Слайд 2Ақпараттану пәні. Ақпарат ұғымы.
Ақпарат– бұл мәліметтердің өзара әрекеттесуі мен олардың әдістеріне
адекватты өнім.
“Информатика” – термині (франц. іnformatіque) француз тілінің іnformatіon (ақпарат) және automatіque (автоматика) сөздерінен шыққан және сөзбе – сөз аударғанда “ақпараттық автоматика” дегенді білдіреді.
Ақпарат термині латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін “informatio” сөзінен шыққан. Ақпарат, бұл – айналадағы дүние туралы анықталмағанды анықтайтын мәліметтер. Олар сақтау, түрлендіру, беру және пайдалану обьектісі болып табылады.
Адам қабылдайтын ақпаратты таңбалы және бейнелік деп бөлуге болады. Бейнелік ақпарат - табиғат көріністерін, кесіндерді, дәм, иіс сезу мшелері арқылы ақпараттарды айтады. Таңбалы ақпаратқа сөйлеу, жазу түрінде алынатын ақпараттар жатады. Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі дейді. Қатынас тілі табиғи және жасанды болып бөлінеді.Табиғи қатынас тіліне қазақ, орыс, ағылшын тілдер жатады. Олардың ауызекі және жазу түрлері болады. Жасанды немесе формальды тілдерге математика, физика, музыка, компьютермен қатынасы тілдері жатады.
Слайд 3Ақпараттың төмендегідей де түрлері бар:
Мәтіндік ақпарат: кітаптағы мәтін, ауа райын
болжау, радио, теледидар арқылы берілетін хабар.
Сандық ақпарат: көбейту кестесі, арифметикалық мысал.
Графикалық ақпарат: суреттер, схемалар, сызбалар, фотосуреттер.
Музыкалық ақпарат: дыбыстар, музыка, сөз.
Бейне ақпарат: түрлі түсті графика, фильмдер.
Инфоpматика — бұл компьютерлік техниканы қолдануға негізделген пән, ақпараттың жалпы қасиеттері мен құрылымын оқытады, сондай-ақ оны құру әдістері мен заңдылықтарын, сақтау, іздеу, өзгерту, беру және адам қызметтерінің әртүрлі орталарында қолдануына негізделген.
Слайд 4«Информатика» орта білім беру жүйесіндегі оның ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта
мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырудағы, сондай-ақ оның әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі. Информатика – басқа ғылыми бағыттарға белсенді әсер ететін кешенді ғылыми бағыт. Ол пәнаралық сипатқа ие және гуманитарлық мамандықтар бойынша мамандар дайындау үшін жалпы кәсіби дайындаудың базалық пәні болып табылады.
Информатика ғылым ретінде ХХ ғасырдың ортасында пайда болды. «Информатика» термині
60-жылдардың ортасында деректерді өңдеу процесін автоматтандыру туралы ғылым ретінде «Информация» және «Автоматика» сөздерінен пайда болды. Сондықтан оны көздеген мақсатқа компьютердің көмегімен қол жеткізу үшін қолданады.
Слайд 5Кез келген пән сияқты информатика да ақпараттарды оқып-білудің жалпы пәні ретінде
біріктірілетін әр түрлі пәндер жиынтығын ұсынады. Оған жататындар:
Ақпараттар теориясы ;
Кибернетика;
Жасанды интеллект;
Программалау;
Ақпараттарды қорғау және т.б.
Адамдар әрқашан өз еңбегін жеңілдетуге тырысты. Ол үшін олар әр түрлі механизмдер мен машиналар ойлап тапты. Бұл құралдар ой еңбегін емес дене еңбегін жеңілдетті.
Слайд 6Информатиканың негізгі түсінігі ақпарат болып табылады. Ақпарат терминінің көптеген анықтамасы бар.
Ақпарат адамдар мен автоматтар арасындағы мәліметтер, өсімдіктер және хайуанаттар әлемінде сигналдар алмасуды, бір денеден екінші денеге белгілер беруді қамтиды.
Информатика ақпараттық процестер, технологиялар және ресурстар түсініктерін байланыстырады.
Ақпараттық процестер деп адамдардың арасындағы қарым-қатынас кезінде техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде ақпараттарды беру, жинақтау және өңдеу процестерін айтады.
Ақпаратты беру. Ақпарат, негізінен, пайдаланушыға сигнал арқылы беріледі. Ақпараттың нақты немесе жорамал бейнесін алу ақпаратты беру деп аталады.
Ақпаратты сақтау. Ақпаратты сақтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Мысалы, ежелгі заманда ақпаратты үңгірлердің қабырғасында, папируста сақтаса, типографиялық қондырғыны ойлап тапқаннан кейін кітаптарда сақталатын болды. Қазіргі кезде ақпаратты әр түрлі электрондық тасымалдаушыларда сақтауға болады.
Слайд 7Информатикада ақпаратты өңдеу деп ақпараттарды бір түрден екінші түрге қатаң ережелер
арқылы кез келген түрлендіруді айтады.
Нақты бір техникалық құралдарды қолдану арқылы ақпараттарды жинақтау, өңдеу және беру технологиясы ақпараттық технологиялар деп аталады.
Қоғамның дамуында информатиканың алатын орны орасан зор.
Ақпарат теориясында бит — екі әртүрлі мағынадағы деректерді айыру үшін ақпарат саны. Ал есептеу техникасында бит деп машина ішінде берілетін деректер мен командаларда қолданылатын “0” немесе “1” белгілерін сақтау үшін керек, жадының ең кіші бөлігін айтамыз.
Слайд 8Бит — ақпарат өлшемінің ең кіші бірлігі. Практика жүзінде одан үлкен
бірліктер байт қолданылады. Ол сегіз битке тең. Кез – келген компьютер клавиатурасындағы 256 алфавит символдары осы сегіз битпен кодталған (256=28>).
Кеңінен қолданылатын байттан де үлкен ақпарат бірлігінің түрлері:
1 Килобайт (Кбайт) = 1024 байт
1 Мегабайт (Мбайт) = 1024 Кбайт
1 Гигабайт (Гбайт) = 1024 Мбайт
Кейінгі кезде өңделетін ақпарат көлемінің өсу ретіне байланысты келесідегідей де бірліктер қолданылады:
1 Терабайт (Тбайт) = 1024 Гбайт
1 Петабайт (Пбайт) = 1024 Тбайт