Мақсаты:
Адамның компьютермен қатынас жасау тәсілінің оңай да тартымды болуының маңызы зор.Қатынас жасау тәсілі – пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастыруға арналған бағдарламалық ортаның сыртқы көрінісі тілдесу деп те аталады.Дербес компьютерде тілдесудің әмірлік және терезелік екі түрін көруге болады.
Ол компьютер мен адамның арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
Операциялық жүйе дегеніміз не?
Мұндай жүйелер, әдетте, негізгі режімде бір программаны және фондық деп аталатын режімде тағы бір программаны іске қосуға мүмкіндік береді.
Мысалы, негізгі режімде мәтіндер редакторын, ал фондық режімде басу прогграммасын іске қосуға болады.
Бұл прогграммалар бір – біріне кедергі келтірмей, қатар жұмыс істейді.Мысалы,
бір программа адаммен шахмат ойнағанда,басқасы басқа компьютермен бірге
модем арқылы ақпарат тексеруі мүмкін. Бірмендетті жүйелер қарапайым, жинақы, қуаты аз компьютерлерде жұмыс істей береді, жұмыс істеу қолайлығы жағынан көпміндетті жүйелерге теңесе алмайды, сондықтанда біртіндеп ығыстырылуда.
Дербес компьютерде бірнеше адам кезекпен жұмыс істеуіне болады және олардың әрқайсысы
компьютердегі барлық ақпаратқа шыға алады.
Кейбір бірнеше адам пайдаланатын жүйелер, мысалы, UNIX, бір компьютерде бірнеше пайдаланушының қатар жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.Бұл жағдайда әрбір пайдаланушының жұмыс орнына терминал орнатылуы керек.Терминал ретінде не арнайы жасалған құрылғылар(пернетақтасы бар бейнемонитор), не ДК-де іске қосылған арнайы программа болуы мүмкін.Бірнеше пайдаланушы, әрқайсысы өз терминалымен, бір-біріне кедергі келтірмей, бір компьютерде қатарласа жұмыс істей алады.
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть