Слайд 1Дербес компьютер құрылғылары
Слайд 2Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.
Негізгі құрылғылары:
Жүйелік қорап
Монитор
Пернетақта
Тінтуір
Қосымша
құрылғылары:
Принтер
Сканер
Дыбыс колонкалар
Микрафон
Стример
Плоттер
Модем
Джойстик
Желілік адаптер
Слайд 3Жүйелік блок
Компьютердің негізгі құрылғысы – жүйелік блок. Ол тік қораптың ішіне
салынған. Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері орналасқан.
Слайд 4Жүйелік қорап компьютердің
негізгі тораптарын қамтиды:
аналық (жүйелік) тақша;
микропроцессор;
оперативті жады;
тұрғылықты диск;
алмалы дискілермен
жұмыс істеуге арналған диск жетегі;
СD және DVD диск жетектері;
бейнесызбалық бейімдеуіш;
дыбыстауыш;
желілік тақша;
енгізу – шығару порттары.
Слайд 5
Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық немесе жүйелік тақша арқылы
өңделеді. Аналық тақша - жүйенің ядросы. Бұл шынында да ДК-дің басты бөлшегі- қалғандарының барлығы онымен жалғастырылған және жүйедегі құрылғылардың бәрін нақты сол басқарады
Аналық тақша
Слайд 6Микропроцессор
Микропроцессор компьютердегі орталық мәліметтер өңдеу құрылғысы болып табылады.Процессор микросхема ретінде ұсынылған
және оперативті жадымен қатар аналық тақшада орналасады.Процессор бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды.Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц)
Немесе гегагерцпен (ГГц) өлшенетін оның ырғақтық
жиілігімен анықталады.
Слайд 7Оперативті жады
Компьютердің оперативті жадысы
(ОЗУ) немесе Random Access Memory
мәліметтерді қысқа мерзімге
сақтау үшін қызмет етеді.
Слайд 8Тұрғылықты диск
Тұрғылықты диск (тұрғылықты диск жетегі) немесе Hard disk Drive
(HDD) – бұл компьютердегі негізгі мәліметтер қоймасы.
Тұрғылықты дискінің сыйымдылығы түрлі компьютерлерде алуан түрлі болады да, мегабайтпен және гигабайтпен өлшенеді.
Слайд 9Алмалы дискілермен
жұмыс істеуге арналған диск жетегі
3,5 – дюймдік дискеттерді
оқиды.Бұл дискілер ауыстырылатын
тасымалдаушылар болып саналады.Олардың сыйымдылығы 1,44 Мб.
Компьютерде алмалы дискілерге арналған
диск жетегіне “А” әрпі белгіленеді.
Слайд 10СD және DVD диск жетектері
Мәліметтерді ықшам дискілерге жазуға және оқуға
мүмкіндік береді.
СD және DVD дискілер – ауыспалы тасымалдаушылар.
Дискілер бір рет жазылатын (CD-R және DVD-R)
және қайталап жазылатын (CD-RW және DVD-RW) болып бөлінеді
Слайд 11Сызбалық бейімдеуіш
Бейімдеуіштің кескіндерді сақтау үшін ғана
пайдаланылатын меншікті оперативті жадысы бар.
“Тұрғылықты жері” бойынша бұл жады көпнесе
Бейнежады (videoRAM немесе VRAM) деп аталады.
Бейнежады көлемі неғұрлым үлкен болса, компьютер кескіндер мен бейнероликтерді соғұрлым үлкен ажыратылымдылықпен
және түрлі түстермен бейнелейді.
Слайд 12Дыбыстық тақша
Дыбыстауыш компьютерге жоғары сапалы дыбыс тудыруға және оны компьютерге
жазуға
мүмкіндік береді.Дыбыстық тақша ұсынатын дыбыспен жұмыс істеудің кеңейтілген мүмкіндіктері
компьютерлік ойындарда және басқа қазіргі заманғы
бағдарламаларда талап етіледі.
Слайд 13Желілік тақша
Желілік тақша компьютерді компьютерлер желісіне
қосуға мүмкіндік береді. Желілік
тақшалардың
бірнеше түрі бар. Ethernet, token ring және
сымсыз желілерге қатынас құруға арналған
тақшалар, ең танымалылары – Ethernet және
сымсыз желілер.
Слайд 14Енгізу шығару порттары
Порттар – корпустың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар,
оларға әдетте кабель арқылы әр түрлі құрылғылар қосылады.
Порттарға қосуға болатын құрылғылардың саны мен түрі порттардың саны мен түріне тәуелді болады.
Слайд 15Монитор
Монитор немесе дисплей – компьютердің экранына ақпаратты
шығаратын құрылғы. Экран
түстеріне қарай дисплейлер монохромды
және түрлі-түсті болып, ал шығарылатын информация түрлеріне
байланысты символдық және графиктік болып бөлінеді.
Слайд 16Пернетақта
Компьютерге ақпарат
енгізуге арналған құрылғы.
Пернелер бірнеше блокқа бөлінеді:
Символдық пернелер
Функциялық пернелер
Нұсқаушы
пернелер
Цифрлық пернелер
Слайд 17Тінтуір
“Тышқан тәрізді қол тетігі”
пернелікпен бірге ЭЕМ-ді
басқару үшін қолданылады.
Маустың екі түрі
болады:
үш батырмалы, екі батырмалы.
Слайд 18Компьютердің қосымша құрылғылары
Слайд 191.Принтер
Басу құрылғысы (принтер)-бұл кез-келген ақпараттарды компьютерден қағаз бетіне шығаруға
негізделген құрылғы. Принтердің үш түрі болады:
Матрицалық Лазерлік Сия бүріккіш.
Слайд 202.Сканер
Сканер-бұл графиктік немесе текстік ақпараттарды компьютерден тікелей оқитын
құрылғы.
Слайд 213.Дыбыс колонкалары
Дыбыс колонкалары - дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы.
Слайд 224.Микрофон
Микрофон- дыбыстық ақпаратты енгізуге арналған құрылғы.
Слайд 235.Джойстик
Джойстик - компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен басқарылатын
тетік.
Слайд 246.Стример
Стример- мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғы.
Слайд 257.Плоттер
Плоттер- сызбаларды (графиктерді) қағазға шығаруға арналған құрылғы.
Слайд 268.Модем
Модем-бұл телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен ақпараттарды алмасуға арналған
құрылғы.
Слайд 279.Желілік адаптер
Желілік адаптер- компьютерді жергілікті желіде қолдануға мүмкіндік
береді.
Слайд 28Сұрақтар
1.Компьютер дегеніміз не?
Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал
2.Компьютердің негізгі
құрылғыларын атаңдар?
Жүйелік қорап, монитор, пернетақта, тінтуір
3.Тінтуір дегеніміз не?
ЭЕМ-ді басқару үшін қолданылады тышқан тәрізді қол тетігі
4.Компьютердің қосымша құрылғыларын атаңдар?
Принтер, дыбыс колонкалары, микрофон, модем, сканер, т.б.
5.Монитор дегеніміз не?
Компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы
Слайд 29Сәйкестігін тап
1.Аналық тақша
2.Микропроцессор
3.Оперативті жады
4.Тұрғылықты диск
5.Дыбыстық тақша
Слайд 30Сәйкестігін тап
1.Сканер
2.Принтер
3.Плоттер
4.Желілік адаптер
5.Стример