болсын, сондықтан көбінесе С:, D: сияқты қатты дискілерді таңдауған жөн, оны Диск деген өрісте белгілейміз, мысалы, Д: дискісін таңдап алайық.
Бумалар тізімінен файлды орналастыратын бума атын белгілеу керек, мысалы BOOK атын таңдап алайық. Белгіленген бума аты жоғарғы терезеде, ал негізгі терезеде – сол буманың (ВООК) ішіне кіретін басқа бумалар мен файлдар тізімі тұрады.
Қабаттасқан ішкі бумалардан да керектісін таңдап ал, бізге керектісі, мысалы, PROSPECT ішкі бумасы болсын.
Бумалар деңгейлерін толық қарастырып керектісін таңдап алған соң, «Сақтау» (Сохранить) батырмасын басу қажет. Осылай сақталған құжатты кейіннен тауып алу қиынға соқпайды.
Мәтінің құрамына кіретін және оны сипаттай алатын сөз тіркестерін де енгіземіз, оларды «Қасиеттер» сұхбаттасу терезесіне енгізіп, кейіннен өзгертіп немесе толықтырып қоюға болады. «Сервис» менюінің ішкі «Статистика» парағы өздігінен толтырылып отырады, онда мәлімет көлемі неше беттен, абзацтан және жолдан тұратыны көрсетіледі.
Слайд 6мәтінді пішімдеудің негізгі әдіс-тәсілдері қандай?
Слайд 7мәтінді пішімдеудің негізгі әдіс-тәсілдері
Мәтінді пішімдеу Формат менюі немесе Форматирование панелі арқылы
жүзеге асады.
Пішімдеудің негізгі тәсілдері:
Қаріп гарнитурасын таңдау мен оны өзгерту;
Қаріп көлемін басқару;
Қаріп кескіні мен түсін басқару;
Түзулету әдісін басқару;
Маркерленген және нөмірленген тізімдер құру;
Абзац параметрлерін басқару.
Слайд 8мәтінді пішімдеудің негізгі әдіс-тәсілдері
Word- та мәтін пішімдеу түрлері:
Символдарды пішімдеу
Абзацтарды пішімдеу.
«Символ» ұғымына
тек жеке символ ғана емес, сонымен қоса сөздер, фразалар, және абзац болып саналмайтын мәтін бөлігі жатады.
Слайд 9Символдарды пішімдеу
Символдарды пішімдеу кезінде қаріп параметрлері енгізіледі:
Гарнитурасы
Көлемі
Келбеті
Астын сызу типі
Әріп арасындағы арақашықтық
Жасырылған
мәтін
Слайд 10Абзацтарды пішімдеу
Абзацтарды пішімдеу кезінде қаріп параметрлерінен басқа абзац орналастыру параметрлері де
енгізіледі:
Түзулету
Бет жиектерінен шегініс
Абзацтар арасындағы аралық
Абзац ішіндегі жолдар арасындағы аралық
Абзацтың орналасуы
Слайд 11мәтінді пішімдеудің негізгі әдіс-тәсілдері
Пішімдеу нысаны әрдайым алдын ала бөлініп алыну керек.
Пішімдеу
параметрлері абзац соңында сақталады. Егер абзац соңындағы символды өшірсе, онда абзац өзінен кейінгі абзац параметрлерін иемденеді. ENTER түймесін басқанда пайда болған абзац өзіне дейінгі абзац параметрлерін иемденеді.
Слайд 12мәтінді пішімдеудің негізгі әдіс-тәсілдері
Word- та мәтінді пішімдеу екі түрлі тәсілмен жүзеге
асады:
Тікелей пішімдеу
Тікелей пішімдеу кезінде бөлінген мәтінге алма- кезек параметрлер беріледі.
Стиль пайдалану арқылы пішімдеу
Таңдалған нысанға алдын ала дайындалған және өз аты бар пішімдеу параметрлерінің жиыны тағайындалады.
Пішімдеу стилінде қаріп пен абзацты пішімдеуден басқа табуляция параметрлері, жиектер мен бояу, жиектемелер, нөмірлер және тасымалдау мен емле тексеру үшін пайдаланылған тілге деген бағдар бола алады.